Әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті
Әлеуметтік педагог тиімділік пен оң нәтиже алу үшін мектеп әкімшілігі, психолог, пән мұғалімдері, ата-аналар, сынып жетекшілері, медициналық мекемелер, СӨС (салауатты өмір салтын) насихаттау жөніндегі мамандар, балаларды қорғау бөлімі,құқықинспекторлары, отбасылар мен балаларға психологиялық-педагогикалық көмек бөлімі, қосымша білім беру мекемелерімен бірге қызмет жасайды.
Әлеуметтік педагогтың жұмысындағы қағидалар:
Балалармен жұмыс жасауда әлеуметтік педагог келесі қағидаларды басшылыққа алады:
өзара іс-әрекеттестік қағидасы
тұлғалық-бағдарлы ұстаным қағидасы
- жеке тұлғаны позитивті түсіну және қабылдау қағидасы
- құпиялылық қағидасы.
Кесте 5 - Әлеуметтік педагог жұмысындағы қағидалар
Қағида
|
Мазмұны
|
1.Өзара іс-әрекеттестік қағидасы
|
Әр түрлі мәселелерді, даулы жағдайларды шешу бойынша оқу орнының басқа қызметкерлерімен әлеуметтік педагогтың мақсатты бағытталған тұрақты ынтымақтастықта өзара іс-әрекеттестік қағидасы;
-білім беру мекемесінде педагогикалық орта құру;
-оқушыларды әлеуметтендіруге қатысатын барлық әлеуметтік институттармен байланыстарды және іс-әрекеттік келісімділікті жолға қою
|
2.Тұлғалық-бағдарлы ұстаным қағидасы
|
Жеке тұлғаға адамгершілік көзқарас негізіндегі тұлғалық-бағдарлы ұстаным қағидасы;
- Оқушының да, педагогтың да құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
- Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына және әлеуметтенуіне көмектесу;
-оның шығармашылық орындалуын насихаттау
|
3.Жеке тұлғаны позитивті түсіну және қабылдау қағидасы
|
Жеке тұлғаны позитивті түсіну және қабылдау қағидасы келесіні білдіреді:
-баланы және ересек адамды сол қалпында қабылдау;
- жеке тұлғаның басқа да маңызды тұлғалық ерекшеліктерін қалыптастыруға болатын жағымды қасиеттерін іздеу;
-жеке тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілеттеріне оптимизм және сенім;
-балалар мен жасөспірімдердің шындықтың жағымсыз көріністеріне қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру;
|
4. Құпиялылық қағида-сы
|
Құпиялылық қағидасы келесіні қарастырады:
-ашық қарым-қатынас орнату;
-алынған ақпараттың дұрыстығына сенімділік;
-әлеуметтік педагог пен оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер арасындағы қарым-қатынаста кәсіби құпияларды сақтау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |