«Құрастыру негіздері және машина бөлшектері»


Өзін -өзі тексеру сұрақтары



бет9/11
Дата16.06.2016
өлшемі1.19 Mb.
#138486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін -өзі тексеру сұрақтары.


  1. Классификация, түрлері және қосылыстардың негізгі талаптары.

  2. Бұранданың негізгі түрлері және оларды қолдану жолдары.

  3. Шпонкалы қосылыстардың негізігі түрлері және оларды қолдану жолдары.

  4. Шпонкалы қосылыстарға қарағанда шлицті қосылыстардың артықшылығы неде?

  5. Шлицті қосылыстардың жұмыс істеу қабілеттілігінің критериясы. Олардың неліктен тотығады және оны есептеу кезінде қалай ескеріледі?



Дәріс 14. Ажырамайтын қосылыстар, пісірілген, клейленген, пайкаланған және бекітілген. Артықшылығы мен кемшіліктері.

Дәріс жоспары:

  1. Ажырамайтын қосылыстар, пісірілген, клейленген, дәнекерлеп және тойтара шегелеп.

  2. Артықшылығы мен кемшіліктері.

  3. Бөлшектерді пісіріп қосу, жалпы түсінік.

  4. Пісіріп қосудың түрлері.

Ажырамайтын қосылыс деп бөлшектерді бұзусыз-ажыратуға келмейтіндей етіп біржола қосуды айтады.

Оған үш түрлі қосылыс жатады: бөлшектерді пісіру немесе дәнекерлеу арқылы қосу, заклепка — тойтарма шегемен қосу және бөлшектерді бірімен-бірін нығыздап жылжымайтындай етіп қосу.

Бөлшектерді пісіріп қосу, жалпы түсінік. Пісіріп қосу деп, дене молекулаларының косылыс күштеріне негізделген, бөлшектердің аздаған аумағын қыздырып, пластикалық күйге жеткізіп, белгілі күшпен қысып немесе балқытып қосатын ажырамайтын қосылысты айтады.

Машина белшектерін пісіріп қосу өте берік қосылыстардың бірі болып табылады, олардың беріктігі белгілі жағдайда біртұтас бөлшектердің беріктігінен кем түспейді. Сондықтан қазіргі машина жасау өндірісінде пісіріп косу кеңінен колданылады.

Бөлшектерді пісіріп қосудың заклепкалы қосуға қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Атап айтқанда:

1) заклепкалы қосылыстарды пісіріп қосумен алмастырғанда мсталдар 15—20% үнемделеді;

2) пісіріп косу заклепкалы қосылыстарға қарағанда берік келеді, себебі заклепка қондырылатын арнаулы тесіктер қосу денелерінің кима ауданын кемітеді;

3) пісіруге керекті жабдықтардың барасы мен пісіру технологиясы арзан және де оларды автоматтандыруға болады.

Қазіргі кезде осы артықшылықтарына байланысты пісіріп қосу заклепкалы қосылыстарды толық ауыстырып келеді. Мысалы, көпірлер, құрылыс конструкциялары, жүк көтергіш крандардың металл конструкциясы түгел пісіріп қосу арқылы құралады.

Пісіріп косудың аздаған кемшіліктері де бар. Мысалы, қыздыру арқылы косқанда бөлшектер қимасында аздаған күш кернеуі пайда болады, оның үстіне пісіріп косу заклепкаға қарағанда айнымалы күштерді нашарлау қабылдайды.

Бірақ, қазіргі уақытта пісіріп қосудың жаңа әдістері, атап айтқанда, диффузия құбылысын пайдаланып пісіру, электрон сәулесімен пісіру, үйкеліспен пісіру немесе инертті газдың бүркемесімен пісіру әдістері кеңінен пайдаланылып келеді. Сонымен қатар, осы жаңа әдістер арқасында легирленген болаттардың және түсті металдар қорытпаларының беріктігін кемітпей, пісі-румен қосуға болады. Сондай-ақ қазіргі кезде осы әдістермен өте жіңішке (d = 0,1 мм) сым темірлерден бастап қалыңдығы бір-екі метрге жететін қорап бөлшектерін да пісіру арқылы косуға болады.

Пісіріп қосудың түрлері. Технологияға байланысты пісіріп қосуды екі түрге бөлуге болады.

1. Бөлшектердің шамалы ауданын қыздыру арқылы балқы тып қосу. Оған электр доғасымен, электр шлакпен, электрон сәулесімен, газбен, флюс кабатының астында автоматты, аргонды доғамен пісіру және т. б. жатады. Бұлардық ішінде электр доғасымен пісіру бірнеше әдістермен орындалады: а) қолмен пісіру; б) флюс қабатының астында автоматты пісіру.

Пісіру жұмысының көлемі аз болса, қолмен пісіру әдісі қолданылады. Бұл әдіспен калыңдығы 12...40 мм-ге дейінгі бөлшектерді қосуға болады.

Сонымен қатар жұқа металдар мен түсті металдар қорытпаларын қосу үшін қорғаныш газ бүркемесімен пісіру әдісі де кеңінен тараған. Мысалы, аргонды доғалы және көмір қышқыл газынын, бүркемесінде пісіру.

Ал қалыңдығы 2...60 мм-ге дейінгі сапасы жоғары болаттар мен түсті металдардың қорытпасынан жасалған бөлшектерді пісіру үшін автоматты пісіру әдісі колданылады.

Егер жапсарлар қысқа болса, онда жартылай автоматты пісіру әдісін қолдануға болады. Электр доғасымен пісірілген жапсар бірнеше аймақтан түрады және жапсарлардың жалпы беріктігі осы аймақтарға таза орындалуы мен беріктік қасиеттеріне байланысты.

Электр шлакпен пісіру. Бұл әдіс те, электр доғасымен пісіру әдісі сияқты жылудың көмегімен орындалады. Бірақ мұнда токтың шлак ваннасы арқылы өткен кезде бөлінетін жылу алынады. Электр шлакпен пісіру көбінесе қалыңдығы 1...2 м-ге жуық бөлшектерді қосу үшін қолданылады, айталық үлкен станок корпустары және т. б.

Газбен иісіру. Газбен пісіру деп, жанғыш газдың оттегінде жануынан пайда болған жылумен пісіруді айтады. Газбен пісірілген жапсардың сапасы электр доғасымен пісірілген жапсардың сапасынан кем. Сондықтан бұл әдіс түсті металдардан, шойыннан жасалған жұқа белшектерді пісіріп қосқанда және жөн-деу жұмыстарында ғана қолданылады.

2. Пісіріп қосу технологиясының екінші бір түрі — металдарды пластикалық күйге жеткізіп, қосылатын белшектерді кушпен қосу арқылы пісіру. Бүған тоғыстырып пісіру, нүктелі және роликті пісіру әдістері жатады.

Бөлшектерді вакуумда түйістіріп, диффузия кұбылысын пайдаланып пісіруге болады. Бұл әдіспен металдар ғана емес, графит пен керамикалық материалдар да пісіріледі. Сонымен қатар, пісірумен қосу бөлшектердің өзара орналасуына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: түйістіріп қосу, айқастырып қосу, бастырмалы қосу және перпендикуляр қосу.



Өзін -өзі тексеру сұрақтары.


  1. Ажырамайтын қосылыстарды қандай мақсаттарда пайдаланады?

  2. Ажырамайтын қосылыстардың нендей артықшылықтары мен кемшіліктері бар?

  3. Ажырамайтын қосылыстардың негізгі түрлері қандай?

  4. Бөлшектерді пісіріп қосудың ерекшеліктері.

  5. Пісіріп қосудың түрлері.


Дәріс 15. Серіппелер мен басқа да серпімді элементтер.

Дәріс жоспары:

  1. Серіппелер мен басқа да серпімді элементтердің жіктелуі. Цилиндрлі орамды серіппелерді созылу мен сығылуға есептеу

2. Тарелкелі серіппелер. Жазық спиральді серіппелер. Рессорлар мен резенкелі серпімді элементтер: амортизаторлар және демпферлер.

1. Цилиндрлі орамды серіппелер өстік созылу немесе сығылу күштерін қабылдауға арналған. Оларды домалақ қималы болат сымнан жасайды.

МЕСТ 13764-68 бойынша серіппелер үш классқа бөлінеді: I – төзімділігі 5·106 циклден кем емес орамдары өзара соқтығыспайтын циклды күштерді қабылдайтын серіппелер; II - төзімділігі 105 циклден кем емес орамдары өзара соқтығыспайтын циклды күштерді қабылдайтын серіппелер; III – төзімділігі 2·103 циклден кем емес орамдары өзара соқтығысуы мүмкін циклды күштерді қабылдайтын серіппелер.

Серіппелерді жасауға көміртекті болаттар 65, 65Г, 70, 75, 85 және легірленген болаттар 60С2, 65СВА, 70С3А, 50ХФА қолданылады.

Серіппелерді беріктікке есептеген кезде жанама кернеу бойынша есептейді.

Сығылуға жұмыс істейтін серіппелерді орам арасындағы саңылаумен жасайды. Ал созылуға жұмыс істейтін серіппелерді орам арасында саңылаусыз жасайды.

2. Үлкен статикалық және динамикалық күштерде қатаңдығы үлкен серіппелер қолданылады. Олар тарелкелі серіппелер. Дискілерді табақшалы болаттан 60С2А жасайды.

Жүктелуі бойынша тарелкелі серіппелер екі классқа бөлінеді:

I – циклді жүктелетін;

II – статикалы және циклді жүктелетін.

Жасалуы бойынша тарелкелі серіппелер екі түрге бөлінеді:

ұштары көлденең жасалған;

ұштары көлденең жасалған және тіректі жазықтықтары бар.
Өзін -өзі тексеру сұрақтары


  1. Серіппелердің жіктелуін көрсетіңіз.

  2. Серіппелерді жасау әдістері мен материалдарын көрсетіңіз.

  3. Тарелкелі серіппелердің схемасын көрсетіңіз.

  4. Жазық спиральді серіппелердің схемасын көрсетіңіз.


3. Машықтану сабақтарның атауы және олардың қысқаша мазмұны.
Әдістемелік ұсыныстар.

Әр лабораториялық сабақтың дайындалуын тақырыптың негізгі ережелерінің қайталауынан бастау қажет және бақылау сұрақтарына жауап беру керек.

Оқулықпен жұмыс істеу кезінде қарастырыл отырған тақырып бойынша есептерді шешу қажет. Есептерді өз бетімен шешу керек, себебі осы кезде алған теориялық білімдері жақсы меңгеріледі және бекітіледі.

Барлық талап етілген есептерді өз бетімен шығару, одан кейін оқулықтарда және оқу әдістемелік нұсқауларында шығарылып көрсетілген есептерге талдау жасау өте пайдалы

Типтік есептерді біз аудиториялық практикалық сабақтарда шешеміз. Үй тапсырмаларын орындау кезінде туындаған сұрақтарға студенттердің оқытушы қол астындағы өздік жұмысы (ОСӨЖ) кезінде жауап бере аламын.

Қаратырылатын материалдарды толық меңгеру үшін әр тақырып бойынша қысқаша конспек жасау керек, оған негізгі анықтамаларды, барлық формулаларды және олардың ішіндегі шамалардың физикалық мәнін талдау жасай отырып жазу керек.

Әр тақырыптар бойынша есептердің шешімдерін және барлық жазбаларды практикалық сабақтарға арналған жеке дәптерге жазу керек.

Өздеріңіздің өз бетімен дайындалған материалдарыңыз одан әрі емтихан алдындағы пәнді қайталау кезінде үлкен көмекші құрал болып табылады, сонымен қатар іс жүзінде анықтама ретінде пайдаланылуы мүмкін.


Тақырып 1. Машина жасау - катализатор НТП. Машина бөлшектерін есептеу және жұмысқа қабілеттілік критериі. Оптимизация теориясы базасында машина жасау материалдарын таңдау.

Тақырып 2. Механикалық берілістер. Механикалық берілістердегі кинематикалық және энергетикалық қатынасы.

Тақырып 3. Тісті берілістер. Жалпы мағлұмат. Классификациясы. Артықшылығы және кемшіліктері. Қолданылу аймағы.

Тақырып 4. Конусты тісті берілістер. Берілістің түрлері. Артықшылығы және кемшіліктері. Қолданылу аймағы.

Тақырып 5. Буынтықты берілістер. Буынтықтардың түрлері. Артықшылығы және кемшіліктері. Қолданылу аймағы.

Тақырып 6. Біліктер мен өстер. Негізгі құрылымдары. Біліктер мен өстерді тексеру есебі және жобалау негізі.

Тақырып 7. Сырғанау үштіректерін есептеу.

Тақырып 8. Толқынды тісті және роликті берілістер(кинофильм көрсету).

Тақырып 9. Фрикциялық берілістер және вариаторлар. Артықшылығы және кемшіліктері. Қолдану аймағы. Салада вариаторларды реттеу аралығы.

Тақырып 10. Белдікті берілістер, артықшылығы және кемшіліктері, қолдану аймағы. Белдікті берілістердегі кернеу және күштер.

Тақырып 11. Шынжырлы берілістер, артықшылығы және кемшіліктері, қолдану аймағы. Шынжырлы берілістің динамикасы. Шынжырлы берілістің есептелуі.

Тақырып 12. Муфталар, жалпы мағлұмат, классификациясы, қолдану аймағы. Иілгіш элементтерді тексеру есебі және таңдау.

Тақырып 13. Бөлінетін қосылыс. Бұрандалы, клеммалы, шпонкалы және шлицті қосылыс. Қолдану аймағы.Артықшылығы және кемшіліктері. Жүктелудің әртүрлі жағдайындағы бұрандалы қосылысты тәжірибелік есептеу. Шпонканы таңдау және тексеру есебі.

Тақырып 14. Бөлінбейтін қосылыстар, пісірілген, желімденген, дәнекерленген және тойтара шегелеу қосылыстар. Артықшылығы мен кемшіліктері

Тақырып 15. Серіппелерді есептеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет