• Ағзаның өмірге қажетті қызметтерін бақылау және әйелдің жалпы жағдайын бағалау (АҚ, ЖСЖ, ЭКГ, тамыр соғысының, дене
температурасының, тыныс алу жиілігінің, диурездің үнемі мониторингісі) қарқынды бақылау картасын қосымша жүргізу арқылы
жасалады.
• Кристаллоидтарды қан кету мөлшерінің 3:1 қатынасындай етіп енгізуді жалғастыру. Инфузия жылдамдығы 15 минутта 1,0 л
болуы тиіс. Кейінгі инфузиялық емдік терапия анестезиолог-реаниматологпен бірге келісімді түрде жүргізіледі.
• Операциялық бөлімді дайындау.
БКҚ* кезіндегі инфузиялық терапия көлемі.
Инфузиялау алдында барлық ерітінділер жылытылуы қажет (4 кесте).
Кесте 4 - Инфузионды-трансфузионды
терапиянің көлемі
1000 мл-ге дейін,
шок белгілерінсіз
>1000 мл немесе шок белгілері бар
>2000 мл
Кристаллоидтар 2000 мл-ге дейін. Кристаллоидтар 2000 мл.
Кристаллоидтар 3000 мл немесе одан
артық.
-
Коллоидтар**1000-1500 мл-ге дейін.
Коллоидтар** 1000-2000 мл-ге дейін.
-
ЖМП 1000 мл (коагулопатия белгілері
анықталғанда)
ЖМП 1000 мл немесе одан артық
-
Эритроцитарлы масса (гемоглобин
мөлшерін бақылау арқылы)
500-1000 мл.
Гемоглобин 70 г/л-ден төмен.
Гематокрит 22-ден төмен.
Тромбоцитарлы масса: тромбоциттардың
деңгейі 50×10
9
төмен болса.
Криоприцепитат фибриноген мөлшері 1 г/л
–ден төмен болса.
Эритроцитарлы масса
(гемоглобин мөлшерін бақылау
арқылы)1000 мл немесе одан артық.
*Әйелдің жалпы жағдайына сәйкес инфузиялық терапия мөлшерін анестезиолог-реаниматологпен бірлесе отырып
тағайындау
(шоктың белгілері, қан ұю бұзылыстары мен т.б. анықталса).
**Коллоидтар: ГЭК-тер және сукцинилденген желатин/модифицирленген сұйық желатин (нұсқауға сәйкес).
Инфузионды-трансфузионды терапия көрсеткіштері:
Гемоглобин 80 г/л ден төмен емес
Тромбоциттер>75×10
9
Протромбин индексі <1,5
ББТУ <1,5
Фибриноген >1,0 г/л
Акушерлік қан кетулерде қолайсыз нәтижелердің негізгі себебі хирургиялық гемостазды кеш жүргізу болып саналады.
• Зертханалық тесттерді жүргізу:
- жалпы қанға талдау жасау (гемоглобин, гематокрит, тромбоциттер, қан ұю уақыты);
- коагулограмма;
- қанның ұюын анықтау тестісі.
• Әйелді бүйіріне жатқызып және жылытып (бірақ ысытып жібермеу!)-ылғал төсеніштерді құрғаққа ауыстырып, қосымша көрпе
беру керек.
• Маска арқылы оттегіні беруді минутына жылдамдығы 8 л болатындай етіп жалғастыру.
• Қан препараттарымен: ЖМП, эритромассаны қажетті мөлшерде қамтамасыз ету.
3 қадам
Қан кетуді уақытша тоқтату әдістері.
Құрсақ аортасын басу(2 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: