Құрастырушы: аға оқытушы Тулебаева Ж



Дата17.06.2016
өлшемі81.11 Kb.
#142668

Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Жылуэнергетика кафедрасы

«Су дайындаудың физика-химиялық тәсілдері» пәні бойынша

5В071700 "Жылуэнергетика" мамандығының студенттеріне арналған
пәнді зерттеуге
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар




Әдістемелік нұсқауларды

бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41





БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

Пфейфер Н.Э.

________________________

2012 ж «___»_____________

Құрастырушы: аға оқытушы ____________ Тулебаева Ж. А

Жылуэнергетика кафедрасы
“ Су дайындаудың физика-химиялық тәсілдері ” пәні бойынша
5В071700 "Жылуэнергетика" мамандығының студенттеріне арналған
пәнді зерттеу бойынша
әдістемелік нұсқаулар

Кафедраның отырысында ұсынылды

20_ж. «___»____________, №_____Хаттама
Кафедра менгерушісі ___________ Глазырин С.А. 20_ж. «___»________
Энергетикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20_ж. «_____»______________№____ Хаттама


ОӘК төрағасы ______________ Кабдуалиева М.М. 20_ж. «___»________
МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы __________________А.А.Варакута 20_ж. «___»________


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған
2011 ж. «_____»______________№____ Хаттама


Оқу пәнінің мақсаты мен міндеті, оқу процесіндегі алатын орны
1 Пәннің мақсаты – студенттерге алғашқы және қалдық суларда ластаушы қалдықтардың пайда болуы, ластаушы қалдықтарды аластау әдістері және ережелері; жылу электр станцияларында және өнеркәсіп орындарында аппараттық және сүлбелік бейнеусері бар технологиялық процестерді қолдану туралы білімдер беру.

Пәннің міндеттері – жеке технологиялық процестер мен аппараттарды есептеуге студенттерді бейімдеу; су тазарту қондырғысы жұмысы мен еңгізетін жылу тасығыш сапасы арасындағы байланысты, әр түрлі технологиялардың техника экономикалық көрсеткіштері мен қалдықтар пайда болу жағдайлары арасындағы байланысты игеру; технолгиялық процесті жүргізудің нормалаушы мәліметтерімен таныстыру.

2 Пререквизиттер

Студенттердің Физика, Химия, Техникалық термодинамика, Сұйық және газ механикасы, Жылумаңызалмасу, Қазан агрегаттарының жұмысы, құрылысы және жылулық есептер курстарын игеру барысында студенттердің алған білімдері мен дағдыларына негізделген.



3 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: Энергетикалық жабдықтардың коррозиясы мен консервациясы, Жылуэнергетикалық жабдықтарды жөндеу және пайдалану, ЖЭС-дың су-химиялық режимдері.

Курсты игеру барысында студенттердің келесі түсініктері болуы қажет:

- судың негізгі көрсіткіштерін және қоспалар сипаттамасын;

- аса минералданған суларды өндеу технологиясын;

- су тазалау технологиясындағы химиялық тұндыру және коагуляциясын;

- газдарды аластау технологиясын біліу қажет.

Пәнді үйрену барысында студенттер білу керек:

- алдын-ала тазалаудың негізгі әдістерін;

- толық ионалмасу технологиясын;

- сүзгіштер үшін сүзгіш материалдарына қойылатын талаптарды.

Пәнді үйрену барысында студенттер икемді болуы (істей білу қажет):

- суды дайындаудың жеке сатыларында негізгі параметрлерді есептеуді;

- қалдықтар түзілуінің екпінділігін және коррозиялық процестер жылдамдығын есептеуді;

- суды дайындау жүйелерін алғашқы мәліметтерді және қойылатын талаптарды ескере отырып жобалауды.

Пәнді үйрену барысында студенттер практикалық машықтарды иемденуі қажет:

- суды дайындаудың жеке сатыларында негізгі параметрлерді есептеуді;

- мөлдірленетін сүзгіштердің жұмысын қадағалауды ұйымдастыру;

- иондың ауысудың негізгі заңдылықтарын бақылау және есептеу әдістерін;

- студентті дипломын орындауға даярлау, қойылған техникалық мәселенің тиімді шешуін тандауға, информациялык-аныктамалык әдебиетпен жұмыс істеуге машықтандыру.



Пәннің тақырыптарының мазмұны
1 тақырып. Кіріспе

Су дайындау физика-химиялық әдістемелері курсының мәні мен мақсаты. Бұл курстын негізгі міндеті, жылу энергетикадағы инженер мамандарды дайындау. Суды тазалаудағы әдістемелердің түсініктемесі мен анықтамасы және оларды есептдің әдістрі. Жылу электр станцияларындағы және өнеркәсіп орындарында пайдаланатын су дайындағыш қондырғылардың технологиялық сызбасы.

Осы тақырыпқа қатысты мәселелер [1, §1 - §2 ] әдебиетте айтылған.
2 тақырып. ЖЭС және өнеркәсіп орындарындағы суды пайдалану. Табиғи және техникалық су

Бу аралас су даңғыл жолда физикалық - химиялық процестер

Суды тазалаудағы әдістемелердің түсініктемесі мен анықтамасы және оларды есептдің әдістрі. Жылу электр станцияларындағы және өнеркәсіп орындарында пайдаланатын су дайындағыш қондырғылардың технологиялық сызбасы [1, 27-42 б.].

ЖЭС және өнеркәсіп орындарындағы суды пайдалану. Табиғи және техникалық су.

Контурлық және қоспалы судың сапасына негізгі талаптар. Сыртқы және жер асты суларының мезгіл және аудандар боынша қоспалардың құрамы мен сананың өзгеру заңдылықтары. Табиғи судың өнеркәсіптік су ағынымен ластану.

Табиғи судың сапасының технологиялық көрсеткіштері ( мөлдірлік, иондық құрамы, жалпы тұз құрамы, қаттылық және оның түрлері, электр өткізгіштігі, тұшылау, газ ерітінділерінің құрамы). Контурлық су сапасының қосымша технологиялық көрсеткіштері (оксид пен гидроокидтердің құрамы, активтілігі және т.б.) [1, 44-68 б.].

Бақылау түры – қорытынды тексеру (сынақ)

3 тақырып. Су тазалау технологиясындағы химиялық тұндыру және коагуляция

Су тазалау технологиясындағы химиялық тұндыру және коагуляция.

Коллоидтық жүйенің негізгі әрекеті. Қосарланған электрлік қабатының пайда болу механизімі және оның математикалық сипаттамасы. Электрокинетикалық потенциялды сипаттау үшін Гельмгольц Смохуловтын тендеуі коагуляция кинетикасы. Коагуляция технологиясы және әсер етуші факторлар. Флокулянттардың қызметі; олардың түрлері. Когуляция қондырғыларының негізгі және қосымша құрал-жабдықтары.

Коагулянт түрін таңдау. Әк қоспаларының тепе – теңдік концентрациясын бағалау кезнде реагенттің мөлшерін таңдау. Әктеудің практикалық нәтижесі. Сода әктеу процесі, теориялық және практикалық нәтижесі. Мөлдірленгіштің конструктивтік элементерін есептеу. Химиялық бақылауды ұйымдастыру. Реагентерді сақтау сызбасы, сузпензияңың жұмыс ерітінділерің дайындау, мөлдірлендіруде оларды қолдануының мөлшерленуі

[1, 88-95 б.].

Бақылау түры – қорытынды тексеру ( сынақ )


4 тақырып. Фильтірлеу

Сүзгіш қабаттарында және соның тосқауылдарында қоспалардың ұсталу механизмі. Пленкалық және колемдік сүзу процесін сипттайтын теңдеу. Сүзгіш қабаттарынд түсетін қысымды есептеу.

Үйемелі және жуылатын сүзгіштер үшін сүзгіш материалдарына қойылатын талаптар. Мөлдірлеткіштердіғі сүзгіштердің жұмыс істеу сызбасы, қолданылу аймағы. Мұнай өнімдерін тазартудағы сорбциондық сүзгіштер жұмысы мен конструкцияларының ерекшеліктері. Контурлық суды тазалау жүйесіндегі жоғары температуралы сорбенттер және оларды пайдалануы. Электромагнитті сүзгіштерінің конструкциясы мен жұмыс істеу принципі. Үймелі сүзгіштерді қолдану арқылы (конденсат түрлі) суды мөлдірлеу ерекшеліктері. Мөлдірлентретін сүзгіштердің жұмысын қадағалауды ұйымдастыру [1, 9-26 б.].

Бақылау түры - қорытынды тексеру ( сынақ )



5 тақырып. Ионды алмасу технологиясы

Иониттердің құрамы. Сорбциялық процестердің материалдық баланс теңдеуі мен изотермасы. Критериялық теңдеуді пайдалануға иондық ауысу кинетикасы және оны бақылау. Сорбция динамикасының сипаттайтын және оның жақындатылған шешу. Әдіс теңдеуі. Иондың ауысудың негізгі заңдылықтары. ЖЭС – лары мен АЭС – да қолданылатын ион алмасу материалдарының сипаттамасы.

Na – катиондаттыру: су көрсеткіштерінің өзгеру сапасы; судың өзгеру шығыны; бірінші және екінші сатыларындағы сүзгіштердің циклдық жұмысы; Na- катиондаттыруының сүзгіштік конструкциялық сызбасы;

Н – катиондаттыру; катиониттен өткен удың сапалылығы, регенерацияға қолданылатын әртүрлі амалдар; «аш» регенерациялау; Н-Na – катиондаттыру сызбасы.

ОН – аниондаттыру: технологиялық регенерациядағы сүзгіштердің ионитымен әр түрлі құрамы; суды анионитпен жартылай тұшылау; иониті табиғи суларды экономикалық тиімді жағынан пайдалану.

Аралас әрекетты сүзгіштер: қолдану облысы; аралас қабаттағы иониттердің критериясы мен технологиялық бөліну; әртүрлі бекітілген сүзгіштер үшін регенерациялық ұйымдастыру, мөлшерлегіштерді дайындау және сақтау. Ионалмасу сүзгіштерін регенерация кезіндеге жұмыс істеуін химиялық бақылау; регенерацияны ұйымдастыру; NH4 – OH аралас қабаттардың қолдану маңыздылығы; технология мүмкіншілігі [1, 80-100 б.].

Бақылау түры – қорытынды тексеру ( сынақ ).
6 тақырып. Жоғарғы минералды суларды және қоспаларды тазалау технологиясы

Жалпы сипаттамасы: лездік булану және көп бетті булндырғыш қондырғысының сызбасы және жұмыс істеу принціпі. Буландырғыштарда түйісу тұрақтысы. Магниттік және химииялық әдістерімен қақтанудың алдын алу (қышқылдықастар, жұмсату, фосфаттау). Будың тазалығын қамтамасыз ету әдісі.

Кері осмос принціпі. Мембрананың талаптары мен сипаттамасы. Кері осмостық аппараттардың сызбасы. Электродиализдік құрылғылардағы құбылыстар. Ионауысу мембрандардың мінездмесі. Электродиализдік аппараттарың сызбасы. Мембрандық аппаратта өнделетін бастапқы судың талаптары. Жоғары минералды сулардың экономикалық көрсеткіштері [1, 140-145 б.].

Бақылау түры – қорытынды тексеру ( сынақ ).



7 тақырып. Суды физика – химиялық тәсілдер арқылы тазартудың технологиялық процесі

Абсорбция және десорбция газдарынының математикалық мәні. Деэратор және декарбонизатор сызбасы, олардың есептемелері.

Суды өндеу кезіндегі тотығу тотықсыздану процестері: әртүрлі тотықтырғыштардың стандартты потенциалды мағынасы; химиялық ерітінділердің реагенттермен және электроион-алмастырғыштармен оттектік байланыстары; тотықтырғыштарды жылуалмастырғыштарда биологиялық өсінділерімен күресу үшін қолдану.

Тұрақттандыру үшін суды өңдеу: суыту жүйесндегі тұз сұйықтарының балансы; карбонат сұйығын белгілі мөлшерде жіберу түсінігі; фосфоттау және қышқылдау технологиясындағы су тұрақтысы.

ЖЭС және өнекәсіп орындарындағы суды өңдеу технологиясының жетістіктері.

Бақылау түры – қорытынды тексеру ( сынақ ) [1, 130-140 б.].



Әдебиеттер тізімі
Негізгі:

1. Глазырин A. И., Музыка Л.П., Кабдуалиева М.М. Жылы электр станциялары мен өнеркәсіп орындарына су дайындау : Оқу құралы – Aлматы.: РБК, 2001. – 150 б.



Қосымша:

3 Е. Нұрекен. Сұйық және газ механикасы.- Алматы: АЭЖБИ, 2005, 193б



4 А.К. Қадырбаев Сұйық және газ механикасы, гидропневможетектер.Оқулық. - Алматы.: Бастау, 2008 – 270 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет