ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет96/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   102
Хикаялар

ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ ХИКАЯ 
ИСА (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) ТУРАЛЫ (1) 
 
Мәриям ана 
Өткен хикаяда iзгi әйел Мәриям туралы: Аллаһ тағала оның анасының 
дұғасын қабыл етiп, оның дүниеге келгендiгi; анасының оны ғибадатханаға 
апарып тапсырғаны; оны Зәкәрияның өз тәрбиесiне алғандығы; бұл 
ғибадатшыл, тақуа, iзгi әйелдiң адамдардан алыста, өзi үшiн арналған 
бөлмеде Аллаһ тағалаға ғибадат жасап, Оны дәрiптеп, күнделiктi өзiне 
жеткiзiлiп тұрған ризық-несiбеге шүкiрлiк етiп, оны көрiп таңданып қалған 
Зәкәрияға: «Аллаһ қалаған пендесiне есепсiз ризық бередi», – деп жауап 
бергендiгi әңгiмеленген еді. 
Барлық іс – Аллаһтың құдіретімен 
Бiр күнi Мәриям бөлмесiнде құлшылық жасап отырған кезiнде кездейсоқ 
бiр оқиға болды. Аллаһ тағала Мәриямның бөлмесiне бiр перiштенi адам 
бейнесiнде жiбердi. Мәриям бұл кездейсоқтықтан таңданып, не iстерiн 
бiлмей сасып қалды. Шындығында, мұндай оқиға бұрын-соңды Мәриямның 
өмiрiнде болмаған едi. Дәл осы сәтке дейiн оның қасына қамқоршысы 
Зәкәриядан басқа ер кiсi кiрмеген-ді. Сондықтан да Мәриям бұл келiп тұрған 
кiсiнi көрiп, таңданып, шошып, қатты қорқып, денесi дiрiлдеп кеттi. Ол бұл 
кiрiп келген кiсiнi бұзықтық жасау үшiн келген арам пиғылды адам шығар 
деп ойлады. Сөйтіп, Аллаһ тағаладан қорғаныш сұрап, қашпақшы болды. 
Мәриям бүкiл өмiрiн тыныштықта өткiзiп, абыройын сақтаған пәк әйел 
болғандығынан да, ол кiсi тарапынан өзiне бiр жамандықтың келуінен 
қорықты. 
Аллаһ тарапынан жiберiлген бұл перiште Мәриямның қатты шошып 
қалғанын бiлiп, оның қорқынышын басып, тыныштандырмақ болып: 
«Қорықпа, ей, Мәриям! Мен бұзақы емеспiн. Мен саған ешқандай жамандық 
ойлап тұрған жоқпын. Мен – перiштемiн. Аллаһ менi саған сүйiншi хабар 
жеткiзуiм үшiн жiбердi. Сен жақында перзент көретiн боласың. Оның есiмi 
Иса болмақ», – дедi. 
Перiштенiң бұл сөзiн естiген Мәриямның қорқынышы, таңдануы үдей 
түстi. «Бұл кiсi не деп тұр өзi? Келуiмен бiр шошытты. Ендi, мiне, бұл 
сөздерiмен тағы шошытты. Ол маған перзент көресiң деп сүйiншiлеп тұр 
ғой. Бұл не? Сонда мен бала көтеремiн бе? Мен Иса есiмдi бала тумақпын 
ба? Жоқ, мүмкін емес. Бiрақ бұл кiсi Аллаһтың жіберген перiштесімiн дейді. 
Демек, оның сөзі жалған емес. Сонда қалайша тұрмыс құрмаған, бұзықтық 
iстерге жоламаған әйел бала тумақ?»


120 
Мәриямға сан қилы ой келді. Ол аздап тынышталып, істің мән-жайын 
періштеден сұрамаққа бекінді. Мәриям перiштеге: «Мен қалайша перзент 
көрмекпiн? Мен тұрмыс құрмаған болсам, пәк болсам, қалайша бала бітпек, 
ей, перiште! Бұл мүмкiн бе?» – дедi. Перiште оған бұл iстiң Аллаһтың 
қалауы болғандықтан, сөзсiз жүзеге асатындығын, Аллаһ үшін оның еш 
қиындығы жоқ екендiгiн баяндап: «Ей, Мәриям! Аллаһтың әрбiр нәрсеге 
күшi жетушi екендiгiн бiлмейсiң бе? Аллаһ бiр нәрсенi қалап, «бол» десе 
болатындығын бiлмейсiң бе? Сенiң бұл балаң Аллаһтың құдiретi, қалауымен 
туылады. Және ол басқа адамдардай емес, бесікте жатып-ақ үлкен кісіше 
сөйлейді», – дедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет