Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет89/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   128
Сөз құдіреті

Қалайша, нендей тілдік түзімімен көркем (тілдің көркемдігі 
қалай, неден танылады)? Міне, көркем шығарма тілін сөз ет-
кенде, осындай сауалдар тұрады.
«Дарабоздағы» барша оқиғалары мен адамдары, олардың 
ішкі-сыртқы портреттері мен іс-әрекеттері, қоршаған 
әлеуметтік ортасы мен табиғат көрінісі оқырманға түсінікті 
тілмен суреттелген. Ал түсініктілікті мағынасы күңгірт не-
месе тіпті беймағлұм сөздер мен сөз орамдарының аздығы 
(немесе тіпті жоқтығы), сөйлемдердің аса күрделі болмай, 
жеңіл оқылатындығы, оны сөйлемнің көбінесе ықшам, аз 
сөзді болып құрылуы қамтамасыз етеді. Жазушының бұл 
туындысындағы авторлық тілі – осындай. Баяндау мәнерінің 


205
тілі жеңіл, синтаксистік құрылысы да ауыр емес, жинақы, 
ықшам болып келуіне шығарма тақырыбы, яғни оқиғаларды 
(көбінесе ұрыс-соғыс картинасын) баяндау себепкер болған. 
Әрине, бұл айтқанымыз «Дарабоз» романының мәтінінде 
ұзақтау құрылған сөйлемдер, көп компонентті құрмаластар 
жоқ деген сөз емес. Тіпті жай сөйлемдердің өзі де көп сөзді, 
ұзақтау болып келуі – әбден заңды. Онсыз көркем шығарма, 
оның роман сияқты «кеуделі» жанрының тілі киносценарийдің 
мәтіні болып кетер еді.
Күрделі синтаксис, яғни мәтіннің көп бағыныңқылы сабақ- 
тас сөйлемдермен немесе көп компонентті салалас сөйлем- 
дермен келуі көбінесе психологиялық жай-күйді суреттеуде, 
лирикалық немесе философиялық толғаныстарда орын алады. 
Табиғатты суреттейтін мәтін үзіктері де көбіне-көп жеңілде- 
тілген құрылыммен келеді (Түн. Аспан ашық. Жұлдыздар 
жарқырайды. Айнала жым-жырт... деген сияқты). Табиғат 
суреттері мұнда да бар (көп емес), бірақ мәтіндік ұйымдас- 
тырылуы (құрылысы) жағынан шығарманың өзге тұстарынан 
айырылып, көзге ұрып тұрмайды: авторлық баяндаудың табиғи 
жалғасы болып оқылады.
Автор тіліне назар аударғанда, жеке сөздердің қолданы- 
сындағы кейбір ерекшеліктерді көруге болады. Мыса лы, 
«әдеби нормадан тыс қолданыстар бар ма?», «олардың ішінде 
диалектизмдер қандай орын алған?», «жазушының кейбір 
сөздердің мағынасын жаңсақ түсінген сәттері байқала ма?» де-
ген сауалдар туындайды.
Кез келген жазушының роман, повесть сияқты көлемді 
дүниелерінің тілінде бүгінгі қалың оқырманға бейтаныс жеке 
сөздер мен тіркесімді қолданыстар кездеседі. Олар көзге 
ұрмайтындай өте аз, некен-саяқ болуы да мүмкін, кейде әдейі 
(әңгіме кейіпкерлер тілі емес, авторлық баян дау тілі тура-
лы, әйтпесе кейіпкерлер тілінде стильдік мақсатта бейәдеби 
бірліктердің келуі заңды екені мәлім) қолданылған болуы 
да ықтимал («қазақ тілінің бірде-бір сөзі сыртта қалмасын» 
дейтін ұстанымға баратын қалам иелері жоқ емес), енді 
біреулері ұқыпсыздықтан, кейде әдеби норма дегенге мән бер-
мей кететіндік те дақ түсіреді.
Қ.Жұмаділовтің шығармасында да авторлық баяндауда 
нормадан тыс сөздер мен морфологиялық тұлғалар кемде-кем 


206
ұшырасады. Қазақстаннан шет аймақта, Шыңжаңда туып-
өскен, мектепте сол жерде білім алған, қысқасы, тіл жағынан 
«өзгешелеу» ауызданған қаламгер деп қарап, оның тілінен біраз 
бейтаныс қолданыстарды кездестіреміз деп ойласақ та, жазу-
шы бүгінгі әдеби тіліміздің лексика-грамматикалық нормасы-
нан ауытқымайды. Бұл, мүмкін, Қабдештің әу бастан, әсіресе 
соңғы 40-50 жыл бойына көп оқып, үйренгені, шығармашылық 
тәрбие алғаны Қазақстан сөз зергерлері болғандығынан шығар, 
сондай-ақ көркем сөздің тілдік дәстүрі дегенді жақсы біліп
өзіне қатаң талап қоя білгендігі әсер еткендігі даусыз.
Дегенмен Қабдеш Жұмаділовтің әңгіме етіп отырған көлем- 
ді шығармасында бұл күнде қалың көпшілікке бейтаныстау 
сөздер жоқ емес,– бар, көп емес, – аз. Олардың бірқатары – кон-
текске қарай мағынасын түсінуге болатын, бірақ морфология- 
лық тұлғасы өзгеше сөздер. Мысалы, «Егер елге қайтып келіп, 
қаруыңды тапсырсаң, өткен істі қуыстырмаймыз (1-кітап. 
89-бет) дегендегі соңғы сөз «қумаймыз, қудаламаймыз» де-
ген мағына беріп тұр, түбірі – қу- етістігі, бірақ оның -с, -тыр 
сияқты етіс жұрнақтарымен келуі – айқын (түсінікті) емес. Сол 
сияқты жіпселеу («Өтегенге сенің тапсыруыңды жіпселеп жа-
тыр» – 278-бет); бопайлау («Шамалхан тым етті-жеңді, бопай-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет