Құрастырушы: Байгалиева Арайлым Салауатовна э.ғ. м., аға оқытушы



бет2/13
Дата22.06.2023
өлшемі271.61 Kb.
#475303
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Микроэкономика 2 курс

Пәнді оқудағы міндеттер:
Пәнді оқыту міндеттері. Микроэкономиканы оқыту барысында білім алушыларға теориялық білімдерді игеру және оларды экономикадағы практикалық проблемаларға қолдана алу міндеттер қойылады.

  • Нарық, нарықтағы зерттеліп отырған тауардың бағасы және оның сұраныс пен ұсыныс көлеміне әсер етуі;

  • Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы, мемлекет тарапынан тауардың бағасын реттеудің, салық салудың және дотация берудің нарықтағы тепе-теңдікке әсер етуі;

  • Жеке тұтынушылардың, фирмалардың, капитал иелерінің, жұмыысшылардың белгілі бір шешім қабылдау,өндіріс салаларындағы және нарықтағы тұтынушылар мен фирмалардың өзара байланысы;

  • Нарық құрылымы туралы түсінік алу,сонымен қатар әртүрлі нарық құрылымындағы фирмалар өз пайдасын жоғарғы деңгейге жеткізу үшін қандай шешімдер қабылдайтынын білу.

Алдын ала оқытылатын пәндер: Экономикалық теория, Эконмикадағы математика, Информатика.
Пәннің қысқаша мазмұны: Микроэкономика басқа салалардағы сияқты жекеленген экономикалыќ агенттердің, атап айтқанда, тұтынушылар мен фирмалардың іс- әрекеттердің, зерттейді жєне макроэкономика пәніне қатысты жұмыссыздық, баға деңгейі, ұлттық табыс және т.с.с. агрегаттық көрсеткіштерді қарастырмайды. Сонымен қатар, микроэкономика шеңберінде ішінара тепе – теңдікке талдау жасалды. Қазіргі заманғы микроэкономика аксиомалық әдісті қолдана отырып, жалпы тепе-теңдікті талдауға жете назар аударады. Микроэкономиканың нормативтік тарауы әл – ауқаттың экономикалық теориясы деп аталады.
Микроэкономика дербес ғылыми пән ретінде 19 ғ. соңғы үш онжылдықтарында дами бастады. Микроэкономиканың ғылым ретінде қалыптасуын әдетте экономикалық ой- пікірдің дербес бағыты болып есептелетін маржинализмнің дамуымен және туынды ұғымына негізделген шекті талдау әдістерінің кеңінен қолданылуымен байланыстырады.
Маржинализмнің алдыңғы қатарлы өкілдері: осы бағыттың алғы шарттарын дамытқан Г. Тюнен, Г.Госсен; австрия мектебінің өкілдері – К. Менгер; Ф. Визер, Е. Бем-Баверк; шекті пайдалылық теориясының дербес вариантын құрып, экономикалық ой- пікір тарихында тұнғыш экономист- математиктердің бірі ретінде із қалдырған ағылшын У.Джевонс, жетілген бәсеке жағдайында жалпы тепе- теңдіктің теориялық үлгісін тұңғыш рет дамытқан Л. Вальрас.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет