Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет64/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 
мақаласы 
2.  https://egemen.kz  
3.  https://www.zakon.kz 
4.  http://workking.ru  
 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ –  ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҰЛТТЫҚ 
САНАНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ 
 
Даулетова Роза Кабышевна 
Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті 
М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі 
 
 «Ел  болам десең, бесігіңді  түзе»  деген  Мұхтар  Әуезовтің дана  сөзінің 
маңыздылығы  күннен  -    күнге  артып  келеді.  Өйткені,  әрбір  білім  алушы  өз 
жері  мен  оның  байлығының  иесі  болу  үшін  ұлттық  құндылықтарын  сақтай 
отырып,  жаңа  технологияларды  меңгеріп,  жаңаша  өмір  сүруге  үйренудің 
жолдарын да білуге тиіс. Егер қоғамның дамуы білімді де білікті адамдардың 
жаңаша  қызмет  атқаруын  керек  ететін  болса,  сол  жаңашыл  болашақ  қоғам 
мүшелеріне  білім  мен  тәрбие  беретін  ұстаздарымыз  тың  идеялармен 
қаруланған,  жаңашыл болуы керек екені сөзсіз. Ұстаздарға тың идеяларымен 
серпіліс  беретін  оны  ұйымдастыратын  мектеп  басшысы.  Білім  мен  тәрбие 
жүйесі қоғам дамуымен бірге жаңарып келеді. 
Елбасы  «Төртінші  өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың 
жаңа  мүмкіндіктері»  атты  Жолдауында  еліміздің  бүгіні  мен  жаңа  әлем 
көшбасшыларының қатарына қосылу үшін алға қойған маңызды міндеттерді 
нақтылап  берді.  Білім  берудің  жаңа  сапалық  көрсеткіштерінің  нақты 
бағдарламасы ретіндегі  жолдаудың  «Адами  капитал  - жаңғыру  негізі» білім 
саласындағы жетінші міндеті білім беру саласын дамыту бойынша маңызды 
міндеттерді айқындап берді.  Елбасымыздың рухани жаңғыруға,  руханиятқа, 
білім,  ғылымға  маңыз  беруі  –  үлкен  көрегендік  пен  ұлттың  алға  ілгерлеуін 
жылдам  қарқынмен  жылжытатын  қозғаушы  күш.  Бұл  –  тәуелсіз  еліміздің 


122 
 
бақытты  болашағы  мен  алаңсыз  келешегі  үшін  жасалып  жатқан  жұмыс. 
Елбасы  рухани  жаңғырудағы  ұлттық  сананың  рөліне  баса  назар  аударып, 
бірнеше  міндеттерді  айқындап    нақтылады.  Оның  ең  негізгісі  ұлттың  терең 
тарихынан  бастау  алатын  рухани  ұстанымды  сақтап  қалу.  Тарихтың 
белестерінен  сүрінбей  өткен  құндылықтарымыз  бен  озық  дәстүрімізді 
табысты  жаңғырудың  алғышартына  айналдыра  білу.  Бұл  ретте,  Елбасы 
«Жаңғыру  жолында  бабалардан  мирас  болып,  қанымызға  сіңген,  бүгінде 
тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек», 
−  екенін  атап  көрсетті.  Президент  рухани  жаңғырудағы  ұлттық  сана-сезім 
көкжиегін кеңейтуде екі нәрсенің басын нақты ашып беріп отыр. Оның бірі – 
ұлттық  код,  ұлттық  мәдениет  сақталмаса,  ешқандай  жаңғырудың 
болмайтындығы. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын 
өткеннің  кертартпа  тұстарынан  бас  тарту.  Мұндағы  басты  идея  –  болашақ 
пен  өткенді  үйлесімді  сабақтастыра  білу.  Озығын  алып,  тозығын  тастау. 
Елбасының идеясы тарихқа деген көзқарасты түзету мен ұлттық бірегейлікті 
сақтап, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту жайлы болып отыр. Рухани 
байлықтың  кемел  болғаны  бұл  жеке  азаматтарымыз  үшін  де,  әрбір  жеке 
тұлғадан  құралған  қоғам,  туған  еліміз  үшін  де  өте  маңызды  үдеріс.  Ұлттық 
құндылықтарымызды жаңғырту арқылы жас ұрпақтың санасына патриоттық 
тәрбиені  сіңіру  рухани  жаңғыруға  негіз  болады.  Яғни,  замана  сынынан 
сүрінбей  өтіп,  ата-бабамыздан  жеткен  озық  дәстүрлерді  ұрпақ  санасына 
сіңіре  отырып,  жаңғырта  білуіміз  қажет.  Сондықтан,  рухани  жаңғыру  елдің 
ұлттық-рухани  құндылықтарынан,  әдебиеті  мен  мәдениетінен  нәр  ала  алу 
керек және ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз 
бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту екені анық. 
Бұл  қажеттілік  адами  құндылықтар,  рухани  қазына,  жастарды  тәрбиелеу, 
олардың  бойына  патриоттық  рухты  сіңіре  білу  жұмысында  рухани  салаға 
басымдық  берудің  қажеттілігінен  туындайды.  Сол  жастарымызға  тәлім-
тәрбие мен білім беретін ұстаздарымызға жаңаша идеялар ұсынып, олардың 
жұмыстарына бағыт – бағдар  беріп  отыру барысында биылғы 2018-2019 оқу 
жылында  Қазақстан  Республикасының  Жалпы  орта  білім  беретін 
мектептерінде  оқу  процесін  ұйымдастырудың  ерекшеліктері  туралы 
Әдістемелік  нұсқау  хатты  түсіндіріп,  талдау  барысын  енгіздім.  Әдістемелік 
нұсқау  хат  кез  келген  ұстаздың  басты  қаруы  болмақ.  Ұстаздарымыз    өз 
қызметіне қатысты басты құжатпен неғұрлым жақсы таныс болса, соғұрлым 
олардың  жұмыстарының  нәтижесі  көрінбек.  Әдістемелік  нұсқау  хаттың  
2018-2019 оқу жылыныа арналған ерекшеліктерін тек оқып қана қоймай, оны 
жұмыс  барысында  қолдану,  бір  –  біріне    түсіндіру,  талқылау  мақсатында 
мектепішілік  бұйрық  шығарып,  сол  бұйрық  негізінде  әр  бірлестіктер  ұжым 
алдында тиімді әдіс – тәсілдерді  пайдалана отырып ұжымға таныстырды, бір 
- бірін үйретті, тәжірибе алмасты.    
 
Әдістемелік  нұсқау  хатты  таныстыруды  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің бірлестіктері бастады. Олар үшін ол күн –табысты күн болды. 
Мұғалім  үнемі  ізденістегі  тұлға  болса,  соның  дәлеліндей  етіп  бастауыш 


123 
 
сынып  бірлестіктері  коучинг  жұмысын  сәтті  өткізе  алды.  Олардың  
«Басқаларды  үйрете  отырып,  өзіміз  де    үйренеміз»  қағидасын  басшылыққа 
алғанын  аңғардым.  Талдау 
жұмысындағы 
іс-әрекет  3 
кезеңнен 
(диагностикалық,  негізгі,  қорытынды)  жоспарланып,  әдістемелік  нұсқау 
хаттың  бастауыш  сыныпқа  қатысты  ерекшеліктері,  басшылыққа  алынатын 
құжаттар,  сағат  бөлінісі,  өзгерістер,  бағалаудағы  маңызды  тұстары  толық 
қамтылып, топтарда жұмыс әрекеттері арқылы түсіндіріліп, өзекті сұрақтарға 
жауап алынды. Нәтижесінде  ұстазға ең қажетті мәселені талқылаған кәсіби 
сұхбат  жүзеге  асты.  Өзге  бірлестік  мүшелері  тыңдай  отыра,  қоржынына 
қажетті  ақпараттарды  ала  алды.  Сол  күннің  басты  сыйы  -  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  ізденіспен,  қызу  тартыспен  өткізген  іс-әрекеттері  болса, 
алдағы міндет сол ұққанды тәжірибеде іске асыру екенін өздері ұғына алды. 
Осы  бағыттағы  келесі  іс  –  шараны    қазақ  тілі  мен  әдебиеті,  орыс 
сыныптарындағы қазақ  тілі,  ағылшын тілі пәні бірлестіктері    «Табысты  күн 
гипотезасы»  тренингімен  ашуы  да  жаңашыл  мұғалімдерге  тың  серпіліс 
сыйлай  алды.  Семинар  жұмысы  алғашқы  сәттен-ақ  позитивті  орта 
қалыптастырды.  Шараға  жауапты  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  бірлестігі 
«Кезбе  журналист»  әдісін  тиімді  пайдаланып,  әдістемелік  нұсқау  хаттағы 
ерекшеліктерді,  өзгерісті,  тиімді  тұстарына  қатысты  түсінікті  кәсіби  сұхбат 
жүргізе  білсе,  орыс  сыныптарындағы  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәндеріндегі 
өзгерісті өзіндік пайымымен бірлестік жетекшісі «Нақты 6 ақпарат» әдісімен 
атап  ерекшеледі.  Ағылшын  тілі  пәні  бірлестігі  «Радио  желісіндегі  тікелей 
эфир»  әдісі  түрінде  телефон    қоңырауын  шала  отырып  тікелей  эфирде  пән 
мұғалімдерімен  талдап,  қоңырау  сұрақтарына  жауап  берді.  Екінші  күні 
өткізіліп отырған биылғы оқу жылының әдістемелік нұсқау хатын түсіндіру  
мақсатындағы  семинардың    кері  байланысында  әріптестер  «өзі  оқып 
танысқаннан гөрі» осы бағыттағы өткізілген іс әреткеттен үйренетіні басым 
екенін жеткізді. Нәтижесінде өзің оқи отырып, өзгені үйрете аласың. Жұмыла 
көтерген  жүк  жеңіл  екенін,  әр  жұмыстан  соң  өзіңе  баға  беру  қажеттілігі  
туындағанын аңғардым.  
«60 
минуттық» 
аналитикалық 
танымдық 
алаңында 
қазақ 
сыныптарындағы  орыс  тілі  мен  әдебиеті,  орыс  сыныптарындағы  орыс  тілі 
пән 
бірлестіктері 
шараны 
жалғастырды. 
Аналитикалық 
алаңның 
тележүргізушісі  өз  жұмыстарын  нақты  сұрақтар  төңірегінде  өрбітті.  Өз 
пәндеріне  қатысты  өзгерістермен  қатар  пән  мұғалімдері  бағалау  процесін, 
ата-анамен  байланыс  мәселесін,  ортақ  тақырыптардың  барлық  пәндері 
бойынша  байланысын,  инклюзивті  оқыту  мен  үйден  оқыту  өзгерістерін,  үй 
тапсырмасының  ерекшеліктерін  назар  аударта  талдап,  жетік  жеткізді.  Ата-
аналардың  жаңартылған  оқу  бағдарламасы  бойынша  видео  сұрағына  жауап 
берілді.  Әр өткізілген шара соңында кері байланыс беріліп, талдау жасалып, 
жаңа  форматтағы  шаралардың    жағымды  орта  сыйлай  алғандығына 
қатысушылар баға беріп отырды. Әр коучинг, семинардың  өзіндік үйретері 
бар.  Сабақ  алам  деген  ізденістегі  мұғалімге  тәжірибе  алаңының  берері  мол 
екеніне куә болуға болады. 


124 
 
Келесі кезектегі іс –әрекетті  жаратылыстану бағытындағы бірлестіктер  
«Домино»  ойынымен  бастады.  Бірлестік  жетекшісінің  жүргізген  алғашқы 
жұмысы  семинарға  қатысушы  тосын  сыйлыққа  ие  болған  мұғалімдермен 
«Коhoot»  программасы  арқылы  нұсқау  хаттың  жалпы  бөлімін  ұялы 
телефонымен тест арқылы тексергені жаңашылдық ақпарат көздерін орынды 
пайдалануға  болатынын  көрсетті.  Жұмыс  рефлексиясы  гүл  күлтешелеріне  
«ақпарат»,  «интуиция»,  «позитив»,  «креатив»,  «басқару»  іс-әреткеттері 
бойынша  кері  байланыс  алынды.  Семинар  жұмысының  түйініне  келер 
болсақ, әрбір тапсырылған іс-әрекет адамды жауапкершілікке, жинақылыққа, 
ізденіске  үйрететіні  ақиқат  екендігін  көрсете  алды.  Ал  бала  тәрбиелеуде 
жауапкершілік - ең жауапты міндет екені даусыз.  
Тағы бір жаңаша тың жұмыстың кезегін  мектептегі тарих, география, 
биология  пәні  бірлестіктері  одан  әрі  өрбіте  алды.  «Баспасөз  брифингі» 
түрінде өткізген олар газет-журнал тілшілерін қатыстыра отырып, сауалдарға 
жауап  алды.  «Атырау»,  «Дендер»,  «Егемен  Қазақстан»  газеттерінің 
«География  және  табиғат»,  «Биология  анықтамалығы»  әдістемелік 
журналдарының  тілшілері  өзекті  мәселелер бойынша сауалдарын жолдап, 
өзгерістер мен толықтырулар  бойынша жауаптарын алды.  «Сиқырлы ыдыс» 
тренингі қатысушыларға оң әсер сыйлады.  Сондай-ақ, ұстаздар әдістемелік 
нұсқау хатты талдап түсіндіру, тәжірибеде нақты ережеге, бұйрыққа сүйене 
қызмет ету  еңбектегі басты талап екенін білді. 
Бұл  -  М.Әуезов  атындағы  орта    мектепке  келгендегі  алғашқы 
жұмысымның  баспалдағы.  Осыдан  бастау  алған  жұмыстарым  нәтижесіз 
қалмай,  әр  бірлестіктерде  өз  белсенділіктерімен  танылған  ұстаздарды 
мектептің  педагогикалық  кеңесінде  бұйрық  негізінде  бірлестіктердің 
ұсынуымен  марапаттау ұйымдастырдым. Бұл олардың алға қарай ізденіспен 
еңбек етулеріне жігер береді деп есептеймін.  
Қазақтың «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «Оқу –инемен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет