-
Технологиялық карта Тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша жобалау-технологиялық ұйымымен әзірленеді.
-
Сондай-ақ технологиялық карталар құрылыс ұйымының меншікті күштерімен әзірленуі мүмкін.
-
Технологиялық карталарды әзірлеу Тапсырыс беруші және Әзірлеуші арасындағы оларды орындау шарты бойынша жүзеге асырылады. Шарт жасасу кезінде Тапсырыс беруші нормативтік-техникалық құжатты әзірлеуге қысқаша техникалық тапсырысты (техникалық ерекшелікті) бекітеді, онда әзірлеменің негізгі мақсаттары және міндеттері, жұмыс кезеңдері және оларды орындау мерзімдері, сондай-ақ құжатты пікір алу және келісуге жіберуге қажет ұйымдар көрсетіледі.
-
Технологиялық картаны әзірлеуді негізгі әзірлеуші және нормативтік-техникалық құжатты шартта белгіленген мерзімде сапалы дайындауды қамтамасыз ететін қосылып орындаушылар ұйымдастырады.
-
Технологиялық картаны әзірлеуді ұйымдастыру бастапқы кезеңде өзіне бастапқы құжаттаманы жинауды және талдауды (техникалық, технологиялық және т.б.) қамтиды.
-
Технологиялық картаны әзірлеу оңтайлы шешімдерді таңдау шарты кезінде мына факторлар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
өндіріс технологиясы және жұмыстарды ұйымдастыру;
еңбекті қорғау, экологиялық және өрт қауіпсіздігі;
технологиялық қамтамасыз ету және материалдық-техникалық ресурстар құралдарының құрамы.
-
Технологиялық карталар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.
-
Технологиялық карталарды Тапсырыс беруші ҚР СН 1.01-01 белгіленген тәртіпте бекітеді және қолданысқа енгізеді.
-
Технологиялық карталарды басып шығаруды және таратуды Тапсырыс беруші немесе оның тапсырмасы бойынша басқа да ұйым Тапсырыс берушімен шарт негізінде жүзеге асырады.
-
Меншік иесі Қазақстан Республикасының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы болып табылатын технологиялық карталарды басып шығару және тарату ҚР ҚБҚ 1.01-02 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
7 Технологиялық карталарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
-
Технологиялық картаның белгіленген қолданыс мерзімі – 5 жыл.
-
Технологиялық картаның қолданыс мерзімі өткеннен кейін Тапсырыс беруші әзірлеуші ұйыммен бірлесіп, технологиялық картаның қолданыс мерзімін ұзарту, түзету немесе айналымнан алу туралы шешім қабылдайды.
-
Технологиялық картаның қолданыс мерзімі ұзартылған кезде әзірлеуші ұйым технологиялық карталарды түзетуді жүргізеді (олар болған кезде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі), сондай-ақ, мынадай бөлікте оларды өзектендіру жүргізіледі:
жұмыстардың технологиясын және көлемдерін нақтылау;
пайдаланылатын нормативтік құжаттар;
қолданылатын бақылау құралдары;
қолданылатын технологиялық қамтамасыз ету құралдары, машиналар, тетіктер мен жабдықтар;
еңбек және машиналық уақыт шығындарының калькуляциясы;
қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша іс-шаралар.
-
Бұл ретте ескірген және өнеркәсіп бұдан әрі шығармайтын машиналарды, жабдықтарды, технологиялық керек-жарақтарды, құрылыс материалдарын және бұйымдарды ауыстыру жүргізіледі.
-
Технологиялық карталарды түзеткеннен кейін әзірлеуші ұйым осы мемлекеттік нормативтің 6-бөлімінің талаптарына сәйкес оны келісуге және бекітуге ұсынуға тиіс.
-
Технологиялық карталарға өзгерістер мен толықтыруларды қолданыстағы заңнама нормаларының талаптарына сәйкес олардың қолданыс мерзімі ішінде Тапсырыс берушіге хабарлау негізінде әзірлеуші ұйым енгізеді. Технологиялық карталарға өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеуші ұйым парақтарды ауыстыру жолымен немесе жаңа қосымша парақтарды қоса отырып, енгізеді.
-
Технологиялық картаны айналымнан алу бұл туралы әзірлеуші ұйымға хабарлап, жою жолымен болады. Технологиялық картаны өзгерту немесе айналымнан алу туралы ақпарат ақпараттық басылымдарда көрсетіледі.
8 Технологиялық карталарды ресімдеу ережелері
-
Технологиялық карта ҚР СН 1.01-01 мемлекеттік нормативін ескере отырып, ҚР СТ 1.5 стандартында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделеді.
-
Технологиялық карталар мемлекеттік және орыс тілдерінде басып шығарылады, бұл ретте мемлекеттік нормативтердегі мемлекеттік тілдегі мәтін бірінші орналасады.
-
Технологиялық карта басылым сияқты - А4 пішіміндегі парақтарда мәтіндік, кестелік және графикалық материалды компьютерлік терумен ресімделеді. Графикалық материалдарды және кестелерді басқа да пішімдердергі парақтарда орындауға рұқсат етіледі.
-
Технологиялық картаның титулдың беті, алғы сөзі, мазмұны, мазмұнының арғы бетінде кіріспесі (қажеттілігіне қарай) және нормативтік-техникалық құжаттың мәтіні бір шмуцтитулы болуға тиіс.
-
Титулдық бет осы Мемлекеттік нормативке 6-қосымшада келтірілген нысандар бойынша ресімделеді.
-
Алғысөз, мазмұны, кіріспе және мәтіндік бөлік ҚР СН 1.01-01 ескере отырып, ҚР СТ 1.5 талаптарына сәйкес орындалуға тиіс.
-
«Кіріспе» егер нормативтік-техникалық құжатты әзірлеуге негіздеме, пайдаланушыларға осы технологиялық картаны қолдануды жеңілдететін ақпаратты келтіру қажеттілігі болған кезде келтіріледі.
-
«Кіріспе» талаптарды қамтымауға тиіс.
-
Шмуцтитул осы Мемлекеттік нормативке 7-қосымшада келтірілген нысан бойынша ресімделеді.
-
Қазақстан Республикасының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы бекітетін технологиялық карталардың белгілері ТК индексінен тұрады. Индекстен кейін мемлекеттік нормативтер құрылымындағы кешеннің нөмірі, одан әрі дефис арқылы – кешендегі осы түрдегі мемлекеттік нормативтің реттік нөмірі, ал одан кейін дефис арқылы соңғы төрт сан – нормативтің қабылданған жылы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік органы бекітетін технологиялық карталардың
шартты белгісінің мысалы
ТК Х.ХХ-ХХ-20ХХ
Мұндағы:
ТК – технологиялық карта;
Х.ХХ – мемлекеттік нормативтердің құрылымындағы кешеннің және кіші кешеннің нөмірі;
ХХ – кешендегі осы түрдегі нормативтің реттік нөмірі;
20ХХ – нормативтің қабылданған жылы.
Технологиялық карталарды әзірлеу, келісу, бекіту және олардың құрамы жөніндегі мемлекеттік норматив 1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |