бірінші кезең. Балаға екі семантикалық топты құрайтындай етіп таңдалған 6 тақырыптық суретті есте сақтауды ұсынады. «Барлық суреттерді есте сақтауға тырысыңыз» делінген нұсқаулық беріледі.
Суреттер баланың көз алдынан алынып тасталады, содан кейін психолог қандай суреттердің болғандығын сұрайды. Егер балалар ұмытып қалса, психолог суреттердің қай топтың заттарына жататынын сұрайды. Егер бала жауап бере алмаса, психолог оған топтың атауын айтып көмектеседі;
екінші кезең. Балаға 2 семантикалық топты құрайтын 6 зат бейнеленген суреттерді есте сақтау керек. Психолог баладан суреттерді екі топқа бөлуді, аттарын атауды, суреттерді осы топтар бойынша есте сақтау керектігін түсіндіреді. Бала суреттерді есте сақтап және осы суреттерді семантикалық топтарға бөліп айтуы керек;
үшінші кезең. Процедура алдыңғы кезеңдегі процедураға ұқсас, бірақ бала «мұғалім» рөлін атқарады.
Әдістің психологиялық мәні психологиялық жүйені қалыптастыруда жатыр «визуалды-объективті жады вербальды-логикалық ойлау – образдыелестетіп көру», осының арқасында көзбен көретін материалды сақтауға арналған қосымша көмектер жасалынады.
Бірінші нұсқа. Балаға 5 зат бейнеленген суреттерді есте сақтауға және осы суреттерді сипаттайтын сөздермен 5 сөйлем құруға, суретте бейнеленген заттардын суретін салу беріледі. Басқа тапсырмаларды орындаумен өткен үзілістен кейін алдынғы сүреттердің атын еске түсіру керек.
. Екінші нұсқа. Вербалды: балаға 5сөз беріледі,осы сөздермен 5 сөйлем құрастыру керек. Содан кейін үзіліс беріледі- басқа тапсырмаларды орындауға болады (ауызша емес, суреттермен), 3-5 минуттан кейін баладан сұраңыз: «Ал енді сен сөйлем құраған сөздерді есіңе түсір»
• Бір заттын фрагментін толық бейнеге жеткізіп салу әдісі
Балаға белгілі бір зат бейнеленген сурет фрагменті беріледі. Балаға осы фрагментте не бейнеленгенің тауып, суретті толығымен салып шығу қажет.
Нұсқаулық: «Бұл суретте суретші қандай-да бір суретті салған, бірақ суреттің бір бөлігі өшіп қалған. 0л қандай заттың суретін салғысы келгенін тауып, суретті аяқтау. »
|