Құрастырушы: Нугуманова Замзагуль Тулегеновна Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп бала бақшасының химия пәнінің мұғалімі



бет3/4
Дата09.06.2016
өлшемі404 Kb.
#123980
түріСабақ
1   2   3   4

Жауабы: 8 гр сутек.

7 гр оттек.


  1. Графикалық диктант

  • Иә  Жоқ

  1. Табиғи таза су болады ма?

  2. Алғаш суды синтездеген Г. Кавендиш.

  3. Су оттектің екі атомы сутектің бір атомынан құралған күрделі зат.

  4. Судың сандық құрамын анықтаған Ж.Менье.

  5. Еріген заттың мөлшері көп болса қанықпаған ерітінді.

  6. Температура жоғарылағанда қатты заттардың ерігіштігі артады.

  7. Н2 СО3 күкірт қышқылы.

  8. СаСО3 калций карбонаты.

  9. Қышқылдар металдармен әрекеттесіп, оттек бөледі.

  10. Су еріткіш.



VI. Үйге тапсырма.

«Судың маңызы» тақырыбына мәнжазба.

39-тақырып. 2,3 – жаттығу.

Сабақтың тақырыбы: Сутек
Сабақтың мақсаты: Тірек-сызба арқылы деңгейлеп оқыту; сабақ сапасын көтеріп түрлерін жетілдіру; сутек арқылы химиялық формула құру.

Барысы: 

1. 8 класс оқушылары «Сутек» және «Оттек» болып екі топқа бөлініп, өз тобының атын қорғайды.

Біліммен ашасың жол ғылымға,

От боп лаула, су боп кейде құйыл да.

Домалақ жер, аспан көгі, өзен де,

Айтылыпты ақындардың жырында.

Жесек тамақ, кисек киім, тұратын мына үйіміз,

Ол болмаса келіспейді, жетіспейді күйіміз.

Ішсек дәрі тірі ағзада құбылыс,

Бәрі, бәрі сияды екен «Химия» деген ғылымға.
2. «Бой сергіту»

«Сутек» тобына: 1. Өршіткі деген не?   2. Молярлық көлем? 3.Газдың салыстырмалы тығыздығы ?

прямоугольник 42.«Шардан шыққан басқатырғыш» Екі шардың біреуін бірінші бөлімде жеңген топ таңдайды. Онда үш деңгейде тапсырмалар берілген.

«Сутек» тобына: 1.Эндо және экзотермиялық реакцияларды екі бағанға бөліп жазыңдар.

С + О2 = СО2 + Q Ca + O2 = CaO 2Hg = 2Hg + O2 – Q 2H2O = 2H2 + O2 – Q



  1. Оксидтердің формуласын атына сай жазыңыз. Натрий оксиді – Күкірт (IY) оксиді – Темір (ІІІ) оксиді –

  2. Сутектің қ.ж. тығыздығын есептеңдер.

«Оттек» тобына:

1 Эндо және экзотермиялық реакцияларды екі бағанға бөліп жазыңдар.

НСl + NaOH = NaCl + H2O + Q CuO + H2 = Cu + H2O   CaCO3 = CaO + CO2 – Q   Ca + H2 = CaH2

2 Оксидтердің формуласына сай жазыңыз.

Калий оксиді – Көміртек (ІY) оксиді –     Фосфор (Y) оксиді –

3 Оттек газының салыстырмалы тығыздығын табыңдар. 


1. «Жұмбақтас».

Ең жеңіл элемент саналады,

Периодтық жүйе осыдан бастау алады. (Сутек)

Сутек табиғатта мол емес пе?

Тұрағы мұнай, газбен емес пе?

Таңбасы Н2 деп мен білемін,

Бәрінен ең жеңілі сол емес пе?



«Сен – маған, мен - саған» Екі топ бір – біріне түсіндірілген жаңа тақырып бойынша екі сұрақтан қояды.
ІІІ блок.

1.«Көсемдікке ұмтылу» Деңгейлік тапсырмалардағы үш деңгейді толық орындаған топ ұтады.



«Сутек» тобына: 1.Құрамында сутегі бар артық қосылысты табыңдар.

MgCl2, HCl, H2S, Na2SO4.   2.Метанның, судың құрамындағы сутектің массалық үлесін табыңдар.

3.Реакция теңдеуін жүргізіңдер: өте белсенді ме + су = ме. гидрооксиді + сутек газы

«Оттек» тобына: 1. Құрамында сутегі бар артық қосылысты табыңдар.

H2SO4, BaSO4, KNO3, NaHSO4.

2.Пропан мен тұз қышқылы құрамындағы сутектің массалық үлесін табыңдар.

3.Реакция теңдеуін жүргізіңдер. Белсенді ме. + Қ = Т + сутек газы.

Екі топ уақытында бағаланды, сабақ соңында қай топ алға шыққанын, бағалау парағы арқылы қорытындылау.

 
Сабақтың тақырыбы: «Тотығу.Оксидтер.Олардың атаулары»



Сабақтың мақсаты: білімділік: тотығу,оксидтер,олардың атаулары туралы түсіндіру;тотығу реакциясының мағынасы мен мән жайлы оқушыларға терең білім беру; дамытушылық:оқушылардың өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп,білімдерін тиянақтылап,дамыту; тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу; пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Сабақтың типі: Аралас Сабақтың түрі: Ізденіс Сабақтың әдісі:тест тапсырмасы,деңгейлік тапсырмалар,тірек-сызба,сұрақ-жауап; Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,бор,оқулық,тест тапсырмалары,тірек сызбалар; Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру:

-оқушылармен амандасу, -оқушыларды түгендеп,сабаққа дайындығын тексеру; -психологиялық дайындық; Көзді жұмып жақсы нәрсе туралы ойлаңдар.Барлықтарыңа және өздеріне сәттілік,жақсы көңіл кұй тілеңдер.Көздеріңді ашып,бір-біріңе күле қараңдар.



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

«Оттек,оның алынуы және қасиеті» тақырыбына арналған графикалық тест. «Иә», «жоқ» деген жауаппен белгілеп отырады.А-иә,-жоқ.

1.Оттек иіссіз,дәмсіз,түссіз газ

2.Оттекті тек XVІІІ ғасырда Пристли ашты.



  1. Оттек ауада 21% кездеседі.

  2. Оттектің зертханада алыну теңдеуі мынадай:

5.Өнеркәсіпте оттегін судан алады.

6.Бертолле тұзынан оттегін лабароторияда мына теңдеу арқылы алады:
7.Химиялық реакция жылдамдығын тездететін,бірақ өзі реакцияға қатыспайтын зат катализатор деп аталады.

8.Оттегін 2 әдіспен ауаны,суды ығыстыру арқылы алады.

9.Ауаның массасы-27 ге тең

10.Оттек суда нашар ериді.


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

М: 1.Зат дегеніміз не? Неше түрі бар?

2.Жай зат дегеніміз не?Нешеге бөлінеді?

3.Күрделі зат дегеніміз не?Нешеге бөлінеді? (Сызба арқылы сұралады) «Сиқырлы гүл» ойыны

Гүл жапырақтарында әртүрлі химиялық формулалар жазылған.Формулалар жазылған жапырақтарды тиісті кестенің ұяшықтарына қоямыз.

Металдар

Бейметалдар

Күрделі заттар




































Заттың оттекпен әрекеттесуі тотығу деп аталады.

ЭО-оксидтердің жалпы формуласы. Мысалы:

Оксидтерді халықаралық жүйемен атайды. 1-тәсілі: -алюминий(ІІІ)оксиді 2-тәсілі: -диалюминий триоксиді «моно»-1, «ди»-2, «три»-3, «тетра»-4, «пента»-5 т.б

ІV.Бекіту

М: Сонымен,балалар оксид дегеніміз не? Қорытынды ереже шығармас бұрын мына сызбаға көңіл бөлейік.



прямая соединительная линия 16 Сапалық құрамы

Опрямая соединительная линия 17прямая соединительная линия 18ксидтер Сандық құрамы

Түзілуі

Сонымен, оксид деп нені айтады?



М: О: Оксид дегеніміз-екі элементтен тұратын оның біреуі міндетті түрде оттегі болатын күрделі заттарды айтамыз.

Ойын: «Алтын кілт» «Оксид»деген сейфтің шифрін табу.Мына берілген қосылыстардың ішінен оксидтердің формуласын тауып,сейфтің шифрін табамыз.

1.

Сейфтің шифрі.1,4,5,6,9,11



Ойын: «Аукцион» Оксидтердің формуласы беріледі.Сол оксидтің атын атайды.Элементтің валенттілігін, түзілу реакциясын құрып,реакция типін анықтау.Қай оқушы толық жауап берсе,сол оқушыға «оксид» картинасы беріледі.

“Химиялық сатымен” көтеріле отырып,оксидтер формуласын құрып жаз.Оларды ата.



V.Дидактикалық тапсырмалар.

«Айқыштар мен нөлдер» Мына төменде берілген кестеден тек оксидтерді тауып,алыну реакциясын жазыңыз және атаңыз.






























«Кім жылдам?» Төмендегі өзгерістерді орындаңыз,түзілген оксидтерді атаңыз.

прямая со стрелкой 19 KClO

«Кім математик?»

№1.16 г күкіртті жаққанда түзілген күкірт(ІV)оксидінің массасын табыңыз.

Бпрямая соединительная линия 20ерілгені Шешуі: m(S)=16 г

Тпрямая соединительная линия 21абу керек m(SО)=?

№2.Массасы 64 г SО зат мөлшерін есептеңіз

№3.Массасы 44 г СО зат мөлшерін есептеңіз



VІ.Қорытынды. Оксидтерді екі түрі атаумен атау.Дұрыс жауаптан мадақтау сөз шығады.




PbO

CO

AgO

MgO

Қорғасын моно оксиді

ж

ш

к

а

Көміртегі диоксиді

е

а

м

е

Қорғасын(ІІ) оксиді

р

а

е

н

Магний (ІІ) оксиді

н

қ

х

а

Күміс(І) оксиді

е

ұ

й

л

Көміртек (ІV) оксиді

ә

с

и

б

Магний монооксиді

ю

ы

л

ы

Дикүміс моно оксиді

м

ғ

ң

ф

Тақырыбы: Химиялық элементтерді жіктеудегі алғашқы қадамдар

Мақсаты: Білімділік: Химиялық элементтердің жіктелуі,металдар мен бейметалдар, олардың маңызы туралы түсінік беру. Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту,танымдық,ойлау,есте сақтау қабілеттерін арттыру,жұмыс дағдысын нығайту. Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке,жеке тұлға болып қалыптасуға, жауапкерщілікті сезіне білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: периодтық жүйе,сызбанұсқа,таратпа қағаздар,слайдтар. Сабақтың түрі: саяхат сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ізденіс,ассоциация,тест,есеп шығару. Пәнаралық байланыс: биология,география,математика,физика,қазақ әдебиеті. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу,назарларын сабаққа аудару. Үй тапсырмасын сұрау. Тест жұмысы

1.Массасы 8 г кальций сумен әрекеттескенде неше грамм сутек газы бөлінеді:



  1. 0,5 г

  2. 0,3 г

  3. 0,1 г

  4. 0,4 г

2.Бір негізді қышқылды тап:

  1. Күкірт қышқылы

  2. Азот қышқылы

  3. Фосфор қышқылы

  4. Көмір қышқылы

3.Тұздар дегеніміз:

  1. Металл атомы мен гидроксотоптан тұрады

  2. Сутек атомы мен қышқыл қалдығынан тұрады

  3. Метал атомы мен қышқыл қалдығынан тұрады

4.Берілген формуладан тұзды табыңыз:

  1. HBr

  2. H S

  3. CuS

  4. HCl

5.6,2г натрий оксиді қанша грамм күкірт қышқылымен әрекеттеседі:

  1. 1,2

  2. 7,3

  3. 9,8

  4. 5,2

6.Негіздер нешеге бөлінеді:

  1. Бөлінбейді

  2. 2

  3. 3

  4. 4

7.Тұздарды алудың негізгі неше тәсілі бар?

  1. 10

  2. 15

  3. 5

  4. 4

8.MgOHCl-дың атауы

  1. Магний хлориді

  2. Магний гидрохлориді

  3. Магний гидроксиді

  4. Магний гидроксохлориді

9.Қышқылдық оксид пен су әрекеттескенде түзіледі:

  1. Сілті

  2. Қышқыл

  3. Тұз

  4. Негіз

10.Қышқыл дегеніміз не?

  1. Метал атомы мен гидроксотоптан тұрады

  2. Метал атомы мен қышқыл қалдығынан тұрады

  3. Сутек атомы мен қышқыл қалдығынан тұрады

Жауаптары:

1.д 2.в 3.с 4.с 5.с 6.с 7.а 8.д 9.в 10.с

Жаңа сабақты түсіндіру:

ХІХ ғасырдың екінші жартысында химиялық элементтердің 60-тан астамы белгілі болып, ал олардан алынған заттардың алуан түрлілігі ғалымдарды элементтердің қасиеттерін зерттеуге, олардың бәріне ортақ қасиеттерін табуға жетеледі.

Элементтерді өздеріне ортақ ұқсастықтарына байланысты былай жіктейді:


Элементтер


прямая соединительная линия 22прямая соединительная линия 24
Металдар
прямая соединительная линия 26
Бейметалдар

Екідайлы
прямая соединительная линия 6

Енді саяхатымызды бастайық: №1-аялдама- «Металдар»елі



Металдар: Ca,K,Li,Na,Zn,Mg,Mn,Ag,Au,Al,Hg,Pb,Bi,Cs,Rb,Ba,Sr,Fr

Металдар-созылымды,серпімді,металдық жылтыры бар,электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін қатты заттар.


Металдар жіктелуі

ж

ж




прямая соединительная линия 30прямая соединительная линия 31прямая соединительная линия 32прямая соединительная линия 29


Түсіне қарай:

Қара және түсті

Тығыздығына қарай: ауыр және жеңіл

Агрегатты күйіне қарай: сұйық және қатты


Металл кендері: Pb,Zn- Текелі,Малеевсек,Ащысай Mg,Ti.Zn,In,Be,Ta,Nb- Өскеменде өндіріледі Mn- Қарашал,Жезді Cr- Хромтау,Ақтөбе облысы Cu- Жезқазған,Ақтоғай,Айдарлы Fe- қарағанды,Орал,Соколов-Сарыбай,Рудный W,Mo- Ағадыр,Қатонқарағайда Sn- Көкшетауда,Қарағандыда Au- Бақыршық,Майқайың,Жетіқарада өндіріледі

2-аялдама- «Бейметалдар» елі



Бейметалдар: B,C,P,Cl,N,O,F,S,Si,Ar,Br,I,H,As,Se

Бейметалдар әртүрлі агрегаттық күйде болатын жай заттар түзеді: мысалы,күкірт,йод-қатты,бром-сұйық,сутек,азот,оттек-газ.Олардың түсі және қасиеттері әр түрлі болады.Олардың металдардан өзгешілігі бәріне тән ортақ қасиеттері болмайды.

3-аялдама «Екідайлы элементтер» елі

Екідайлы элементтер: Zn,Be,Al,Cr,Pb,Se

Екі жақты әрі металдық,әрі бейметалдық қасиет көрсететін элементтер екідайлы элементтер деп аталады.

Қышқылмен де, сілтімен де әрекеттесетін заттар екідайлы деп аталады.Грек тілінде «амфотерус»-екі жақты мағынасын білдіреді.Ондай химиялық элементтерге алюминий,хром,берилий,мырыш сияқты элементтер жатады. Мысалы:

Zn+HCl ZnCl+H Zn+2KOH K ZnO+H

Бұдан мырыштың әрі негіздік,әрі қышқылдық қасиет көрсететіні байқалады. «ЭЛЕМЕНТТЕР-АДАМ АҒЗАСЫНДА»

Өкпеде- Li,Na Қанда- Fe,Na,Li,Ca,H Қалқанша безінде- I,Zn,Br Тісте- F,Ca, Mg,P Гипофизде- Zn,Br,Mn,Cr Мида-Na,Mg,K Шашта- Al,As,Cl Жүректе-Ca,K Ұйқы безінде- Mg Бауырда-Li,Se,Mo,Zn,Ca,Mn,K,Cu



«Кім білгір?» ойыны (жұмбақтар шешу,қай топқа жататынын анықтау)

1.Осы затпен ескі үйді аластайды Түріне қарасаң алтынға ұқсайды (Күкірт-бейметалл)

2.Екі жеңіл элемент саналады, Периодтық жүйе осыдан бастау алады (Сутек-бейметалл)

3.Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді, Салмақты адамды мақтауды да келістіреді (Күміс-металл)

4.Күмістей түсі жылтыр өзі сұйық, Буланбас қайнатсаң да отынды үйіп. Көрсететін суықты,жылуды анық, Көрсететін суықты ,жылуды анық. (Сынап-металл)

5.Өзі жылтыр күмістей Жұмсақтығы тағы бар Жеңілдігін ескерсең Пайдаланар жері табылар (Алюминий-металл)

6.Газбын өткір иісті Салмағым ауыр ауадан Өткен талай соғыста Тұншыққан менен көп адам (Хлор-бейметалл)

«Кім жылдам?» ойыны (сұрақ-жауап)

1.Александр Македонскийдің Үндістанға сапары кезінде оның әскерлері іш аурумен ауырған,ал офицерлер ауырмаған.Сусыны,тамағы бәрінің де бірдей,бірақ ыдыстары қандай металдан жасалған? Жауабы: Күміс.Күмістің бактерецидтік қасиеті бар.

2.Тайқазан 7 металдан құйылған.Ол қандай металдар? Жауабы: Темір,мырыш,қалайы,қорғасын,мыс,күміс,алтын.

3.І Петр өз кезегінде «Ішкіштігі үшін» деген медаль тағайындады.Ол қандай металдан жасалған? Жауабы: Темір

4.Улы элемент,бейметалл.Оның оксиді орта ғасырларда патша,хан сарайында таққа таласып,қастасқан адамдарды өлтіруге пайдаланған.Бұл қай бейметалл. Жауабы: Мышьяк Қызығушылығын ояту Сақиналарды жинау

овал 42овал 41овал 40овал 39овал 37овал 38овал 36

овал 46овал 45овал 44овал 43

Спятно 1 48пятно 1 47ақинадағы элементтерді берілген жапыраққа орналастырыңдар.



пятно 1 49

А) б) в)


Есер шығару: 5,4 алюминий оттекпен әрекеттескенде түзілген алюминий оксидінің массасы қандай?

Сабақты бекіту:

«Сиқырлы таяқша» ойыны жүргізіледі.Әр оқушы бір-бір мақал-мәтел айту

1.От көмір жиді,тот темір жиді 2.Арпа,бидай-ас екен,алтын,күміс-тас екен 3.Темірді қызуында соқ 4.Аз сөз-алтын,көп сөз-күміс 5.Ақыл арымас,алтын шірімес 7.Алтынды еріте білмеген-ірітер Теріні илей білмеген-шірітер

Венн диаграммасы.



овал 52овал 50овал 51

Химия әлеміне саяхат” атты химия сабағынан кеш

Мақсаты: Химия пәнінің қыр-сырын сыныптан тыс жұмыстар арқылы ашу; Оқушылардың пән бойынша оқып-меңгерген білімдерін ойын арқылы ойлап жауап беруге дағдыландыру.

Түрі: танымдық кеш

Әдісі: ауызша: сұрақ-жауап

Құрылымы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. “Химия әлеміне саяхат” танымдық кешін бастау


  1. Қызықты сұрақтар

  2. Қатысушыларды іріктеу

  3. Жеңімпаздарды марапаттау

3. Қорытынды.

Кештің өтілу барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Химия - ырыс бұлағы

Шалқыған байлық, мол дәулет

Аялап күтіп тұр алда

Болашағымыз – нұр сәулт

Аялдама, алға ұмтыл,

Құдіретті біздің ой!

Сенде байлық, сенде ырыс

Сенімен өмір сәнді ғой.
І. Іріктеу кезеңі.
1. Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді,

Салмақты адмды мақтауды да келістіреді. (күміс)

2. Адам мен жануардан бөлінеді,

Өсімдіктің торына ілігеді (көмірқышқыл газы)

3. Өзі жылтыр күмістей

Жұмсақтығы тағы бар.

Жеңілдігін ескерсең,

Пайдаланар жері бар. (Алюминий)

4. Ес-түссізадам талып қалса кейде,

Иіскетсең есін жияр ол лезде (мүсәтір спирті)

5. Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен атады. (қорғасын)

6. Қоссаң кірді кетіріп,

Кисең көңіл көтеріп.

Шыны ыдыста тұрады,

Асханада болады. (сірке суы)



  1. Су бетінде безектеп,

Металл натрий жүзеді.

Суда еріп жоқ болып,

Қандай қосылыс түзеді (күйдіргіш натр)


  1. сыныптан бір шықпайды, тимесең жұқпайды,

Жәрдемінсіз бұл зттың, оқушы сабақ ұқпайды. (бор)

  1. Аяғыңның астында жататын зат,

Тауға айналыып, тас болып қататын зат (кремний оксиді)

  1. Ол болмаса асыңның дәмі кірмес,

Кім бар екен ортада оны білмес? (ас тұзы)
ІІ. Таңғажайып сұрақтар

  1. Ауада неліктен кесілген алма сарғаяды? (темір 2+ ионы темір 3+ ионына айналады)

  2. Жұмсақ алтын деген не? (тері)

  3. Адам асқазанының сөінде қандай қышқыл бар?

  4. Неліктен Арал теңізі теңіз деп аталады? (суы тұзды)

  5. Қай химиялық элементті миллионер деп атайды? (көміртек)

  6. “Фосфор” деген сөз қандай мағына береді? (жарық тасушы)

  7. Жазылуым бойынша оқысаңыз элементпін, керісінше қысаңыз - өткізгішпін. (мыс-сым)

  8. Үйде қышқылдық тұзды тамаққа қолданамыз. Ол қандай тұз? (Натрий гидросульфаты)

  9. Өмір мен ойдың элементі (фосфор)

  10. Индикатор дегеніміз не? (көрсеткіш)

  11. Алхимия деген не? (металды алтынға айналдыру)

Бұл турда жеңілген екі оқушы шығады.

Кім жылдам?

1.Қандай сүтті ішуге болмайды? (әк сүті)

2.Жұмыртқаны электр қуатынсыз, отсыз пісіруге бола ма? (болады)

3.Қар мен жаңбыр сулары неге дәмсіз? (тұздары болмайды)

4.Қандай су дем алудан лайланады? (ізбес суы)

5.Жеміс пен көкөністі кескенде пышақ неге қараяды? (дубиль қышқылы)

6.Химиялық гүлдерді түрлендіруге қандай зат қажет? (индикатор)

Білгір химиктер” сыныптан тыс жұмыс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет