ҚҰран кәрім хикаялары


Күпірлік пен имандылықтың айқасы



Pdf көрінісі
бет20/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102
Хикаялар

Күпірлік пен имандылықтың айқасы 
Алайда самудтықтардың жүрегі перделенген, көздері ақиқатты 
көрмейтін, құлақтары оны естімейтін дәрежеде еді. Олар Салихтың 
пайғамбарлығына сенуден бас тартып, оның уағыздарын мазақ ете бастады. 
Күпірліктері аз болғандай, олар Салихқа: «Ей, Салих! Бiз сенi ақылды деп 
бiлiп, iстерiмiзде сенімен ақылдасып, кеңесіңді сұрайтын едiк. Ендi саған не 
болды? Нендей бос сөздердi айтып тұрсың? Бiздердi шақырып жатқаның не 


24 
нәрсе? Бiз ата-бабаларымыз сиынып өткен пұттарға сиынамыз. Бiз сенiң 
шақырған дініңе күмәндімiз және оған көңiлiмiз толмайды. Сен 
сиқырланғансың. Саған сене алмаймыз және ата-бабамыздың дәстүрін 
тастай алмаймыз», – дедi. 
Салих олардың бұл сөздерiн естiсе де, шыдамдылық таныта білді. Ол 
даналықпен: «Ей, қауымым! Менiң айтқандарым сөзсіз шындық, ал 
сендердiң құлшылық жасап, табынатын тастарың бекер. Мен сендердiң мал-
дүние, бау-бақшалы сарайларды берген Аллаһқа сенбей, шүкiршiлiк 
етпегендерің үшін сендерге келер Аллаһ тағаланың қаһарлы азабынан 
қорқамын. Ей, қауымым! Аллаһ тағалаға бет бұрып, кешiрiм сұраңдар. Мен 
– сендерге Аллаһ тағаланың тура жолды көрсету үшiн жiберген елшiсiмiн. 
Мен сендерден ақша немесе атақ сұрамаймын. Тек сендердiң бұл жолды 
парасаттылықпен саралап, тура жолға түсулерiңдi қалаймын. Менiң 
сыйымды (сауабымды) менi елшi етiп жiберген Аллаһтың Өзi бередi. Егер 
сендер иман, хақ дін уағызын қабылдасаңдар, Аллаһ тағаланың рақымына 
бөленесіңдер», – деп уағызын жалғастырды. 
Әрбiр заманда және әрбiр қауымда насихатты қабылдайтын саналы 
адамдар болады емес пе?! Самуд қауымында да бiрнеше тұрмысы нашар 
кiсiлер бар едi. Олар надандарға байлықтың еш пайда бермейтінін бiлдi. 
Олар толғанып, Салихтың айтқандарының ақиқаттығын түсiндi. Сонымен 
бірге Аллаһ тағаланың бүкiл әлемнiң Жаратушысы екенiне әрi пұттарды ата-
бабалары «тәңірі» деп қате танып, сиынып келгеніне, олардың еш пайда 
бере алмайтындығына көздерін жеткiздi. Жүректерi жаңа дiнге ашылған 
ақылды жандар иман келтіріп, өздерінің жаңа дiнге бойсұнғандарын 
жариялады. Осылайша қауым iшiнен Салихқа ілесіп, Аллаһ тағаладан өзге 
ғибадатқа лайық құдай жоқ екендiгiне және Салихтың Аллаһ тағала 
тарапынан жiберiлген елшi екендiгiне куәлiк беруші мүміндер пайда болды. 
Ал өркөкiректер қайсарлықпен пұттарына сиына түсті. Олар Салихқа 
«сенi шайтандар сиқырлап қойыпты, ақылыңнан адасқандай сөйлеп жүрсің» 
деп, оның дiнiнің таралуына тосқауыл болуға тырысты. Бұған қарамастан 
Салих өз мiндетiн жалғастырып, олардың келтірген кедергілері мен айла-
мекерлеріне шыдамдылық танытты. Салих оларға: «Ей, қауымым! Егер мен 
хақ дiндi тастап, өздерің сияқты кәпiр болсам, сендер менi Аллаһ тағаланың 
азабынан құтқара алмайсыңдар. Егер сендер Аллаһты бір деп біліп және 
иманды болып, тура жолға бет бұрсаңдар, Аллаһ тағала Қиямет күнi 
өздеріңе жаннатты уәде етеді. Ей, қауымым! Мен сендердің жалған 
жалаларыңа мойымаймын. Ақылмен сараламастан нәпсінің жетегіне беріліп, 
кәпір болмаңдар», – деп уағызын жанашырлықпен жалғастырды. 
Кәпiрлер Салихтың иманының берiктiгiн және сабырлылығын көрiп, аз 
мүміндердің көбейiп, олардың күшейіп кетуінен қорқа бастады. Олар «егер 
мүміндердің сандары көбейiп кетсе, ертеңгi күнiмiз не болады? Билiк кiмнiң 
қолында болмақ?» деп, мал-дүниелерiн, жеке басының қамдарын ойлап 


25 
қамықты. Бұл олардың тiкелей өздерiне және билiктерiне қатысты iс 
болғандықтан, кәпiрлер сөзсiз бiр шара қолдану керектiгiн бiлдi. Сөйтіп, 
олар Салихтан оның шамасы келмейтiн бiрнеше iстi талап етуге келiстi. 
Адамдар Салихтың бұл істерді орындай алмайтынын көрiп, оның әлсiздiгiн 
бiлiп, одан алыстай бастайды деп ойлады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет