Құрастырушы: п.ғ. к., доцент Демеуов А. К



бет2/3
Дата26.03.2024
өлшемі1.34 Mb.
#496521
1   2   3
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ(1)

Бағдарлама міндеті:. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Болашақ мұғалімнің тұлғасы және қазіргі қоғамдағы оның проблемалары. Үздіксіз білім беру - жеке дамудың шарты. Педагогикалық мамандық және мұғалімнің тұлғасы. Педагог мамандығының жалпы сипаттамасы. Мұғалімнің оқытушылық қызметі және оның тұлғасы. Педагогикалық білім беру жүйесі. Мұғалімдерді оқытудағы құзыреттілік тәсілдері.
Пререквизиттер: Алғашқы әскери және технологиялық дайындық.
(курсты оқып үйрену үшін студент нені білу керек ) Болашақ мамандарға «Ғылыми зерттеу жұмыстары» пәнінен терең білу үшін қажетті әдебиеттер мен қосымша әдебиеттерді пайдалануды, оқу құралдарын оқытудың жаңа технолоияларын қолдануды меңгеруі керек.
Постреквизиты: Әскери дене дайындығы. Атыс дайындығы.
(курсты меңгерген студент нені біліп іске асыра алуы қажет) Пәнді оқыту барысында алынған және меңгерген білім, іскерлік дағдыны студент келесі пәндерді меңгеруде пайдалана алады. «Әскери инженерлік дайындық» «Әскери топография»
Күтілетін нәтиже;
Теориялық біліммен болашақ мамандарды қаруландырып, жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі заман білім беру технологияларын негізінде оқыту.

Пәннің мазмұны






Пәннің мазмұны

Семинарлық (практикалық) сабақтардың тақырыптары

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының тақырыптары

Сағат саны




1 апта : «ҚР ҚК Құру қажеттілігі»

1

Әскери қызмет дайындығының жалпы мәселелері. Мақсаты және міндеттері

Қарауылдық қызметті өткеру жауынгерлік міндеттерді орындау болып табылады және жеке құрамнан осы Жарғының барлық ережелерін нақты сақтау, жоғары қырағылық, пәрменді шешімділік пен бастама талап етіледі.

1. Қызметтiк және арнаулы мiндеттер
2.ҚР Қорғанысы туралы заңдары. «Жалпыға ортақ әскери міндет пен әскери қызмет туралы» заңы. «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңы. «Азаматтық қорғаныс туралы» заңы.

8

2 апта: Әскери есепке алу. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу.

2

Әскери есепке алу. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу.



Гарнизонның әскерлер парадтары ерекше нұсқау бойынша мемлекеттік мерекелерді, сондай-ақ мемлекеттік және әскери маңызды оқиғаларды атап өту үшін өткізіледі.

1. ҚР ҚК қатарына алу мақсатында азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу.
2. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру

8

3 апта: Әскери қызмет мерзiмдері

3

Әскери қызмет мерзiмдері



Құрметті қарауыл - салтанатты іс-шараларға, оның ішінде мемлекеттік ескерткіштердің ашылуына шығарылатын әскери нышандарға (Жауынгерлік Туға, Әскери-теңіз жалауына) әскери құрметтер көрсету үшін, халықаралық ұйымдар мен шетел мемлекеттерінің өкілдерін қарсы алу

1. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін қызметшілердің мерзімдері
2. Келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер үшiн қызмет ету мерзімі.

8

4 апта Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы. Қазақстан армиясындағы негізгі проблемалар және оларды шешу жолдары

4

Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы. Қазақстан армиясындағы негізгі проблемалар және оларды шешу жолдары

Гарнизондық наряд көшелерде және гарнизонның басқа да қоғамдық орындарында әскери қызметшілер арасында әскери тәртіп пен реттілікті ұстау, гарнизондық объектілерді күзету мен қорғау үшін, сондай-ақ әскери бөлім көлік құралдары жүргізушілерінің (механик-жүргізушілерінің) жол жүру ережелерін сақтауын бақылау және гарнизон қызметінің басқа да міндеттерін орындау үшін тағайындалады



1. Қазақстанның Республикасының әскери доктринасы.
2.Әскери доктринадағы әскери қауіпсіздіктің негізгі принциптері. түскенде.

8

5 апта: Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет. Запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыру

5

Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет. Запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыру

Патруль - бұл міндетті бағдарды аралау (жүріп өту) немесе оның жекелеген учаскелерін тексеру жолымен орындайтын, құрамында екі немесе бірнеше әскери қызметші бар жылжымалы наряд. Қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекшінің жанында көлік құралы бар резервтік патруль тағайындалады.

1. Әскери қызмет өтеудің құқықтық негіздері. ҚК-ді толықтырудың түрлері.
2. Азаматтарды әскери қызметтен босату жөніндегі заң нормалары.

8

6 апта: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлері

6

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлері

Техникалық күзет құралдары объектілерді сенімді күзетуді арттыру және қарауыл жеке құрамының санын қысқарту мақсатында қолданылады. Олар: периметрлік және объектілік анықтау құралдарын, объектілік күзет дабылдамаларын, алдын алу және ықпал етудің техникалық құралдарын, өрт дабылдамаларын, техникалық күзет құралдарының белгілерін қабылдау аппаратурасын және кабельдік немесе радиожелісінің дабылдамаларын қамтиды.

1. «Жауынгерлік дәстүр» ұғымының мәні.
2. ҚР ҚК негізге алатын дәстүрлер.

8

7 апта: Азаматтарды әскери қызметке даярлау

7

Азаматтарды әскери қызметке даярлау

Қарауылдар тағайындалатын әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері қарауылдың жеке құрамын іріктеуге, орналастыруға және оны қызмет өткеруге даярлауға, қару мен жауынгерлік оқ-дәрілердің ақаусыз жай-күйіне және қарауылдардың таралымға уақтылы келуіне жауап береді

1. Шақырылушыларды әскери-техникалық мамандықтарбойынша даярлау
2. Жоғары оқу орындары студенттерiнiң әскери даярлығы

8

8 апта Келісімшарт бойынша әскери қызмет




8

Келісімшарт бойынша әскери қызмет

Таралымнан кейін қарауыл қарауылды ауыстыру орналасқан орнына келеді. Жаңа қарауыл бастығы оны күзетілетін объекті аумағы кіреберісінің алдына немесе қарауыл бастығына нұсқаулықта көрсетілген қашықтықта қарауылдың үй-жайы алдына тоқтатады.

1. Әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт:
2. Келісім-шарт бойынша әскери қызметген өтіп жүрген әскери қызметшінің жауапкершілігі

8

9 апта; Запаста тұру.

9

Запастағы офицерлердің міндеті және запаста тұрудың шекті жасы

Қарауылдарды, қарауылдар бағынатын адамдар олар тағайындалған роталар (батареялар) командирлері, батальондар (дивизиондар) командирлері, сондай-ақ олардың орынбасарлары мен осы командирлердің тікелей бастықтары тексеруге міндетті.

1. Әскери қызметте болу жасының шегi
2. Әскери қызметтен босату

8

10 апта: Болашақ офицерлердің отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруда халқымыздың ерлік дәстүрі және оның тәрбиелік мүмкіндіктері.

10

Қазақ халық педагогикасының патриоттық ерлік құралдары, формалары мен әдістері

Гауптвахта - әскери қызметшілерді тұтқында ұстау үшін әскери полиция органдары жанында жабдықталған үй-жай.Гауптвахта жанындағы қарауыл құрамына қарауыл бастығы, ығарушылар мен қарауылдар тағайындалады, қарауыл бастығының көмекшісі мен таратушы тағайындалуы мүмкін

1. Жастардың әскери –патриоттық тәрбиесінің жалпы жүйесінде тақырыптық кештердің маңызды
2. Мұражайларды, соғыс және еңбек даңқы бұрыштары үшін бөлмелер жасақтау.

8

11 апта: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылары.

11

Әскери анттың офицерлердің өмірі мен қызметіндегі маңызы.

Тұтқындалғанды гауптвахтадан босату үшін гауптвахта бастығы тұтқындау мерзімі аяқталар қарсаңында оны алып кетуге өкіл жіберу үшін оның әскери бөлімінің командиріне тұтқындалғанды босату уақыты туралы хабарлайды және қарауыл бастығына босату туралы жазба (20-қосымша) береді, ол постылық ведомоспен бірге тапсырылады.



1.Әскери анттың әскери қызметшілерге қояр талаптары. Әскери анттың мазмұны. Әскери антты қабылдау тәртібі туралы ереже құжаттары.
2. Әскери ұжымның өмірі мен қызметіндегі жарғылардың маңызы

8

12 апта Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер

12

Әскерлерді тасымалдау кезінде әскери эшелондардың қару-жарақтарын, әскери және басқа техникасын, материалдық құралдарын күзету жөніндегі қарауылдық қызметті ұйымдастыру және өткеру ерекшелігі

Темір жол, теңіз және өзен көлігімен әскери эшелондармен тасымалданатын әскерлердің қару-жарағын, әскери және басқа техникасын, материалдық құралдарын онда тасымалданатын әскери бөлімдерден (бөлімшелерден) тағайындалған қарауылдар күзетеді.

  1. ҚРҚК-дегі әскери атақтар, Әскери лауазымдар

2. Әскери қызметшiлердiң әскери киiм үлгiсi мен айырым белгiлерi

8

13 апта: Бөлімнің Жауынгерлік Туы

13

Бөлімнің Жауынгерлік Туы

Қарауыл бастығы қарауылға тапсырылған объектілерді күзетуге және қорғауға, қарауыл жеке құрамының жауынгерлік әзірлігіне, олардың қызметті дұрыс өткеруіне, постылардағы және қарауылдық үй-жайлардағы техникалық күзет құралдарының, қоршаулардың, байланыс және өрт сөндіру құралдарының, көлік құралдарының сақталуына және оны дұрыс пайдалануға, сондай-ақ тізімдемеге сәйкес қарауылдық үй-жайда болатын қаруға, оқ-дәрілер мен басқа да мүлікке жауап береді

1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлері.
2. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде запастағы офицерлерді әскери-патриоттық рухта дайындау жолдары.



8

14 апта: Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде запастағы офицерлерді әскери-патриоттық рухта дайындау жолдары

14

Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде запастағы офицерлерді әскери-патриоттық рухта дайындау жолдары



Бақылау-күзет тобының кезекшілігі тәсілімен объектіні күзететін қарауылды ауыстыру кезінде жаңа қарауыл бастығы, осы Жарғының   мазмұндалғаннан басқа, жауынгерлік есеп жүргізеді, объектіні өзі қабылдайды және қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісімен (операторымен) бірге техникалық күзет құралдарының ақаусыздығын тексереді.

  1. Әскери даярлықты жүргізу үшін ЖОО-лар жанындағы әскери кафедралардың рөлі.

  2. Жоғарғы әскери училищеге кандидаттарды іріктеудегі бастапқы әскери дайындық оқытушысының рөлі

8

15 апта: Офицерлердің педагогикалық бағыттылығы және педагогикалық мәдениеті. Офицердің өзін - өзі тәрбиелеумен оқытуы

15

Офицерлердің педагогикалық бағыттылығы және педагогикалық мәдениеті. Офицердің өзін - өзі тәрбиелеумен оқытуы

Сақшы - қолсұғылмайтын адам. Сақшының қолсұғылмаушылығы:оның құқығы мен жеке басының қадір-қасиеті заңмен ерекше қорғалатынын; оның қатаң белгіленген адамдарға: қарауыл бастығына, қарауыл бастығының көмекшісіне және өзінің таратушысына бағынатынын;оның қызметімен айқындалатын сақшының талаптарын мүлтіксіз орындау барлық адамдардың міндеттері екенін;оған осы Жарғыда көрсетілген жағдайларда қару қолдану құқығы берілгенін білдіреді.

  1. Жауынгерді тәрбиелеудің мақсаты мен мазмұны.

  2. Тәрбиенің субьектісі, обьектісі және мақсаты.

8

Барлығы: 4 академилық кредит - 120 академиялық сағат





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет