Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ - РУХАНИ УЫЗДЫҚ



Pdf көрінісі
бет45/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ - РУХАНИ УЫЗДЫҚ 
ТӘРБИЕ 
 
Болсынбаева Аманғайша Жолдыханқызы 
«Өрлеу» БАҰО АҚФ Алматы облысы бойынша 
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 
 
Қазіргі  таңда  ұлттық  тәрбиеге  басты  назар  аударғанымыз  құптарлық 
жағдай.  Өйткені  қайта  құру  кезеңінен  кейінгі  жылдардан  бастап  дүниеге 
келген  балалардың  тәбиесі  мүлде  өзгешелеу.  Өйткені  батыстың  тәрбиесіне 
көп  көңіл  бөлінді,  баланы  еркін  өсуге,  өзін  ойын  ашық  айтуға  тәрбиеледік. 
Сол буын өкілдері ашық тәрбиені қалай қабылдады,  «өзім білемін, менің ой 
пікірім,  осылай  маған  ұнайды»  дейтін  жүріс-тұрысында,  сөйлеу  мәнерінде, 
үлкендермен  қарым-қатынас  жасауда  ұлттық  тәрбиеден  алшақтап  кеткен 
жасөспірімдер жоқ емес. Бұның сыры неде дегенде кемшілікті әрине баладан 
іздемеу керек. Оның түбі тереңде  яғни баланың дүниеге келгендегі уыздық 
яғни ұлттық тәрбиеден қол үзіп кеткендіктен бе деген ой туындайды.   
Жапондықтар  бала  туылған  бойдан  анасы  оны  көкірегіне  не  арқасына 
арнайы орамалмен байлап, үнемі қасына алып жүреді екен. Бұған қоса, өзінің 
не  істеп  жатқанын,  ойларын,  сезімдерін,  эмоцияларын  бала  еститіндей 
дауыстап  айтады  екен.  Бұл  тәсіл  баланың  ойлау  жүйесінің  тез  дамып, 
қоршаған ортаға бой үйретуге баулиды. Сол себепті бұл елде бала алдымен 
сөйлеп, содан соң барып жүруі жиі кездесетін құбылыс. 
    Жапон  халқының  қаһарманы  саналған  Масару  Ибука  «3  жастан  кейін 
бәрі  кеш»  деген  бала  тәрбиесіне  қатысты  танымал  әдістеме  кітабында  
баланың  тәрбиесімен  ерте  айналысу  керектігін  айтқан.  «SONY» 
компаниясының  негізін  құрған,  өзі  тектес  кәсіпкерлерге  қолдау  көрсете 
жүріп, өз халқын жоқтықтан, әлемдік держава деңгейіне көтеруге күш салған 
Масару  Ибука  жапон  балаларының  зерек,  алғыр  болып  ержетуі  үшін  бала 
тәрбиесіне  басты назар аудартуды айтады. Өзінің еңбегінде балабақшадағы 
тәрбиенің кеш екенін түсіндіреді.  
«Бала  өзіне  қызық  дүниені  есте  сақтайды...  Бала  миының  қабылдауы 
қарқынды  дамиды.  Осы  кезеңде  онымен  көп  жұмыс  жасау  керек.    Кішкене 
кезінде баланы қалай және немен қызықтыру керек деген сұрақ туындайды. 
Бала өзіне қызықты нәрсені ашкөздікпен есте сақтайды... 
Сіз өз балаларыңызға әңгіме және ертегі тіпті олар оқығаныңыздан түк 
түсінбеседе  оқисыз  ба.  Сіздің  балаңыз  көбірек  тыңдайды,  есінде  сақтайды 
егер  сіз  мұқият  оқымасаңыз  ол  бірден  қателікті  байқайды.  Балалар  оқиға 
және  ертегілерді  нақты  есте  сақтап  қалады.  Демек,  баланың  туа  саласымен 
тап  болған  ортасы  оның  болашағын  айқындамақ.  Бұл  атақты  жапон 
зерттеушісі  Масару  Ибуканың  тұжырымы.    Адам  миының  70-80  пайызы 
сәбидің  3  жасына  дейін  қалыптасып  үлгереді  екен.  Ғалымдардың  дәлелі. 
Демек,  үш  жасқа  дейін  баланың  зор  талант  иесі  атануға  мүмкіндігі  бар. 


79 
 
Сәбидің  үш  жасқа  дейін  көрген-білгені,  танып-түйгені  оның  өмірлік  азығы 
болмақ. Балаңызды қалай қарай бағыттасаңыз, солай бой түземек. 
Ал қазақы тәрбиеде ертеректе балалар қисса-дастандарды жатқа айтып, 
аңыз-әңгімелерді тыңдап, жырларды жатқа айтатын болған.  Бесік тербеткен 
аналарымыз  әлди  жырымен,  ана  сүтімен  тәрбие  берген.    Мысалы  қазақтың 
ұлы  тұлғалары  Абай,  Ыбырай,  Шоқандар  әжелерінің  әңгіме  ертегілерін 
тыңдап өсті. Жиырмасыншы жылдардағы ұлы тұлғаларымыздың өмірбаянын 
алып  оқысаңыз  бәрінде  қисса-дастан  жаттап,  әңгіме  тыңдап  өскендігі 
айтылады.  
«Ал,  қазақ  мешел  болып  қаламын  демесең,  бесігіңді  түзе...  Ол  үшін 
әйелдің  хәлін  түзе»  деп  қазақтың  ұлы  жазушысы  М.Әуезов  бекер  айтпаған 
болар.  Ол  тәрбие  әрине  бірінші  кезекте  отбасынан  бастау  алады.  Қазақтың 
батыры Б.Момышұлының «ертегі оқымай өскен балалардан қорқамын» деген 
сөзінің астарында үлкен мән бар. Оған үңілер болсақ ол тәрбие, отбасының 
құндылықтары. 
Ыбырай  Алтынсариннің  «Бақша  ағаштары»  деген  әңгімесінде  әкесі 
баласына ағаштың бірі қисық бірі түзу өсуінің себебін былай түсіндіреді: бірі 
бағып-қағумен  өскен,  екіншісі  бағусыз,  өз  шығу  қалыбымен  өскен.  Яғни 
бағып-қағуда  көп  мағына  бар  екенін  айтады.  Бұл  әңгімесінде 
Ы.Алтынсариннің астарлап айтып тұрғаны балаға уыз тәрбие беру керек. Біз 
осы  тәрбиеден  алшақтап  бара  жатырмыз.  Уыз  тәрбие  дегеніміз  ана  балаға 
мейірімін төгіп, баламен үлкенмен тілдескендей тілдесіп, бесік жырын айтып 
әлдилеп,  ертегі  оқып,  рухани  азық  беру  керек.  Қазір  көп  ата-ананың  балаға 
қарауға  мұршасы  жоқ.  Күнделікті  күйбін  тіршілікпен  жүрген  ата-аналар 
балаға  көп  көңіл  бөлмейді.  Өз  қалыбымен  өскен  баладан  қайырым  болмай 
тізесін құшып қалып жатқан ата-аналар көбейіп жатыр. Балаға ертегі әңгіме 
оқып,  қисса-дастандарды  жатқа  айтатын  ата-әжелеріміз  де  жоқтың  қасы 
десек артық айтпағандық.    
Қазақта  не  көп  аңыз-ертегілер  көп  қой.  Ертегі  тыңдап  өскен  баланың 
адамгершілік  қасиеттері  жоғары  болмақ.  Ертегінің  тәрбиелік  мәні  зор.  Осы 
ретте А.Байтұрсыновтың «.... ертегі баланың рухани қиялын тәрбиелеуге  көп 
керегі  бар  нәрсе,  баланы  қиялдауға,  сөйлеуге  үйретеді»  деген.    Қазақ 
баласының  шыр  етіп  дүниеге  келуінен  ержеткенге  дейінгі  ғұмыры    өлең-
жырға  толы.    Баланың  алғашқы  еститіні  ана  әлдиімен  айтылатын  бесік 
жырының  әуені.  Ойындардың  өзі  дерлік  өлеңмен  өрнектеліп  келген. 
Осындай  ұлттық  тәрбиені  санасына  сіңіріп  өскен  баланың  адамгершілік 
қасиеті, патриоттық сезімі, ойлау деңгейі, ішкі мәдениеті жоғары болмақ.   
Мағжан  Жұмабаев  «Педагогика»  атты  еңбегінде  тәрбие  не  дегенге 
мынадай  тұжырым  айтқан:  «Тәрбие  кең  мағынасымен  алғанда,  қандай  да 
болса  бір жан  иесіне  тиісті  азық беріп,  сол  жан  иесінің дұрыс өсуіне көмек 
көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтқанда, адамның баласын, кәміл 
жасқа  толып,  өзіне-өзі  қожа  болғанша,  тиісті  азық  беріп,  өсіру  деген 
мағынада жүргізіледі.   


80 
 
Адамзат  дене  һәм  жан  аталған  екі  бөлімнен  тұратындықтан,  бұл  екі 
бөлімнің  соңғысы,  яғни  жан,  адамзат  үшін    аса  қадірлі    болғандықтан, 
дұрысын айтқанда, адамға шын мағынасымен «адам» деген атты осы жанға 
да беретіндігінен, адам баласын тәрбие қылу дегенде, әрине, адам баласының 
әсіресе жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек.  
Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы туғанда 
өте  әлсіз,  зағып,  осал  болып  туады.  Малдың  төлі  туа  сала  аяқтанады. 
Тауықтың  балапаны  жұмыртқадан  жарылысымен  жүгіріп  кетеді.  Ал  адам 
баласы  туғанда  іңгалаған  айғайы  мол  бір  кесек  ет.  Ақылы,  есі  жоқ.  Денесі 
тым әлсіз. Өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Мінекей, адам баласы осылай 
өте  әлсіз  боп  туып,  аса  сараң  өсетіндігінен,  оның  денесіне,  жанына  азық 
беріп,  өсуіне  көмек  көрсетпей,  яғни  оны  тәрбие  қылмай  болмайды»  деген 
(1.53).  Сондықтан да балаға рухани азық беріп, денесіне, жанына азық беріп, 
дұрыс  тәрбие  жолын  көрсету  бірінші  кезекте  ата-ананың  парызы.  Ары 
қарайғы  дағдысының  дамуы  мектеп  қабырғасында  жүзеге  асады.  Абайдың  
да  «адамның  адамшылығы  –  ақыл,  ғылым,  жақсы  ата,  жақсы  ана,  жақсы 
құрбы, жақсы ұстаздан болады» дегені осыдан. Болашақта балаңыз ақылды, 
алғыр, зерек болса, не болмаса қырсық, ашуланшақ, еріншек болса да – бұл 
да өзіңіз берген тәрбиенің жемісі болмақ. 
Жапондықтар  бала  бес  жасқа  келгеннен  тәртіпті  күшейте  түседі  екен. 
Себебі Жапониядағы мектептерде оқушылар өздерін сабырлы түрде ұстауы, 
үлкенге құрметпен қарап, мектеп белгілеген тәртіпке мүлтіксіз бағынуы тиіс 
болады.  Бұл  жастағы  бала  тәрбиесінде  мектеп  басшылығының  ұстанатын 
басты  қағидасы  –  баланың  материалдық,  физикалық  жағдайына  қарамастан 
бәріне  бірдей  қарау.  Жапондықтар  мектептің  алғашқы  үш  жылында 
академиялық білім емес, балаға қоршаған ортаны аялауды, адами қасиеттерге 
баулып, бойындағы сыпайылылық пен сыйластықты дамытуды маңыздырақ 
деп есептейді екен.  
Жапондықтар  әркез  бірінші  орынға  қоғамды  қояды,  ал  өздерін  сол 
қоғамның бір бөлшегі ретінде қарастырады. Сол себепті баласына да топтың 
ішінде біріге жұмыс  жасауды,  үлкенді құрметтеп, өзінің  қызығушылықтары 
мен ұстанымдарын тұтас топтың мақсатынан жоғары қоймауға үйретеді.  
Жапондықтардың  қоршаған  ортаны  таза  ұстауының,  табиғатты  қорғап, 
үлкенге  құрметпен  қарауының,  ата-дәстүрлерін  сыйлап,  оны  ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізе білуінің басты себебі – ғасырлардан келе жатқан осы тәлім-
тәрбиенің нәтижесі деп айтуға толық негіз бар.  
Технологиясы  мен  ғылымын  қарқынды  дамыта  отырып  та  жапондар 
ұлттық  дәстүрінен  ажырамай,  ұлттық  сипатын  сақтап  келеді.  Біздің  Алаш 
қайраткерлерінің даму жолында Жапонияны үлгі етіп алу жайдан-жай емес. 
Олар  біздің  даму  жолымызды  сол  кезде-ақ  дұрыс  таңдаған.  Батыста 
немістерді,  шығыста  жапондарды  үлгі  ету  арқылы  еуропалық  ғылым-білім 
мен  шығыстық  берік  дәстүрді  ұштастыруды  көздеген.  Бүгін  де  рухани 
жаңғыруда осыны ескерсек, қазақ ұлты ретінде ғылым-білімді, технологияны 
дамыта отырып, ұлттық болмысымызды да сақтап қалған болар едік. 


81 
 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Рухани  жаңғыру;  болашаққа  бағдар» 
мақаласы  қоғамда  үлкен  сірпіліс  тудырғаны  баршаға  аян.  Кез  келген  адам 
рухани  жаңғыруды  бірінші  кезекте    өзінен  бастау  керек.  Яғни  рухани 
жаңғыру  біз  үшін  өзіміздің  ұлттық  дәстүрлерімізге  бет  бұрып,  қазақтың 
өзіндік  ұлттық  даму  жолына  түсуі  екенін  сезінгені  жөн.  Рухани  жаңғыру 
деген ол ұлттың мәдениеті, өнері, әдебиеті мен тарихы тұрғысынан жаңғыру 
дегенді білдіреді.  
Елбасы  мақаласында  айтып  өткендей  ұлттық  код  бұл  –  ең  алдымен, 
тілде,  сосын  дәстүріміз  бен  салтымызды,  мінезімізді  айқындайтын  ділде, 
ұлттық  мәдениетте.  Ұлттық  кодымызда  ізгілік,  адалдық,  перзенттік 
инабаттылық,  адамгершілік,  парыз,  ақыл-парасаттылық  кеңінен  өрістеген, 
молынан қамтылған. Ұлттық кодымызда ұят категориясы бар. Бесіктен белі 
шықпаған  баладан  бастап,  ұят  боладыны  айтып  өсірген  ата-ана  баласын 
жақсылық  пен  жауыздықтың  бөлінетінін  айтып,  мінезін  қалыптастырады. 
Отбасында  дұрыс  тәрбие  алған  бала  ержеткенде  де  сол  қасиетті  сақтауға 
тырысады.  Отбасындағы  тәрбиені  балабақша  да,  мектеп  те,  университет  те 
алмастыра алмайды. Мейлі, ол әлемдегі озық университет болса да. Сондық-
тан, жалпы отбасылық құндылықтарымызды жаңа заманға үйлестіре, қорғап, 
дамытуымыз  және  соны  азаматты  қалыптастыру  үрдісінде  дұрыс  пайдалана 
білуіміз  керек.  Ал  сол  отбасында  алған  тәрбиені  ары  қарай  шыңдай  түсетін 
орын  әрине    мектеп.  Білім  мен  тәрбие  мектептен  басталады,  сол  мектептің 
жаны мұғалім.  
Ұлттық  рух  бар  жерде  рухани  жаңару  күш  алады.  Мемлекет  басшысы 
«Рухани жаңғыру мақалада атап көрсеткендей ұлттық сана, ұлттық код рухан 
жаңарудың  түп  қазығы,  ұлттың  негізі  арқылы  жеке  адамның,  халықтың, 
елдің уақыт талабына сай ізденуі, еңбек қоғамын құруы, уақытты, еңбек пен 
білімді,  денсаулықты  қатар  бағалап,  қатар  қорғай  алған  қоғам  ұлттық 
рухымен  мемлекетіне,  қоғамына,  еліне  игілік  әкелетін  дүниелерді 
қалыптастырады. 
Біздіңше,  рухани  жаңғыру  осылай  ғана  болуы  керек.  Қазіргідей 
жаһандану заманында өзіміздің ұлт ретіндегі, қазақ ретіндегі бет-бейнемізді 
сақтай  отырып  та,  бәсекеге  қабілетті  ел  ретінде  дамуымызға  толық 
мүмкіндігіміз бар.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет