Радио және оның шығу тарихы


Радиобайланыс. Радиобайланысты ұйымдастырудың негізгі



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата30.09.2024
өлшемі279.58 Kb.
#504156
1   2   3   4   5   6   7
реферат

1.1 Радиобайланыс. Радиобайланысты ұйымдастырудың негізгі
әдістері
Радиобайланыс 

 радиотолқын 
көмегімен ақпарат алмасу.
Радиобайланыс жүйесінің  ақпарат беруші жағында радиотаратқыштан және
таратушы антенналардан тұратын радиотарату құрылғысы, ал қабылдаушы
жағында қабылдау антенналары мен радиоқабылдагыштан тұратын
радиоқабылдау құрылғысы орналасады. Таратқышта қоздыратын
тасымалдаушы жиіліктегі тербеліс берілетін  ақпарат сигналының заңына
сәйкес өзгертіледі, ал қабылдаушы жақта кері процесс жүргізіледі. Байланыс
біржақты және екіжақты болуы мүмкін. Радиобайланыс қозғалмайтын
объектер мен жылжымалы объект арасында, сондай-ақ жылжымалы
объектілер арасында байланыс орнатудың бірден бір тәсілі. Радиобайланыс –
бұл радиотолқындардың (электромагнитті тербеліс) көмегімен әртүрлі
арақашықтықтағы ақпараттардың алмасуына арналған электробайланыстың
бір түрі. Радио (лат. radiare – сәулелену), «радиобайланыс» термині -
«сәулелену көмегімен болатын байланыс», яғни өткізгішті сымның
көмегінсіз (сымсыз байланыс). Кеңістік антеннасының көмегімен таратқыш
сәулеленеді де жер бетіне таралып келесі қабылдағышқа әсер етіп электрлік
энергия электромагнитті толқын энергиясына айналады. Екі жақты байланыс
болуы үшін әрбір радиостанция таратқыш пен қабылдағыштан тұруы керек.
Аз қуатты радиостанцияда таратқыш пен қабылдағыш жалпы корпуста
монтируются. Жоғарғы қуатты сигналдарды сәулелендірген кезде
таратқыштар жеке қондырғылармен дайындалады. Сапалы
радиосигналдарды алу үшін қабылдағыштар да жеке қондырғылармен
дайындалады. Тарату кезінде электромагниттік толқындарды
сәулелендіретін, қабылдау кезінде олардың энергиясын жұтып алатын
құрылғы антенна деп аталады. Антеннаның қарапайым түрі бір жағы жерден
көтерілген,бір жағы таратқышқа немесе қабылдағышқа қосылған кәдімгі сым
десек болады.
Байланысты ұйымдастырудың негізгі әдістері: радиожүйе және
радиобағыт
Радиожүйе – бұл бір жалпы радиоберілуде жұмыс істейтін үш немесе
одан да көп хабарламалардың арасындағы радиобайланысты ұйымдастыру
әдісі. Радиожүйе: неғұрлым аз шығынды күшпен және құралмен барлық
хабарламалар арасындағы байланысты және хабарларды нұсқаулы таратуды
қамтамасыз етеді.
Радиобағыт – бір жалпы радиоберілуде жұмыс жасайтын екі хабарлама
арасындағы байланысты ұйымдастыру әдісі. Радиобағыт радиожүйемен
6


салыстырғанда көрінбеулігімен, жіберу мүмкіндігімен және үлкен
тұрақтылығымен ерекшеленеді.
Негізгі радиостанцияның талаптары барлық радиостанциялармен
орындалуы керек. Радиобайланысты ұйымдастыру үшін мына
радиоберілгендер өңделеді: жиілік, шақырғыш паролдер және радиоқұжаттар
кілттері.
Шақырғыш және еркін жиілікті қолдануға тиым салынады.
Радиоберілгендер белгілі бір тәртіпке сәйкес уақыты біткеннен кейін
жойылатын гриф құпияға және шекті уақытқа ие. Радиожүйеде және бағытта
хабарламалар радиоалмасуды жүргізеді. Радиоалмасу арқылы
командалардың қабылдануы мен таратылуын, сигналдарды,
радиограммаларды және радиосөйлесуді енгізуді анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет