Топырақтардың құрылымдық-фазалық, деформациялануы.Бұдан бұрын айтылғандай топырақтар әралуан механикалық қасиеттерге ие болатын үш фазадан (компоненттерден) тұратын аса күрделі минералдық-ыдырағыш құрылым болып табылады.
Сыртқы күштердің ықпалымен топырақтардың кейбір фазалары (компоненттері) күштеу әсерлеріне әртүрлі кедергі бола алады және әртүрлі деформацияланады. Сондықтан топырақты тұтас алғанда (оны квази тұтас және квази бір фазалы дене ретінде қарастыра отырып) кернеу-дсформациялық жағдайын, сондай-ақ оның жеке фазаларын өзара әрекет үстінде қарастыру қажет.
Деформациялар мен кернеулер арасындағы ортақ тәуелділік. Салыстырмалы деформацияның тұтас алғанда топырақ үшін қалыпты кернеудің мөлшеріне тәуелділігінің жалпы окиғасын қарастырайық. Зерттеулерге қарағанда құмды және сазды топырақтар үшін деформациялар мен кернеулер арасындағы тәуелділік елеулі кернеу (0,5 және одан да көп МПа кезінде сызықты болмайтынын нағыз ортақ оқиғалар көрсетіп отыр.
Сыртқы қысымның онша көп өзгерісі болмаған кезде (шамамен 0,1-0,5 МПа) практикалық мақсаттар үшін жеткілікті дәлдікпен алғанда деформация ε мен кернеулер σ арасындағы сызықты болып келуі мүмкін
Параметрдің мәнін m = 1 (о бөлігі үшін оның болуы әбден ықтимал) кескіндей келе жалпы деформация Ео модулінің тұрақтануы кезінде:
(5.7)
аламыз.
Проф. Н. М. Герсеванов көрсеткендей (1931), егер деформация мен кернеулер арасындағы тәуелділік сызықты болса, онда топырақтардағы кернеуді анықтау үшін салмақтың артуы, яғни салмақ процесі жағдайына арналған серпімділік теориясының шешімі толық қолданылады.
5.5-сурет. Салмак түсу артқан кезде
топырақ үшін салыстырмалы деформация ε
мен қалыпты кернеулер σ арасындағы тәуелділік
Баяндалғандар топырақтар ушін проф. Н. М. Герсевановтын сызықты деформациялану принципін тұжырымдауға мүмкіндік береді, дәлірек айтқанда: топырақ қысымының шамалы өзгерісі кезінде — сызықты-деформацияланған денелер ретінде қарастыруға болады, яғни деформация мен кернеулер арасындағы тәуелділікті топырақтар үшін сызықты ретінде қабылдауға болады.
Топырактардың сызықты деформациялануы принципі топырақ механикасында негізгілердің бірі болып табылатының атап өткен жөн, өйткені кернеудің инженерлік есептеулері мен топыракты негіздіктер және жер құрылыстарының деформациясы соган негізделген.