Құрамы мен тұлғалары II сөз тілдік қатынастың басты тұлғасы



бет4/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.67 Mb.
#125395
түріДиплом
1   2   3   4

ІІІ.З. Тіл және таңба

Алғаш таңба мәселесімен көне ғасырларда әйгілі философтар Аристотель мен Демократ айналысқан. Ертедегі грек философтары мен грамматиктерінен тәлім болып қалған екі бағыт бар. Оның біріншісі — тілдің элементтері /сөз, сөйлем/ таңба болып саналуға тиіс; екіншісі — осы таңбалар адамның ойымен пайымдауымен байланысты деген пікір. Кейінірек философиядағы «стоиктер» /«стоицизм»/ мектебі де тілдегі таңба мәселесіне көңіл бөлді.

Семиотиканың бір аспектісі ретінде тіл конкертті теоретикалық проблема болып XVIII ғасырда бөлінді. ХІХ-ХХ ғасырларда тілдің таңбалық элементтері тарихи-салыстырмалы тіл білімі мен логикада қарастырылады. Басты философиялық бағыт ретінде бұл идея XX ғасырда барлық лингвистикалық психологиялық, логикалық, эстетикалық ғылым салаларында ерекше орын алды.

XVII- XVIII ғасырларда таңба проблемасын философ Д.Локк, Г.Кондильяк, XIX ғасырда американдық ғалым Ч.Пирс, философ Ч.Моррис, математик Г.Фреге зерттеген. Д.Лоьск жалпы адамзат тілін: табиғи тіл және философиялық тіл деп бөледі. Оның пікірінше, осы екі тілдің ішіндегі философиялық тіл ғылыми ұғымдардың тілі болуға тиіс. Философия тілінде материалдық таңба болып табылатын сөз бен сөйлем бар.

Д.Локк сөз мағынасы мен таңбаның арасындағы байланыс шартты түрде болады дей келіп, тілдегі таңбалық қасиетті осы қатынасқа негіздесе, Винер Н. Таңбалар теориясын коммуникативтік күйде алып қарайды.

Қазіргі кезде таңбалық системаның басты шығу тарихы кейбір жеке ғалымдарға /Пирс, Доррис/ т.б. телініп жүр. Ал, шындығында, жеке ілім ретінде бұл қүыбылыстың дүниеге келуі анағүрлым күрделі, ол өмірдің зандылығынан, әлеуметтік даму қажеттелігінен туса керек. Жоғарыдағы ғалымдар —оны алғаш рет теория жүзінде дәлелдегендер. Алайда, «тіл — таңбалар жүйесі» сынды мәселесінің кең көлемде қойылуы Фердинанд де Соссюрдің «Жалпы лингвистика курсы» деген кітабының жарыққа шыққан кезінен басталады.

Ф.де Соссюр тілді таңбалар системасы деп есептейді де, оны таңбалардың кез келген жүйесімен қатар қойып, солармен бара-бар деп таниды. Ол былай деп жазды: «Тіл дегеніміз идеяларды білдіретін таңбалардың жүйесі, демек, оны жазумен, мылқаулар үшін жасалған әліппемен, символ мәнді әдет-ғүрыптармен, сыпайылық формаларымен, әскери сигналдармен және т.б. салыстыруға болады. Тіл - тек осы жүйелердің ішіндегі өте-мөте маңыздырағы».

Тілдің таңбалық табиғаты сөз етілгенде, сөздің дыбыстық жамылғышы мен оның /сөздің/ сематикасының өзара қатысының сыпаты еске алынады.

Тілдің таңбалық сыпаты туралы мәселе сөздің лексикалық


мәні туралы мәселемен тығыз байланысты. Ф.Де Соссюрдің
пікірі бойынша, сөздің екі жағы бар: оның бірі — таңбалаушы
/означающее/, еьсіншісі — таңбаланушы /означаемое/.

Таңбалаушы — сыртқы жақ, ол — дыбыстардың тіркесі, комплексі. Таңбаланушы — ішкі жақ, ол - ұғым, мазмұн. Ф.де Соссюр сөздің осы екі қырын ешуақытта бірінен бірін жеке бқліп қарауға болмайды олар бір-біріне байланысты шыққан деп есептейді. Ал, шындығында, мұның қайшы пікір екендігі, таңбалаушы мен таңбаланушының арасындағы қатынастың ешқашан бөлінбейтін біртұтас еместігі кейіннен шешілді. Бұл байланысты /таңбалаушы мен таңбаланушы/ бір жақты, шартты ғана екендігі жөнінде А.Ельмслев ашып айтады: «Это линейностъ означающего и означаемого сама по себе оказывается абсолютно условной, немотивированной и, по существу, принципиально несущественной».

Тілдің таңбалық сыпаты деп сөйлесімді қүрайтын элементтердің жиынтығын /морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем т.б./ және тілдік тұлғалардың қүырылысын айтамыз. Тілдегі таңбалық қызметті осы сөздердің дыбыстық жамылғышы атқарады. Дыбыстық таңбалардың бәрі бірігіп келіп бір жүйе — таңбалар жүйесін қүрайды. . Бірақ тілдегі таңбалық бөлшектердің жүйесін таңбалардың басқа түрлерімен, мысалы, жол бойы белгілерінің жүйесімен, цифрлар жүйесімен немесе әскери сигналдар жүйесімен бірдей деп есептеуге болмайды. Олардың арасында көп айырмашылықтар бар.

Тіл — ойды білдірудің, пікір алысудың адамдар арасындағы қатынастың кең көлемде қолданылатын жалпылама құралы. Оны қоғамдағы күллі адамдар, өмірдің, іс-әрекеттің барлық саласында қолданады. Ал, басқа таңбалар жүйесінің қолдану өрісі тілге қарағанда әлдеқайда тар, хабарлау мүмкіндігі анағүрлым аз болады. Бұл — бір.

Екіншіден, тілдің көптеген басқа таңбалар жүйесінен айырмашылығы сол: тіл мазмұнды ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге адамдардың хабарланатын жайға қатысын, қалай қарайтынын, үнатуын немесе үнатпауын, эмоцияның т.б. түрлерін білдіреді. Мәселен, стилистикалық синонимдер сөздердің эмоциональды және экспрессивті сапасына негізделеді. Мысалы, «қуаныш» дегеннен гөрі «шаттық» дегеннің эмоциональды — экспрессивті жағы күштірек. Сондай-ақ «жарық» дегеннен гөрі «сәуле» дегеннің эмоциялық боялуы қалыңырақ, экспрессивті қызметі күштірек болса, «сәуле» дегеннен гөрі «нүр» дегеннің эмоциональды-экспрессивті сапасы басымырақ. Жазушы көркем шығарма жазуда көп сапасы мен қызметіне қарай таңдайды, оларды бейнелеудің құралы ретінде пайдаланады. Тіл, сөйтіп, логикалық ойлау ғана емес, сонымен бірге адамдардың психологиялық дүниесімен де байланысты. Мұндай қасиет таңбалардың жүйелерінде, мысалы, транспорт /автомоблиь, темір жол, су жолы/ сигнализациясында жоқ.

Үшінші айырмашылық мынада: тілден басқа барлық таңбалар жүйесі қолдан жасалады. Олар келісім бойынша жасалып, келісім бойынша өзгере алады. Таңбалардың мұндай жүйесі қоғамдағы барлық адамдардың қатысуымен емес, сол мамандықтың уәкілдерінің қатысуымен және олардың келісім бойынша жасала береді.

Ал дыбыстық тілдің дамуы қоғам мүшелерінің еркіне бағынышты емес. Әрбір жаңа ұрпақ сол қоғамда тарихи қалыптасқан тілді қабылдайды, үйренеді. Таңбалар жүйесі өзгеріске үшырауы, жетіле түсуі, бір таңбаны басқа бір таңбаның ауыстыруы мүмкін. Мысалы, рим цифрларының жүйесі араб цифрларының жүйесімен ауыстырылды, жаңадан ноль таңбасы енгізілді. Таңбадағы мұндай өзгерістер стихиялық түрде емес, саналы түрде, келісім бойынша болады. дыбыстық тіл бұлайша өзгерте беруге көнбейді. Ол өз дамуының зандары бойынша өзгереді, өзінің дербес қасиетін сақтайды. Барлық таңбалар жүйесі сайып келгенде дыбыстық тілге негізделеді. Таңбалардың барлығының да мағынасы тіл арқылы айқындалады және дыбыстық тілге «аударылады». Мысалы, тарнспорт сигналдарының мағынасын дыбыстық тілдегі аудармасы арқылы ғана түсініп білеміз. Светафордың қызыл түсті жарығы «тоқтаңыз» деген белгі. Мүны білмейтін адамға ол қызыл түсті жарық қаншама жарқыраса да, еш нәрсені хабарлай да, аңғарта да алмайды. Сондай-ақ, қандай бір шифр немесе код болмасын, олардың ешқайсысы да тілсіз қолданыла алмайды. Олар сайып келгенде тілге негізделеді.

Сонымен, таңбалардың жүйелері тілге қатысты көмекші құралдар ретінде ғана мән-мағынаға ие бола алады. Қандай бір таңбалардың жүйесі болмасын, ол — адамдардың өмірдің барлық саласында қатынас жасайтын, сөйлесім, пікір алысатын құралы — тілді ауыстыра да алмайды. Жоғарыдағы салыстырулардың бәрі де басқа . таңбалар жүйесіне қарағанда, тілдің таңбалық сыпатының күрделі құбылыс екендігін көрсетеді.

Сөз екі түрлі компоненттен құралады: оның бірі — сыртқы
дыбысталу формасы, екіншісі — ішкі мағыналық мазмұн,
мағына. Мағына жоқ жерде дыбысталу өздігінен сөз бола
алмайды. Тілдің таңбалық теориясы туралы жалпы талас оның
дыбысталу формасы жөніндегі мәселемен емес, әсіресе, мағына
туралы мәселемен, байланысты. «Таңба физикалық

эквиваленттен құрылымдық және функционалдық белгілермен емес, мағыналық заңдылықпен ерекшеленеді: тілдегі таңбаның бұл табиғаты семиотика аспектісінде толық меңгеріледі»

Сондықтан, тілдің таңбалық сыпаты жөнінде сөз еткенде, негізінен сөздің мағынасы айырықша тоқталуды қажет етеді.

Бұл ретте сөздің мағынасын затпен теңдестіретін көзқарастың мүлдем қате екендігін алдын-ала айтып алу қажет. Сөзді таңбамен жақындататын ең басты белгі - оның /сөздің/ дыбыстық жамылғышының берілетін /мағына/ мазмұнмен байланыстылығы.

Тілде таңбалық қасиет бар. Ол әсіресе терминдерден айқын көрінеді. Кейбір терминдерді таңбамен ауыстырсақ, ол терминдердің мағынасы өзгермей, сол күйінде сақталады.


Мысалы, тоғыз минус төрт немесе бес плюс төрт дегенді таңбалармен /цифрлармен/ 9-4,5+4 түрінде жазғаннан минус, плюс деген терминдердің мағынасына келер ешбір нүқсан жоқ.

Сөздің атауы, мағынасы затпен тек шартты ғана байланыста болады, бірақ, ол /атау/ затың табиғатымен бірге пайда болмауы мүмкін.

Бір бет қағазды жойғанмен, жалпы «бір бет қағаз» деген сөздің мағынасы жойылып кетпейді. Керісінше, «кітап» деген сөзді айтып және ол мағынаны басқа біреу хабарласа, зат ретіндегі кітаптың өзін басқаға беріп жіберу болып шықпайды.

Заттық дүние ойлау тілдің әлі болмаған кезінің өзінде де өмір сүрді. Мысалы, күн тәрізді зат осы затты белгілейтін ешбір сөздің болмаған кезінде де өмір сүрді. Сөз болмағандықтан, оның екі жағы — дыбыстық және семантикалық жақтары, яғни форма кез келген мағына тікелей немеес жанама түрде затқа қатысты болғанмен және оны қалайда бір жағынан бейнелегенмен, мағынаны затпен теңестіруге болмайды.







ҚОРЫТЫНДЫ

Тіл - өмірдегі жаратылыстардың ішіндегі ең күрделі құбылыс. Оны тек лингвистер ғана емес, барлық ғылымның мамандары айрықша атап көрсетедеі.

Тілші ғалымдар адамзаттың қарым-қатынас, сөйлеу құралы болатын тілді құрылымдық элементтері мен мағыналық ерекшелігіне қарай жан-жақты зерттеп келеді. Тілге қатысты дыбыстық, фонемалық, морфемалық т.б. қасиеттер нақтылы материалдар арқылы сөз болса, тіл білімнің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық салалары тілдің әр түрлі зандылықтарын ғылыми тұрғыдан қарастырады.

Тіл адамдардың түсінісу құралы болғандықтан, ұлтына, нәсіліне т.б. қарамай, жалпы адамзаттың бір-бірімен сөйлесу құралы да болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде, ана тілімен қоса басқа тілдерді де үйрену, меңгеру қажеттігі келіп шығады. Тілдердің бір-бірімен қоғамдық-әлеуметтік байланысын қамтамасыз ету үшін, тілдерді оқыту және тілдерді үйрету туралы мәселе ғалымдар мен үстаздарды, тілшілер мен әдіскерлерді үнемі ойлантып келеді.

Тіл білімінде тілді оқыту жөніндегі сауалдар оның ішкі
салаларын: фонетика, лексика, грамматиканы, олардың зандылықтары мен ережелерін жан-жақты меңгертумен байланысты болса, тілді үйрету белгілі бір тілде сөйлеу мүмкіншілігін жасау, адамдар арасындағы тіл арқылы қарым-қатынасты іс жүзіне асырумен қатысты.

Тілді оқыту мен үйрету бір ұлттың /халықтың/ ана тілін оқыту арқылы да, екі немесе бірнеше ұлттың арасында басқа тілді оқыту арқылы да жүреді. Осындай тілді оқыту мен үйрету лингвистикада жаңа саланың - тілді қатысымдық тұрғыдан оқыту саласының пайда болуына әсер етті.

Тілді қатысымдық тұрғыдан оқыту бұл мәселенің теориялық негіздеріне, оның қалыптасу себептеріне, тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру барысында қолданылатын амалдарға, үтымды әдіс-тәсілдерге т.б. байланысты екені байқалады.

Тілдік қатынас құбылысы — соңғы жылдары әлемдік тіл білімінде арнайы қарастырылып, ғалымдардың тілге жаңаша көз-қарасын қалыптастырған мәселелердің бірі. Әр ұлт тілінің өзінің айтылу, жазылу, сөйлеу ерекшелігі болатыны сияқты, қазақша тілдік қатынастың да өзіндік заңдылығы және даму сипаты бар.

Тілдік қатынас — адамдарға тән ойлау мен сөйлеу процестерінің белгілі бір қоғамдық ортада тіл арқылы жарыққа шыққан көрінісі.

Тілдік қатынастың ерекшелігі, біріншіден, ол үздіксіз қозғалыста болатын қатынас құралы тілдің санамен бірлігі арқасында жүзеге асады және тек адамзатқа ғана тән болып табылады.

Екіншіден, ол адамдардың қарым-қатынас құралы тіл арқылы жүзеге аса келіп, қоғамға қызмет етеді. Ол -қоғамның өзі туғызған, оның әлеуметтік қажеттігін өтейтін құбылыс.

Үшіншіден, тілдік қатынас жеке адамның тікелей өз басына емес, жалпы оның қоғамдағы орнына байланысты болады. Ол адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастың қалыптасуының шарты болып табылады.

Төртіншіден, тілдік қарым-қатынас, адамды қоғамдық үдерістермен қатар қойып, оны қоғамға тәуелді етеді. Адам тілді өзі қолдан жасай алмайды, адам тек тілдік заңдылықтарды зерттей алады.

Бесіншіден, тіл бүкіл қоғамдық-әлеуметтік іс-әрекеттердің жүзеге асуын қамтамасыз ететін жетекші механизм. Ол барлық процестердің іске асу көзі болып табылады.

Алтыншыдан, тілдік қатынас әлеуметтік идеялардың жүзеге асуына әсер ете келіп, бүтіндей қоғамның қалыптасуына қызмет етеді. Ол барлық саяси топтардың байланыстырушы құралы бола отырып, өзі де қоғамдық-әлеуметтік құбылысқа жатады. Қорыта келгенде, тілдік қатынас - ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалардың жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы түсінікті болатын, адамдардың өзара пікірлесуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік құбылыс.

Адамдар арасындағы тілдік карым-катынас деген ұғымды білдіру арқылы бұл сөздің мағынасы кеңейді. Сонымен қатар бұл термин лигвистикада ғана емес, одан басқа да барлық ғылым салаларында кеңінен қолданылып келеді. Бұл терминнің тілге, сөйлеуге қатысты мағынасы тіл арқылы түсінісу, пікірлесу дегенге саятын болса, кейінгі кездерде бұл одан әлдекайда тереңдей түсті. Мәселен, тілдік коммуникация - тіл аркылы сөйлесу, ұғынысу дегенді білдірсе; қоғамдық коммуникация қоғамдық байланыс, қоғамдағы қарым-қатынас дегенді аңғартады; ал саяси коммуникация - саяси өмірдегі байланыс, саясатқа қатысты қарым-қатынас дегеңді байқатады т.б.

"Қатысымдық" терминіне қатысты зерттеу еңбектердің қай-қайсысында да оның қарым-қатынас құралы, сөйлесуге байланысты қасиеті баса айтылады. Мұның өзі сөздің ең алдымен, тілдік қарым-қатынасқа, екіншіден, адамдардың өзара ұғынысуына негізделетінін дэлелдейді.

Жалпы қатынастың түрлері көп, біздің қарастыратын объектіміз лингвистикалық тұрғыдан сөз болатын тілдік катынас мәселесі. Тілдік қатынас тіл - арқылы байланыс, сөйлеу тілі аркылы қарым-қатынас жасау, коғамдык, ұлттық тіл арқылы ұғынысу.

Тілдік қатынас /ТҚ/ - сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік акпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алысуы, адамдық қатынастың түп қазығы дегенді білдіреді.

Өмірде адамдар тек тілмен сөйлесу арқылы ғана бір-бірімен түсініспейді, кейде әр түрлі жағдайларға байланысты олар бір-бірін тілсіз-ақ үғып, соған қарай іс-әрекет жасайды. Мәселен, көшеде келе жатқанда, адамдар түрлі жарық көздеріне, дыбыс сигналдарына назар аударып, соған өздерінше жауап қатады. Сол I сияқты жол белгілерінің әр түрлі сэулелері немесе таңбалары адамға белгілі бір жайдан хабар береді де, адам оны қабылдап, түсініп, осыған байланысты қозғалады. Мұндай семиотикалық таңба-белгілерден өзгеше адамдардың ыммен түсінісуі және бет-элпеттің өзгеруі арқылы ұғынысуы сияқты қаншама көп белгілер бар. Тіптен дене мүшелерінің /қолдың, аяқтың, иықтың т.б./ әр түрлі қимыл-әрекетгерінін өзін неше саққа жүгіртуге болады.

Қарым-қатынастың жоғарыда айтылған үлгілерінін; барлығы жеке адамның бір өзіне ғана қатысты емес, олар өмірден, қоғамнан тыс бола алмайды. Мұндай қарым-қатынастар адам қызмет етеді, адамдардың өзара түсіністігіне жол ашады. Сондықтан олар да карым-қатынастың түріне жатады. Өмірдегі мұндай ұғынысу, түсінісу тілсіз қатынас /коммуникация/ деп аталады.

Жалпы адамдардың араласуына байланысты қатынас процесі екі үлкен тармақтан тұрады. Оның бірі - тілдік қатынас; екіншісі -тілсіз қатынас.

Тілдік қатынас пен тілсіз қатынастың үқсастықтары да, айырмашылықтары да бар. Олардың сэйкес жақтары: олардың екеуі де, біріншіден, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді, яғни адамдар арасындағы қатынасқа, байланысқа кызмет етеді.

Екіншіден, тілдік қатынаста да, тілсіз қатынаста да белгілі бір дерек хабарланады. Бірақ тілсіз қатынаста хабар шартты түрде болады.

. Үшіншіден, қатынастын. екі түрі де адамдардың өзара түсінісуіне жол ашады. Мұнда ұғынысу тікелей жолмен емес, сырттай болуы да мүмкін, бәрібір бұл да адамның белгілі бір хабарды үғып, соған қатысты іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді. Тілдік қатынас - тілсіз қатынастан әлдеқайда күрделі және бөлек құбылыс. Ол адамның сыртқы өмірді шын мәнінде қабылдай алатын ойлау қабілетіне, санасына байланысты. Ойлау мен пайымдау, ұғым мен сана, мазмұн мен мағына - тілмен қарым-қатынастың басты шарты.

Тілдік қатынас - адамдарға тән ойлау мен сөйлеу процестерінің белгілі бір қоғамдық ортада тіл аркылы жарыкка шыққан көрінісі.

Тілдік қатынастың ерекшелігі, біріншіден, ол үздіксіз қозғалыста болатын қатынас құралы тілдің санамен бірлігі арқасында жүзеге асады және тек адамзатқа ғана тән болып табылады.

Екіншіден, ол адамдардың қарым-қатынас құралы тіл арқылы жүзеге аса келіп, қоғамға қызмет етеді. Ол - қоғамның өзі туғызған, оның әлеуметтік қажеттігін өтейтін құбылыс.

Үшінішден, тілдік қатынас жеке адамның тікелей өз басына емес, жалпы оның қоғамдағы орнына байланысты болады. Ол адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастың қалыптасуының шарты болып табылады. Адам мен адам тілдік қарым-қатынасқа түсу арқылы дербес, жеке өмір сүруден қалады, олар жаратылыспен біріге отырып, әлеуметтік, қоғамдық құбылыстар қатарына жатады.

Төртіншіден, тіддік қарым-қатынас, адамды қоғамдық үдерістермен қатар қойып, оны қоғамға тэуелді етеді. Адам тілді өзі қолдан жасай алмайды, адам тек тілдік зандылықтарды зерттей алады.

Бесіншіден, тіл бүкіл қоғамдық-әлеуметтік іс-әрекетгердің

жүзеге асуын қамтамасыз ететін жетекші механизм. Ол барлық процестердің іске асу көзі болып табылады.

Алтыншыдан, тілдік қатынас әлеуметтік идеялардың жүзеге асуына эсер ете келіп, бүтіндей қоғамның қалыптасуына қызмет етеді. Ол барлық саяси топтардың байланыстырушы құралы бола отырып, өзі де қоғамдық-әлеуметтік құбылысқа жатады.

Қорыта келгенде, тілдік қатынас - ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нэтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы түсінікті болатын, адамдардың өзара пікірлесуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік құбылыс.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Абузяров Р.А., Туева З.И. Русский язык на занятиях по
    начальной военной подготовке в национальной школе. 2-изд.,
    М, "Просвещение", 1989.

  2. Адамбаева Ж. Орыс мектептерінде казақ тілі сабактарында
    тіл дамыту жұмыстары. Алматы, 1978.

  3. Адамбаева Ж. Орыс мектептерінде қазақ тілін окытудын,
    кейбір мәселелері. Алматы, "Рауан", 1993.

  4. Айғабылов А. Лексиканы окыту методикасы және оның
    казіргі міндеті. Алматы, "Мектеп", 1982.

  5. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. Орынбор, Қазмембас,

1924. Аймауытов Ж. Ана тілін қалай окыту керек? "Жаңа мектеп

1925, N2.



  1. Аймауытов Ж. Тіл туралы "Еңбекші казак", 1926, 9-наурыз.

  2. Аймауытов Ж. Дәйектігі жөнінен. "Еңбекші қазақ", 1928.
    23-ноябрь.

  3. Аймауытов Ж. Комплекспен оқыту жолдары. Қазмембас, 1929 г.

10. Актуальные вопросы вузовской методики преподавания и
усвоения русского языка: русский язык в вузе. Сб.статей.
/отоед.А.Метса/. Таргу, ТГУ, 1982.

П.Алдашева А. Казахский язык. Учебно-методическое пособие. Алматы, "Санат", 1997.

12. Алдашева А., Сарыбаев Ш., Уэлиев Н. Жаңа атаулар. Алматы, "Анатілі", 1992.

15.Аманжолов С, Сауранбаев Н. Қазак тілінің граммати-касы. П-бөлім. Синтаксис. Алматы,1939.

16. Аралбаев Ж. Қазак фонетикасы бойынша этюдтер. Алматы
Ғылым", 1988.

17. Арғынов X. Қүрмалас сөйлем синтаксисінің методикасы.


Алматы, "Мектеп", 1964.

18. Арғынов X. Қазак тілі синтаксисі методикасының не-


гіздері. Алматы, "Мекгеп", 1969.

19. Арғынов X. Қазак тілі методикасы. Алматы, "Мектеп",


1974.

20. Артемьева М.А. Категория интенсивности в публицистике:


общее и индивидуальное в языке. Авт. канд.фил.наук,
М.,1992.

21.Аскерова Л.Д. Коммуникативно-речевые средства орга-низации типов речи газетаого текста. Авт. канд.фил.наук. Алматы1992.

22. Ахгамбердиева З.Т., Еремина К.И. Қазак тілі. "Ферст
девелопмент", 1995.

23. Аяпова Т.Т. Қазак тілі. Негізгі окулык. Үй кітабы.


Мұғалім кітабы, Тылым", 1998.

24.Әбдіғалиев С. Неміс тілін окытудың негіздері. Алматы, ҚазМУУ,1992.



  1. Әбілкаев А. Қазак тілін окыту әдістемесі. Алматы, 1995.

  2. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазак тілін окыту методикасы.
    Алматы, "Мектеп" 1965.

27. Әлімжанов Д. Қазак тілін окыту методикасының прог-раммасы. Алматы, 1980.

  1. Әміров Р.С. 1-класта казақ тілін окыту. Алматы, "Қаз.
    мем. басп.", 1962.

  2. Әміров Р.С. т.б. Грамматика, емле, тіл дамыту. Алматы,
    "Рауң", 1993.

31. Әуелбаев Ш., Қазак тілі сабактарының мазмұны мен
жоспарлау үлгілері. Алматы, "Мектеп", 1980.

  1. Байкова Л.С. Теория и практика коммуникативного обу-чения
    русскому языку в национальном вузе. Дис.док.пед.наук. М.,1985.

  2. Балакаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін окыту.
    Алматы, "Мектеп", 1989.

34.Баринова ЕЛ. и др. Методика русского языка. М.,

1974.


35. Барлыбаев Р. Қазіргі қазак тіліндегі коғамдык-саяси лексика.

Алматы, "Мектеп", 1978.



36.. Бейсенбаева К.А. Қазак тілі. Алматы, 1998.

  1. Бектуров ILL, Бектурова А. Казахский язык. /под общей
    ред. проф.А.Е.Карлинского/. Алматы, "Рауан", 1990

  2. Беляев Б.В. О взаимоотношении мышления, языка и ре-
    чи. "Вопросы психологии", 1958.

  3. Беляев Б.В. Очерки по психологии обучения иностран-
    ным языкам. 2-изд. М., 1965.

  4. Ф.ПІ. Оразбаева «Тілдік қатынас теориясы мен әдістемесі»
    Алматы 2000ж.

  1. Қордабаев Т.М. «Жалпы тіл білімі» Алматы мектеп №75

  2. Қоянбаев М. «Педагогика» 1999ж. Алматы

43. Рахметова С. Бастауыш класс оқушыларының тілін
дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері /ауызша және жазбаша
тіл дамыту әдістемесі/. Пед.ғыл.док.дис. Алматы, 1994.

  1. Рубинштейн С.А. Основы общей психологии. В 2-х то-
    мах. М., "Педагогика", 1989.

  2. Садуакасов Ә. Қазақ тілінен методикалық құрал. 2класс.
    Алматы, Қазмембас, 1941.

  3. Сариева К. Қазак тілі. Алматы, "Білім" 1997.

  4. Сарыбаев Ш.Х. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері.
    П-бөлім. Алматы, ОПБ, 1959.

48. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Ақанова Д. Тіл ұстарту.
Қазақ тілі. Казахский язык. Учебный комплекс. Алматы, "Жібек
жолы", 1996.

  1. Сыздықова P., Шалабаев Б. Көркем тексті лингвистикалық
    талдау. Алматы, "Мектеп", 1989.

  2. ¥йықбаев И. Қазақ тілін оқыту мәселелері. Алматы, 1959.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет