124
Хауарилер бiр жолы Исадан: «Раббың бiзге аспаннан дастарқан түсiрiп
бере ала ма?» – деп талап еттi. Иса оларға: «Аллаһтан қорқыңдар. Аллаһтың
құдiретiне күдiктенiп тұрсыңдар ма?» – дедi. Олар: «Жоқ, онымен көңiлiмiз
жайланып, иманымыздың күшеюiн және одан тамақ жеудi қалаймыз», –
дестi. Олар
бұл талаптарында берiк тұрып, сұрай бердi. Сонда Иса
Раббысынан бүкiл қауым үшiн қуаныш әрi мұғжиза етiп,
бiр дастарқан
түсiруiн сұрады. Аллаһ тағала оларға иманда мықты болып, Аллаһ тағалаға
ғана ғибадат жасап өтулерiн шарт етiп, бұл дұғаны қабылдап,
аспаннан
әртүрлі тағамға толы дастарқан түсiрдi. Олар бұл дастарқаннан қуана iшiп-
жедi. Әрi имандары да күшейдi. Сондай-ақ басқа да көптеген адам иманға
келдi.
Соңы
Иса хақ жолға шақыруды жалғастырды. Оған ерушiлер және көмек
берушiлердiң саны көбейе түстi. Алайда бәну
исраил қауымынан болған
кәпiрлер мүміндерге қарсы шығып, қиындық көрсеттi. Олар Иса қай жерге
баратын болса, оған және оған ерушiлерге қысым жасау үшiн арттарынан
баратын. Соңында олар бұрын Яхияны және басқа да көптеген пайғамбарды
өлтiргендерiндей Исаны да өлтiруге шешiм шығарды. Осылайша өздерiн хақ
жолға шақырушы пайғамбардың көзiн жоюды қалап,
оны ұстап әкелген
адамға көптеген байлық уәде еттi. Бiрде кәпiрлердiң бiреуi Исаны ұзақтан
көрiп қалып: «Мiне, ұстаңдар оны, ұстаңдар», – деп айқайлады.
Осы сәтте
Аллаһ тағаланың мейiрiмi түсiп, пендесiн әрi елшiсiн кәпiрлерден құтқарып,
аспанға көтерiп әкетті.
Ал жер бетiнде пайғамбарды ұстап, байлыққа ие болуды армандаған әлгі
адамды Аллаһ тағала Исаның бейнесiне ұқсатып қойды. Кәпiрлер келiп, оны
Иса деп ойлады да, ұстап алып, асып өлтiрдi. Бұл оқиға жайында Ұлы Аллаһ
тағала Құран Кәрімде:
«Негiзiнде, олар оны өлтiрмедi де, аспады да, бiрақ
Достарыңызбен бөлісу: