22
Асыл сөздердің астарын түсінген әрбір пенде үшін
бұл зор ғибрат,
қасиетті өнеге болмақ.
Ақиқаттың жеңісі
Һуд өзiне ілескен мүміндермен бiрге құтылды. Олар шындық пен
жалғанның күресі немен аяқталғанын сыртынан бақылап тұрды. Надан
кәпiрлер жойылды. Олар жайлы Аллаһ тағала: «Бiз оларға зұлымдық
қылмадық. Бәлкiм, олар өздерiне зұлымдық қылды», – деген.
Мiне, балалар! Сабырмен болған iстiң
адамға қаншалықты пайда
әкелеріне назар салыңдар. Егер Һуд сабырлылық сақтап, насихатын
жалғастырмағанда, оқиға мүміндердің жеңiске жетуiмен аяқталмас едi.
Өйткенi Аллаһ тағала Өз жәрдемін иман келтіргендерге ғана бередi. Бұл
туралы «Рум» сүресінің 47-аятында:
«Мүміндерге жәрдем беру – Біздің
міндет», – делінген.
23
БЕСІНШІ ХИКАЯ
САЛИХ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ)
Мұрагерлік
Аллаһ
тағала
Ад
қауымы
пайғамбары
Һудтың
шақыруын
қабылдамағаннан кейiн, оларды жойып жiберген болатын. Ол қауым
жойылып, мекендерi мен үйлерінің, малдары
мен егiндерінің тас-талқаны
шықты. Олардан тек қана қаңыраған сарайлардың қаңқалары ғана қалды.
Көптеген жыл өткен соң, жер бетінде Самуд атты басқа бiр қауымның
өркениеті пайда болды. Өткен қауымдарға қарағанда Аллаһ тағала оларға
едәуiр көбiрек нығметтердi бердi. Ол қауым
тау-тастардың арасына әсем
сарайлар соғатын, егiн егiп, бау-бақша өсiретiн және бұлақ көздерiн ашатын.
Өкiнiшке қарай, олардың ақылы да алдыңғы қауымның ақылынан аса
алмады. Шайтан Ібілістің азғыруына ерген бұл қауым да тастардан жасалған
пұттарға сиынып, қолдарындағы игіліктерді
өздерінде мәңгi қалады деп
ойлайтын еді.
Пайғамбарлық
Олардың күпірліктері мен надандықтары шектен шыққан еді. Аллаһ
тағала самудтықтарды тура жолға бастауы үшін Салихты олардан пайғамбар
етiп таңдады. Ол Самуд еліне беделді де абыройлы, ақылды кісі-тұғын.
Салих өз қауымын Аллаһ тағаланы бiр деп танып,
Оған ешқандай серiк
қоспай, ғибадат жасауға үндеді. Аллаһ тағаланың оларды жаратып, көптеген
игілікке бөлегенін баяндады. Сонымен бірге ол самудтықтарды өз
қолдарымен жасап алған пұттарға құлшылық жасаудан қайтаруға тырысты.
Ол пұттардың ешбір пайда да, зиян да бере алмайтынын, Аллаһ тағаланың
алдында олардың ештеңеге де ие еместігін ескерттi. Оларға өзiнiң жерлес
бауыр екендiгiн және тек қана бақыт пен жақсылық қалайтынын да тiлге
тиек еттi. Салих оларға Аллаһ тағалаға
бет бұрып, Одан кешiрiм сұрауларын
бұйырды және Аллаһ тағаланың Естушi, дұғаларды қабыл Етушi әрі тәубеге
келушiлердi Жарылқаушы екендiгiн айтып түсіндірді.
Достарыңызбен бөлісу: