204
быстарымен берілген ассонансты-аллитерациялы
құрылымдар
хан сөзіне пафосты үн беріп тұр. Сарбаздарына, әскеріне
ризашылығын осылайша білдірмегі – бір жағынан, шындыққа
саятын («бір өзінде қырық кісінің ақылы бар» хандар қай сөзді
қай жерде қалайша айту керектігін жақсы білуге тиіс!), екінші
жағынан, жазу шы қаламының
шеберлік пәрменін танытатын
фактілер. Дегенмен, қайталап айталық, жазушы Қ.Жұмаділов
бұл шығармасында тұтас лирикалық үн сақтауға тырыспаған,
билерді, жақсы мен жайсаңдарды барлық сәтте, барлығын
бірдей, тіпті бірінен бірін асырып, суырыла сөйлетіп қоймайды,
бір
қарағанда, олар ситуация (оқиға, кезең) иелері ретінде
көрінеді де сол сәттегі қимыл-қарекетіне, ой-пайымына сәйкес
кәнігі тілмен сөйлеп жатады. Бірақ қара дүрсін емес, жиында,
талқыда айтатын сөздері күнделікті отбасы, ошақ қасындағы
ауызекі айтыла беретін дағдысы да емес: жібі (логикасы мен
тілдік көрінісі) түзу, ойы айқын ана тілі.
«Дарабоз» романының тілі мен жазушы мәнері туралы бұл
әңгімеміздің желісінде, әрине,
авторлық баяндаудың стилі
де «байқалып тұр». Автордың баяндау тілі дегенімізге оның
сөзқолданыс, сөз таңдау мәнері, сөз қиыстыру (синтаксистік
амалдары) жүйесі, жалпы үні (тоны) жататыны белгілі. Әдетте
белгілі бір жаңа шығарма туралы жарияланып жататын рецен-
зияларда: «Бұл шығарманың тілі жатық, көркем», – деп қысқа
қайырылған жалпы баға жиі айтылады және ол «мырзалық»
ғылым-таным үшін дәнеңе бермейді.
Қалайша жатық? (жал-
пы «жатық тіл» деген не?),
несімен, қандай белгілерімен
жатық (жатық дегенді жағымды сипат деп ұғамыз ғой)?
Достарыңызбен бөлісу: