82
Олар өзенге келгенде, Талут патшаның қауiптенген жағдайы іс жүзінде
көрінді. Әскерлер екi топқа бөлiнді. Адамдардың көпшілігін құрайтын бір
топ Талут
патшаның бұйрығына бағынбай, шөлдерін қандыруға өзенге
жүгірді. Олар өз нәпсілерінің қалауына ілесті. Ал екiншi топ Талут патшаға
қарсы шықпай, уәделерінде тұрып, сабырлылық сақтады. Өзеннен су
iшкендер шөлдері қанғанда, күш-қуатының кемігенін сезінді. Олар
әлсiзденiп, соғысуға шамалары келмей қалды.
Талут патшаның өзен суын
ішуге тыйым салуы әскерлерді сақтандыру болатын. Осылайша Талут
патшаға қол астындағы әскерлерінен қауым iшiндегi соғысқа төзе білетін,
патшаның бұйрығына бағынатын, қиындыққа да, шөлге де шыдап, Аллаһ
жолында соғыса алатын сабырлы адамдары мәлiм болды.
Достарыңызбен бөлісу: