Радио және оның шығу тарихы


Теледидар классификациясы



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата30.09.2024
өлшемі279.58 Kb.
#504156
1   2   3   4   5   6   7
реферат

2.1 Теледидар классификациясы
Экран типі бойынша:
- Механикалық;
- Киноскопиялық;
- Сұйық кристалды;
- Плазмалық;
- Лазерлік;
- Проекциондық;
- Жарықты диодтық.
Мобильділігі бойынша:
-Стационарлы;
-Жылжымалы;
Стандарттылығы бойынша:
- Бірстандартты;
- Мультистандартты;
Дыбыстылығына байланысты:
- Монофондық;
- Стереофондық;
- Псевдостереофондық.
2.2Телевизиондық таратудың стандарттары
Горизонталь бағандардың саны:
- 525
- 625
15


Кадрлік жиіліктер:
- 50Гц
- 60Гц
Бейне және дыбыс тасушы жиіліктердің арақашықтығы:
- 4,5МГц
- 5,5МГц
- 6,0МГц
- 6,5МГц
Бейне модуляциясының полярлығы бойынша:
- Негативті – синхроимпульс 100% таратқыш қуаты, қара деңгейі 75%
таратқыш қуаты, ақ деңгейі 10% таратқыш қуаты тең.
- Позитивті – синхроимпульсі 0% таратқыш қуаты, қара деңгейі 25%
таратқыш қуаты, ақ деңгейі 100% таратқыш қуаты (Францияда қолданыста)
Дыбыс модуляциясының түріне байланысты:
- ЖМ (жиілікті)
- Амплитудалық модуляция
Түстерді кодтау бойынша:
- PAL
- SECAM
- NTSC
16


3 Сигнал
Сигнал (лат. Signum-белгі)-берілген хабарды тасымалдайтын(алып 
жүретін) физикалық процесс.
Электр сигналы дегеніміз-параметрлері берілетін хабар заңдылығымен 
өзгеретін электр тоғы немесе электр кернеуі. Телекоммуникация саласында 
сигнал электр сигналы түрінде қолданылады.
Бірінші ретті сигнал-берілетін хабарды алып жүретін электр сигналының
алғашқы (көбіне төменгі жиіліктегі) түрі. Мүмкіндігіне қарай (жақын 
жерлерге) сигналдың алғашқы (бірінші) түрі өзгертілмей, сол күйінде 
байланыс жолдарымен таратылады, мысалы, қаланың телефон 
байланысында.
Арналық сигнал. Электр сигналын қашық жерлерге таратқанда ол 
байланыс жолы бойында әр түрлі себептермен өшіп, әлсірейтіндіктен және 
хабар таратуды арзандату, бір байланыс жолымен бірнеше хабар беріп 
тығыздау үшін бірінші ретті (алғашқы) сигналды түрлендіріп өзгертуге тура 
келеді. Өзгерту хабар тасымалдайтын байланыс жолдарына карай 
жасалынады. Осындай байланыс жолдарымен берілетін өзгертіліп, 
түрлендірілген сигналды арналық сигнал дейді.
Детерминал сигнал (лат. Determinarе-анықтау)-уақыт бойынша өзгерісі 
алдын ала белгілі болатын сигнал. Детерминал сигнал уақыт бойынша белгілі
зандылықпен өзгереді. Олар үздіксіз, дискретті, периодты, периодсыз болып 
бөлінеді. Детерминал сигналдың қарапайым түрлері: гармоникалық сигнал 
немесе импульстер тізбегі.
Күрделі сигнал-әр түрлі заң бойынша таратылатын сигналдардың 
жиынтыгынан тұратын сигнал. Кез келген күрделі сигнал гармоникалық 
сигналдардың (әр түрлі жиіліктердегі) жиынтығынан тұрады. Мысалы, 
төртбүрышты, үшбүрышты, экспоненциалды, т.б. сигналдар.
Гармоникалық сигнал-белгілі заңдылықпен берілген амплитудалы, 
берілген жиілікті және фазалы синусоидалық немесе косинусоидалық 
сигналдар.
Дискретті сигнал-бөлек-бөлек үзілісті сигналдардан тұратын сигнал. 
Үзіліссіз (аналогты) сигналдарды кодалау, яғни сандық сигналдарга 
айналдыру үшін оларды үзіп, дискреттейді. Дискретті сигналдар периодты, 
периодсыз болып және түрлеріне қарай тіктөртбүрышты, үшбұрышты, 
қоңырау тәрізді, экспоненсиалды болып бөлінеді.
Тасушы сигнал-байланыс жолдарын тығыздап, бір байланыс жолымен 
бірнеше хабар сигналдарын беру және сигналдардың таратылу жағдайын 
жақсарту үшін оларды бір спектр ауқымынан басқа спектр ауқымына 
ауыстыру үшін пайдаланатын сигнал. Тасушы сигнал параметрлерінің біреуі 
хабар сигналының заңдылыгына сәйкес өзгереді.
17


Үзіліссіз сигнал-уақыт бойынша бөлінбей жүретін ток күшімен (немесе 
кернеумен) берілетін сигнал. Үзіліссіз сигналдар: детерминал немесе 
кездейсоқ сигналдар және периодты немесе периодсыз сигналдар болып 
бөлінеді. Қарапайым үзіліссіз сигнал-синусоидалы, гармоникалық сигнал.
Кездейсоқ сигналдар-белгілі бір заңдылықпен өзгермейтін, белгіленген 
уақытта қандай болатынын алдын ала айтуга болмайтын сигнал. Кездейсоқ 
сигналдар тұрақты және тұрақсыз, эргодикалық немесе эргодикалық емес 
және Марковтық немесе Марковтық емес болып бөлінеді.
Тұрақты кездейсоқ сигналдар-ықтималдық тығыздыгы уақыт өлшемінің 
басталатын жеріне байланысты болмайтын кездейсок сигналдар. Тұрақты 
кездейсоқ сигналдардың сипаттамалары уақыт бойынша тұрақты болады.
Әргодикалық кездейсоқ сигналдар. Тұрақты кездейсоқ сигналдардың 
біразы эргодикалық қасиетте болады. Егер барлық тұрақты кездейсоқ 
сигналдардың (ансамбль бойынша) орта шамасы оған қатысатын мүшелердің
біреуінің ұзақ уақыт бойынша орта шамасына тең болса, онда оны 
эргодикалық деп атайды. Эргодикалық сигналда көп сигналдарды бақылап 
талдаудың орнына тек бір сигналды ғана ұзақ уақыт бақылап шешім 
шығаруга болады.
18




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет