Құрастырушы: ф.ғ. к., доцент Муталиева Р. М


-тақырып. Ғабит Мүсірепов (1902-1985)



бет2/3
Дата21.06.2016
өлшемі449.58 Kb.
#151852
1   2   3

8-тақырып. Ғабит Мүсірепов (1902-1985)

Өмірінен мәлімет.Білім алған мектептері. Жазушылық жолы.Қоғамдық-саяси өмірге араласуы. Әдебиетке үлкен дайындықпен келуі. «Едіге» (1925) әңгімесінен басталған сәтті қадам «Тулаған толқында»(1928) повесімен жалғасып, «Қос шалқар», «Талпақ танау», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Адамның анасы», «Ананың арашасы», «Жеңілген Есрафиль» т.б. әңгімелерімен қоғамдық өмір қатпарларын бейнелеп бергені. Жазушыға Л.Толстой, Дж.Лондон, Чехов,Гоголь, горький, Короленколардың тигізген ықпалы.

1938-1955жж. Жазылған «Ер ана», «Ана кесімі айнымайды», «Ақлима» новеллаларында соғыс салған тақсіретті көтерген қажырлы аналардың бейнесінің жасалуы. 1956-1977 жылдары жазылған «өмір жорығы», «тимка-Димка», «Сөз жоқ, соның іздері», «Қасқырды атқан қайсысы», «Автобиографиялық әңгіме», «Қыран жыры», «Ұлпан стансасы», «боранды түнде», «қарлы жаңбыр астында», т.б. әңгімелерінде уақыттың әлеуметтік-көркемдік талабын арқалаған замандастарымыздың кесек тұлғасын жасаумен қатар, қызыл империяның тоталитарлық саясатын әшкерелейді. 1977-1983 жылдары жазылған «Жапон балладалары» циклына енген «Арқаның әңгімесі», «Көздің әңгімесі», «Тастың әңгімесі» туындыларында әлеуметтік-философиялық сарын, мифологиялық мағына терең жататыны. Ғылымның ұлы жетістіктерін адам игілігінен басқа агрессиялық әрекеттерге пайдалануға қарсы күрес ашуға үндейтіні. «Ана жыры», «Өмір жорығы», «Қыран жыры» новеллаларындағы символдық, әлеуметтік-философиялық мағына.

«Қазақ батыры» (1945) повесіннен «Қазақ солдаты» романына (1956) айналған туындыда майдан шындығы суреттеліп, Қайрош пен оның бала күнгі достары Бораш, Шеген, Ақбота, т.б. бейнелерінің жасалуы. Романдағы Қайрош Сарталиевтің майдандас серіктері Сәмед Абдоллаев, Василий Гришин, Мирошник, Семен Зонин, Володя Толстов, т.б. солдат, офицерлердің елі үшін, жері үшін ерлік көрсеткен, ұлттық асыл қасиеттерді бойларына жинақтаған , өзіндік мінез ерекшеліктері бар, Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм, гуманизм, мызғымас достық тұғырына шыққан жандар дәрежесінде суреттелетіні. Жазушының майдан шындығына социалистік реализм әдісіне тән үстірттікке, кейіпкер тіліне байланысты олқылықтарға орын беріп алғандығы.

«Оянған өлке» (1952), «Жат қолында» (1984) дилогиясы. Онда ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалы, тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық жағдайы кең қамтылып суреттелетіні. Романда дала шонжарлары Игілік пен Жұман, орыс алпауыттары Рязанов пен Ушаков, шетелдік компаниялардың иелері Клод Карно, нельсон Филь, фон Штейн, және олардың сойылын соққан малайлары Акула, Зубов, Сикорский, Бернер, Некрасов образдары. Осы алпауыттар әулетімен күрес үстінде шыңдалып, биік азаматтық тұлғаларымен көрінетін Сүгірәлі, Бұланбай, Байжан, Байшегір, Байжан, Байшегір, Жабай, Кенжеғара, Нартай, Әлішер, Андрей- Елизавета Быковтар, Михайло Неволя, Шило қарт, Зуев, т.б. шыққан табының мүддесінен гөрі халық мүддесін жоғары қоятыны. «Жат қолында» романының табысы саналатын Кенжеғараны Ғабит «атаның баласы емес, адамның баласы», халқының көш бастар перзенті дәрежесіне жеткізе бейнелей алғандығы.

Дилогиядағы Назыкеш, Наркөз, Көпей, Күлше, Айғанша, Күнзила секілді әйелдер мен Кенжеғараның тәрбиесін алғанг Күлбәден, Қарлығаш, Анар тәрізді образдары.

«Кездеспей кеткен бір бейне» (1967) поэмасының өнер адамын, өнерге деген көзқарасты лирико- философиялық тұрғыда бейнелеген повесть екендігі. Еркебұлан образы. Еркебұлан мен Сәкен Сейфуллин бейнелерінің үндестігі. Поэмада Ақлима, Ақбала, Қоянжырық, Қайсар, т.б. характерлердің жасалуы.

«Ұлпан» (1975) повесінің осы аттас романға (1981) айналуының көркемдік заңдылықтары. Шығарманың тарихи шындыққа негізделгені. Ұлпан бейнесінің қазақ әйелінің асыл қасиеттерін бойына жинақтаған типтік тұлғаға айналғаны. Ұлпан образынан өрістейтін адамгершілік сабақтары.

«Қыз Жібек» (1930) музыкалы драмасы.

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» (1939) трагедиясы. Драматург фольклорлық эпосты идеялық шығармашылық екшеуден өткізіп, реалистік әдебиеттің биік үлгісімен қайта жазып шыққаны.

«Ақан Сері - Ақтоқты» (1945) трагедиясының психологиялық драма екендігі. Тар заманда торға түскен ақын Ақанның рухани келбеті, ашынған ойы мен ащы күйзелісін Ғ.Мүсіреповтің тебірене суреттегені. Хазірет Науан, азғын ақын Сердәлі, Жалмұқан төре, мүсәпір Қоңқай, Ақтоқты, Мәрзай, Дәмелілердің психологиялық драма талаптарына сай мүсінделетіні.

«Амангелді»(1950) тарихи - әлеуметтік драмасы. Онда дәуірдің әлеуметтік-саяси шындығы мен қайшылықтары реалистікпен бейнеленіп, қаһармандарының күрес үстінде шыңдалып, түлейтіні. Күрделі рухани жаңаруларды басынан кешірген адамдар тағдыры мен сан қилы тартысты оқиғалар өзінің табиғи заңдылығымен дамитыны. Жазушының ер мен ел парызы, озық ойлы орыс адамдарының қазақ халқына көрсеткен интернационалдық көмегін бейнелеп беруі. Пьесада Амангелді характерінің әр қырынан , әр әлеуметтік топ өкілімен қатысы арқылы ашылатыны.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» пьесалары негізінде киносценарийлер жазуы.

«Болашаққа аманат» драмасының басты кейіпкері қазақ халқының тәуелсіздігін аңсап, елді күреске көтерген Сырым Датов екендігі. Трагедиядағы тарихи тұлғаның көркем бейнеленуі.

Ғ.Мүсіреповтың қоғамдық – саяси келбетін, публицистік, зерттеушілік, сыншылдық қабілетін көрсеткен «Суреткер парызы», «Уақыт іздері», «Заман және әдебиет» атты еңбектері.

Ғ.Мүсіреповтың қазақ әдебиетіндегі орны. Шығармашылық мұрасының зерттелу жайы.



9-тақырып. Әбдіжәміл Нұрпейісов(1924)

Жазушы, драматург, публицист, әдебиет-сыншысы, аудармашы, қоғам қайраткері, СССР және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы.

Өскен ортасы, білім алған мектепетрі. Шығармашылық жолы. Қоғамдық күрескерлік тұлғасы.

«Курляндия» (1950) романына 1942-45 ж.ж. Курляндия плацдармындағы

қырғын соғыс шайқастарының арқау етілетіндігі. Есей бейнесінің көп белгілері. Курляндия операциясының бел ортасында жүрген жауынгер Нұрпейісовке ортақтығы. Романдағы көркемдік шындықтың майдан шындығымен біте қайнасып кетуі. Тәжірибесі аз қаламгердің алғашқы туындысы екендігіне қарамастан оның республикалық сыйлыққа ие болғандығы. Кейінірек оны жазушыныың «Күткен күн» деген атпен жариялатуы. Отанын жаудан қорғап жүрген, мақсат-мүддесін тоғыстырған халықтардың достығы, адамгершілік, моральдық тұлғасының терең ашылатындығы.

«Қан мен тер» трилогиясындағы рухани қайсарлық пен суреткерлік кемлділіктің тоғысы. 1913-1920 жылдардағы Арал өңірінде өткен тарихи оқиғалардың күллі қазақ сахарасына ортақ шындығын толғап, ескі қоғамдық формацияның аласапыран күрес нәтижесінде шұғыл төңкеріс екпінімен жаңа формацияға орын беруінің адам рухы арқылы көрінуі. Төңкерістің қазақ сахарасына емес, сахараның төңкеріске келуін реалистік шындық негізінде шеберлікпен бейнелегені. Еламан, Кәлен, Сүйеу, Ақбала, Мөңке, Әли, Қара қатын, Судырақмет, Тәңірберген, Қалау, Құдайменде, Тентек Шодыр, Колчак , т.б. бейнелері. Композиция құрудағы жаңашылдық, сюжет пен характер, психологиялық талдау, портрет жасау жолындағы ізденістер. Жазушының трилогия негізінде драмалық туынды, киносценарий жазуы.

«Сең» (1983) романы. «Сеңнің» Еуропалық көркем романдардың үздік жетістіктерін шығармашылықпен игеріп, сезім сергелдеңі мен ар арпалысын, ірі қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді жеріне жеткізе бейнелеу талабынан «Соңғы парыз» (1999) дилогиясына айналуы. Шығарманың ішкі динамизімінің қуаттылығы, тақырыбының өзектілігі. Өзімшіл саясаттың экологиялық проблемалар төңірегіндегі қасіретке тап қылуы. Жәдігер мен Әзімнің ар алдындағы жауапкершілігін, азаматтық боыршын сезінудегі кереғарлықтың үстемдігі. Әзім мен Жәдігер арасындағы Арал теңізінің болашағы жайлы тартыс, реалистік көзқарас пен консервативтік көзқарастың бітіспес болымыс. Ә.Нұрпейісовтің табиғат трагедиясы мен адам трагедиясын параллель өрістетуі, романды адамзаттық трагедия дәрежесіне көтеруі. Жазушының дилогияда тоқырау кезеңін суреттей отырып, социалистік қоғамның күйреуіне әкеп соққан саяси-әлеуметтік мәселелерді ашық көрсеткені. «Сең» мен «Соңғы парыз» романдарының жанры, поэтикасы.

Ә.Нұрпейісовтің очерктері мен әдеби-сын мақалалары. «Толғау», «Жүрегі толы жыр еді», «Ақ бидай туралы аңыз» атты жинақтарында Л.Толстой, Ф.Достоевский, И.Тургенев, Ж.Жабаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Ш.Айтматов шығармашылығы туралы ой айтқаны. М.Әуезов , Ф.Достоевский, И.Тургенев, М.Горький, Жамбылдардың әдеби портреттерін сомдауы. «Алыптар халықтан» атты және «АннаКаренинаның» аудармасы туралы эстетикалық , публицистикалық, танымдық мақалалары.

Ә.Нұрпейісовтің Чеховтің, Горькийдің, Н.Хикметтің, испан жазушысы Кэсонның пьесаларын аударғаны.

Шығармашылығының зерттелу жайы.


10-тақырып. Ілияс Есенберлин

Ақын, жазушы, публицист, қоғам қайраткері. Абай атындағы Қазақ ССр мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Өскен ортасы, білім алған мектептері. Ақындық, жазушылық өнерге бой ұруы. Поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия саласында еңбек еткені. Алғашында ақын ретінде танлып, қырықтан аса әннің мәтінінң жазып, «Сұлтан», «Айша» (1945), «Біржан сал трагедиясы» (1959)дастандары мен большевиктер туралы поэмаларын тудыруы. «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағының (1949), «Жұлдыздар» атты поэмалар кітабының жарық көруі.

І.Есенберлин қазақ прозасының көрнекті өкілі. Оның «Адам туралы ән». (1957) повесі, «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971), «Алтын құс» (1972), «Жанталас» (1973), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974), «Маңғыстау майданы» (1978), «Аманат» (1978), «Махаббат мейрамы», «Алыстағы арпалыс», «Аққу құстың қуанышы» (1984), «Мұхиттан өткен қайық» («Жұлдыз», №1,2, 1991) романдары мен «Көшпенділер» (1976), «Алтын орда» (1982-83) трилогиялары.

І.Есенберлиннің «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Аманат» романдарында бүгінгі жұмысшылар мен тың игерушілердің өмірі мен күресінің жан-жақты пайымдалатыны. Тың игерудің жақсы жақтармен бірге жерді тоздырған науқаншылдықты, шолақ белсенділікті ашық суреттегені.

І.Есенберлин прозасының әлем тілдеріне аударылуы. Шығармаларының үнемі пікірталастар тудырғаны.

Шығармаларының зерттелу жайы.
11-тақырып Мұқағали Мақатаев (1931-1976)

Ақын, жазушы, аудармашы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Өскен ортасы, білім алған мектептері. Еңбек жолы, қызметі.Балалық, жасөспірімдік шағының соғыс жылдарымен, тылдағы ауыр еңбекпен тұспа-тұс келуі. «1945 жыл ақпан», «Қайран жеңгем», «Соғыстың соңғы көктемі», «Абысындар», «Әке», «Қырқыншы жылдардың бесік жырынан», «Біздер жеңдік», «Әке аманаты», «Масақ» өлеңдері мен «Өмір-дастан» поэмасында ақынның сол уақыттың реалистік картинасын жасағаны. Оның өмірге жіті үңіліп, толғана жырлағаны. Әкелік махаббаты «Бесік басында», «Менің кішкен күнім» «Ұлыма», «Қызымыа», «Майгүлге», «Біздің үйге көктем келді»; үлкенді қадірлей білуге шақыратын «Алпысқа келдіңіздер», «Мен қарапайым қарттарды сүйемін», «Әбділдаға», «Бауыржан Момышұлына», «Ғабаңа», «Қариялар азайып бара жатыр», «Тоқта балам, атаң келед , артыңда»; халқын сүюге үндейтін «Елім барда», «Қазақстан», «Үш бақытым», «Оралыңдар» «Толғау», «Халқым барда», «Халқыма хат», «Қазақ жері»; Туған жер табиғатының келбеті «Сап-сары жапырақтар», «Сәуір айы», «Алматының аспаны», «Сарыжайлау», «Тау өзені тентек қой тасып жатыр» , «Көктемде», «Қайран Қарасазым-ай», «Түнгі Алматы», «Хан Тәңірі»; парасат пен танымға бойлататын философиялық «Сәби болғым келеді», «Қар жауып тұр», «Алтын адам», «Бақыт деген», «Мен қайың бола бастаймын», «Қызық өмір», «Тауға келмсем», «Ақиқаттың ауылы», «Таудай болғым келеді», «Ей, өмір»; мәңгілік өмір сыйлайтын,өнерді қастерлететін «Қара өлең», «Арыз жазып кетейін», «Жазылар естеліктер», «Дариға домбырамды берші маған», «Өлең керек», «Ақынның ауылы», «Бибігүлге», «Сыр», «Төлегенге», «Фаризаға»; махаббат күйін әлдилеген «Бір келіншек», «Сен», «Есіңе мені алғайсың», «Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған», «Махаббат диалогы», «Әйелдер-ай», «Махаббат моласы», «Иек артқан теңізге мүйістейін», «Алдынан терезеңнің жүріп өттім», Мен сені сағынғанда» т.б. шығармалары.

«Аппоссионата», «Мавр», «Ильич», «Большевиктер», «Чили, шуағым менің», «Алтай, Атырау», «Райымбек, Райымбек», «Бала шақтан болашаққа», «Аққулар ұйықтағанда», «Моцарт. Жан азасы», «Жанары неткен тұңғиық», «Атамекен» поэмалары.

«Қарлығашым, келдің бе?» (1968), «Дариға-жүрек» (1972), «Аққулар ұйықтағанда» (1974), «Шуағым менің» (1975), «Өмір-дастан» (1976), «Өмір өзен» (1978), «Бәсіре» (1981), «Соғады жүрек» (1982), «Шолпан» (1984), «Қош, махаббат» (1988), «Аманат» (2000) жинақтары.

Прозасы. «Қош, махаббат» атты повестер мен әңгімелер жинағы, «Махаббаттан парасатқа» атты күнделіктер жинағы.

Ақын өлеңдеріне ән саздарының көптеп жазылғаны.

Аудармалары. У.Уитменнің «Шөп жапырақтарын», В.Шекспирдің «Сонеттерін», Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақ тіліне аударуы.

М.Мақатаев шығармаларының зерттелу жайы.
Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны

1- тақырып . Сәкен Сейфуллин(1894-1938)

Ақынның «Өткен күндер» (1914)жинағы.«Асау тұлпар» (1922) атты екінші жинағы.Ақын поэзиясында махаббат, табиғат,көңіл-күй лирикасының айрықша орын алуы. Осы тақырыптың «Күз», «Жазғытұры», «Жазғы дала», «Қарлы аязда», «Тау ішінде», «Сағындым», «Шәйіт болған досыма», «Сыр сандық» сияқты көптеген өлеңдерінде сипатталуы.

Ақын поэмаларында өршіл романтикалы махаббат сарыны. «Аққудың айрылуы», «Лашын әңгімесі».

«Қызыл ат» поэмасы. «Көкшетау»(1929) поэмасы. «Тар жол,тайғақ кешу» романы(1927).



2-тақырып. Бейімбет Майлин (1894-1938)

«Шұғаның белгісі»(1915) повесінің Бейімбеттің проза жанрындағы алғашқы шығармасы екндігі. Повестің тақырыбы,идеясы. Шұға, Әбдірахман бейнелері.Кейбір ұнамсыз типтер.

«Талақ», «Естай ауылы», «Киелі сұлу» әңгімелерінде салт-сананың көрінісі.

«Күлтай болыс», «Қар шелек», «Көктеректің баурайында», «Қызыл әскердің семьясы», «Арыстанбайдың Мұқышы», «Онбес үй», «Қырманда» әңгімелері.

«Раушан-коммунист» (1920) повесі. Раушан образы. Раушанның қоғамдық істерге араласуы.

«Жалбыр»1916 жылғы қозғалыстың , «Амангелді» (Ғ.Мүсіреповпен бірге жазған) , «Біздің жігіттер» драмаларында азамат соғысын суреттеуі.

«Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі» драмалық шығармаларында колхоздастыру мәселесін көтеруі. Бұл шығармалар өткір тартысқа, сатираға құрылуы.

Б.Майлиннің «Ауыл мектебі», «Шаншар молда», «Неке қияр», «Көзілдірік», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шешей» комедияларында ескілікті сынауы.



3-тақырып. Ілияс Жансүгіров(1894-1938)

«Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларындағы Қобызшы Молықбай образы. Күйші үйсін жігіті мен Қарашаш бейнелері.

«Құлагер» поэмасында Ақан сері образын сомдауы.

4-тақырып. Мағжан Жұмабаев(1893-1937)

Мағжанның махаббат лирикасы. «Сүй, жан сәулем», «Н-ға», «Сен сұлу», «Сүйгенім анық», «Гүлсім ханымға», «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін» өлеңдеріндегі жан мен тән сұлулығының диалектикалық бірлікте жырлауы.

Қазақ халқының тарихы, аңыз-әңгімелері негізінде «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Өтірік ертек», «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы» поэмаларын жазуы.

«Жүсіпхан» поэмасы. Шығармадағы Аббасхан, Жүсіпхан, бейнелері. Жүсіп образының символдық мәні.Сол арқылы сталинизм дәуірінің сипатын әшкерелеу.

«Өтірік ертек» дастаны. Шығарма сюжетінің шарттылыққа құрылуы. Мысыққа қарсы тышқандардың көтерілісі. Поэмада байды байыту тәңірдің ісі деген философияны жоққа шығару.

«Тоқсанның тобы» дастаны. Поэмадағы тоқсан деген сөздің символдық мәні. Автордың еңбекші жарлыны мадақтап, туған халқын жақсы көретінін өлеңмен өрнектеуі.



5-тақырып. Жүсіпбек Аймауытов(1889-1931)

«Күнікейдің жазығы» (1928) повесіндегі Күнікей образы. Повестегі қосалқы кейіпкерлер Құлтума, Тұяқ,Шекер, Байман образдары.Шекер, Байман, Тұяқ бейнелері.

Ж.Аймауытовтың 20-30 жылдары жазылған «Өмір деген осы ма», «Мысыққа ойын, тышқанға өлім»(1923), «Елес», «Қойшы Тастамақ», «Жидебайдың баяндамасы»(1924), «Әнші», «Көшпелі Көжебай», « Жол үстінде»(1925), «Боранды болжаған әулие» (1926), «Ханамар тарихы»(1927), т.б. әңгіме-новеллаларының тақырыбы, идеясы.

Драмалық шығармалары: «Мансапқорлар»(1925), «Ел қорғаны», «Қанапия мен Шәрбану»(1926), «Шернияз»(1926).

«Ел қорғаны» пьесасындағы оқыған кейбір қазақ зиялыларының еркіндік, бостандық үшін күрестегі көзқарастары. «Мансапқорлар» пьесасы. Шығармадағы атақ, мансапқа таласып, өзара қырғиқабақ болған Қасқырбай болыстың, оның туыс інісі әрі тілмашы Мүсілімнің бейнелері. Пьесада ағайын адамдардың арасына жік салған іштарлықтың, көре алмаушылықтың қантөгіске, зұлымдыққа ұласуы.

«Шернияз» пьесасы. Шығармадағы Шернияз бейнесі. Рушылдық пен жікшілдік жайлаған ел ішіндегі айтыс- тартыс, дау- дамайдың Шерниязды күреске итермелеп ширатуы. Оның жеңісі мен жеңілісі. Пьесаның жалпы идеясы.



6-тақырып. Мұхтар Әуезов (1897-1961)

«Қараш-Қараш оқиғасы» (1927) повесі. Шығармадағы әлеуметтік тартыстардың көрінісі. Бақтығұл мен Жарасбай образдары. Көркемдік ерекшеліктері. Толстой стиліне тән психологизмнің кейбір әсерлері.

Драмалық туындылары: «Қаракөз» трагедиясы. Оларда махаббат бостандығы мен әйел теңдігі мәселесінің көтерілуі. Трагедиялық образдар жүйесі.

М.Әуезовтің Соболевпен бірге жазған «Абай» трагедиясы (1940). Ондағы Абай бейнесі. Халықтық эпостық жырлар негізінде «Айман-Шолпан»(1934), «Қарақыпшақ Қобыланды» (1941) пьесаларын жазуы. Ел қорғау, ерлік пен ездік мәселесін көтеруі.

Әуезовтің аяқталмай қалған «Өскен өркен» (1962) романы. Оңтүстік өлкедегі мал шаруашылығына қатысты көкейтесті мәселелер. Карпов, Алмасбек, Әсия бейнелері.

7-тақырып. Сәбит Мұқанов (1900-1973)

«Аққан жұлдыз» романындағы Шоқан, Шыңғыс, Зейнеп, Мұса Шормановбейнелері

«Өмір мектебі» - өмірбаяндық трилогия («Азапты жолда», «Азатты жолда», «Есею жылдары») .«Балуан Шолақ» повесі.«Аққан жұлдыз» дилогиясы. Шоқан образы. «Шоқан Уәлиханов» трагедиясы. Қазақ драматургиясын байытқаны.

8-тақырып. Ғабит Мүсірепов (1902-1985)

1956-1977 жылдары жазылған «Өмір жорығы», «Тимка-Димка», «Сөз жоқ, соның іздері», «Қасқырды атқан қайсысы», «Автобиографиялық әңгіме», «Қыран жыры», «Ұлпан стансасы», «Боранды түнде», «Қарлы жаңбыр астында», т.б. әңгімелерінде қызыл империяның тоталитарлық саясатын әшкерелеуі. «Ана жыры», «Өмір жорығы», «Қыран жыры» новеллаларындағы символдық, әлеуметтік-философиялық мағына.

«Кездеспей кеткен бір бейне» (1967) поэмасындағы Еркебұлан образы. «Ұлпан» романындағы (1981) Ұлпан бейнесінің қазақ әйелінің асыл қасиеттерін бойына жинақтаған типтік тұлғаға айналғаны. Ұлпан образынан өрістейтін адамгершілік сабақтары.

«Қыз Жібек» (1930) музыкалы драмасы.

«Болашаққа аманат» драмасындағы Сырым Датов бейнесі.

9-тақырып. Әбдіжәміл Нұрпейісов(1924)

«Соңғы парыз» (1999) дилогиясы. Жәдігер мен Әзім бейнелері.



10-тақырып. Ілияс Есенберлин

«Көшпенділер» трилогиясы. «Қаһардағы» Кенесары бейнесі.



11-тақырып. Мұқағали Мақатаев (1931-1976)

«1945 жыл ақпан», «Қайран жеңгем», «Соғыстың соңғы көктемі», «Абысындар», «Әке», «Қырқыншы жылдардың бесік жырынан», «Біздер жеңдік», «Әке аманаты», «Масақ» өлеңдері. Философиялық «Сәби болғым келеді», «Қар жауып тұр» өлеңдері. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын талдау. Үзінді жаттау.


С¤Ж мазм±ны




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі


1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

15 (1х15)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15 (1х15)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

10

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Курстық жұмыс

Семестрлік тапсырманы қорғау

16

5

Бақылау шараларына дайындық




РК1, РК2

4




Барлығы







60


Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар

1.М.Әуезовтің «Хан Кене» пьесасы.

¦сынылатын єдебиет: [1]

2 І.Есенберлиннің образ сомдау, сюжет дамыту ерекшелігі.

¦сынылатын єдебиет: [4], 496-525 беттер; [7], 1-35 беттер.

3 М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесасы.

¦сынылатын єдебиет: [22], [35], ,[59].

4. Ж.Молдағалиев поэзиясының көркемдігі.

¦сынылатын єдебиет: [9], 240-246 бет.

5. С.Мәуленов лирикасы.

¦сынылатын єдебиет: [9], 246-250 бет, [3], 186-187 беттер, [15] 45-75 беттер.

6. Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесін» романындағы психологизм.

¦сынылатын єдебиет: [3], 116-118 бет, [12], 1-55 беттер,.

7. Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романының көркемдігіне картотека жасау.

¦сынылатын єдебиет: [8], 5-36 бет, [10], 161-167 беттер, [11] 156-176 беттер,[12]

8. Мұқағалидің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының көркемдігі.

¦сынылатын єдебиет: [9], 1-20 бет, [6], 25-39 беттер, [14] 49-100 беттер.


Қорытынды бақылау және ағымдағы үлгерім түрлері бойынша үлес салмағын бөлу

Р/С

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Үлес салмағы

1.

Емтихан

Емтихан

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6

2.

Сынақ

Сынақ

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6

3.

Курстық жұмыс (жоба)

Курстық жұмыс (Курстық жоба)

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет