243
тұрғандығын) анықтау үшін әуелі сол элементтің қай орын-
да, қандай мақсатта жұмсалып тұрғандығын,
яғни стильдік
жүгінің бар-жоғын білу керек. Сөздің стильдік бояуы ол сөздің
негізгі мағынасына үстелген қабат болғандықтан, сол қабаттың
сыр-сынын тауып алу қажет болады. Зерттеушілер стилистика
мен сөз мәдениеті проблемаларын бір-бірімен байланыстыра
қарастыру – бүгінгі күннің көкейкесті шаруасына айналып
отырғандығын көрсетеді. Сөйтіп, стилистиканың мақсаты –
тіл элементтерінің жұмсалуын бағалау болғандықтан, олардың
орынсыз, қате қолданылуын
тауып-талдау тіл мәдениеті
міндеттерімен ұштасады.
Функционалдық стильдің бір тармағы – көркем шығарма
тілін лингвостилистика тұрғысынан зерттеуде мыналарды ны-
санаға алады:
а) «автор образы» дегеннің көрінісі;
ә) баяндаудың түрлері;
б) кейіпкерлердің сөзін беру (кейіпкерлерді сөйлету) прин-
циптері;
в) кейіпкерлер тілі мен автордың өз тілінің көрінісі.
Бұл – негізінен, көркем проза стилистикасына қатысты
проблемалар. Ал драматургия мен поэзия салаларында линг-
вистикалық стилистика бұдан өзгеше мәселелерді қояды.
Орыс лингвистикасында драматургия тілі жан-жақты, жақсы
зерттелгендігін байқаймыз. Бұл салада мынадай мәселелерге
көңіл аударылған:
а) кейіпкерлер
образын тіл арқылы көрсету;
ә) кейіпкерлер тілі арқылы ауызекі сөйлеу тілінің типтенуі
(типизация);
б) драмада сөз мағынасын стильдік мақсатта пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: