Құрамы және қасиеттері



бет1/9
Дата30.06.2023
өлшемі63.67 Kb.
#475470
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Лекция -3


3 дәріс. Топырақ табиғаты мен құрамы және қасиеттері







Топырақ деп-жердің үгілу аймақтарында жататын және инженерлік құрылыс қызметінің нысаны болып табылатын тау жыныстарын атайды. Топырақ ең көп тараған құрылыс материаллы және ол кез келген құрылыстың жертабаны (негізі) болып табылады. Топырақтардың физикалық-механикалық қасиеттері олардың ұзақ мерзімде қалыптасуы уақытындағы табиғи өзгерістер әсерінен туындайды. Яғни, табиғи топырақтардың қасиеттері үздіксіз өзгеріп отыратынын ескеру қажеттілігін көрсетеді. Топырақтың пайда болуына және қалыптасуына байланысты екі түрге бөлінеді: құрылықтық және теңіз шөгінділері. МСТ 25100-95 «Топырақтар. Жіктелуі» сәйкес және құрылымдық байланыстар сипатына, пайда болу жағдайына, құрамы мен құрылыстық қасиетіне сәйкес топырақтар негізгі екі топқа бөлінеді: тасты және тассыз.
Тасты топырақтар бөлшектерінің өзара байланысы қатаң, беріктігі өте жоғары (5МПа жоғары), кеуектілігі аз, іс жүзінде суды өткізбейді, әрі сығылуға берк болып келеді.
Тасыз топырақтар - бөлшектерінің өзара байланысы бос, цементтелген шөгінді тау жыныстары. Бұл тау жыныстар тобының ірі сынықты (қойтас, малтатас), құмды (қиыршықтасты, ірі, ірілігі орташа, ұсақ және шаңдақ), шаңды-балшықты (құмайт, саздақ, балшық), биогенді (батпақ, шымтезек), жасанды топырақ (нығыздылған, үййілген, шайынды, салынды) топырақтар жатады.
Топырақтардың құрамы
Топырақтардың физикалық-механикалық қасиеттері оны құрайтын компоненттердің құрамы мен қасиеттеріне, мөлшерлік ара-қатынасына және әрекеттестігіне туәелді болады. Табиғи топырақтар құрамына алуан-түрлі компоненттер кіреді, оларды қарастырғанда келесі үш топқа топтастыруға болады: қатты, сұйык және газ түрінде.
Қатты компоненттерге пішіні мен өлшемі ерекше әр алуан түрлі минералдардың бөлшектері жатады. Қатты бөлшектер төрт фракцияға бөлінеді: малтатасты, құмдақ, шаңды, балшықты. Олардың өлшемдері 2-40мм, 0,05-2мм, 0,001-0,05мм, 0,001мм-ден төмен сипатталады.
Сұйық компонент-топырақ кеуектерінде болатын әр түрлі күйдегі (бу, сұйық, қатты) су. Топырақ құрамындағы су байланысқан және бос болып бөлінеді.
Топырақтың құрылыстық қасиеттеріне олардың құрылымы мен текстурпасы үлкен әсер етеді. Табиғи жағдайда жатқан топырақты өңдеген кезде ол өлшемі мен пішіні алуан түрлі кесектерге және қатты бөлшектермен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет