Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет21/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
 
ЖЕКЕ  ТҰЛҒА БОЙЫНДА РУХАНИ  ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Нарсеитова Фатима Серикбаевна
«Өрлеу» БАҰО АҚ  филиалы ББЖ ҚБАРИ Тәрбие және тұлғаны 
әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы,  
педагогика ғылымының магистрі 
 
 «Біз әрбір азаматтың абыройы мен атағы бағаланатын,  
жоғары моральға, этникалық стандарттар мен  
рухани құндылықтарға орын бар қоғам құруымыз керек» 
 Н.Ә.Назарбаев 
 
    Ата  -  бабаларымыз  балаға  болашағым  деп  қараған,  игі  де  зор  үміт 
артқан, ата-ананың, халқының арманын ұрпағына аманат еткен. Сол аманатқа 
біз  салауат  ету,  тәуба  жасап,  шүкіршілік  ету  әрбір  тұлғаның  халқы 


23 
 
алдындағы  міндеті.  Қазақ  халқының даналығы,  тәрбие  тағылымы  –  тамыры 
тереңде жатқан асыл қазына. Халық тағылымы – ескірмей, заман ағымымен 
өзгеріп, өсіп-өніп отырады. Әрине, оны өшіретін де өсіретін де - тіршілік иесі 
Адамзат.  Сенімді,  сергек  санаңа  сапалы  да  саналы  ой  ұялататын,  ар-
ұятыңның аражігін айқындайтын игі істерді шашпай-төкпей көненің көзіндей 
сақтап,  келер  келешекке,  ұрпақ  бойына  күре  қан  тамырындай  білім  нәрін 
тарататын да сіздер мен біздер. Өз ұлтын қадірлеп - қастерлеген, ұлт қадірін 
білген  азаматтың  бірі  Ж.Аймауытов:  «Мен  халыққа  кіндігіммен  байланып 
қалғанмын.  Оны  үзе  алмаймын.  Үзу  қолымнан  келмейді»  -  деген.  Бүгінгі 
таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін 
меңгерген мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу 
– өмір талабы, қоғам қажеттілігі. 
   
“Патриотизм”- гректің сөзі. Оның қазақшасы - жерлес, отандас дегенді 
білдіреді,  яғни  Отанын,  ұлтын  сүю,  оны  жаудан  қорғау.  Сырым  Датұлы: 
«Мен  ағайынды  екеумін:  бірі  -  өзім,  екіншісі  -  халқым»  -  деген  екен. 
Қазақтың 
ұлтжандылығы, 
отансүйгіштігі 
ежелден 
қалыптасқан. 
Патриотизмнің  негізгі  мағынасы  әр  азаматтың  ұлтын,  Отанын  сүюден 
туындайды.  Отансүйгіштік  -  азаматтық  санамен  қалыптасатын  қасиет. 
«Азаматтық  сана»  –  біліммен  қаруланған,  аға  ұрпақтың  қалдырған  мәдени-
тәлім  мұраларынан  сусындаған,  туған  жері  мен  елінің  рухани-материалдық, 
мәдени  құндылықтарын  бойына  сіңіре  білген,  ақыл  мен  парасаттылығы 
жетілген, жеке мүдде мен болашақ үшін жауапкершілікті  өткен мен келешек 
ұрпақ  алдындағы  парызбен  ұштастыра  білетін,  ұлтжанды  саналы  азаматы 
болуды талап ететін құбылыс. 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  "Тарих  толқынында"  атты  кітабында: 
"Егер  біз  мемлекет  болғымыз  келсе,  өзіміздің  мемлекетімізді  ұзақ  уақытқа 
меңзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз 
жөн.  Ал  оған  барар  жол  халық  даналығының  негізінде  жатыр",  деген 
болатын.    «Бабалардың  ерлігі,  бүгінгі  буынның  ерен  істері  және  жас 
ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» 
боламыз»,- деп Президенттің Жолдауында айтылған.  
     
 «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы»- деп әлемнің екінші 
ұстазы атанған ойшыл, ғұлама – ғалым  Әбу – Насыр  әл - Фараби бабамыз 
айтқандай,    ежелден  ұрпақ  тәрбиесіне  ерекше  көңіл  бөлінген.  Себебі, 
жасөспірім  -  болашақ  иесі.  Болашақтың    жарқын    болуы  үшін,  ұрпақтың 
дұрыс  қалыптасуы  шарт.  Тәуелсіздік    туы  желбіреген   егеменді  еліміздің 
болашақ 
ұрпағын 
тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік 
пен 
қайырымдылық, кішіпейілділік,  әдептілік, елін, жерін, Отанын  және халқын 
шынайы  сүюі  секілді   ең   асыл  қасиеттерді   қаны  мен   жанына   сіңіруде,  
отбасы  мен  білім  беру  ұйымдарында  атқарылатын  жұмыстардың 
ұйымдастырылуының маңызы зор.  
     Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың 
әр 
жолдауында  білім  мен  тәрбие  саласына  аса  мән  беріледі.  Бұл  дегеніміз  - 
бүгінгі  оқушы  ертеңгі  Отанын  қорғайтын,  Отанына  адал  қызмет  ететін, 


24 
 
жаһандық және шынайы өмірде жеке тұлға болып, қоғамның белсенді мүшесі 
болатын құзіретті тұлға қалыптастыру. Тәрбие саласы да уақыт талабына сай 
өрбіп,  өмірмен  сабақтасуы  керек.  Бұл  бағытта  «Қазақстанның  үшінші 
жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік»  2017  жылғы  31  қаңтардағы 
жолдауы, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы, «100 нақты қадам» баршаға арналған 
заманауи  мемлекет»  мәтінінде  білім  берудің  стратегиялық  бағыттары 
анықталған.  Сондықтан  біз  оқушыларды  мектеп  қабырғасында  тәрбилеу 
үшін  оқушылардың  өзін-өзі  басқару  ұйымын  дұрыс  ұйымдастыра  білуіміз 
керек. Білім мен тәрбиені қатар алып бару үшін ұжымдық жұмыстарды қолға 
алуымыз керек.  
    
Оқушыларда  қарым-қатынас  мәдениетін  қалыптастыру  үшін  ең 
алдымен  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  қарым-қатынас  дұрыс  жолға 
қойылуы тиіс. Сондықтан баланың сөздік қорын көбейіп, мейлінше молайту, 
дұрыс, анық сөйлеу мәнеріне тәрбиелеуіміз қажет. Бала тәрбиесінде ата-ана 
мен  басқа  да  отбасы  мүшелерінің  тигізетін  әсері  орасан  зор.  Қазақ  атамыз 
айтқандай:  «Құс  ұяда  не  көрсе,  ұшқанда  соны  іледі»  деген  сөзі  бекер 
айтылмаған.  Балаға  мектептегі  берілген  тәрбие  жеткіліксіз  болады.  Балаға 
берілетін  тәрбие  негізінен  отбасында  қалыптасады.  Сондықтан  алдымен 
мұғалім  мен  ата-ана  арасындағы  байланысты  дұрыс  жолға  қою  керек.  Ата-
аналардың  басым  бөлігінде  педагогикалық,  психологиялық  білім 
болмағандықтан  ата-аналарға  баламен  қарым  -  қатынас  жөнінде 
педагогикалық та, психологиялық та көмек берілуі керек-ақ.  
Қазақ  халқы  ұрпақ  тәрбиесіне  үлкен  көңіл  бөлген.  Қызын  инабатты, 
ұлын  намысшыл  етіп  өсіруді  көксеген  атам  қазақ  тәртіп  бұзар  тентегін  тез 
тыйып,  ақылмен  жөнге  сала  білген.  «Ел  боламын  десең  тағылымыңды, 
бесігінді  түзе»  деп  ұлы  жазушы  М.Әуезов  айтқандай  немересін  жөргектен 
тәрбиеге  байлап,  ғибратты  сөзді,  бесік  жырын  құлағына  сіңіріп,  қызықты 
ертегілер,  өнегелі  әңгімелермен  адамшылық  қаситтерге  баулитын  ата  - 
әжелеріміздің  бүгінгі  ұрпақ  болашағы  үшін  орны  ерекше.  Иә,  оқытып 
тәрбиелеген ұрпағымыз ұлағатты болсын! 
        Қазақстан  Республикасы  этномәдени  білім  беру  тұжырымдамасының 
мазмұнында:  «Бізге қажетті - жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі мен 
дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, егеменді 
елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын  ұрпақ тәрбиелеу» -
деп  көрсеткендей,  еліміздің  елдігі  мен  бірлігін  сақтайтын, Отаны,  халқы 
алдындағы 
парызын жауапкершілікпен 
өтейтін, 
ұлтжанды  ұрпақ 
тәрбиелеу міндеті  тұр.  
Әрине,  жаңалыққа  жаны  құмар  жандар  -  ата-баба,  қазақ  халқының 
кестенің  бізімен  кестеленген,  зерделі  зерделенген  тәрбие  тағылымын  уақыт 
талабымен  үндестіре  жаңғыртып,  жаңалықты  жалпы  жамағатқа  жаршыдай 
жариялайды.  Сол  көне  көз  даналардың  өнегесі  өрен  өсиетті  сөздері 
ептілікпен  жұмсақ  сөзбен  айтылатынына,  айшықты  бейнеленетініне 
таңғаласың!  Мысалы,  [М.Әлімбаевтің]  «Халық  ғажап  –  тәлімгер»,  немесе 
[К.Қожахметованың]  «Мектептің  ұлттық  тәрбие  жүйесі:  теория  және 


25 
 
практика»,  [Б.Адамбаевтың]  «Ел  аузынан»  және  «Тозған  қазды  топтанған 
қарға жейді», [И.Е.Синицаның] «Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік» 
атты  таңдай  қағатын,  тамыр-тамырыңмен  тәрбие  тағылымын  тұла  бойыңа 
тарататын тамаша кітаптар!  
         Қазақта  «Оқығаныңды  айтпа,  тоқығаныңды  айт»  демекші  ойыма 
тоқығаным:  халқыңның  адал  азаматы  болсаң,  қанатыңды  қарлығаштай 
қағасың,  қиялың  ғаламға  шарықтайды,  білім-біліктілігіңнің  көкжиегі  кеңіп, 
өз  еліңе  шапағатың  күн  нұрындай  төгіледі.  Бүгінгінің  болашағын  ғана 
болбыр болжамайсың, шолақ шолмайсың, келер келешекті де ойлайсың. 
     
Қазақ  халқының  мұраты:  еркін  халық  болу!  Өзгелермен  терезесі  тең 
мемлекет  болу!  Ел  болашағы  –  білімді  ұрпақта.  Ғылым  мен  техника 
аршындап  алға  басқан,  қарыштап  қадам  басқан  ХХІ  ғасырда  бүкіл  әлемді 
шарпып  келе  жатқан  жаһандану  процесі,  ғылым  мен  білімді  игерудегі 
бәсекелестіктер және дүние өзгерістері бізді де толғандырады. Болашақта тек 
білімді ел ғана қандай да болмасын бәсекелестікке төтеп бере алып, өзін-өзі 
сақтап қалатыны сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет