Функционалдық стильдердің айырым белгілері
жайындағы
пікірлер мен тұжырымдар
Көптеген өзге де тілдер сияқты, қазақтың қазіргі ұлттық
жазба әдеби тілінің де бұл күнде функционалдық стильдері:
көркем әдебиет стилі, публицистикалық, ғылыми (немесе
ғылыми-техникалық), эпистолярлық стильдер және ресми іс-
қағаздары мен кеңсе қағаздары стилі деп жіктелетін болса,
оларды бір-бірінен ажыртатын тілдік белгілері болулары ке-
рек. Бұлар жөнінде сти листика мәселесімен айналысқан зерт-
теушілер біршама пікірлер айтып, фактілерді көрсетіп келді.
Жасыратыны жоқ, олардың дені орыс тілінің функционалдық
стильдерін, сөз еткен еңбектерден алынған. Сірә, бұған, бір
жағынан, публицистикалық, ғылыми әдебиеттің және ресми-іс
қағаздарының көбінесе орыс тілінен аударма түріңде ұсыны-
лып келгендігі себепкер болса, екіншіден, функционалдық
стильдер табиғатының тіл-тілдің қай-қайсысында да кейде бір
шамада болып танылатындығы да ықпал еткен болар.
М. Балақаев: «Іс қағаздары: қаулы-қарарлар, заң, бұйрық,
үндеу, кіріс-шығыс құжаттарында көріктеу элементтерінің
жұмсалуы шарт емес, бұларда сөйлемдер толымды, жақты
болып келеді: қаулы етеді, шешім қабылдады, тапсырылсын,
міндеттелсін сияқты дайын үлгілер қолданылады», – дейді.
Ғылыми стильдің өзіне тән белгілерін: тілі жинақы, стилі
«қатаң», сөздері дәлме-дәл, тап-тұйнақтай болу, бірізділік және
дәлділік деп атайды, оның үстіне сөйлемдері күрделі болады,
сабақтас сөйлемнің басыңқы сыңарлары ойдың негізгі бөлше-
гі болып, бағыныңқы сөйлемге ерекше мағыналық қызмет жүк-
теледі; «мұнда диа лектизм, жаргон, қарапайым сөздер болмай-
ды, шартты белгілер мен қысқартулар көп болады», – деп
түйеді.
Публицистикалық стильде бірізділік күшті болады (?),
терминдерді, сөз тіркестерін жұмсауда, сөйлемдерді құрасты-
руда әдеби тілге және өзіне тән дәстүрлі қалыптасқан нор-
маларды қатал сақтайды; баспасөз беттерінде метафоралық
қолданыстар болады.
234
Достарыңызбен бөлісу: |