Тау жыныстарының жасын анықтау әдістері
Жердің жасын және оның даму тарихында болып өткен геологиялық ірі
оқиғалардың болған уақытын анықтау үшін салыстырмалы және абсолюттік
жыл есептеу (геохронология) әдістерін пайдаланады. Тау жыныстарының
салыстырмалы жасы олардын табиғи жағдайдағы бір-бірімен қарым-
қатынасына, белгілі бір геологиялық ортада (геологиялық қимада) алатын
орнына (немесе орналасу ретіне) қарай анықталады. Көп жағдайда,
“жасырақ” (жастау), “ескірею” (ескілеу) және “бір мезгілде” (бір уақытта)
немесе “жасы бірдей” деген ұғымдар жиі қолданылады. Бұл жерде тау
жыныстарының құрамы мен құрылысы және олардың жатыс пішіндері
мен құрылымдық ерекшеліктері бірдей ескеріледі. Салыстырмалы жыл санау
әдістеріне стратиграфиялық, минералогия-петрографиялық, тектоникалық
және биостратиграфиялық-палеонтологиялық әдістерді жатқызады.
Стратиграфиялық әдіс — шөгінді тау жыныстарын құрайтын
қабаттардың өзара орналасу тәртібін (реттілігін) зерттеуге негізделген.
Шөгінді қабат неғұрлым төмен орналасса, оның жасы соғұрлым ескі, ал
жоғарғы қабатты құрайтын тау жыныстары төменгі қабаттармен
салыстырғанда жасырақ деп саналады. Бұл әдісті шөгінді қабаттардың
алғашқы орналасу тәртібі бұзылмай сол күйінше сақталған жағдайда ғана
пайдалануға болады. Егер белгілі бір ауданды алып жатқан (геологиялық
қимада) магмалық денелер горизонталь орналасқан шөгіндіқабаттарды
диагональ немесе көлбеу бағытта кесіп өтіп және өзара қиылысатын болса,
ондай жағдайда қиюшы дене қиылған денемен салыстырғанда жасырақ деп
саналады. Мысалы, V. 1-суретте магмалық дене “а” шөгінді жыныстардан
құралған “Б” және “В” қабаттарымен салыстырғанда жасырақ, ал “А”
қабатынан ескірек. Бұлардың ішіндегі ен, жасы — магмалық дене “В” болып
саналады. Өйткені, ол барлық шөгінді қабаттарды кесіп өтумен қатар,қатты
магмалық денені де қиып өтеді.
в х
1-сурет. Стратиграфиялық әдіс бойынша тау жыныстарыньщ са-
лыстырмалы жасын анықтау.
Минералогия-петрографиялық әдіс бір-біріне жақын орналасқан
(геологиялық қималарда кездесетін) тау жыныстарының минералдық
құрамының ұқсастығын (салыстыра отырып) зерттеуге негізделген. Бұл әдіс,
әсіресе кембрийге дейін түзілген жыныстарды (магмалық және
метаморфтық) зерттеуде кеңінен қолданылады. Қейде тектоникалық
қозғалыстар нәтижесінде шөгінді қабаттардың алғашқы орналасу тәртібі
бұзылып тектоникалық жарықтар бойымен ауыса орналасады. Тау
жыныстарының жасын анықтау барысында осы жағдайлар ескеріледі.
Биостратиграфиялық-палеонтологиялық әдіс тау жыныстарының
салыстырмалы жасын анықтаудағы ең негізгі әдіс болып саналады. Бұл әдіс
ерте кезеңдерде өмір сүрген жәндіктер мен өсімдіктер дүниесініц (сол кездегі
тау жыныстарының құрамында) сақталған қазба-қалдықтарын (фауна, флора)
зергтеуге негізделген. Олар толығымен немесе жартылай болса да
минералдық заттармен (кремний немесе кальцит) алмасқан жағдайларда
жақсы сақталады. Ч. Дарвиннің эволюциялық даму теориясы бойынша,
органикалық өмір жердің даму тарихында
ең қарапайым түрлерден басталып, ең жоғарғы дәрежеге дейін дамып-
жетілген. Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтау мақсатында
органикалық түрлердің бәрі бірдей жара-майды, олардың ішінде тек жетекші
түрлері ғана пайдаланылады. Олар тез өзгергіш болып, сонымен қатар жер
бетінде кең таралып, аз ғана геологиялық кезеңді алып жатуы қажет.
Сонымен, геологтар Жер бетінде өмір сүрген органикалық дүниенің қазба-
қалдықтарын және жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының құрамы мен
құрылымдық ерекшеліктерін зерттеу негізінде Жердің даму тарихын жеке
кезеңдерге бөледі. Бүкіл жер шарын түгел қамтитын стратиграфиялық және
соған сәйкес геохронологиялық шкаланың негізін қалайды.
Стратиграфиялық және геохронологиялық атаулар (Халықаралық
келісім бойынша қабылданып) 1881 ж. және 1900 ж. болған Халықаралық
геологиялық конгрестің екінші және үшінші сессияларында бекітілді.
Стратиграфиялық және геохронологиялық бөлімдер мен бөлімшелер
мына төмендегідей болып ажыратылады:
Стратиграфиялық атаулар Геохронологиялық атаулар
Эонотема Эон
Группа (топ) Эра (замана)
Система (жүйе) Период (дәуір)
Бөлім Эпоха (кезең)
Ярус (қабат) Ғасыр
Кейде жеке бір аудандарда зерттелген қабаттар Халықаралык, келісім
бойынша қабылданған шкаламен салыстыруға келмесе, онда олар үшін
жергілікті атаулар беріліп стратиграфиялық ұсақ бөлімдер мен бөлімшелерге
(свита, подсвита, серия) ажыратылады.
Стратиграфиялық шкала — белгілі бір уақыт аралығында рет-ретімен
қабатталып жиналған шөгінді жыныстар жиынтығын, ал оған сәйкес келетін
геохронологиялық шкала — уақыт мерзімін көрсетеді. Шартты түрде
стратиграфиялық атаулар стратондар, ал геохронологиялық ұғымдар
геохрондар деп аталады. Пайдалануға ыңғайлы болу үшін екі шкаланың да
бөлімдері мен бөлімшелері бірдей атаулармен аталады.
Стратиграфиялық бөлімдер төменгі, орта және жоғарғы болып
бөлінеді. Соған сәйкес геохронологиялық кезеңдер — алғашқы, орта және
соңғы болып ажыратылады.
Эонотемалар — бірнеше эраларды (заманаларды) қамтитын ең ірі
стратиграфиялық топтардан (эратемалардан) тұрады.
Қазіргі кезде жердің тарихы екі эонотемаға ажыратылады:
1. Фанерозойлық (грекше “фанерос”—айқын, “зоэ”— өмір) —
палеозой, мезозой және кайнозой топтарын біріктіреді.
2. Криптозойлық (грекше “криптос” — жасырын, құпия, “зоэ” — өмір)
— протерозой және архей топтарын біріктіреді.
Топтар — бір эра (заман) бойы қабатталып жиналған шөгінді
жыныстар жинтығын құрайтын стратиграфиялық ұғым. Олар Жер
қыртысының даму тарихында өте ұзақ кезеңдерді қамтиды. Топтардың
шекарасы органикалық дүниенің қүрт өзгеріп, жаңа түрлердің пайда
болуымен анықталады. Топтардың және эралардың атаулары (грек
сөздерінен құралады) алғашқы қарапайым өмірдің пайда болу және олардың
даму сатыларымен байланысты.
Ең алғашқы тіршіліктің бастамасы — Жердің көне тарихымен
байланысты. Бұл уақыт архей (грекше “археос” — көне, ескі деген мағынада)
деп аталады. Одан кейінгі уақыттар протерозой (грекше “протерос” —
бірінші, алғашқы деген мағынада); палеозой (грекше “палеос” — ескі);
мезозой (грекше “мезос” — орта); кайнозой (грекше “кайнос” — жаңа) болып
бөлінеді. Жүйелер белгілі бір периодта (дәуірде) жиналған шөгінді
қабаттарынан құралады. Олардын, атаулары, әдетте, шөгінді жыныстардың
алғашқы табылған орындарына қарай, жергілікті (кембрий, девон, пермь,
юра) атаулармен аталады. Мысалы, девондық жүйе Англиядағы Девоншир
атты граф жерінің; пермьдік жүйе Пермь облысының атымен аталады. Сол
сияқты жергілікті халықтардың атымен (ордовик, силур) немесе шөгінді
жыныстардың құрамына (таскөмір, бор) байланысты аталады. Ал кейде
олардың ішкі бөлімшелерінің санына қарай (мысалы, триас — үштік) да
аталады. Жүйелер бөлімдерге ажыратылады. Оған сәйкес келетін уақыт
аралығы эпохалар (кезеңдер) деп аталады. Бөлімдер — қабаттарға
(ярустарға), соған сәйкес эпохалар _(кезеңдер) ғасырларға ажыратылады. Ең
соңында
қабаттар
зоналарға,
ал
ғасырлар
жылдарға
бөлінеді.
Стратиграфиялық бөлімшелерді ажырата білу үшін шартты белгілер
қабылданған. Топтардың индекстері оның латынша аттарының алғашқы
әріптері арқылы белгіленеді (мысалы, протерозой — РК) ; жуйелердің
индекстері оның латынша атының бірінші әрпімен белгіленеді (мысалы,
пермь — Р); ал оның бөлімдері сан арқылы көрсетіледі. Мысалы, бор жүйесі
(К) екі бөлімнен тұрады: төменгі бөлім (К
1
) және жоғарғы бөлім (К
2
)- Бұл
индекстер геологиялық карталар мен геологиялық қималарда және т. б.
геологиялық құжаттарда қолданылады. Мұндай құжаттарды оқуға қолайлы
болу үшін түсті бояулар мен әр түрлі белгілер пайдаланылады. Мысалы, бор
дәуірінде түзілген жыныстар — ашық көк түске, палеогендік жыныстар —
қою сары түске боялады.
Абсолюттік геохронология — жер қыртысын құрайтын тау
жыныстарының жасын, сонымен бірге жердің тарихындағы геологиялық ірі
оқиғалардың болған уақыты және ұзақтығы (кәдімгі астрономиялық жылдар
есебімен) оның құрамында кездесетін радиоактивтік элементтердің (уран,
торий, рубидий, калий, көміртегі) ыдырау заттарын (238U 235U, 232ТҺ,
87КЬ, 40К, 14С) зерттеу арқылы анықталады.
Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтауда радиологиялық әдісті
қолдану мүмкіндігі туралы алғашқы ойды француз ғалымы Пьер Кюри (1903
ж.) айтқан болатын. Радиоактивтік элементтердің ыдырауы (жартылай
ыдырау мерзімі) — әр уақытта тұрақты болып, белгілі бір жылдамдықпен, өз
бетінше жүріп жататындығы эксперимент жүзінде дәлелденген. Сонымен,
ыдырау
жылдамдығын ескере отырып минералдың құрамындағы
радиоактивтік элементтің жасын оның ыдырау заттарының (изотоптардың)
салмағына қарай анықтауға болады. Қазіргі кезде қолданылатын
радиологиялық әдістердің ішінде уран-торий-қорғасындық калий-аргондық,
рубидийлі-стронцийлық және көміртегілік әдістер ең бастылары болып
саналады.
1. Уран-торий-қорғасындық әдіс уран, торий элементтерінің ыдырай
келе радиогендік қорғасынға айналатындығына негізделген: 288U--Рb-8Не4+,
235U-^207РЬ+ +7Не4+, 232ТҺ-”-208РЬ+6Не4+. Қорғасынның изотоптық
құрамы арнаулы аспаптар (масспектрометр) арқылы анықталады. Бұл әдіс
1ООмлн-нан 5 млрд-қа дейінгі аралықта анықтау жұмыстарын жүргізуге
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |