6-тақырып. ХҮ-ХҮІІІ ғ. өмір сүрген жырау толғауларының тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері.
Жыраулар поэзиясының тақырыптық, көркемдік, жанрлық жағынан толығуы. ХҮІІІ ғасыр поэзиясында адам образының жасалуы, тарихи тұлғалар бейнесінің жырлануы. Өлең құрылысы, өлшемі, айшықтау түрлері мен тіл көркемдігі.
Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны
1-тақырып. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті.
Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы, феодалдық қатынастардың дамуы. ХҮІ ғ. қазақ хандығының нығайып, территориялық жағынан ұлғаюы. Алғашқы қазақ заңы – «Қасым ханның қасқа жолының» жасалуы. ХҮІ ғ. екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі.
Асан қайғы (Хасан Сәбитұлы ХІҮ-ХҮ ғғ.) өмірі туралы мәлімет. Аңызға айналған данышпан. Аңыздардағы қиял мен тарихи шындықтың көрінісі. «Жерұйық» идеясының көрініс табуы. Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері, дидактикалық сарын. Әз Жәнібек ханға айтқан арнау-толғаулары. Болжалдық сарын. («Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің», «Қилы-қилы заман болмай ма» тирадасы).
Асан қайғы шығармаларының жиналып жариялануы, зерттелу жайы.
2-тақырып. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің даму бағыттары. Қазтуған жырау.
Қ. Сүйіншіұлы – қазақ әдебиеті тарихында шығармалары өз атымен жеткен алғашқы автор. «Бұдырайған екғ шекелі» толғауындағы Қазтуғанның өз бейнесі. Жыраудың толғауларындағы суреттеулер мен образдар.
Қазтуған – жорықшы, жауынгер жырауға Мұрат ақын «Қазтуған» деген жыр арнаған. Мұнда Қазтуған бейнесі жауынгер – жыраудың көшпенділер тұрмысы тудырған ерекше қасиеттерге баламалануы.
3-тақырып. ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті Доспамбет жырау. Шалкиіз жырау.
Қазақ хандығының құрылу кезеңінде өмір сүрген, ұлттық әдебиеттің қалыптасуында көрнекті рөл атқарған – Доспамбет жырау. Жыраудың өмірінен мәлімет. Жырау толғауларының басты идеясы – ерлікті, батырлықты дәріптеу. Елді-жерді қорғау міндеті, майданда шаһит кешу, соғысып өлу арманының көрініс табуы («Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын Ақ Жайық», «Сере, сере, сере қар»).
Доспамбет жырау толғауларында билеуші қауымның салтанатты өмір-тұрмысының жырлануы. Өз заманының белді өкілі болған Доспамбеттің өмір салты көрініс табуы. («Тоғай, тоғай, тоғай су»), дүниенің өткіншілігі, адам өмірі туралы ой толғаныстарының жырлануы.
Ш.Тіленшіұлы (1456-1560) – қазақ поэзиясында философиялық бағыттың негізін салушы, жаңашыл жырау. Жыраудың өмірбаяны. Шалкиіз - әскербасы, батыр. Поэзиясы – белгілі дәрежеде жаугершілік поэзия, рухы – ерлік. Ұрыс даласындағы батырдың қимыл-қозғалысын жанды суреттер арқылы жеткізу, батыр бейнесінің статикалық күйде сомдалу үлгілері. Би Темірге арналған толғаулары («Аспанды бұлт құрсайды», «Қара бас күспен шалдырып»).
Арнау-толғауларындағы заман тынысы, хан мен жырау қарым-қатынасы. Шалкиіздің ақындық шеберлігін танытатын көркемдік тәсілдер. Жырау шығармашылығының зерттелуі.
Достарыңызбен бөлісу: |