Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020


-тарау.ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ ОТБАСЫМЕН ЖҰМЫСЫ



бет61/102
Дата26.12.2022
өлшемі3.67 Mb.
#467953
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   102
annotation177627

8-тарау.ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ ОТБАСЫМЕН ЖҰМЫСЫ

Қазіргі таңда өскелең ұрпақты тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Олардың әлеуметтік ортаға бейімделуін, қоғамда өз орындарын дұрыс бағыттай алуын бүгінде әлеуметтік тәрбие беретін мамандар ұйымдастыруы қажет. Сонымен қатар, қазіргі танда мектепте жасөспірімдерге, олардың әлеуметтік жағдайын көтеру, материалдық көмек көрсету, әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік педагог мамандары қызмет атқарады.


Әлеуметтік педагог - социумның «әлеуметтік диагнозын» қою барысында оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, олардың қабілетін, қызығушылығын зерттейді, психологиялық, медициналық, құқықтық, адамгершілік-этикалық және басқа да сипаттағы проблемаларды шешуге көмектеседі. Қоғам мен отбасы, бала тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола отырып, тәрбиеленушінің шынайы өмірге қалыптасуына, балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, рухани-адамгершілік қарым- қатынастарға ықпал етеді.
Әлеуметтік педагогтің функциялары
Мектепте әлеуметтік педагоггің негізгі мақсаты - баланы өмірге әлеуметтік бейімдеу.
Өз мақсатында мынадай функцияларды атқарады:
- балаға және отбасына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
- отбасы мен балаларға дәрігерлік, психологиялық, педагогикалық кеңес беру;
- балаларды күйзелтетін даулы мәселелерді шешуге көмектесу;
- мінезінде ауытқушылығы бар адамдарға психологиялық және диагностикалық коррекция жасау.
- профилактикалық шаралар ұйымдастыру.
Әлеуметтік педагогтің жұмысы мына бағытта жүреді:
Зеттеу, анықтау - оқушылардың әлеуметтік өмірінің шынайы болмысын зерттеу.
Жұмысты жоспарлау - зерттеу материалдарының қорытынды құжаттарына сәйкес мақсат-мәндеттерді анықтайды; проблеманы шешуге тиіс жағдай болғанда, тіркелген субъектілердің әлеуметтік өмірініңмүмкіндіктерін есепке алады және жұмысты жоспарлайды.
Ұйымдаcтыpyшылық— проблеманы шешу барысында қажетті мамандармен ұйымдаса отырып,жоспардың іске асыру, нәтижені талдау, алдын алу жұмыстары.
Баланың әлеуметтікөмірдегі дамуына қажетті қолайлы жағдай жасалу керек. Әлеуметтік педагог үшін баланы әлеуметтендірудің бірден бір жолы баланың қоршаған ортасымен және отбасымен жүмысы.
Отбасы:
- баланың бойына ең құнды адамгершілік қасиеттерді калыптастырушы;
- баланы әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы;
- баланың еңбек ету дайыдығын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;
- баланың мамандықты еркін және саналы таңдауында ықпал жасаушы;
- баланы отбасылық өмірге дайындаушы, т.б.
Әлеуметтік педагогтің ата-аналармен жұмысы
Отбасы - жасөспірімдерді әлеуметтендірудегі өте маңызды институт. Бұл баланың дамуы мен жеке өмір құру ортасы. Сондықтан әлеуметтік педагогтің ата- аналармен жүргізілетін жұмысы баланы әлеуметтендіруде аса маңызды рөл атқарады. Ол отбасындғы жағдайлар туралы толық мәлімет ала отырып, бала тәрбиесіне байланысты ата-аналарымен ынтымақтасады, оларға кәсіби-педагогикалық көмек көрсетеді.
Әлеуметтік педагогтің отбасымен өзара бірлесе әрекет етуін ұйымдастыруы:
- өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуде этнопедагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мақсатында отбасы мен туысқандарын зерттеу;
- өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуге қажетті ата-аналарнын адамгершілік әлеуметтік мумкіндіктер принципіне қарай отбасыларын топтарға бөлу;
- халықтық педагогика дәстүрлері негізінде әлеуметтік педагог пен ата-аналардың бірлесе әрекет ету бағдарламасын жасау;
- өзара тәрбие қызметіндегі ағымдағы және ақырғы нәтижелерді зерттеу;
- баланың отбасын зерттеу, оның өмір сүру кағидаларын, көпқұрылымдығын,әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, рухани кұндылықтарын, тәрбие мүмкіндіктерін, оқушының ата-аналарымен қарым-қатынасын терең түсіну.
Әлеуметтік педагог пен ата-ананың бірлескен әрекеті ортаның тәрбиелік ауанын едәуір байытады, eгep өзара әрекет мақсатты формада жүргізілетін болса тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік қуат-күші ашылып, әлеуметтік педагог пен ата-ана қызметінің мазмұны мұратқа жетеді.
Қарапайым педагогқа қарағанда, әлеуметтік педагогтің рөлі, ең алдымен, білім беру емес, тәрбиелеуде, оның әлеуметтік көмек беру және қорғау функциясында. Әлеуметтік педагогтің отбасымен жұмысының негізгі бағыттары:
- ата-аналарды ағарту және кеңес беру;
- жайсыз отбасыларын диагностикалау және патронажға алу;
- жеке бейәлеуметтік топтарға басқа бағдар беру және оларды «бұзу» жөніндегі жұмыс;
- жаңа рөлдерге бейімделуге көмектесу;
- қызметтің қанағаттанарлық салаларын табуға көмектесу;
- жас отбасыларына кеңес беру;
- кәсіби бағдар алуға көмектесу;
- топтық, отбасылық сауықтыруды ұйымдастыру;
-жалғызбасты адамдарға көмекберуді ұйымдастыру;
- үйінде және арнайы мекемелерде әлеуметтік назарды талап ететін адамдарды анықтау;
- микросоциумда қария адамдардың белсенділік көрсетуі және олардың мүдделерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау.
Қорытындылай келе, елімізде әлеуметтік педагог мамандарының маңызы зор, соның ішінде отбасымен жүргізілген әлеуметтік жұмыстың орны ерекше.
Баланың өмірге әлеуметтік бейімделуі кезіндегі проблемаларын отбасымен бірлесе шешу, шешу жолында отбасына әлеуметтік көмектің барлық түрін көрсету біздің басты міндетіміз болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет