Растения красной книги



бет4/4
Дата06.09.2023
өлшемі6.61 Mb.
#476760
1   2   3   4
Ахмет слайд тіл меркесі

Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. 


Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек», А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.
«Аудармалары»

Ахмет Байтұрсынов туралы айшықты ойлар

Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам – Ахмет.

Сәбит Мұқанов


Ахмет Байтұрсынұлы - біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының әліп-биімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
Рабиға Сыздықова
Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы туған тілдің, туған мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын жасады. Бірде - бір бөгде тілдің сөзін қоспай, бірде - бір цитата келтірмей, таза, мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен “Әдебиет танытқышты” жазып шықты.
Сырбай Мәуленов
Ахмет Байтұрсынұлы Алматы мұражай – үйі
Қостанай қаласында Ахмет Байтұрсынұлы атына арнап ескерткіш орнатылған
Қостанай педагогика университеті Ахмет Байтұрсынов есімімен аталады

Ахмет айдаудан 1934 жылы босатылды.

  • Ахмет айдаудан 1934 жылы босатылды.
  • Бұдан соң ол ешқандай мемлекеттік жұмыстарға араластырылмады.
  • 1937 жылдың 8 қазанында Алматыда қайтадан тұтқындалып, 1937 жылы желтоқсанның 8 күні жазықсыз атылды

Республикада көптеген мектептер және көшелер Ахмет есімімен аталады

  • Республикада көптеген мектептер және көшелер Ахмет есімімен аталады
  • Қостанай қаласында оған ескерткіш орнатылды
  • Қостанай педагогика университеті Ахмет Байтұрсынов есімімен аталады

Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет