Р. Н. Еспаева, М. И. НҰҒманова, Н. Н. Оразакова



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата16.05.2024
өлшемі0.95 Mb.
#501282
1   2   3   4   5
БОСАНУДАН-КЕЙІНГІ-ҚАН-КЕТУ.-АКУШЕРЛІК-ТАКТИКА

 
 
Сурет 2 - Құрсақ аортасын басу 
 
 
• құрсақ қабырғасы арқылы жұмылған жұдырықпен құрсақ аортасына қысым түсіру арқылы басыңыз; 
• басу нүктесі кіндіктің астында және солға қарай орналасады; 
• босанудың ерте кезеңінде аорта пульсациясы алдыңғы құрсақ қабырғасы арқылы жеңіл түрде сезіледі; 


• екінші қолмен толық басуды бағалау үшін сан артериясының тамыр соғысын бақылау қажет; 
• егер сан артериясында тамыр соғысы анықталса, онда түсірілген қысым жеткіліксіз және керісінше болады. 
4 қадам 
Лапаротомия (сатылы хирургиялық гемостаз). 
Лапаротомия үнемі гистероэктомиямен қосарласып жасалмайды. 
1. Простагландиндерді инъекциясының 1 мөлшерін (2,5 мг) жатырға қайталап енгізу. 
2. Жатыр артериялары мен анабездің меншікті байламынының артерияларының жоғарылаған тармақтарын кезекпен байлау 
мына жағдайларда жүргізіледі: 
• ТШҚҰ-синдромы белгілерінсіз атониялық қан кеткеде; 
• жатыр мойнының жарақат белгілері болмағанда; 
• простагландиндерді енгізгеннен кейін нәтиже болмағанда. 
5 қадам (5 кесте). 
Кесте 5 - Акушерлік қан кету кезіндегі хирургиялық гемостаз 
Лапаротомия. Простагландин 
инъекциясының 1 мөлшерін (2,5 мг) 
жатырға қайталап енгізу. 4 
инъекцияны жатыр бұрыштары мен 
жатыр денесіне бөлшектеп енгізу. 
Жатыр артерияларын О'Лири бойынша 
байлау. 
ТШҚҰ-синдромы белгілерінсіз атониялық қан кету кезінде, Кувелер жатыры 
белгілері болмағанда, жатыр мойнының жарақат белгілері болмағанда. 
Б-Линч әдістемесі бойынша 
хирургиялық компрессиялық жіптерді 
салу
(3 сурет). 
ТШҚҰ-синдромы белгілерінсіз атониялық қан кету кезінде, Кувелер жатыры 
белгілері болмағанда, жатыр мойнының жарақат белгілері болмағанда, 
простагландиндерді енгізгеннен кейін нәтиже болмағанда. 
Қан жоғалту мөлшері 1000,0 мл-ден 
артық болмаған кезде, жатырды 
қосалқыларсыз ампутациялау. 
ТШҚҰ-синдромы белгілерінсіз атониялық қан кету кезінде, комперссиялық 
жіптерді салу нәтиже бермегенде, босану жолдарының жарақаттары болмағанда.
Кувелер жатыры белгілері болмағанда. 
Жатыр айналуы қалпына келмегенде. 
Плацента шынайы сіресіп өскенде. 
Жатыр экстирпациясы. 
Қан кету белгілері және/немесе Кувелер жатыры, және/немесе жатыр 
мойнының жарақаттары бар болса. 
Жатыр жыртылатын болса. 
Плацента шынайы сіресіп өсіп, плацента мойын арқылы бекісе.
Ішкі мықын артерияларын байлап 
жатыр экстирпациясын жасау (4 сурет). 
ТШҚҰ-синдромы белгілерімен және атониялық қан кету кезінде. 
Коагулопатиялық қан кетулер кезінде. 
Сурет 3 - Б-Линч бойынша комперссиялық хирургиялық тігісін салу 


 
Сурет 4 - Ішкі мықын артериясын байлау 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1 Чернуха Е.А., Федорова Т.А. Эволюция методов терапии послеродовых кровотечений // Акушерство и гинекология. - 2007.- 
№4.- С.61-64. 
2 Чернуха Е.А., Пучко Т.К., Комисарова Л.М. Профилактика и лечение массивных акушерских кровотечений, как фактор снижения 
материнской смертности // Материалы форума «Мать и Дитя». - 2007.- С.294-295.
3 Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер (латын, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). – Алматы: Кітап,
2011. – 249 б. 
4 Ахметов М. Медициналық терминдер сөздігі (орысша-қазақша-ағылшынша). – Алматы: 2009. – 312 б. 
5 Х. Нұржанов. Акушерия және гинекология бойынша орысша-қазақша сөздік. – Алматы: Арыс баспасы, 2011. - 408 б. 
6 Надишаускене Р.Й. Избранные вопросы перинатологии. – Литва: 2012. - 652 с. 
7 Основные клинические протоколы и приказы МЗ РК по акушерству и неонатологии. Научный центр акушерства, гинекологии 
и перинатологии МЗ РК. – Алматы: 2010. - 172 с. 
8 Руководство по оказанию неотложной помощи в перинатологии. Научный центр акушерства, гинекологии и перинатологии 
МЗ РК. – Алматы: 2010. - 233 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет