Құрастырушы: Нугуманова Замзагуль Тулегеновна Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп бала бақшасының химия пәнінің мұғалімі



бет2/4
Дата09.06.2016
өлшемі404 Kb.
#123980
түріСабақ
1   2   3   4

Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1.Электронды оқулық арқылы өз бетімен жеке жұмыс жасауын негізге ала отырып, әр кластың құрамын, қасиетін, өзара байланысын сипаттайтын тапсырмаларды орындай білуге, сандық есептер шығаруға үйрету.Заттарды бір-бірінен ажырата білу, тірексызбаларды толықтыру және есеп шығару біліктіліктерін дамыту. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа жауапкершілікке,жинақылыққа тәрбиелеу..

Көрнекілігі: 1.Электронды оқулық.Интерактивті тақта,компьютер,таратпалы материалдар. Сабақтың түрі,әдісі: Қайталау,қорытындылау сабағы.Электронды оқулықпен өзіндік жұмыс. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру. ІІ.Мақсат қою кезеңі Сабағымыздың мақсатына тоқтамас бұрын,тақтадағы ребустың жауабын анықтау.

S’’’’’ Li’’’’ ’’’’’ Fe’’’’ N’’’ P Жауабы: кластар

Ендеше,балалар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын қайталау» ІІІ.Негізгі бөлім 1.«Ой шақыру» кезеңі Тірек-сызбанұсқа бойынша ,маңызды төрт класс талдау

Сұрақтар: А) Бейорганикалық қосылыстардың қанша класын білеміз? Ә) Оксид дегеніміз не? Оксид қалай жіктеледі? Б) Негіздер дегеніміз не? Негіздер қалай жіктеледі? В) Қышқыл дегеніміз не? Қышқыл қалай жіктеледі? Г) Тұздар дегеніміз не? Тұздар қалай жіктеледі?

«Ой шақыру» кезеңінде маңызды кластар туралы негізгі мағұлматтарды есімізге түсірдік. Осы мағұлматтарды пайдалана отырып,берілген заттарды тақтада ілінген арнайы қалталарға орналастыру. (қышқыл,негіз,оксид,тұздар,формулалары).

2. «Ой қозғау» кезеңі.

Бұл кезеңде электронды оқулықтан тапсырмалар орындаймыз.

Сабақ өту барысында 4 класс арасында (генетикалық) байланыс бер екенін білдік.Ендеше, генетикалық байланысты көрсететін мынадай өзгерістерді жүзеге асырайық.

прямая со стрелкой 1прямая со стрелкой 7прямая со стрелкой 10прямая со стрелкой 13Na S Ca C

Nпрямая со стрелкой 2прямая со стрелкой 8прямая со стрелкой 11прямая со стрелкой 14a2 O SO2 Ca O CO2

прямая со стрелкой 3прямая со стрелкой 9прямая со стрелкой 12прямая со стрелкой 15 NaOH SO3 Ca(OH)2 H2CO3

Na2SO4 H2SO4 CaCO3 CaCO3

Екі оқушы тақтада орындайды: Қалғандары дәптермен жұмыс жасайды. (қалғанын үйге беру)



3.Кестенің бос орнын толтыру.

Кластың аты

Формуласы

Жіктелуі




НСl




Натрий фосфаты




Орта тұз




ВаО




Алюминий гидроксиді







4.Тәжірибелік кезең

Екі сынауық берілген.Біреуінде-қышқыл,екіншісінде-сілті еріндісі бар екенін қалай анықтар едіңіздер. Жауабы: Индикатор арқылы күлгін түсті лакумус қағазы қышқылы бар сынауықта қызыл түске боялады.Ал,сілтісі бар сынауықта-көк түске боялуы тиіс.



5.Есептеу кезеңі.

Берілген теңдеулер бойынша есептер шығарамыз.

1-есеп. Na2O+H2SO4=Na2SO4+H2O

6,2 г


Жауабы: 142 г

2-есеп: Cu+O2=CuO

хг 4г

Бекіту.Тест тапсырмалары арқылы сабақ қорытындыланады.

1.Тұздың дұрыс формуласы. A)Na2SO4 Б)Na3SO4 C) NaSo4 2..4Na+O2=2Na2O Типі қандай? А) Айырылу Б)Қосылу С)Алмасу 3.KOH+HCl=KCl+H2O Барлық коэффицент саны қанша? А) 5 Б) 4 С) 3 4.Қышқыл қалдығының валенттілігі-(РО4)қанша? А) 3; Б) 2; С) 1; 5.Негіздік оксид: A) P2O5 Б) CO2 C) BaO



V.Үйге тапсырма: Қиындық тудырған тапсырмаларды қайталап оқу.

Сабақтың тақырыбы: Күкірт. ПЖ орны, атом құрылысы,физикалық, химиялық қасиеттері. Қазақстандағы күкірттің кен орындары.


Мақсаты:
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланып, күкіртке жалпы сипаттама. Өткен тақырыпты еске түсіре отырып білімдерін жинақтау, бір жүйеге келтіру.
Оқыту
нәтижесі
1. Жаңа сабақ барысында тақырыптың негізгі терминдеріне түсінік беру. Күкірттің аллотропиялық түрөзгерісінің көп болу себебін түсіндіру. 2. Анализ және синтездік ойлауын дамыту: талдау, салыстыра білу, қорытынды жасау, байқау, өзінің және өзге оқушының жұмысын бағалау 3. Оқушыларды бірлесіп жұмыс жасауға, бірін- бірі құрметтеуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға,бір-бірін бағалауға тәрбиелеу.

Түйінді


идеялар Күкірттің қасиеттерімен танысу. Күкірттің адам ағзасына зиянды әсері. Кристалды күкірт пен иілімді күкірттің қасиеттерінің әртүрлі болу себебін анықтау

Қолданылған

технологиялар

мен модулдер Презентация «Күкірт », МПЖК, АКТ, сыни тұрғыдан ойлау, тақырыпқа байланысты таратпа материалдар, бағалау парағы, ватман, маркер, смайліктер, стикер

Сабақтың барысы. Мұғалімнің іс-әрекеті. Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Оқушыларды түгендеу.

Слайд1.Оқушыларды психологиялық дайындау. Шаттық шеңбері Амандасу

Оқушыларды топқа бөлу

Сабақтың

тақырыбы


мен мақсатын

ашу Үй тапсырмасын тексеру. Слайд 2. Химиялық диктант Слайдта химиялық диктант көрсетілген; оқушылар нышандар көмегімен белгілейді 1. Бейметалдардың металдарға қарағанда айырмашылығы қандай? 2. Бейметалдардың атом радиустары период бойынша қалай өзгереді? 3. Период бойынша бейметалдар қалай өзгереді? 4. Топ бойынша бейметалдық қасиет қалай өзгереді? 5. Электртерістілігі жоғары бейметалл? 6. Элемент электрондарын беріп жіберіп қандай қасиет көрсетеді? 7. Электртерістілік дегенімізді қалай түсінесің? Слайд 3. Сабақтың тақырыбын білу үшін слайдқа назар аударту. Слайдтағы «Бейнелі сөзді» шешу. Бейнелі сөздегі « түйін сөз» сабақтың тақырыбын ашады. Жұппен жұмыс. Өз білімін бағалауға дағдыланады. Бейнелі сөзді шешу арқылы сабақтын тақырыбын анықтайды. Жеке ұжымдық жұмыс (миға шабуыл) Оқушылар топпен ақылдасып, сабақтың мақсатын айқындайды

Жаңа тақырыппен танысу Слайд 4. Сабақтың тақырыбы слайдта берілген. Сабақтың жоспарымен таныстыру, топтарға тапсырма береді, таратпа материалдарын таратады «Сергіту сәті» Қызықты сандарды шешу Топпен ақылдасу І- топ. Күкірттің ПЖ орны,атом құрлысы,табиғатта кездесуі.Қазақстандағы кен орындары. ІІ- топ. Күкірттің физикалақ қасиеттері ІІІ- топ. Күкірттің химиялық қасиеттері IV- топ. Күкірттің қолданылуы мен физиологиялық әсері Әр топ өз постерлерімен жұмыс жасайды, адам ағзасына әсері, химиялық, физикалық қасиеттері, экологияға зияны. Әр топтың спикерлері өздері дайындалған постерлерін қорғайды.

Сабақты бекіту. Слайд тапсырмалар слайдта берілген: Түрөзгерістерді жүзеге асыру Слайд Қатемен жұмыс. Алдымен оқушылар топпен орындайды. Содан кейін тақтада берілген теңдеудің дұрыс шығарылу жолдарымен салыстырады. Реакция теңдеулерін жазып, қателерін түзетеді . Тақтада берілген

Үй тапсырмасы § ,10/ 41,42 бет 1-13 жаттығу

Қорытынды Венн диаграмасы Оқушылар сабақтан алған әсерлерін айтады



Сабақтың тақырыбы: Металдардың физикалық қасиеттері
Сабақтың мақсаты: Металдардың құрамы, құрылысы және физикалық қасиеттерінің өзара байланысын түсіндіру. Кристалдық тордағы бос электрондарға байланысты ортақ қасиеттерді ажырата білуге дағдыландыру. Металдардың маңызы туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

а) Металдардың түрлері,құрылысы,олардың арасындағы байланыс, маңызы туралы білім-білік дағдысын қалыптастыру.

ә) Металдардың құрылысын, қасиеттерін, маңызын оқып білу

б) Металдардың маңызын, оны қорғауға үйрету.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, мақал айту .

Сабақтың типі: аралас сабақты меңгеру сабағы.

Пәнаралық байланыс: физика, биология, география, қазақ тілі, тарих

Сабақтың көрнекілігі: кейбір металдардың үлгілері, кристалл тор үлгілері, слайд материалдары, интерактивті тақта.

1. «Химиялық ой жинау».



  1. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі металдардың орнын көрсетіңдер.

  2. Периодтық жүйеде металдар қандай түстермен көрсетілген?

  3. Жасыл түсті элементтер металл бола ала ма?

  4. Периодтық жүйедегі металдардың саны қанша?

  5. Негізгі топшалардағы металдардың ерекшеліктері қандай?

  6. Металдарға тән тотығу дәрежелері қандай?

  7. Тотығу дәрежелерінің санын қалай анықтайды?

  8. Металл атомдарының кристалдық құрылысы қандай?

  9. Металдық байланыс дегеніміз не?

  10. Металдық байланыстың сызбанұсқасын салып көрсет.

  11. Металдық байланыстың иондық, ковалентті байланыстан ерекшелігі қандай?

Металл қосылыстарын білесіз бе?

Темір (ІІІ) оксиді, кальций карбонаты, алюминий сульфаты, кальций хлориді, темір (ІІІ) гидроксиді, алюминий оксиді.

Металдардың құрылысы

Металдардың сыртқы энергиялық қабаттарында 1-ден 3-ке дейін электрондар орналасқан.Металл атомдарының радиусы бейметалдармен салыстырғанда үлкендеу. Атом құрылы сындағы мұндай ерекшелік тек металдарға ғана тән.

Жай зат түріндегі металдар кристалдар түзеді.Кристалға басы біріккен атомдардың арасында химиялық байланыстың ерекше түрі – металдық байланыс.

Металдық байланыс дегеніміз – металдың кристалдық торындағы атомдардың,оң зарядты иондардың және еркін қозғалыста болатын электрондардың арасында туатын байланыс.Ол былай өрнектеледі.

Me0 – ne =Men+1

Металдардың периодтық жүйедегі орны

Химиялық элементтердің басым көпшілігі металдар. Қазіргі уақытта бізге белгілі 110 элементтің 88-і металдар. Химиялық элементтердің барлық топтарында металдар бар.

Металдар І-ІІІ топтың негізгі топшасында және барлық қосымша тошаларда кездеседі.

Металдар деген – химилық элементтер мен оларды түзетін жай заттар.

Жаңа сабақ тақырыбы:

Металдардың физикалық қасиеттері

Сабақтың эпиграфы

«... еліміздің жер қойнауында кездесетін байлықтың сан түрі жерінде тұнған Орталық Қазақстан сияқты «асыл тәждің» Қазақстанда болуын мақтан етемін»

Н.Ә. Назарбаев
“Адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды... егер металдар болмаса... адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты өмір сүрген болар еді. ” Георгий Агрикола

ІІІ. Мағынаны тану. Топтастыру

“Металдар” сөзінің өзі ертедегі гректің осыған үндес “іздеу” деген сөзінен шығуы мүмкін. Металдар адамзат қоғамына ертеден белгілі. Өркениетті өндірістің дамуына сәйкес және адамдардың металдарды игеруіне орай тарихта бүтіндей металл дәуірлерінің аты қалған. Біздің заманымыздың бас кезінде не бары 7 металл белгілі болса, XVIII ғасырда оның 17-сі ашылды. Ең алғаш табылған металдар сом күйдегі тума алтын мен мыс болатын.

Металдар жай заттар ғана емес, олар химиялық элементтер. Металдар жер массасының 99%-ын құрайды.

Металдардың физикалық қасиеттері

1.қатты болуы.

2.металдық жылтырының болуы

3.электрөткізгіштігі

4.жылуөткізгіштігі

5.тығыздығы

6.иілгіштігі және тапталғыштығы

Тығыздығына қарай: а) ауыр б) жеңіл

Агрегаттық күйіне қарай: а) қатты б) сұйық

Түсіне қарай: а) түсті б) қара


Балқу температуралары:

Ең жеңіл металл – “Li”

Ең жұмсақ металл – “Na”

Ең сұйық металл – “Hg”

Ең қатты металл – “Cr”

Ең ауыр металл – “Os”

Түсті металдар – “Au,Ag”

Ең қиын балқитын металл – “W” (+3410 C)


Металдар тұрмыс-тіршілікте

Наполеон ІІІ-ні қызықтырған металл

Француз ғалымы Сент-Клер Девиль 1854 жылы тұңғыш рет өндірісте қолдануға жарайтын тәсілмен таза алюминий алды. 1855 жылы бүкіл дүние жүзілік Париж көрмесіне “Девиль күмісі” деген атпен салмағы 0,5 кг күміс түсті жаңа металл қойылды. Алюминий ол кезде өте қымбат 1 кг 2400 маркаболды. Ол баға сол кездегі алтыннан көп қымбат еді. Оның қымбаттығы көпшілікке бұл металдың асылдығының айғағы секілді болып көрінді. Наполеон ІІІ бұл жаңа металға қатты қызығып бүкіл армияға төсбелгі мен бассауыт соқтырмақшы болды. 1899 жылы Лондонда атақты химик Д. И. Менделеевке қымбат сыйлық ретінде сол кездегі аса бағалы металдар алтын мен алюминийден жасалған таразы ұсынылды. Әлбетте, оның бағасы қазір көп арзандады. Металдар арасында алюминий жер қыртысында ең көп тараған элемент. Практикалық маңызы зор металдардың бірі.

ХІХ ғасырда француз ғалымы Мери қандағы гемоглобиннің құрамында темірдің бар екенін ашу үлкен жаңалық болды. Адамдар арасында үлкен қызығушылық пайда болып оның соңы қойғылы жағдайға әкеліп соққан. Медицина тарихында мынадай оқиға болған. Студант жақсы көрген қызына өзінің қанынан сақина сыйламақшы болып, аз-аздан қанының құрамынан химиялық жолмен темір алып, жинай бастаған. Бірақ қажетті мөлшердегі темірді жинай алмай жігіт қаза болған.

670 жылы Констинополь қаласының қорғаушылары «грек оты» деп аталған қаруды пайдаланылған.Осы қарудың құрамында қандай жай зат болған?

Бірде Александр Македонский соғысында әскерлер тынығып демалған кезде, офицерлер мен жай әскерлер тамақтанғаннан кейін, белгілі бір уақыттан өткенде жай әскерлердің іштері қатты ауыра бастаған. Ал офицерлерге ешнәрсе болмаған, бірақ екуінің де ішкен тағамдар құрамы бірдей.

Сұрақ- неге офицерлер ауырмаған деп ойлайсыздар ?
Металдардың адам өміріндегі маңызы

Сүйек ұлпасының негізін құрайды,қандағы гемоглобиннің құрамына кіреді

Өсімдіктер хлорофилінің құрамына кіреді.

Металдардың қатысуымен жүретін тірі ағзалардағы ең маңызды процестер

Зат алмасу Фотосинтез Оттек алмасу
Сергіту сәті

Шарларды жинау:

Шарлардағы металдарды берілген кілемшеге орналастырыңдар.
ІІІ.Толғаныс. Жаңа сабақты пысықтау, бекіту.

Сұрақ -жауап

1.Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық

жүйесіндегі металдардың пайыздық мөлшері

2.Сілтілік металдар

3.Жеңіл балқитын металдар

4.Электр шамының қылын жасайтын, ең қиын балқитын металл

5. Сілтілік жер металдарының тобы

6.Тотығу-тотықсыздану реакцияларында металдар

7.Электр тогын ең күшті өткізетін металл

8.Тез магниттелуге және магниттік магниттік қасиетін жоюға

бейім металл.

9.4АІ+3О2 -2АІ2О3 реакциясы бойынша 1моль АІ жанғанда

неше моль АІ2О3 түзіледі.

10.Темір (ІІІ) оксидіндегі темірдің индексі қанша?
Үйге тапсырмасын күнделікке белгілеу: §28 Металдардың физикалық қасиеттері, 5-жаттығу
ІҮ. Қорытынды. Бағалау
Сабақтың тақырыбы: «Тотығу. Оксидтер. Олардың аталулары»


Сабақтың мақсаты: білімділік: тотығу, оксидтер, олардың аталулары туралы түсіндіріу; тотығу реакциясының мағынасы мен мәні жайлы оқушыларға терең білім беру;
дамытушылық: оқушылардың өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, білімдерін тиянақтап, дамыту;
тәрбиелік: оқушылардың ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу; пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Ізденіс
Сабақтың әдісі: тест тапсырмасы, деңгейлік тапсырмалар, тірек-сызба, сұрақ-жауап;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бор, оқулық, тест тапсырмалары, тірек сызбалар;
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:
- оқушылармен амандасу,
- оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру;
- психологиялық дайындық;
Көзді жұмып жақсы нәрсе туралы ойлаңдар. Барлықтарыңа және өздеріңе сәттілік, жақсы көңіл күй тілеңдер. Көздеріңді ашып, бір-біріңе күле қараңдар.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау;


«Оттек, оның алынуы және қасиеті» тақырыбына арналған графикалық тест. «Иә», «жоқ» деген жауаппен белгілеп отырады. (иә, - жоқ).
1. Оттек иіссіз, дәмсіз, түссіз газ.
2.Оттекті тек XVIII ғасырда Пристли ашты.
3. Оттек ауада 21 % кездеседі.
4. Оттекті зертханада алыну теңдеуі мынадай:
5. Өнеркәсіпте оттегін судан алады
6. Бертолле тұзынан оттегін лабороторияда мына теңдеу арқылы алады:
7. Химиялық реакция жылдамдығын тездететін, бірақ өзі реакцияға қатыспайтын зат катализатор деп аталады.
8. Оттегін 2 әдіспен ауаны, суды ығыстыру арқылы алады
9. Ауаның массасы – 27 ге тең
10. Оттек суда нашар ериді

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Логикалық кесте.
көміртегі күкірт
фосфор темір

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру;


М: 1. Зат дегеніміз не? Неше түрі бар?
2. Жай зат дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?
3. Күрделі зат дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?
Немесе мына сызбанұсқадан көре аламыз.

«Сиқырлы гүл» ойыны.


Гүл жапырақтарында әртүрлі химиялық формулалар жазылған. Формулалар жазылған жапырақтарды тиісті кестенің ұяшықтарына қоямыз.
Металдар
Бейметалдар
Күрделі заттар
Заттың оттекпен әрекеттесу тотығу деп аталады.
ЭО – оксидтердің жалпы формуласы.
Мысалы:
Оксидтерді халықаралық жүйемен атайды.
1-тәсілі: - алюминий (ІІІ) оксиді.
2-тәсілі: - дюралмюминий триоксиді
«моно»-1, «ди» - 2, «три» - 3, «тетра» - 4, «пента» - 5 т.б

IV. Бекіту.


М: Сонымен, балалар оксид дегеніміз не? Қорытынды ереже шығармас бұрын
Мына сызбаға көңіл бөлейік.
Сапалық құрамы

Оксидтер. Сандық құрамы


Түзілуі
М: Сонымен, оксид деп нені айтады?
О: Оксид дегеніміз – екі элементтен тұратын оның біреуі міндетті түрде оттегі болатын күрделі заттарды айтамыз.
М: Оксид деген – бинарлы
Екі элементтен тұрады.
Бірі оның оттегі
Болу керек міндетті
Екеуі бірге қосылса,
Тотығу реакциясы болады.
Нәтижесінде осының
Күрделі зат туады.

Ойын: «Алтын кілт» «Оксид» деген сейфтің шифрін табу. Мына берілген қосылыстардың ішінен оксидтердің формуласын тауып, сейфтің шифрін табамыз


1.CO2 2. NaOH 3. НNO3 4. CaO 5. SO2 6. MgO 7. H3RO4 8. Ca (OH) 9. N2O5 10. PH3 1. P2O5 12. ZnSO4
Сейфтің шифрі: 1,4,5,6,9,11
Ойын: «Аукцион» Оксидтердің формуласы беріледі. Сол оксидтің атын атайды. Элементтің валенттілігін, түзілу реакциясын құрып, реакция типін анықтау. Қай оқушы толық жауап берсе, сол оқушыға «оксид» картинасы беріледі.
“Кедергілермен көтерілу”.
“Химиялық сатымен” көтеріле отырып, оксидтер формуласын құрып жаз. Оларды ата.

V. Дидактикалық тапсырмалар.


«Айқыштар мен нөлдер» Мына төменде берілген кестеден тек оксидтерді тауып, алыну реакциясын жазыңыз және атаңыз.

натрий (І) оксиді


фосфор (V)
темір (ІІ) оксиді
«Кім жылдам?» Төмендегі өзгерістерді орындаңыз, түзілген оксидтерді атаңыз.

«Кім математик?»


№1. 16 г күкіртті жаққанда түзілген күкірт (IV) оксидінің массасын табыңыз.
Берілгені: Шешуі:
m(S)= 16 г
16 г S - х г
табу керек 32 г – 64 г
m( )=?

Ar(S)=32u


Mr( )= 32+16*2=64
Жауабы: m( )=32 г

№2. Массасы 64 г SO2 зат мөлшерін есептеңіз


№3.Массасы 44 г CO2 зат мөлшерін есептеңіз

IV.Қорытынды.


Оксидтерді екі түрі атаумен атау. Дұрыс жауаптан мадақтау сөз шығады.

Қорғасын моно оксиді---ж----ш------к-----а


Көміртегі диоксиді--------е-----а------м-----е
Қорғасын (ІІ) оксиді-------р-----а------е-----н
Магний (ІІ) оксиді---------н-----қ-------х-----а
Күміс (І) оксиді е-----------ұ------й------л
Көміртек (IV) оксиді------ә------с-------и-----б
Магний моноокисді------ю-----ы-------л----ы
Дикүміс моно оксиді-----м-----ғ--------ң----ф

VI. Үйге:§23. №5 жаттығу 66 бет

VII. Бағалау:
Оқушы аты – жөні
Граф тест
Логи кесте
Сиқырлы гүл
Алтын кілт
Аукцион Кедергіден өту
Айқыштар мен нөлдер
Кім жылдам
Кім математик қорытынды

Сабақтың тақырыбы: Судың құрамы. Судың физикалық қасиеттері.

Сабақтың мақсаты: Оқушының білім мен білік дағдысын қалыптастыру, ой-әрекетінің дамуын арттыру, шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйрету. Судың ашылу тарихы, құрамы, физикалық қасиеті туралы мағынаны ашу. Табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғай білуге, экологиялық, экономикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары. Өзін-өзі бағалау.

Қолданылған көрнекіліктер мен құралдар: компьютер, графопроектор, электронды кітапшалар. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа тақырыпты меңгерту.

IV. Сабақты бекіту.

V. Үйге тапсырма.

II. Үй тапсырмасын тексеру.


  1. Ой шақыру.

Сөйлемді аяқтаңыз.

Ерітінділер дегеніміз -

Ерітіндінің түрлері -

Қатты заттардың ерігіштігі -

Ерітіндінің концентрациясы -

Концентрлі ерітінді -

Сұйылтылған ерітінді -


  1. Ой қозғау.

  1. «Ойлан тап» 2-оқушы тақтаға үй тапсырмасын орындайды. 2, 3-жаттығу.

I, II – нұсқа бойынша оқушыларға есептер шығаруға тапсырма беріледі.

«Үш артықты» табыңыз.



III. Жаңа тақырыпты меңгерту.

  1. Қызығуды ояту.

Бір күні бар элемент жиналып, кімнің маңызды екеніне жауап таппай қиналады.

Алғашқы элемент:

- Кестеге бірінші тұрған кім

Тегін тұрғанымды біл

Отында болам, ауа шары да болам.

Ұшқың келсе мін

Бомба болып жарыламын

Деп күш көрсетті

Беріспейтін іс көрсетті.

Бұл қай элемент? (Жауабы.Сутек-H)



2-ші элемент:

-Жақындасам жанып.

Су боларсың анық.

Шамаңды білмейсің неғып?

Мен болмасам тұншығып,

Қараң болар тіршілік

Мен бар жерде бар емеспе бәрі де

Күні шығып, отындары жанатын.

Бұл қай элемент? (Жауабы: Оттек-O)

Құрамында осы 2 элемент кіретін қандай қосылысты білеміз?

H2 O - бір оқушы тақтаға жазады.

Жалпы сыныпқа тапсырма.

Су туралы не білеміз? Ассосация құру.

- Молекулалық формуласы - H2 O.

- Mr (H2 O) = 18.

- Күрделі зат - 2 элементтен тұрады.

-электр тогын нашар өткізеді.

- түссіз, дәмсіз, иісіз сұйық. Қайнау темп-сы – 100 градус. Балқу темп-сы 0 градус.

-Судың үш күйі бар: қатты, сұйық, газ.



2. Мағынаны ажырату.

Судың құрамын анықтау. Шығармашылық жұмыс.

Алдын-ала тапсырма берілген оқушылар судың 2 – элементтен тұратынын

дәлелдеп береді.

1 – оқушы: Су жасанды жолмен газ тәрізді сутектің оттекте жануымен алынды, яғни сутек және оттектен тұратындығы анықталды.

2 H2 + O2 = 2 H2 O

Жай заттардан күрделі заттардың алынуы синтез деп аталады.

2 – оқушы: Суды электр тогының көмегімен құрам бөліктерге айыру арқылы, су молекуласында Суды электр тогының көмегімен құрам бөліктерге айыру арқылы, су молекуласында 2 – атом сутек, 1 – атом оттек болатындығын дәлелдеді.

2 H2 O = 2 H2 + O2.

Заттың құрамын жай заттарға жіктеу арқылы табу әдісі талдау (анализ) деп аталады.

V. Сабақты бекіту.


  1. Есеп шығарту.

72г суды айырғанда шығатын сутек пен оттектің массасын табыңдар.
2 H2 O = 2 H2 + O2. Mr (H2 O) = 18 * 2 =36.

Mr (H2 ) = 2 * 2 = 4.

Mr ( O2) = 32.
72г / 36 = Х / 4 Х = 72 * 4 / 36 = 8 гр.

72г / 36 = У / 4 У = 72 * 3 / 32 = 7 гр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет