Құрамы мен құрылысын, физикалық химиялық қасиеттерін зерттейді



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата19.12.2023
өлшемі209.04 Kb.
#487138
түріҚұрамы
1   2   3   4
Глоссарий

Магма-жоғары температуралы табиғи силикат болғанымен, ол газ тәрізді заттарға қаныққан 
және литосферада жекелеген ошақтар түрінде жаралады. 
Интрузия-магмалық балқыманың жер қыртысы таужыныстарының қатқабаттарына ену 
процесі. 
Вулканизм-жербетілік магматизмнің ең жарқын бітімі. 
Лава-жанартау атқылаған кезде магма көбінесе өзінің құрамындағы еріген ұшпа 
компоненттерінің негізгі массасынан арылуы. 
Вулкандар-магма жер бетіне төгілген кезде конус тәрізді немесе күмбез тәрізді төбелері. 
Эндогендік (ішкі) процес –жердің ішінде, материяның терең қойнауларында дамуы 
нәтижесінде бөлінетін энергияға байланысты процестер. 
Экзогендік (сыртқы) процес – жер қыртысының планетаның қабықтарымен әрекеттесуі.
Мору-минералдар мен таужыныстардың жер бетінде және оның маңында қирау және 
ыдырау процестерінің жиынтығы. 
Денудация-сыртқы геологиялық агенттердің мору өнімдерін олар жаралған жерден 
сыдырып әкетіп, түбірлік таужыныстардың аршылуынв әкеледі. 
Аккумуляция-шөгінді жиналу процесі. Жел-атмосферадағы ауа ағысы. 
Экразация-мұздықтардың табанындағы таужыныстарды қирату және айғыздау жұмысы. 
Моноклиндер- таужыныс қабаттары қатқабаттарының үлкен қашықтықтарға дейін бір 
жағына біркелкі еңіс жатуымен сипатталады. 
Метаморфизм-жер қыртысында физикалық-химиялық жағдайлар өзгеруін туындататын 
эндогендік процестер нәтижесінде жаралады. 


Температура-метаморфизмнің ең маңызды факторы, ол минерал жаралуға әсер етеді және 
белгілі бір минералдар ассоциациясының қалыптасуын анықтайдыү 
Қысым – метаморфизмнің екінші факторы. 
Химиялық белсенді заттар- метаморфизмнің үшінщі, ең басты болуы да ықтимал факторы. 
Геосинклиндік қозғалмалы белдеулер-тектоникалық қозғалыстар кең құлаш жайған және 
магмалық процестер білінген, метаморфизм терең жүрген, қатпарлы және айырылымды 
қозғалыстар мен тау жаралу дамыған айқын белсенді белдемдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет