ОТБАСЫНДА БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕ КЕЗДЕСЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР
Жиі кездесетін 7 қателік
1-ші қателік. Баланың теріс іс –әрекеттерінен шаршап, күдер үзу
Егер сен менің тілімді алмайтын болсаң, мен сені бұдан былай жақсы көрмеймін.
Ата-анасы: мамаң сені бұдан былай жақсы көрмейді,керегі жоқ маған сен сияқты баланың деп қаттырақ айту шығар?
Маман: бұл біріншіден қорқыту, екіншіден өтірік айту болып саналады. Жек көремін деп ешкім баласын шынынд да жек көріп кетпейді. Бала мұны жақсы біледі. Ашудан туған жалған сөз. Ал алданып қалған бала сізге деген сенімін жоғалтады. Сенуден қалады. Одан да,сенің іс-әрекетің мен теріс қылықтарың маған ұнамаса да мен сені жақсы көремін деген дұрыс болар.
2-ші қателік. Немқұралылық
Ата-ана. Ашу шақырып,бір нәрсені дәлелдеудің керегі не, бәрібір өз дегенінен қайтпайды, не қылам жүйкемді тоздырып. Өз мәселесін өзі шешсін.
Маман: Еш уақытта да балаңыздың көзінше бейқам отырмағаныңыз дұрыс. Кейбір ата-аналар баласының теріс қылықтарына саған бәрібір болса, маған да бәрібір деп ерегісіп,елемей отыра береді. Мұны байқаған бала өзінің жаман әдеттерінен арылмайды,тіпті еркінсіп кетуі мүмкін. Балаңыздың көзінше сізге бәрібір екендігін көрсеткенше, онымен бір уақыт достасып көріңіз. Мысалы, сенің істеп жүргенің маған мүлде ұнамайды, бірақ менің саған көмектескім келеді, мен сені жақсы көремін, кеңес беруге әзірмін, қолұшымды беремін деп көзіне тура қарап айтыңыз.
3-ші қателік.Тым қатал болу
Сен мен не айтам, соның бәрін орындауға тиіссің, өйткені мен сенің ата-анаңбыз.Бала әрдайым үлкендерді сыйлап, айтқандарына құлақ асуы тиіс, бұл тәрбие принципі. Кейде бұлай болмай қалып жатады.
Маман: Бала әрқашан өзінің не істегенін, неге істегенін, не үшін істегенін дұрыс түсінбеуі мүмкін.Белгілі бір принциптерге сүйеніп, өте қатал тәрбие берсеңіз, одан балаңыздың ызасын тудыруыңыз мүмкін. Сіздің қабағыңыздан қорқып бала сіз болған жерде бәрін ойдағыдай істеп, сіз жоқ жерде бәрібір болатыны осыдан. Қорқатын адамын сыйлап, өзгені көрмеу осыдан шығады. Баламен жеке әңгімелесу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |