Құрастырушы: аға оқытушы, х.ғ. к. Колпек А. К


Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі



бет3/4
Дата15.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#136863
1   2   3   4


8.5.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

Тақырып 1. Кіріспе. Жалпы химия. Негізгі заңдар.

Табиғатта және көптеген жасанды жағдайларда барлық

жаратылыстану ғылымдарының бір-бірімен өзара байланысып
жататындығын байқауға болады (физика, химия, биология, геология,
математика т.б.). Химия, физика, биология ғылымдары физика ғылымының
нәтижесінде пайда болған әдістер мен ұғымдарды немесе химия, математика,
биологияның қатысуымен мүмкін болатын күрделі биологиялық түзілімдерді
ажыратады. Химия ғылымының пайда болуы жеке химиялық процестерді
қолдан жасай білуге негізделген. Мысалы, металды балқыту, сыра ашыту,
тері илеу және оны бояу тәрізді процестер. Химия ғылымында да
практикалық білім теориядан бұрын туған.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,3,4,6]



Тақырып 2. Атом қүрылысының қазіргі теориясының эксперименталдық негізі. Ядро және электрон қауызы. Атомның планетарлық моделі және Бор постулаттары, модельдердің қарама қайшылықтары. Атомның квантмеханикалық моделі. Периодтық заңның мазмұны. Д.И.Менделеевтің белгісіз элементтердің қасиеттерін алдын-ала болжап айтуы. Периодтық заңның қәзіргі интерпретациясы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3,4,6]



Тақырып 3. Химиялық байланыс. Атомдық орбиталдардың бүркесу қабілеттіліктері және байланыстар, байланыс реті. Сутектік байланыс. Молекула аралық әрекеттесу. Термохимия. Энтальпия туралы ұғым. Эндо- және экзотермиялық реакциялар. Гесс заңы. Реакцияның жылу эффекттерін есептеу. Термодинамиканың екінші бастамасы. Энтропия ұғымы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,3,4,6]



Тақырып 4. Химиялық реакциялардың жылдамдығы және оны анықтаушы факторлар. Химиялық тепе-теңдік константасы өзгеруіне орай химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Ле-Шателье принципі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,3,4,6]



Тақырып 5. Ерітінділердің жалпы қасиеттері. Судың молекуласының электрондық құрылысы мен құрылымы. Электролиттердің сулы ерітінділері. Еріген заттардың электролиттік диссоциациясы. Әлсіз және күшті электролиттер. Сұйытылу заңы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,4,6]



Тақырып 6. Тұздар гидролизі. Электрондарды тасымаддау реакциялары. Ерітінділер мен балқымалардың электролизі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [3,4,5]



Тақырып 7. Координациялық қосылыстар. Комплексті қосылыстардың құрылысы. Номенклатурасы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,3,4]



Тақырып 8. Негізгі топша элементтерінің химиясы. Сутек. Оттек

Сутек - тотыксыздандырғыш. Сутектің табиғатта болу түрлері. Бос күйіндегі сутекті зертханада және өнеркәсіпте алу әдістері. Сутектің колданылуы.

Сутектің оттекпен манызды қосылыстары. Сутек пероксиді. Молекула құрылысы, алынуы, қасиеттері және практикалық маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,3,5,6]



Тақырып 9. Галогендер. Валенттік және атомдардың тотығу дәрежелері. Атомдардың ең жоғары тотығу дәрежелеріне сай келетін қосылыстарының тұрақтылығының топ бойынша өзгеруі. Фторсутек қышқылының ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,3,4,6]



Тақырып 10. Күкірт тобының элементтері. Азот тобының элементтері. Олеум. Күкірт диоксидінің тотыгу реакциясының термодинамикалық сипаттамасы. Күкірт қышқылының халык шаруашылығында қолданылуы. Сульфаттар. Сульфидтер.

Қазақстан фосфориттері. Жай заттардың алыну принципі мен қолданылуы. Нитраттар. Концентрлі және сүйытылған азот қышқылдарының тотықтырғыштық қасиеттері. Азот қышқылынын өнеркәсіпте алынуының технологиялық ерекшеліктері. Патша сүйығы. Азот қышқылының қолданылуы. Ауадан азотты фиксациялау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,3,5,6]
Тақырып 11. Фосфордың оттекті қышқылдары мен олардың тұздары. Фосфорлы қышқыл және фосфиттер. Ортофосфор қышқылы және оның тұздары. Фосфор қышқылдары молекулаларының құрылысы. Қасиеттері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,3,4,5,6]



Тақырып 12. Көміртек тобының элементтері. Топ элементтеріне жалпы сипаттама. Атомдар құрылысы. Топ бойынша элементтердің атомдық радиустары, электртерістіктерінің өзгеруі. Валенттік және атомдардың тотығу дәрежелері. Жай заттар. Көміртектің аллотропиялық езгерістері. Кұрылысының ерекшеліктері. Элементтердің табиғатта кездесетіп формалары. Қазақстандағы темір, мүнай, газ, жанғыш қазбалар, қорғасын. Көміртек(ІІ) оксиді, алынуы. Тотықсыздандырғыштық қасиеттері. Көміртек(ІУ) оксиді. Молекула құрылысы, алынуы, колданылуы. Карбонаттар, гидрокарбонаттар, негіздік карбонаттар. Көмірқышқыл газының қоршаған ортаға әсері. Кремний (II,IV) оксидтері. Кремний диоксиді. Кремний қышқылдары. Қөміртектің азотпен қосылыстары. Циансутек. Циансутек қышқылы. Цианидтер. Циансутек пен цианидтердің улылығы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,3,4,5,6]



Тақырып 13. Бор тобының элементтері. Топ элементтеріне жалпы сипаттама. Атомдар құрылысы. Қосылыстардағы химиялық байланыстардың сипаты. Катионды және анионды форма түзуге, комплекс түзуге бейімділігі. Бор, алюминийдің ерекше қасиеті. Қазақстандағы бормен алюминийдың кендері. Химиялық қасиеттері. Элементтер(Ш) оксидтері. Алюминий оксиді. Химиялық қасиеттері. Элементтер(Ш) гидрооксидтері. Қышқылдар мен сілтілерге қатынасы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,3,4,6]



Тақырып 14. S-элементтер. S-элементтерге жалпы сипаттама. Атомдар
құрылысының ерекшеліктері. Валентік және атомдардың тотығу
дәрежелері. Жай заттардың қасиеттері. Басқа металдармен салыстырғандағы
сілтілік металдардың физикалық қасиеттерінің ерекшеліктері. Металдардың
химиялық активтілігі және оның литий-цезий қатарында өзгеруі. Гидридтер.
Құрылымы. Қасиеттері. Алу принципі. Оксидтер. Гидрооксидтер.

Қасиеттері. Литий-цезий гидрооксидтері қатарында негіздер күшінің өзгеруі. Сілтілермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздіктің алдыналу шаралары. Натрий және калий хлоридтері. Карбонаттар. Кальциленген, кристалдық, ас тұздары. Сақар. Глаубер тұзы. Тұздардың қолданылуы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,3,4,6]

Тақырып 15. Ауыспалы элементтер химиясы

Марганец, темір, хром, мыс, мырыш, кадмий, сынап, күміс, алтын.


Элементтерге жалпы сипаттама. Қазақстандағы кен орындары. Атомдар
құрылысы. Валенттік және атомдардың тотығу дәрежелері.

Қосылыстарындағы химиялық байланыстардың сипаты. Топ бойынша


химиялық қасиеттің өзгеруі. Жай заттардың физикалық және химиялық
қасиеттері. Қышқылдық-негіздік және тотықтырғыштык-

тотықсыздандырғыштық қасиеттері. Алыну принциптері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,3,4,6]

Тақырып 16. Органикалық химия. Кіріспе. Органикалық химия пәні, оның биология және медицинамен байланысы, негізгі бағыттары. Табигаттағы органикалық қосылыстар алуандалағының арасындағы көміртек атомының алатын орны және ерекшелігі. Молекуланың кеңестік құрылысы туралы түсінік. Химиялық байланысының электрондық теориясы. Органикалық қосылыстардағы байланыс түрлері. Гибридтену түрлері, қосарлыну, молекулярлы орбитальдар туралы түсінік. Электртерістік, электронды эффекттілер, молекуладағы атомдардың озара осері. Органикалық қосылыстардың классификациясы және номенклатура негіздері. Органикалық реакциялар механизмі, байланыстың гетеролиттік және гомолиттік ыдырау түрлері, нуклеофилді және электрофилді реагенттер туралы түсініктер. Орталық бөлшектер түрлері: карбокатион, карбанион, радикалдар, карбендер және комплекстер туралы түсінік. Бүрыштық және конформациялық кернеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: [2,3,4,6]



Тақырып 17. Көмірсутектер. Көмірсутектердің галогентуындылары. Көмірсутектердің номенклатурасы мен изомериясы (қүұрылымдық, кеңестік цис-, транс-изомериясы). С-Н және С-С, қос ((-байланыс), диенді, үш байланыстарының табиғаты. Біріншілік, екіншілік және үшіншілік көміртек атомдарындағы байланыстың беріктілігінің айырмашылығы. Ашық және түйық қосарланған жүйелер. Ароматтылық критерийлері. Алкандардың, алкендердің, алкадиендердің, алкиндердің және арендердің химиялық қасиеттеріндегі айырмашылықтар мен үқсастықтары. Көмірсутектердің кейбір өкілдерінің биологялык ролі. Мүнайдан алынатын дәрілік заттар. Галогентуындыларының классификациясы. Көміртек-галоген байланысының полярлану сипаты. Нуклеофильді орын басудың жалпы зандылықтары. SN1 және SN2 механизмдар туралы түсінік. Элиминирлеу реакциялары. Қаныққан, қанықпаған және ароматты галогентуындыларының химиялық қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы, галогеннің жылжымалдығымен байланыстыру.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,3,4]



Тақырып 18. Спирттер мен фенолдар. Сутектік байланыс, оның пирттердің физикалық қасиеттеріне және табиғи құрылымдардың түрақтылығына әсері. Көп атомды спирттер - этиленгликоль, глицерин, осы спиртгердің ерекше қасиеттері.

Салицил препарттарды, антиоксиданттарды, инсектицидтарды, дезинфекциялаушы заттар алуда фенол мен оның туындыларын колдану.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,3,5]

Тақырып 19. Альдегидтер мен кетондар. Окстоптың реакциялық қабілеттілігінің карбонилқұрамдас қосылыстардың құрылысымен байланысы. Оксотопқа (-орында орналасқан донорлы және акцепторлы орынбасарлардың альдегидтер мен кетондардың химиялық касиеттеріне әсері (альдольды-кротонды конденсация, галогендеу). Глицерин альдегиді және оның моносахаридтердің, амино- және оксиқышқылдадың абсолютты конфигурацияларын анықтаудағы ролі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,3,6]



Тақырып 20. Қарбон қышқылдары және оның функционалды туындылары. Дикарбон кышқылдары. Екі негізді қанықпаған қышқылдар. Фумар және малеин қышқылдары. Олардың құрылыстарындағы өзгешелік және қасиеттері. Ароматты карбон қышқылдары (бензой, корич қышқылдары). Фенол қышқылдары (галл, протокатехты). Жоғары карбон қышқылдары (пальметин, стеарин, арахидон және т.б.). Бейтарап липидтер, фосфолипидтер, олардың биологиялық ролі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,3,5]



Тақырып 21. Окси-, оксо- және амин қышқылдары. Ақуыздар. Ауыстырылатын және ауыстырылмайтын аминқышқылдары, сүт, пирожүзім қышқылдары. Биологиялық ролі. Оксиқышқылдардың стереохимиясы. Окси- және амин қышқылдарының дегидратациясы, нәтиженің окси-, амино және карбокситоптың өзара орналасуынан байланыстығы. Окси-, оксо- және амин қышқылдарының химиялық қасиеттері мен алу жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,3,4]



Тақырып 22. Көмірсулар. Сақиналы — тізбекті таутомерия. Фишер формуласынан Хеуорс формулаларына өту. Конформациялары: "кресло" және "ванна". Аксилді және эквоториалды байланыстар. Гликозидтер, агликондар, олардың табиғатта таралуы. Моносахаридтердің химиялық касиеттсрі. Тотыксыздандыратын және тотықсыздандырмайтын дисахаридтер (лактоза, сахароза, мальтоза и целлюлоза). Полисахаридтер.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,2,4,6]



Тақырып 23. Нуклеин қышқылдары. Нуклеозидтер, нуклеотидтер, нуклеин қышқылдары. Классификациясы, құрылысы, РНҚ жоне ДНҚ-ның биологиялық ролі. ДНҚ молекуласының түрақтылығына гетероциклды негіздердің арасындағы сутектік байланыстың әсері. Ақуыз биосинтезі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,3,4,6]


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Химия пәнін оқу арқылы студенттер химиялық процестердің биология саласындағы маңызын және биологиялық үрдістермен танысады. Органикалық және бейорганикалық қосылыстардың табиғатта, ағзада таралуын зерттей отырып, ағзаға, қоршаған ортаға тигізетін әсерін біледі. Ары қарай жануарлар экологиясы, микробиологияны және экология пәндерін оқуға алғашқы мағлұматтар алады. Сонымен қатар химия пәнін оқу арқылы студенттер органикалық қосылыстардың табиғаттағы, топырақтағы, ағзадағы айналымы, өсімдіктердің өсіп жетілуіне олардың пайдасы туралы түсінікті қалыптастырады.



10 КУРСТЫҢ САЯСАТЫ

Курстың кейбір құрауыштарынан сіздің білімдерініздің денгейі балдармен бағаланады. Айталық, бір сағаттық сабаққа қатысқаны, сабаққа дайындық, топтағы белсенді жұмыс үшін лекциялық сабақ бойынша 2,0 бал, практикалық сабақ бойынша 3,0 бал және екі сағаттық лаборатриялық сабақ бойынша 2,0 бал қойылады. Екі сағаттық лабораториялық жұмысты дер кезінде орындағаны және қорғағаны үшін 10,0 бал қойылады.

Мен сізден оқу үдерісіне белсенді қатысуыңызды сұраймын. Оқу үдерісіне белсенді қатысу дегеніміз - сабақтарға қатысу, талқылауларда және топ жұмысында белсенді болу, курста бірге оқитындарға көмектесу. Топ жұмысына қатысу сапасы сандық көрсеткішке қарағанда маңыздырақ. Мен сізден сабақтарға кешікпеуіңізді сүраймын. Сабақтардағы кез келген тәртіп бұзушылық тіпті аудиториядан шығарып жібергенге дейін жазаланады. Сабақтарды жібергені үшін мен мынадай айыптау шараларын белгілеймін:


  • себепсіз бір лекцияға қатыспағаны үшін 2,0 бал алынып тасталады;

  • себепсіз екі сағаттық лабораториялық сабаққа қатыспағаны үшін 2,0 бал алынып тасталады;

  • себепсіз бір сағаттық практикалық сабаққа қатсыпағаны үшін 3,0 бал алынып тасталады;

  • жіберген сабақтарды жұмыспен өтегені үшін практикалық сабаққа 1,0 бал, лабораториялық сабаққа 2,0 бал қойылады.

Барлық аудиториялық уақыт лекцияларға, оқығанды талқылауға, өз

ойларын айтуға және лабораториялық жұмыстар, жаттығулар орындауға бөлінеді. Сіздің дайындығыңыз бақылау жұмыстарымен, тестілермен коллоквиумдар тапсырумен, ауызша, жазбаша, және түйдектеп сұраумен тексеріледі. Барлық тапсырмалар дер кезінде орындалуы керек. Кешіктіріліп орындалған тапсырмалар 1,0 балға кем бағаланады. Емтихандарда немесе сұақтарға жауап бергенде, жазбаша бақылау жұмыстарын орындағанда, коллоквиумдар тапсырғанда көшіріп жазуға тиым салынады. Егер кейбір себептермен бақылау шараларын жүргізген кезде сіз оған қатыспаған болсаңыз, онда сізге келесі сабақ басталғанға дейін тапсыруға мүмкіншілік беріледі. Олай болмаған жағдайда сіз «0» бал аласыз.

Әрбір семестрде екі аралық бақылау белгіленген. Онда тақырыптар бойынша коллоквиумдар, жазбаша бақылау жұмыстарын немесе сәйкес бөлімдердің материалдары бойынша тестілеу өткізу көзделген. Қорытынды емтихан жазбаша түрде әрқайсысы үш сұрақтан тұратын билеттер бойынша өткізіледі.

Р1(2) = ЕҮ 1(2)*0,6 + МБ1(2)*0,4

ЕҮ – енбек үлгерімі

МБ – межелік бақылау


Студенттердің білімдерін бағалау шкаласы

Қорытын-ды баға, балл

(И)


Ұпайдың сандық эквиваленті (Ц)

Ұпайдың әріптік эквиваленті (Б)

Дәстүрлі баға (Т)

Емтихан, диф. Сынақ

Сынақ

95 - 100

4

A

Өте жақсы

Есептелді

90 - 94

3,67

A-

85 - 89

3,33

B+

Жақсы

80 - 84

3,0

B

75 - 79

2,67

B-

70 - 74

2,33

C+

Қанағат

65 – 69

2,0

C

60 – 64

1,67

C-


55 – 59

1,33

D+

50 – 54

1,0

D

49

0

F

Қанағатсыз

есептелмеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет