Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет42/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

         «Абайтану»  мұражайы  бүгінде  Абай  мұрасын,  оның  ақындық 
айналасын  жан-жақты  насихаттап,  сан  жылдар  бойы  асыл  сөздің  атасы 
Абайдан  қалған  асыл  қазынаны  барша  ұрпаққа  дәріптеп,  ел  назарына 
ұсынуда.
 
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың:  «Біздің  міндетіміз 
бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», - деген пікірі жастарға Абайша білім 
алу,  Абайша  ойлау  дегенді  ұқтырады.  Өйткені,  Абай  шығармалары  ұлттық 
өнерді дамытудың жаңа бағыты  ретінде  қызмет  атқарып келеді.  Ақын  және 
оның  ақын  шәкірттерінің  шығармаларынан  оқушылар  үлкен  үлгі-өнеге 


75 
 
алады. Олар ғылым-білімге, ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық 
жасамауды, адамгершілікті сақтауды жастарға өсиет етті. 
Абай жырлағандай: 
Әсемпаз болма әр неге, 
Өнерпаз болсаң, арқалан. 
Сен де – бір кірпіш, дүниеге 
Кетігін тап та, бар қалан! – деп, ел болашағы жас ұрпаққа бағыт-бағдар 
беріп, өмірдегі орнын табуға дәнекер болған. Абай өнегесі, Абай тәлімі, Абай 
ұсынған  дидактикалық  пайымдаулар  –  адамдық  жолын  көрегендікпен 
нұсқаған  даналық  ойларды  мұражай  қонақтарына  насихаттау  мұражай 
қызметкерлерінің басты назарында.   
Ашып ақыл бұлағын... 
Семейдің сері бір қызы, 
Алматының жұлдызы, 
Абай деп соққан жүрегі 
Шұғылалы нұр жүзі, 
-деген  өлең  жолдарымен  мақаланың  желісін  өрбіткіміз  келеді.  Өйткені,  бір 
үзік  ойларымыз  талаптыны  қанаттыға  жалғаған,  ұзақ  еңбек  жылдарында 
талмаған,  жарты  ғасыр  бар  саналы  ғұмырын  ұлағатты  ұстаздыққа  арнаған 
әдіскер  ұстаз,  ардақты  ана,  парасатты  да  пайымды  педагог  Кәрімова  Лиза 
Кәрімқызы туралы. 
Кәрімова  Лиза  Кәрімқызы  ұлылардың  мекені  сырлы  Семей  өңіріндегі 
Ақсуат  топырағынан  жаралып,  киелі  Қызылорданың  Арал  аймағында  одан 
арайлы  Алматыда  үздіксіз  ұстаздық  етумен  келеді.  Мұғалімдік  еңбектің 
сырына  қанығып,  сынына  төтеп  берген,  қиындығына  қайыспаған  мақсатты 
мұғалімнің  өткені  өнегелі,  қазіргісі  құзыретті,  болашағы  баянды.  Лиза 
Кәрімқызы  мамандығы  неміс  тілі  пәні  мұғалімі  болса  да  халқымыздың  тілі 
мен  әдебиетін,  өнері  мен  мәдениетін  терең білетін,  тұнығына  бойлай  алған, 
болашағын  ойлай  алған  біртуар  дара  тұлға.  Даралығы  емес  пе,  талайлар 
аузымен  орақ  орып,  жалған  ұрандап,  ұлтжандылықтың  сусыма  шапанын 
жамылып жүргенде Алматының қақ ортасындағы мектебінде өз қаражатына 
Абайтану мұражайын ашып, оны жабдықтап, безендіріп, көрген жанның көзі 
тартатындай  безендіріп,  мазмұнды  мағына  беріп,  жас  ұрпақ  санасына  Абай 
өнегесінің дәнін шашып, сөзін ісімен дәлелдей білгендігі? Даналығы емес пе, 
ұлттық санамыздың рухани жаңғыруын осыдан 20 жыл бұрын бастап, «Абай 
–  дана,  Абай  –  дара  қазақта...»    келер  буынды  Абай  тәлімі  мен  тәрбиесінің 
қайнар бұлағынан сусындата білгендігі? 
1994 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі», 2001 
жылы  Түркия  Республикасының  «Алтын  белгі»  иегері  атанып,  2002  жылы 
қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігінің  «Құрмет 
грамотасымен»,  2004  жылы  «Ерен  еңбегі  үшін»  медалімен,  2005  жылы 
Қазақстан  Республикас  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Алғыс  хатымен», 
2007 жылы Нұр – Отан партиясының «белсені еңбегі үшін» медалімен, 2009 
жылы  Қазақстан  Республикасы  білім  беру  ісінің  «Құрметті  қызметкері» 


76 
 
медалімен  марапатталған      тұлғасынан  қарапайым  кесектік  пен  талапты 
талғампаздық,  сыны  да,  сыры  да  кетпеген  сырбаз  сұлулық,  ақылды  асыл 
тектіліктің  лебі  есіп  тұратын  сегіз  қырлы  бір  сырлы  Лиза  Кәрімқызының 
әрбір сөзі мен ісі – өнеге. 
Ашып ақыл бұлағын, 
Ізгіліктің шырағын, 
Жағамын деп  
Сіз келесіз ұл мектепке, 
Адамдықтың тұрағын, 
Адалдықтың шынарын, 
Табамын деп 
 Сіз келесіз бұл мектепке, - дей келе жүрегі мектеп деп соғатын әрбір ұстазға 
Лиза  Кәрімқызы  сынды  саналы  ғұмыр,  іркілмес  ізденіс,  талмас  қанат 
тілегіміз келеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет