Қр президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2005 жыл



бет3/6
Дата20.07.2016
өлшемі354.5 Kb.
#212064
1   2   3   4   5   6

                                                                * * *
Мен сіздерге өзімнің саяси реформаларға көзқарасымды баяндап бердім. Аталған барлық мәселелерді қолданылып жүрген Конституцияның шеңберінде жүзеге асыруға әбден болады.
Менің бастаған реформалардың талқылануы, және оны оппозицияның да талқылауы барысында, еліміздің бұдан былайғы саяси құрылымының түрлі нұсқаларының да қарастырылып жатқанын біз білеміз. Егер олар ел мен халықтың мүддесін көздейтін болса, онда оппозицияның пікірін де құрметтеу керек.
Мен 2005-2007 жылдары алға қойған жұмысты аяқтауды ұсынамын. Сол кезде әрі қарай қалай жылжуымыздың керектігі айқындалады.
Мен Конституцияның тұрақтылығы – қоғамның тұрақтылығы екеніне кәміл сенемін. Ойланбай жасалған өзгерістер ел ішінде берекетсіздік туғызады. Конституцияның қандай да бір ережелеріне түзетулер енгізуді ұсынбас бұрын, қолымыздағы нұсқасын зейін қоя зерделегеніміз жөн.
Өзара бас қосып, осы мәселені егжей-тегжейлі талқылаған танымал заңгерлеріміздің үлкен тобына мен зор ризашылығымды білдіремін. Олар маған Конституцияны қорғау, оның тұрақтылығын қамтамасыз ету жайында өтініш жасады.
Ата заңға өзгертулер енгізуге болады. Бұл өзгертулердің басты мәселесі – халқымыз президенттік басқарудың қазіргі жүйесін бұдан былай да қолдай ма әлде елдегі толып жатқан саяси партиялардың билік жүргізуін қалай ма? Нақ сол себепті мен төл Конституциямыздың мүмкіндіктері жайында мен тағы да қайталап айтып тұрмын. Ең демократиялық шешім халықтың өзінің еркі деп ойлаймын. Уақыты жеткенде, біз азаматтарымызға бұл жөнінде сауал салатын боламыз. Сөйтіп, біз халқымыз бен еліміздің қажетіне қарай шешім шығаратын боламыз.

 

5. Қазақстан қазіргі әлемде



5.1 Біздің сыртқы саясаттағы басымдықтарымыз
Біздің басымдықтарымыз өзгеріссіз күйінде қалады. Бұл– ХХІ ғасырдың ығытына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат.
Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз беріледі.
Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ел ішіндегі реформаларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында Үкіметтің алдында осы мемлекеттермен арадағы негізгі шарттар және келісімдерді бұлжытпай жүзеге асыру міндеті тұр.
Осыдан бір ай бұрын Мәскеуде қол қойылған Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараларды делимитациялау туралы шарттың тарихи маңызы зор. Тарихымызда тұңғыш рет біз өзіміздің стратегиялық әріптесіміз Ресеймен заң жүзінде ресімделген мемлекеттік шекараға ие болдық.
Осылайша біз соңғы жылдары ұзына бойы 14 мың километрден асатын шекараны толығымен межелеуге қол жеткіздік. Бұл біздің мемлекеттік құрылыстағы жоспарларымызды жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызатын ұлттық қауіпсіздігіміздің маңызды кепілі.
Біз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделері толығымен ескерілген жағдайда Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына тезірек кіруге ықыластымыз.
Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына , ТМД, ЕурАзЭқ- ті реформалауға, БЭК -ті құру жөніндегі жұмыстарға да ерекше мән береді.
Біздің еліміз үшін барлық бағыттар бойынша ЕҚЫҰ -мен бұрынғысынша іс-қимыл жасау маңызды болып қала береді. 2009 жылы осы ұйымға төрағалық етуге біздің кандидатурамыздың ұсынылуына барынша жауапкершілікпен қараймыз . Бүгінгі бастамалар сонымен қатар осы мақсаттарға қол жеткізуді көздейді.
Қазақстанның әлемде қуатты экономикасы бар әрі халықаралық қоғамдастықтағы тұғыры берік өңірлік держава ретінде қабылданатынын да естен шығармағанымыз абзал. Бұл мәртебені қастерлеуіміз және еліміздің қазіргі әлемдегі беделін нығайту үшін қосымша күш-жігер жұмсауымыз керек. 
 

5. 2 Бізді бүгін не алаңдатып отыр? 
 Мен бұдан әрі экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңаруымыздың жолында елеулі кедергі болуы ықтимал ХХІ - ғасырдың қазір кезде көрініп жүрген объективті қатерлеріне сіздердің назарларыңызды арнайы аударғым келеді. Бұл қатерлер қыр астында жатқан жоқ. Біздің еліміздің бейбіт еңбегі мен прогресі баршамызға және әлемдік қоғамдастықтың ұстанымына байланысты.
Әңгіме не туралы болып отыр?
Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастады.
Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан белортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы.
Сондықтан да біз осы проблемаларды шешу үшін барлық мүдделі мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен бұрынғысынша белсене ынтымақтасатын боламыз.
ХХІ ғасыр қатерлерінің ішінде халықаралық лаңкестік ерекше орын алып отыр. Қаңтар айының аяғында Алматыда 40 халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Лаңкестікке қарсы комитетінің көшпелі отырысы өтті. Осы халықаралық зұлматқа қарсы күрес жүргізу үшін әлемдік қоғамдастықтың үлкен күш-жігер жұмсауы керек.
Біз өзіміз лаңкестікке қарсы коалицияға және Ирактағы жағдайды тұрақтандыруға саперлік отрядымыздың қатысуын нақ осындай ұстанымдар тұрғысынан пайымдаймыз.
Осы тұрғыда еліміздің өз ішінде де белсенді іс-қимыл жасалып жатыр. Жоғарғы Сот төрт лаңкестік ұйымды заңсыз деп жариялады. «Экстремистік қызметке қарсы қимыл жасау туралы» Заң қабылданды.
Лаңкестіктің ушығуы жағдайында біз өңірдегі барлық мемлекеттер мен мүдделі елдердің іс-қимылы мен белсенділігін үйлестіруді сапалық жаңа деңгейге көтеру жолында қадамдар жасауға әзірміз.

 

5.3 Өңірдегі жағдай туралы


15 ғасырдың соңына дейін Орталық Азия әлемдік экономиканың маңызды өңірі болып келді. Біздің өңіріміз Шығыс пен Батысты жалғастырып келді. Халықтар аумақтар мен ұлттарға бөлінген жоқ. Жібек жолының саябыр тартуы Орталық Азияны мешеу шет аймаққа айналдырды. Тәуелсіздік алғанымыздан кейін соңғы 500 жылда алғаш рет біздің өңіріміз әлемдік экономика үшін қайтадан экономикалық маңызына ие болды. Біз өзіміздің транзиттік мүмкіндіктерімізді нығайтып келеміз, әлемдік нарыққа бағалы тауарлар – мұнай, газ, кен, ауыл шарушылығы шикізатын шығаратын өңірге айнала бастадық. Қазірдің өзінде көне Жібек жолының бойымен өтетін ХХІ ғасырдың жаңа мұнай-газ құбырлары, авто және теміржолдарының сорабтары айқындала бастады.
Біз Азия «жолбарыстары» мен Еуропалық Одақ табыстарының сырына қаныға бастадық. Келесі бір жағынан Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тәуелсіздік алған елдер арасындағы халықаралық жауығу мен қақтығыстар да тоқтаған емес. Жаһандық экономикада ірі нарықтардың маңызы да үлкен. Біз, сонымен қатар, ұлы державалардың осы өңірде экономикалық басымдыққа ие болу жолындағы бәсекелестігін де байқап отырмыз. Осы жаһандық геоэкономикалық проблемаларға қатысты дұрыс тұғыр ұстанудың маңызы үлкен.
Біздің алдымызда таңдау тұр: бірі – әлемдік экономиканың мәңгілік шикізаттық қоржыны болып қалу, екіншісі тағы бір империяның келуін күту немесе Орталық Азияның барынша интеграциялануына қарай қадам жасау.
Мен осының соңғысын ұсынамын.
Бұдан былайғы интеграциялануымыз - біздің өңіріміздің тұрақтылығына, прогреске, экономикалық және әскери-саяси тәуелсіздікке апаратын жол. Тек осындай жағдайда ғана біздің өңірді әлем құрметтейтін болады. Тек сонда ғана біз қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, лаңкестік пен экстремизмге қарсы пәрменді күрес жүргізетін боламыз. Мұндай бірлестік, сайып келгенде, біздің өңірде өмір сүріп жатқан қарапайым адамдардың мүдделеріне толық сай келеді.
Мен Орталық Азия елдері Одағын құруды ұсынамын. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан арасында жасалған мәңгілік достық туралы шарт осындай бірлесу үшін берік негіз бола алады. Мен өңіріміздегі басқа да елдерді де естен шығарып отырғанымыз жоқ.
Біздің экономикалық мүдделеріміз де, мәдени-тарихи тамырымыз да, тіліміз, дініміз де, экологиялық проблемаларымыз да, керек десеңіз сыртқы қатерлеріміз де ортақ. Еуропалық Одақтың сәулетшілерінің өздері де осындай алғышарттарды армандаған да болар. Біз тығыз экономикалық интеграцияға көшуіміз және ортақ нарық пен ортақ валютаға қарай ілгерлеуіміз керек .
Біз осылай жасағанда ғана өзіміздің әрқашан бірге болуымызды аңсаған арғы ұлы бабаларымызға лайық бола аламыз. Алайда алдымен патшалық империя, кейіннен сталиндік ұлттық саясат осы бірліктен қорқып, өңірді әкімшілік-ұлттық аумақтарға бөлшектеп тастаған еді. Ол кезде «Бөліп ал да, билей бер» деген саясат үстемдік етті. Қазір бізге келесі ұрпақтарымыз үшін өңіріміздегі теңқұқылы халықтар жүруге тиіс жаңа жолды нұсқайтын сәт туды.

6. Біздің туған Қазақстанымыз үшін жауапкершілігіміз

                                                    Қымбатты қазақстандықтар, отандастар!


Түйіндеп айтқанда, таяу жылдардағы экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жөніндегі менің пайымым мен көзқарасым осындай.
Көріп отырсыздар, алда әлі талай алынбаған асулар бар..
Жүрер жолымыздың жеңіл боларына мен бұрынғы жылдардағы сияқты бұл жолы да уәде бере алмаймын.
Реформаларды жүргізу тактикасы, оларды жүзеге асырудың мерзімдері мен тетіктері жөнінде біздің көзқарастарымыздың әртүрлі болуы мүмкін.
Бірақ мен барша қазақстандықтарды, барлық саяси бірлестіктерді ортақ прогресс пен еліміздің болашағы жолында бірлесуге шақырамын.
Біз баршаға барынша мүмкіндіктер беретін қоғам : әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға тиіспіз.
Біз ұлтына және діни наным-сеніміне қарамастан, әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр, мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін еркін әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз.
Біздің құқық қорғау органдары тыныштық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, ал іскер адамдарға өз мақсатын іске асыруға мүмкіндік беретін қоғам құруымыз керек.
Біз әркімнің ар-ұжданы, абыройы мен беделі қадірленетін, мәртебелі мораль , этикалық негіздер мен рухани құндылықтар ірге тепкен қоғам құруға тиіспіз.
Біз жолымызды дұрыс таңдай білдік. Бұған бүгінгі қолымыз жеткен нәтижелеріміз айқын дәлел бола алады. Осы негізде өзіміздің ілгері басқан жүрісімізді одан әрі жеделдете түсуге тамаша мүмкіндігіміз бар. Қазақстанды әлемнің дамыған әрі көркейген елдерінің қатарына қосатын жол осы.
Мен Қазақстан халқының өзімнің осы бастамаларымды қолдайтынына, оған ықылас қойып, өзіміздің осы жоспарларымыздың іске асырылуына лайықты үлес қосатынына кәміл сенемін.
Мемлекеттігіміздің бастауында тұрған, әрі өзіне халықтың алдында ел тағдыры үшін жеке дара жауапкершілік алған менің жалғыз мұратым: осындай күннің келуін жақындата түсу. Осы ұлы мақсаттар мен мұраттардың орындалуы жолында баршаларыңызға мол табыс тілеймін.
 


ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2004 жыл

Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн,

 Бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн,



Бәсекеге қабiлеттi халық үшiн

 

                                                           Қымбатты қазақстандықтар!


Наурыз айының басында “Дейли телеграф” ықпалды басылымы “Оксфорд аналитика” британ компаниясының экономикалық талдауын жариялаған едi, онда Қазақстан транзиттi экономикасы бар мемлекеттердiң арасында аршынды дамып келе жатқан елдердiң бiрi ретiнде аталып, биылғы жылы да осындай көшбастаушы тұғырын сақтап қалатыны жайында болжам жасалған екен.


2003 жыл Индустриялық-инновациялық стратегиямызды iске асырудың алғашқы жылы болды. Елiмiзде даму институттары құрылып, олар қазiрдiң өзiнде өңдеушi салаларды жаңғыртуға нақтылы ықпал жасай бастады. Даму банкi жарты миллиард доллардан астам сомаға 20 инвестициялық жобаға кредит бөлiп отыр.
Инновациялық қор елiмiздегi алғашқы ғарыштық жер серiгiнiң жасалуын қаржыландыруды қолға алды.
Өткен жылы бес мұнай-химия кәсiпорнының жұмысы қалпына келтiрiлдi. Балқашта мырыш, Атырауда полиэтилен құбырларын өндiретiн зауыттар, Каспий теңiзiндегi жағалау жұмыстарына көмек жасайтын инфрақұрылым пайдалануға берiлдi. Қостанай дизель зауыты iске қосылды.
Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң көптеген кәсiпорындарын жаңғыртып, қайтадан жасақтау жүзеге асырылып жатыр.
Мұны жақсы нышан деу керек, бiзде тәуелсiздiк алған жылдарымыздың iшiнде 2003 жылы тұңғыш рет өңдеушi өнеркәсiптiң өсу қарқыны өндiрушi өнеркәсiптiң өсу қарқынынан асып түстi. Машина жасауда бұл көрсеткiш 20 пайыздан да артық болды.
Аграрлық азық-түлiк бағдарламасын жүзеге асырудың да алғашқы жылы аяқталды. Қуантарлық нәтижелер бар. АӨК-тi мемлекеттiк қолдау көлемi едәуiр ұлғайды.
Былтырғы жылы ауыл еңбеккерлерi 51,5 миллиардқа жуық теңге алса, биыл оларға 70 миллиард теңгедей қаржы бөлiнiп отыр.
Бұл алдыңғы жылдың көрсеткiшiнен ширектен астам артық.
Бөлiнген қаржы шаруаларға өткен жылы лизинг арқылы 806 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, 52,5 мың тонна минералды тыңайтқыштар, сондай-ақ гербицидтер мен уытты заттар, мал егуге қажеттi препараттар алуға мүмкiндiк бердi.
Мал шаруашылығында да оңды н¡тижелерге қол жеттi, мал басы тұрақты өсiп келедi. Ет пен сүт өндiру 17 пайыздан астам артты.
Қазақстан астыққа деген өзiнiң қажетiн қанағаттандырып қана қоймай, бес миллион тоннадан астам астықты экспортқа да шығарды.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу көлемi өткен жылы нақтылы есептегенде 9,5 пайыздан аса ұлғайды.
Ең бастысы, шаруаларымыздың материалдық жағдайы едәуiр жақсарды, демек бұл олардың көңiл ауаны көтерiңкi, болашаққа деген сенiмi зор деген сөз.
Соңғы жылдары Қазақстанның барша халқының тұрмыс деңгейi көтерiлген үстiне көтерiлiп келедi.
Өткен жылы еңбек өтiлi мен тапқан табысты ескере отырып, зейнетақылар мөлшерiн қайта қарау жүзеге асырылды. Жыл басынан берi зейнетақы мен жалақының ең аз мөлшерi көбейтiлдi.
Бiз – халықтың КСРО Жинақ банкiндегi iзсiз кеткен салымдарын өтеудi қажет деп тапқан ТМД-дағы бiрден-бiр мемлекетпiз.
Өткен жылы жалпы сомасы 4 миллиард теңгеден астам тұратын 1,3 миллион салым қайта тiркеуден өттi. Үстiмiздегi жылы салымдарды қайта тiркеу мерзiмi аяқталады. Азаматтардан келiп түскен көптеген өтiнiштерге байланысты Үкiметке салымдарды қайта тiркеудiң мерзiмiн келесi жылға дейiн ұзартуға ұсыныс енгiзудi тапсырамын.
Өткен төрт жыл iшiндегi экономиканың өсуi:
ең төменгi зейнетақы мөлшерiн – екi есе дерлiк (3000-нан 5800 теңгеге дейiн), орташа зейнетақыны да – екi есе (4,1 мыңнан 8,6 мың теңгеге дейiн);
ең төменгi жалақыны – екi жарым есе (2,6 мыңнан 6,6 мың теңгеге дейiн), орташа жалақыны – 1,6 есе дерлiк (14,3 мыңнан 24,8 мың теңгеге дейiн);
мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар мөлшерiн – 45 пайызға өсiруге мүмкiндiк бердi.
Әлеуметтiк-экономикалық дамудағы табыстарымыз негiзгi өлшемдер бойынша бiздiң Орталық Еуропаның бiрқатар елдерiне барынша жақындай түсуiмiзге мүмкiндiк бердi, ал Оңтүстiк-Шығыс Еуропа елдерiнен бiз iлгерiлеп кеттiк.
Бүкiлдүниежүзiлiк Банктiң сыныптамасы бойынша бiздiң мемлекет ендiгi жерде орта деңгейден жоғары табысы бар мемлекеттердiң тобына жатады.
Кеңестiк кезеңнен кейiнгi кеңiстiкте, Каспий және Орталық Азия өңiрiнде Қазақстанның рөлi мен беделi күшейе түстi, бiздiң елiмiздiң әлемнiң саяси және экономикалық картасындағы маңызы да артып келедi.
Қазақстан аса iрi әлемдiк форумдар өтетiн орынға айналды: Азиядағы өзара ықпалдастық және сенiм шаралары жөнiндегi кеңес, әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң бiрiншi съезi бiзде өттi.
Бiздiң елiмiзде Еуразия аймағы мемлекеттерiнiң әлемге танымал беделдi басшылары сапармен болып қайтты.
Қазақстан өзiнiң нысаналы дамуын “Қазақстан-2030” ұзақ мерзiмдiк Стратегиясына толық сәйкес жалғастырып келедi.
Ендiгi жерде күн тәртiбiндегi мәселе әлемдiк қоғамдастықта Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы, бiздiң экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы және қазақстандық ғалымдардың, менеджерлердiң, бизнесшiлердiң, мамандардың, жұмысшылардың бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы болып отыр.
Бұл мiндеттi шешу үшiн бiздiң экономикалық, сондай-ақ әлеуметтiк салаларда да еуропалық стандарттарға жету стратегиясын әзiрлеуге кiрiсуiмiз керек.

1. Бәсекеге қабiлеттi экономика
Экономика бiздiң дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң барынша жоғары қарқынына қол жеткiзу – негiзгi мiндетiмiз болып қала бередi.
Бiз бұған өз экономикамыздың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру арқылы елiмiздi дамытудың 2010 жылға дейiнгi жоспарына сәйкес қол жеткiземiз.
Бәсекеге қабiлеттiлiкке мемлекеттiк қолдаудың қолайлы жағдайында емес, бәсекелестермен қатар күресте қол жеткiзiлетiнi баршаға мәлiм.
Мен бұл ретте мемлекеттiк қолдаудың оңтайлы рөлi, бiр жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткiзуде, екiншi жағынан – инфрақұрылымды жасау және белдi салаларды дамытуға жеке меншiк секторды тарту жөнiнде белсене жұмыс жүргiзуде деп бiлемiн.
Сондықтан, 2005 жылы экономиканы дамытудың негiзгi бағыттары мыналар болуға тиiс:
– экономиканы одан әрi ырықтандыру және жүйелi реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестiктi дамыту мен бюрократиясыздандыру;
 – Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;
 – Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;
– ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;
– инфрақұрылымдарды дамыту.

Экономика бiздiң дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң барынша жоғары қарқынына қол жеткiзу – негiзгi мiндетiмiз болып қала бередi. Бiз бұған өз экономикамыздың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру арқылы елiмiздi дамытудың 2010 жылға дейiнгi жоспарына сәйкес қол жеткiземiз. Бәсекеге қабiлеттiлiкке мемлекеттiк қолдаудың қолайлы жағдайында емес, бәсекелестермен қатар күресте қол жеткiзiлетiнi баршаға мәлiм. Мен бұл ретте мемлекеттiк қолдаудың оңтайлы рөлi, бiр жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткiзуде, екiншi жағынан – инфрақұрылымды жасау және белдi салаларды дамытуға жеке меншiк секторды тарту жөнiнде белсене жұмыс жүргiзуде деп бiлемiн. Сондықтан, 2005 жылы экономиканы дамытудың негiзгi бағыттары мыналар болуға тиiс: – экономиканы одан әрi ырықтандыру және жүйелi реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестiктi дамыту мен бюрократиясыздандыру;  – Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;  – Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру; – ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру; – инфрақұрылымдарды дамыту.



1.1. Ырықтандыру ж¡не бюрократиясыздандыру
Әкiмет ырықтандыру мен табиғи монополиялар салаларын: телекоммуникацияларды, электр энергетикасы мен темiр жолдарды қайта құрылымдау бағытындағы жұмысты жандандыруы керек.
Бұл салалар бәсеке үшiн айқын әрi ашық болуға тиiс, ал халық болса, көрсетiлетiн қызмет сапасының жақсарып, бағаның төмендегенiн сезiнуге тиiс. Бұл тұрғыда жоспарлар бар, тек соларды батыл орындау керек.
Жекелеген учаскелердiң өзiнде бәсекенi шектеумен келiсуге болмайды. Монополияға қарсы агенттiк экономиканың барлық секторларында зерттеулер жүргiзiп, жыл соңына дейiн тиiстi ұсыныстар енгiзуi керек.
Өсудiң жоғары қарқыны мен бәсекеге қабiлеттiлiк көбiнесе экономиканы бюрократиясыздандыруға байланысты.
Әкiметке бұл жөнiнде тапсырмалар өткен жылғы қазан айында Кәсiпкерлердiң форумында берiлген едi, ендi күзде оның орындалуы тексерiлетiн болады.
Бұл жерде Қазақстанда бизнесшiлердiң жұмысы үшiн жағдайдың жақсарып келе жатқанын, тым жақсы болып кете қоймаса да, онша жаман емес екенiн айтқым келедi.
Бiз бизнесшiлер тарапынан өз қызметтерiнiң жағдайын жақсартуды сұраған өтiнiштерiн ғана емес, олардан өздерiнiң б¡секеге қабiлеттiлiгiн арттыру баытындаы қажырлы жҰмысын тосуа да хақылымыз.

Әкiмет ырықтандыру мен табиғи монополиялар салаларын: телекоммуникацияларды, электр энергетикасы мен темiр жолдарды қайта құрылымдау бағытындағы жұмысты жандандыруы керек. Бұл салалар бәсеке үшiн айқын әрi ашық болуға тиiс, ал халық болса, көрсетiлетiн қызмет сапасының жақсарып, бағаның төмендегенiн сезiнуге тиiс. Бұл тұрғыда жоспарлар бар, тек соларды батыл орындау керек. Жекелеген учаскелердiң өзiнде бәсекенi шектеумен келiсуге болмайды. Монополияға қарсы агенттiк экономиканың барлық секторларында зерттеулер жүргiзiп, жыл соңына дейiн тиiстi ұсыныстар енгiзуi керек. Өсудiң жоғары қарқыны мен бәсекеге қабiлеттiлiк көбiнесе экономиканы бюрократиясыздандыруға байланысты. Әкiметке бұл жөнiнде тапсырмалар өткен жылғы қазан айында Кәсiпкерлердiң форумында берiлген едi, ендi күзде оның орындалуы тексерiлетiн болады. Бұл жерде Қазақстанда бизнесшiлердiң жұмысы үшiн жағдайдың жақсарып келе жатқанын, тым жақсы болып кете қоймаса да, онша жаман емес екенiн айтқым келедi. Бiз бизнесшiлер тарапынан өз қызметтерiнiң жағдайын жақсартуды сұраған өтiнiштерiн ғана емес, олардан өздерiнiң б¡секеге қабiлеттiлiгiн арттыру баытындаы қажырлы жҰмысын тосуа да хақылымыз.



1.2. Әлемдiк экономикаға интеграциялану
Бiздiң ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгiне оны әлемдiк экономикаға интеграциялаған жағдайда ғана қол жеткiзе аламыз.
Сондықтан да Қазақстанның Бүкiләлемдiк сауда ұйымына кiруiн жеделдету аса маңызды мiндет болып табылады. Бұл тұста өзiмiздiң бүкiл саяси және дипломатиялық әлеуетiмiздi толығымен iске қосқанымыз абзал.
Менiң ойымша, қазақстандық бизнестiң қалыптасу процесi аяқталып келедi. Ол iшкi ғана емес, сондай-ақ сыртқы рыноктарда да күш сынасу үшiн “пiсiп-жетiлдi”.
Бiз ендiгi жерде шаруаларымызды да Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ әлемдiк рыноктардағы бәсекелестiк күреске дайындауымыз керек.
Бiздiң Қазақстан капиталының шетелге қозғалысын, оның сыртқы рыноктарды игеруiн қолдап, көтермелеуiмiз қажет. Бұл– жаһандық бәсекелестiктiң элементi, сондай-ақ әлемдiк экономика жайында аса маңызды бiлiм алу мүмкiндiгi.
Шетелдердегi барлық мемлекеттiк құрылымдар отандық бизнеске көмек пен қолдау көрсетулерi тиiс.
Қазақстан Даму банкiне сыртқы, әзiрге таяу жатқан рыноктарда жұмысқа кiрiсетiн кез келдi. Жаңа мiндеттердi шешу үшiн Үкiмет тарапынан Банктi он миллиард теңге, ал өңiрлерден өкiлдiк ететiн акционерлер бес миллиард теңге сомасында одан әрi қаржыландыруы қажет.
Бiздiң валюталық реттеудi ырықтандыру, ал 2007 жылы қаржы секторында Еуроодақ стандарттарын енгiзу бағытында батыл алға жылжуымыз керек.
Бiздiң экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгi көбiнесе кәсiпорындарымыздың халықаралық стандарттарға шұғыл түрде көшуiмен айқындалатын болады.
Қазақстан Батыс елдерiнiң өнiм сапасын бақылап отыру жөнiндегi жарты ғасырға жуық тәжiрибесiн ең қысқа мерзiмде меңгеруге тиiс.
Менiң тапсырмам бойынша, Үкiмет қазiрдiң өзiнде 2006 жылға дейiнгi стандарттау мен сертификаттаудың ұлттық жүйелерiн дамыту жөнiндегi бағдарламалық құжаттарын әзiрледi, қазақстандық кәсiпорындарды ИСО халықаралық стандарттарына жедел көшiру жөнiндегi жұмыс жоспары жасалды.
Ендiгi жерде әр министр мен әкiмнiң жұмысы олардың өз қызметiнiң саласында халықаралық стандарттарды енгiзу жөнiндегi iстiң жай-күйiне қарай қатаң бағаланатын болады.
Қысқа мерзiмде халықаралық iс-тәжiрибеде қабылданған техникалық реттеу үлгiсiне көшудi аяқтау қажет. Биылғы жылдың өзiнде “Техникалық реттеу туралы” заң жобасы қабылданып, қолданылып жүрген 50 заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуге тиiс.

Бiздiң ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгiне оны әлемдiк экономикаға интеграциялаған жағдайда ғана қол жеткiзе аламыз. Сондықтан да Қазақстанның Бүкiләлемдiк сауда ұйымына кiруiн жеделдету аса маңызды мiндет болып табылады. Бұл тұста өзiмiздiң бүкiл саяси және дипломатиялық әлеуетiмiздi толығымен iске қосқанымыз абзал. Менiң ойымша, қазақстандық бизнестiң қалыптасу процесi аяқталып келедi. Ол iшкi ғана емес, сондай-ақ сыртқы рыноктарда да күш сынасу үшiн “пiсiп-жетiлдi”. Бiз ендiгi жерде шаруаларымызды да Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ әлемдiк рыноктардағы бәсекелестiк күреске дайындауымыз керек. Бiздiң Қазақстан капиталының шетелге қозғалысын, оның сыртқы рыноктарды игеруiн қолдап, көтермелеуiмiз қажет. Бұл– жаһандық бәсекелестiктiң элементi, сондай-ақ әлемдiк экономика жайында аса маңызды бiлiм алу мүмкiндiгi. Шетелдердегi барлық мемлекеттiк құрылымдар отандық бизнеске көмек пен қолдау көрсетулерi тиiс. Қазақстан Даму банкiне сыртқы, әзiрге таяу жатқан рыноктарда жұмысқа кiрiсетiн кез келдi. Жаңа мiндеттердi шешу үшiн Үкiмет тарапынан Банктi он миллиард теңге, ал өңiрлерден өкiлдiк ететiн акционерлер бес миллиард теңге сомасында одан әрi қаржыландыруы қажет. Бiздiң валюталық реттеудi ырықтандыру, ал 2007 жылы қаржы секторында Еуроодақ стандарттарын енгiзу бағытында батыл алға жылжуымыз керек. Бiздiң экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгi көбiнесе кәсiпорындарымыздың халықаралық стандарттарға шұғыл түрде көшуiмен айқындалатын болады. Қазақстан Батыс елдерiнiң өнiм сапасын бақылап отыру жөнiндегi жарты ғасырға жуық тәжiрибесiн ең қысқа мерзiмде меңгеруге тиiс. Менiң тапсырмам бойынша, Үкiмет қазiрдiң өзiнде 2006 жылға дейiнгi стандарттау мен сертификаттаудың ұлттық жүйелерiн дамыту жөнiндегi бағдарламалық құжаттарын әзiрледi, қазақстандық кәсiпорындарды ИСО халықаралық стандарттарына жедел көшiру жөнiндегi жұмыс жоспары жасалды. Ендiгi жерде әр министр мен әкiмнiң жұмысы олардың өз қызметiнiң саласында халықаралық стандарттарды енгiзу жөнiндегi iстiң жай-күйiне қарай қатаң бағаланатын болады. Қысқа мерзiмде халықаралық iс-тәжiрибеде қабылданған техникалық реттеу үлгiсiне көшудi аяқтау қажет. Биылғы жылдың өзiнде “Техникалық реттеу туралы” заң жобасы қабылданып, қолданылып жүрген 50 заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуге тиiс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет