ҚҰрастырушылар: Мусатаева Г. Т., Конуспаева А. Т. Компьютерлік жүйелер интерфейстері: 5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін дәрістер жинағы. Алматы: аэжБУ, 2013



бет12/18
Дата19.01.2024
өлшемі193.65 Kb.
#489439
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
стандартты және арнайы интерфейстер

Дәріс мақсаты: қолданбалы жүйенің сұхбаттық жиынтығы. Бағдарламалық қосымшасы бар сұхбат алгоритмінің сұлбасы. Сұхбаттың түрлері. Қарым-қатынас сценарийі. Сұхбаттың құрылымдары.
Қолданбалы сұхбаттық жүйеде екі функционалдық жиынтығын көрсетуге болады:
- өзіндік қолданбалы жүйе, пайдаланушы сонымен жұмыс жасайды.
- сұхбаттық жиынтық, пайдаланушы мен қолданбалы жүйенің арасындағы сұхбатты басқарады.
Қолданбалы жүйеге мысалына, өзінің кәсіби қызығушылығымен ЭЕМ пайдаланушылары жұмыс істейтін барлық жүйелер жатады. Олар: әртүрлі басқарудың автоматтандырылған жүйелері, автоматтандырылған жобалар жүйелері, қолданбалы бағдарламалар пакеттері және т.б. Бұл жүйелер сұхбат нақты пәндік облысының терминінде жүретіндігімен сипатталады және пайдаланушы шығыста соңғы қорытынды алады. Ол бағдарламаның қосымшасымен тіл табысудағы мақсаты. Кейбір жүйелер тек сұхбаттық емес, сонымен қатар пакеттік режимде де жұмыс істей алады. Бұл жағдайда соңғы қорытындының семантикасы қолданған жұмыс режиміне байланысты емес. Сұхбаттық компонент қолданбалы жүйенің қондырмасы болып табылады және пайдаланушы қиын жұмыстардың түп нұсқасын білуге көмектеседі, ол үшін оған сәйкес лингвистикалық формалар жиынтығын пайдалануға мүмкіндік береді. Сұхбат бұл жағдайда терминдік сұхбаттық жүйеде жүреді және метасұхбат деп аталады. Қолданған терминология қиындық облысына бағынбайды. Дамыған метасұхбат - қолданбалы жүйеде, тек қиын облыспен таныс пайдаланушыға, сұхбатты жүйемен алдын ала таныспай-ақ керекті қорытынды алуға мүмкіндік береді. Сондықтан қолданбалы жүйенің кең таралуы, оның сұхбаттық қондырмасының сапасына байланысты болады.
Сұхбаттық жүйеде, екі компонентті бағдарламаның қосымшасы бар. Сонымен қатар алгоритм сұлбасының бұтақтарының бірінен бір рет жүріп өтуі «Басы»-блогынан «Соңы»-на дейін немесе алгоритм сұлбасының басына қайтіп келуін сұхбаттың қадамы немесе транзакция деп аталады. Сұхбаттың қадамы адамның ЭЕМ-мен белсенді жұмыс істеуімен сипатталынады. Жүйенің кіріс хабарламаны қабылдауы 2 кезеңнен тұрады:
- синтаксистік сараптау – ақпарат енгізілген формалардың сәйкестігін тексеру;
- семантикалық талдау – кіріс ақпаратының мағынасын, жүйенің жақын арадағы тапсырмасын анықтау және оның рәсімдік бөлімнің қазіргі жағдайдағы орындалу мүмкіндіктерін сараптау.
Қаралған тізбек жүйенің шығыс ақпаратын шығуынан басталады. Қарым-қатынасты ұйымдастырушы жүйенің өзі болып табылады. Берілген тізбектен басқа, сұхбатта бастаманы үлестірудің 2 түрі белгілі: пайдаланушыға тиесілі бастама (пайдаланушы командалар мен сұраныстар арқылы жүйенің жұмысын өзі басқарады) және аралас бастама (басқару сигналдары көмегімен бастаманы қайтадан үлестіруді қарастырады, оның көмегімен пайдаланушы бағдарламаның рәсімдік, сонымен қатар сұхбаттық бөлімдердің орындалуын үзуге және ЭЕМ-ді өзінің командасын күту жағдайына аудара алады).
Ақпарат сипаттамасы бойынша кіріс және шығыс хабарламасының құрамын екі типке бөлуге болады:
- басқарушы, транзакция нәтижесінде жүйенің қызметі және жұмысымен басқару орындалады (осы мақсатқа, сонымен қатар, басқарушы сигналдар қолданылады);
- ақпараттық, міндетті тапсырманы шешу үшін, оның барысында жүйеге мәліметтер енгізіледі.
Пайдаланушының санынан байланысты, сұхбаттық жүйе жекепайдаланушылық (бір ғана пайдаланушыға арналған) және көппайдаланушылық (жүйе ресурстарына ұжымдық қатынас жасау) болуы мүмкін.
Сұхбаттың транзакциясын жүзеге асыру үшін келесі формалар қолданылады:
- синтаксикалық шектеу (мәзір, шаблон бойынша жауаптары бар тапсырыс, ия\жоқ жауабы бар сұраныс);
- директивалық (командалар);
- фразалық (шектелген қарапайым тілде әрекеттесу);
- обьектілі-бағытталған.
Сұхбаттық жүйені тез игеру үшін пайдаланушыға сұхбаттың негізгі кезеңдері мен жүзеге асыру формасын білу қажет. Адами–машиналық ортада сұхбаттың келесі түрі көп қолданылады:
- мәзір; - сұрақтар, ия\жоқ жауабын сұрайды; - шаблон;
- қарапайым сұраныс;
- команда; - қарапайым тілде әрекет ету.
Өзара қатынас сценарийі.
ЭЕМ–мен адам-оператордың өзара қатынасы, әдетте сұхбаттың белгілі бір сценарийіне бағынады. Сұхбат сценарийі бағдарламалық жүйемен оператордың өзара қатынасы алгоритмін көрсетеді. БжАӨЖА алдында тұрған тапсырмалардан шыға келе, басқару үдеріс кезінде адамның мінездемесі мен функциясын, ақпараттық құралдарының бейнесін алуда техникалық мүмкіндіктерді жобалайды. Сұхбат сценарийі сұхбаттық әрекеттесудің бөлшектік сипатамасын білдіреді, ол сұхбат құрылымы түрінде, сонымен қатар, ақпараттық және операциондық модель беріледі. Формальдық түрде сценарий келесі түрде анықталады:
D=,
мұндағы S- жағдайдың жиыны;
А - операция жиыны;
C=Q U F – шарттар жиыны (Q- кіріс шарттарының жиыны, F- бағдарламалық шарттардың жиыны);
R – шығыс хабарламалардың жиыны;
G: SxC S - сұхбат графы;
I:{S R; SxC R} – сұхбаттың ақпараттық моделі;
Q: {S A; SxC A} –сұхбаттың операциялық моделі.
Сұхбат кіріспесі сценарийі келісімімен сұхбат интерпретациясы деп аталады. Сценарийдің графикалық бейнесі алгоритмдеу тіліндегі блок-сұлбаны еске түсіреді. Ол бұтақталу элементтерінен, хабарлама қарапайым конструкциясы сценарий түйіні деп аталады.
Жобалау кезінде сұхбат сценарийі бағдарламалық жүйемен пайдаланушының өзара қатынасы кілттік түсінік деп аталады. Ол сұхбаттық өзара қатынас құру үдерісін формальдауға және пайдаланушының жүйемен қатынас процедураларына талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Сценарийдің негізгі құрамды бөлімін қарастырайық – сұхбаттың құрылымы. Ол өзара қатынас үдерісін толығымен көрсетеді. Сұхбат құрылымы – пайдаланушының сұхбаттық жүйемен қатынас үдеріс кезінде қол жеткізілген сұхбат жағдайының байланысқан жиынтығы. Сұхбат жағдайы үш компонентпен сипатталады: сұхбат формасы; пайдаланушыға ұсынылған жүйе функциясының жиынтығы; сұхбаттың тарихы. Сұхбат құрылымының негізгі графикалық ұсынылуы- жағдайдың диаграммасы- бағытталған және салмақталған граф. Әрбір графтың төбесі белгілі сұхбат жағдайына сәйкес келеді, ал оның доғасы жағдайдың ауысуын анықтайды. Төбе мен доғаның салмағы сұхбат мазмұнын сипаттайды: бағдарламалық операциялар мен шарттарды орындайтын кіріс пен шығыс хабарламалар. Сұхбат графының бір төбеден екіншісіне өту сұхбаттың бір транзакциясына сәйкес келеді. Өтпелердің еркінше тізбегі пайдаланушы мен жүйенің арасындағы қатынас сеансын орнатады. Егер де қателік бойынша өтпелер мен шалулар ескерілмесе, онда сұхбаттың үш құрылымынын белгілеуге болады: сызықтық, тораптық және ағаш тәрізді.
Сұхбатты мәзір түрінде қарастырайық.
Мәзір – көп таралғанған сұхбат түрі. Шақыру алдында жүйе сұхбатты инициалдайды. Сондықтан сұхбат қадамы жүйенің кіріс хабарламаны берілуімен басталады. Шығыс хабарламаның пайдаланушымен берілуінен кейін және оның жүйемен өнделген соң сұхбат қадамы аяқталады.
Аталмыш сұхбат түрінің машиналық орындалуының бірнеше түрі болуы мүмкін. Барлық жағдайда кіріс хабарламасы ретінде экран дисплейінде жүйе функциясының ішкі жиындары жарықтанады (әдетте нөмірленген), олардың орындалуы сұхбаттың ағымдық жағдайында болуы мүмкін. Бұндай кіріс хабарламаны мәзір деп атайтын боламыз.
Пайдаланушы талап етілетін функцияны келесі негізгі әдістердің бірінен таңдай алады:
1) талап етілген директива жинағымен немесе қысқартылған атаулармен;
2) таңдалған директиваның нөмір жинағы;
3) талап етілетін директиваның экран жолына меңзерді орналастыру;
4) экрандағы жолға сәйкес келетін фотоселекторды басу.
Графикалық сұхбатты граф түрінде көрсетуге болады. Граф түйіндері жүйе функциясының ішкі жиынына сәйкес келеді, ал төмен қарай бағытталған оның доғалары пайдаланушының альтернативіне тең болуы мүмкін. Бұл жағдайда доғалар саны ұсынылып отырған жүйе функциясының санына тең. Доға шығатын төбесімен бірге, сұхбат қадамына тең болады. Ағаштың жоғарғы түйіні (түбір) жүйенің бастапқы хабарламасына тең. Ағаштың түбірі және одан шығатын доғалар сұхбат қадамына тең. Сұхбат қадамының кейбір орындалуынан кейін жүйе тікбұрыштармен көрсетілген мәзір жарықтанады. Мәзір ағаш графымен қолданбалы жүйе бағытымен төмен қозғалу, “тиеу” деп аталады. Функцияның орындалуы үшін, граф ағашының көршілес бұтақтарына сәйкес, қолданбалы жүйемен жұмыс кезінде “жүзіп шығу” механизмі қолданылады. Оны екі тәсілмен орындауға болады:
- Тізбектелген қозғалыспен графтың доғасымен жоғары қарай түйінге дейін, яғни берілген функцияның құрамындағы немесе оның түйіндеріндегі, “тиеу” механизмін қолдана отырып:
- Сұхбат граф ағашының түбіріне келесі тиеумен өтумен.
- Графикалық екінші әдіс граф доғасының ағаш биіктігіне бағытталған әрбір түйіндегі нақтылыққа сәйкес келеді.
Ия\жоқ жауабын талап ететін сұрақтар формасындағы сұхбат типі сұхбаттың “мәзір” жиі жағдайы болып табылады, сұхбат қадамында қашан; пайдаланушы альтернативі ретінде екі жауап болады: Ия және Жоқ.
Бұл бинарлық ағаш графы, әрбір түйінінен екі бұтақтан төмен шығады (қолданбалы жүйеге). “Тиеу” және “Жүзіп шығу” сұхбаттың бұл түрінде мәзірге ұқсас болып келеді. Берілген сұхбат түрінде қолданбалы жүйемен жұмыс үшін әдетте “мәзір” түріндегіден көп қадам жасау керек. Берілген сұхбат түрінің негізгі артықшылығы сұхбаттың әрбір жеке қадамының орындалуының қарапайымдылығы болып табылады.
Шаблон – бұл сұхбат жүйесімен инициалданған, оның әрбір қадамында жүйе пайдаланушының сәйкес берілген форматтағы тек синтактикалық шектелген кіріс хабарламаны ғана қабылдайды. Мәзірдегі секілді сұхбатты жүйе бастайды. Сұхбаттың берілген түрін параметрлік жүйе деп аталады. Пайдаланушының жауап беруі дисплейдегі оған ұсынылған форматтарымен шектелген болуы мүмкін. Сондықтан жүйенің мұндай түрдегі сұхбатпен қолдану салыстырмалы түрде сондай жоғары емес, алайда оның операциялық күрделілігі жеткілікті төмен.
Мұндай түрдегі сұхбаттың орындалуының мүмкін болатын нұсқаларының екеуін атаймыз:
- пайдаланушымен енгізілген хабарлама форматы экран дисплейінде жүйемен көрсетілуі;
- экран дисплейінде орналасқан жүйе хабарламасының мәтінінде пайдаланушы хабарламасының орынының резервтелуі (мысалы, ерекше жарықтану өрісінің көмегімен).
Графтың әрбір төбесінен екіден доғалар шығады. Келесі түйінге бағытталған доға, пайдаланушының семантикалық дұрыс хабарламасына сәйкес келеді, ал бір түйінде тұйықталған доға пайдаланушының семантикалық дұрыс емес хабарламасына сәйкес келеді. Хабарлама дұрыс болмағанда, жүйе қате туралы ескерту береді және ағымдағы сұхбат қадамының басында қалады.
Шаблон әдетте, мәліметтер енгізу үшін қолданылады, мағыналары «мөлдір» немесе (мысалы ағымдағы мерзім) мамандық термині болып табылады және сондықтан олар пайдаланушыға белгілі. Алайда осы мәліметтердің беріліс түрі олардың мағыналарымен анықталмайды. Қарапайым сұраныс шаблонның дербес жағдайы болып табылады. Әдетте мәліметтерді жинау кезінде, әртүрлі автоматтталған жүйелерде қолданылады.
Қарапайым сұраныс – бұл сұхбат түрі, жүйемен инициалданушы және бір ғана қадамнан тұрады. Мұнда пайдаланушыға алдын ала жүйемен анықталған бірлік форматта бірден артық хабарлама енгізуге мүмкіндік беріледі.
Команда – пайдаланушымен инициалданған сұхбаттың түрі, пайдаланушының сұхбат қадамында берілген бір директивасы (команда) орындалады. Жіберілетін командалар жинағы әдетте экранда болмайды. Алайда арнайы директивалар көмегімен оны танысу үшін экранға шығаруға болады. Жіберілмейтін тапсырма кезінде директиваларда қате туралы ескертуші хабарлама шығады және жүйе ағымдағы қадамның басында қалады.
Сұраныстың аталмыш түрі графикалық түрде бағытталған граф көмегімен ұсынылуы мүмкін. Графтың әрбір түйінінде тұйықталатын доғалар бар болады. Мұндай доғалар берілген сұхбат қадамының жіберілмейтін директиваларына сәйкес болады.
Қарапайым тілде өзара қатынас пайдаланушының өзіне байланысты пайда болады. Сұхбаттың бұл түрі пайдаланушы жағынан қатынас жүргізуіне аз мөлшерде шектеу қояды, яғни оған қарапайым тілді қолдана отырып, тапсырманың қойылымын еркінше таңдауға мүмкіндік алады. Қарапайым тілдің біржақты болмауына байланысты, жүйе жағынан пайдаланушының тапсырма қойылымын анықтайтын және қарастырылып отырған жағдайдың заттық аймағына байланысты сұрақтар туындауы мүмкін. Пайдаланушы жақтан қатынас қарапайым тілде жүргізілсе және пайдаланушымен инициалданған, қойылған тапсырма шешіміне әкелетін сұхбат түрін қарапайым тілдегі өзара қатынас деп атаймыз.
Жүйе құрудың ғылыми және техникалық қиындықтары қарапайым тілдегі пайдаланушының өзара қатынасын квазиқарапайым (қарапайымға ұқсас) және мәселеге бағытталған (бір тар мәселелі аумақта сұхбаттасу үшін) тілдің орындалуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет