251
объектісі – жалпысөз (тіл) мәдениеті,
лингвистикалық сти-
листиканың объектісі – көркем сөз мәдениеті екенін айырып
зерттеу – қазақ тіл білімі үшін тың проблема.
Лингвостилистикада қарастырылатын фраза құру (по-
строение фразы) және текст түзімі (текстообразование) деген
зерттеу объектілері де бізде,
қазақ тіл білімінде, өз алдына
арнайы зерттеуді күтіп тұр. Фраза құру мәселесі екі тұрғыдан
қарастырылуға тиіс: бірі – фраза құрайтын сөздерді тандау,
екіншісі – фразаның құрылысы (тұрақты конструкциялар-
ды бұзу, плеонастық құрылымдар түзу т.т.). Бұлардың ішінде
жеке
мәселелер ғана, мысалы, тұрақты тіркестердің, мақал-
мәтелдердің трансформациясы немесе текст түзудің кейбір
мәселелері жалпы суреттеу (фактінің констатациясы) ретінде
кандидаттық диссерта ция дәрежесінде зерттеле бастады, бірақ
бұл тақырыптардың әңгімеленуі
таза лингвостилистикалық
тұрғыдан көп қарастырылған емес.
Екіншіден, көркем проза тілінің лексикалық нормасын
айқындауда оны әдебиет жанрларының даму бағыттарымен
тығыз байланыстыра қарау әдісін қолдануға тура келеді. Айта-
лық, бүгінгі қазақ көркем прозасында әр ал уан тіл элемент-
терінің стильдік тезге түсу (стилизация)
процесі етек алу
бағыты көзге түседі.
Достарыңызбен бөлісу: