Р. Н. Еспаева, М. И. НҰҒманова, Н. Н. Оразакова



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата16.05.2024
өлшемі0.95 Mb.
#501282
1   2   3   4   5
БОСАНУДАН-КЕЙІНГІ-ҚАН-КЕТУ.-АКУШЕРЛІК-ТАКТИКА

Талқылау. Этиология 
БКҚ себептері, «4Т»-деп белгіленген, 4 бастапқы этиологиялық үрдістердің біреуінің бұзылуынан туындайды (1 кесте): 
Кесте 1 - БКҚ этиологиялық қауіп факторлары 
«Т» 
Этиологиялық үрдіс 
Клиникалық қауіп факторлары 
Жатырдың жиырылу 
қызметінің бұзылуы 
(«Т»-тонусы) 
Жатырдың шектен тыс созылуы 
• көпсулық 
• көпнәрестелік 
• ірі нәресте 
Миометриидің жиырылу қабілетінің «қажуы» 
• жылдам босанулар 
• ұзаққа созылған
босанулар 
• жоғары паритет (>5 босану) 
Инфекциялық үрдіс 
• хорионамнионит 
• босану кезіндегі 
қызба 
Жатырдың қызметтік/анатомиялық ерекшеліктері 
• жатыр миомасы 
• плацентаның жатуы 
Тіндердің жатыр қуысында 
кідіріп қалуы 
(«Т»-тіні) 
Бала жолдасы бөліктерінің кідіруі 
• бала жолдасының
ақауы 
• операция жасалған жатыр 
• жоғары паритет
• плацентаның тығыз жабысуы 
• плацентаның сіресіп өсуі (бітісуі) 


Жатыр қуысында қан ұйындыларының кідіруі 
• жатыр гипотониясы 
Босану жолдарының 
жарақаттары 
(«Т»-жарақаты) 
Жатыр мойнының, қынаптың, аралықтың жыртылуы • жылдам босанулар 
• оперативті қынаптық 
босанулар 
Кесар тілігі кезінде жатырдың жарақаттық түрде 
жыртылуы 
• нәрестенің дұрыс орналаспауы 
• нәресте жатқан
бөлігінің төмен
орналасуы 
Жатырдың жыртылуы 
• операция жасалған жатыр 
Жатырдың айналуы 
• көп босанушы
• плацентаның жатыр
түбінде орналасуы 
• босанудың үшінші 
кезеңін белсенді 
жүргізу техникасының 
бұзылуы 
Коагуляция бұзылысы 
(«Т»-тромбин) 
Туа немесе жүре пайда болған тромбофилиялық 
жағдайлар. ТШҚҰ-синдромы.
• тұқымқуалаушылық
коагулопатиялар 
• бауыр аурулары 
• гематомалар
және/немесе қан
ағушылық,
преэклампсия,
эклампсия, HELLP- 
синдромы 
• нәрестенің 
антенаталды өлімі 
• хорионамнионит
• босануға дейінгі қан
кетулер 
Жүре пайда болған коагулопатиялар 
• антикоагулянттарды
шамадан тыс
пайдалану 
Босанудан кейінгі қан кетудің қадамдық емдік терапиясы(геморрагиялық шок бегілерінсіз қан кеткен кезде): 
1 қадам 
• Бос қызметкерлер мобилизациясы (босанушы әйелді жалғыз қалдырмай: жедел техниканы толық көлемде жүргізе алатын, 
тәжірибелі акушер-гинекологты, анестезиолог-реаниматологты, лаборантты көмекке шақыру); 
• Жоғалтқан қан көлемін анықтау. 
• Ағзаның өмірге қажетті қызметтері мен жалпы жағдайын бақылау (АҚҚ, тамыр соғысы, дене температурасы, тыныс алу жиілігі). 
• Қарқынды емдік терапия картасын үнемі жүргізетін қызметкерді тағайындау. 
• Қуықты катетерлеу- қуық бос болуы қажет. 
•2 шеткі венаны катетрлеу (№№ 14-16 G) - бастапқы кезеңде кристаллоидты ерітінділерді қан жоғалту көлемі мен утеротониктер 
мөлшеріне 3:1 қатынасындай етіп енгізу. 
• Әйелді жылыту (көрпе жабу, ылғал төсеніштерді құрғаққа ауыстыру).
• Ылғал оттегімен қамтамасыз ету.
• Жалпы қан талдауы. 
• Коагулограмма немесе қан ұю уақытын анықтау. 
• Қан тобын, Ph-факторды анықтау, сәйкестікке талдау жасау үшін қан 
алу. 
• Себебін анықтау: 
- жатырды тексеру (тонусты, тінді); 
- босану жолдарын тексеру (жарақат).
2 қадам(2 кесте). 
Кесте 2 - Этиотропты емдік терапия
«Тонус» 
«Тін» 
«Жарақат» 
«Тромбин» 
Жатыр массажы. 
Утеротониктер. 
Жатырды 
бимануалды 
компрессиялау. 
• Жатыр қуысын қолмен 
тексеру (ерекше жағдайларда 
кюретаж). 
• Босану жолдарының 
жыртылған жұмсақ тіндерін
тігу
• Жатыр жыртылғанда 
лапаротомия жасау 
• Жатыр айналымын 
қалпына келтіру 
• Қан ұю факторларын құю 
(тромбоцитарлы масса, криопреципитат, 
ЖМП).
• Антифибринолитиктер 
• Қанның рекомбинатты VII факторы 
БКҚ жиі себебі жатыр атониясы болып табылады. 
Атонияны емдеу үшін утеротониктердің-келесі топтағы дәрілері қолданылады (3 кесте): 
Кесте 3 - БКҚ консервативті түрдегі емі 
Сипаттамалары
Утеротоникалық препараттар 
Окситоцин 
Эргометрин 
Простаглан-дин F2a 
Мизопрос-тол 


Метилэрго-метрин 
(энзапрост) 
Алғашқы мөлшері
және қолдану 
тәсілдері 
10 Б б/етке немесе 5 
Б 
венаға 
0,2 мг б/етке немесе 
венаға (баяу) 
2,5 мг б/етке
жатыр бұлшық 
етіне 
800-1000 мг тік ішекке 
немесе 600-800 мг ауыз 
арқылы/тіл астына (сирек) 
Қайталау мөлшері 
20 Б венаға 
тамшылатып, бірақ
1 л ерітіндіні 
минутына 60 тамшы 
жылдамдықпен 
енгізу 
0,2 мг б/етке әр 15 мин 
сайын 
(қажет жағдайда 0,2 мг 
б/етке
немесе көк тамырға әр 4 
сағат сайын) 
2,5 мг әрбір 15 мин 
сайын 
Ең жоғарғы мөлшері 
60 Б Окситоци-ны 
бар 3 л-ден көп емес 
сұйықтық 
5 мөлшер (1,0 мг) 
8 мөлшері (20 мг) 
Қауіпті жанама 
әсерлері 
Тамырлар 
қабырғасының 
бұлшық етінің 
босаңсуы, ЖПҚТ 
төмендейді 
Шеткі вазоконстрикция 
(гипертензия, инсульт, 
бронхоспазм).
Жатырдың тоникалық
түрде жиырылуы. 
Гипотония, 
тахикардия, 
тыныстың 
жиіленуі, жүрек 
айну, құсу, бас 
ауруы, 
гипертониялық 
криз түріндегі 
парадоксалды 
әсердің болуы. 
Қалтырау 
Қарсы көрсеткіштер, 
ескертулер. 

Преэклампсия, 
гипертензия, жүрек 
ауруы. 
Венаға енгізуге 
болмайды, астма. 
Жатырдың бимануалды компрессиясы, утеротониктерді бірмезгілде енгізумен қатар жүргізілуі мүмкін (1 сурет): 
Сурет 1 - Жатырдың бимануалды компрессияның техникасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет