ҚҰрастырушылар: Мусатаева Г. Т., Конуспаева А. Т. Компьютерлік жүйелер интерфейстері: 5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін дәрістер жинағы. Алматы: аэжБУ, 2013



бет13/18
Дата19.01.2024
өлшемі193.65 Kb.
#489439
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
стандартты және арнайы интерфейстер

Графикалық пайдаланушы интерфейс (GUI).
Графикалық пайдаланушы интерфейс (Graphical User Interfase – GUI) “пайдаланушы-компьютер” қарым-қатынасының стилі ретінде анықталады. Онда мынандай негізгі элементтер қолданылады: терезелер, пиктограммалар, мәзір және көрсеткіштер. Кейде GUI-интерфейсін WMP-интерфейсі деп атайды.
GUI-интерфейсінің негізгі қасиеттері – ол бақылау жасау мүмкіндігі, маус немесе көрсеткіштің қолданылуы, графиканың пайдалануы, функция мен мәліметтер қосымшасы ауданының болуы. GUI – компоненттерін тереңірек қарастырайық. Терезе – ол бейнелеу құрылғысының облысы, нысандармен, нысандар туралы ақпаратпен өзара қатынасы үшін қолданылады немесе нысандарға қолданылатын әрекеттерді орындауға арналған. Терезеде тақырыптар жолы болады, ауыспалы операциялар теруіне ие болады, мөлшерінің өзгеруі, мәзір теруімен және нысаналар туралы ақпарат көрсететін арнайы облысы болады. Әдетте терезе тікбұрышты болып келеді. Онда терезені қолданатын қосымша, GUI–бағытталған қосымша болып келеді. Терезе ақпаратты құрылғы бейнесінің тек қана бір аймағына немесе облысқа бейнелейді. Бейнелеу құрылғысын жарым-жартылай қолдану, бірмезетте бірнеше нысандармен немесе сұхбатты басқарушылармен өзара қатынаста болу үшін бірнеше терезені қарап шығуға мүмкіндік береді.
Пиктограммалар. Пиктограмма көп жағдайда терезеге ұқсас болып келеді, бірақ формальды анықтамаға сәйкес – бұл бейнелеу құрылғысының облысы, нысанды көрнекті қылу үшін қолданылады. Пиктограмманың типтік қасиеттері нысанды, тақырыбын немесе атын көрсету үшін графикалық символдарды қосады сонымен қатар операцияларды бақылаулайды. Пиктограммада орындалатын, нысаніні сипаттайтын – бұл Open (ашу) операциясы, ол нысан туралы ақпараты бар терезені сипаттайды.
GUI-интерфейсінде қолданылатын, формальді түрде пиктограмма болып саналмайтын графикалық символдардың жиыны бар. Нысандардың белгілерін, жағдайларын және әрекеттерін сипаттайтын графикалық символдар ақырғы пайдаланушылармен пиктограмма сияқты қабылдануы мүмкін. Бірақ GUI–интерфейсі және стандарттарды құрастырушылардың көзқарасы бойынша, оларды графикалық батырмалар ретінде қарастырған жөн. Мұндай жағдайларда графикалық символдардың қолдануына мына терминдер “пиктограмма” және “графика” арқылы өзара алмастырылады.
Мәзір. Мәзір баламалардың қатарын көрсетеді. Оның көмегімен пайдаланушы, өзінің таңдауын жүзеге асырады. Әдетте GUI бағытталған мәзірдің баламасы нысанілермен амалдар орындау үшін, пайдаланушылармен таңдалатын командалардың аттары болып келеді. File (Файл) мәзірі - мәзірдің мысалы, ал File мәзірінде орналасқан - Print командасы баламалы нұсқасының мысалы болып табылады. Мәзірде барлық пайдаланушы командалар орналасқан. Жүйенің графикалықтан өзгешесі, керісінше мәзірде дисплей толығымен қолдану қажет. Бірақ мәзір иерархия тәсілімен орналасу қажет.
Көрсеткіштер. Графикалық жүйелер әдетте маустың немесе жұмыр манипулятор түріндегі координаттық - сілтеуіш құрылғылардан тұрады.
Координаттық - сілтеуіш құрылғы деп пайдаланушы енгізуді осы құрылғы көмегімен жүзеге асыра алатын экрандағы орынды түсінеміз. Көрсеткіш - ол графикалық символ. Координаттық - сілтеуіш құрылғыға жүйеге кірудің орынын визуальды көрсетеді. GUI интерфейсте қолданылатындар көрсеткіштер, бағыт түріндегі жүйелік көрсеткіштен, графикалық қайта түйісу және І - бейнелі немесе бөренелік көрсеткіштен тұрады.
Тікелей бақылау. GUI интерфейсінің ең маңызды қасиеті - тікелей бақылауда болып табылады. Ол пайдаланушыға көрсеткіштің көмегімен нысандармен өзара қатынаста болуға мүмкіндік береді. Мысалы, маустың көмегімен терезенің экрандағы орнын ауыстыруға болады. Терезе тақырыбы жолына көрсеткішті орналастырып, маустың батырмасын басып ұстап, маусды да жылжытып отырамыз. Мәзір немесе баламаларды таңдаудың көмегімен орындалатын әрекеттерді, тікелей бақылауды қолдана отырып орындауға болады. Мысалы, көптеген жүйелерде құжат пиктограммаларын жұмыс үстеліндегі принтер пиктограммасына тасу нәтижесі - құжатты баспаға шығару болып табылады. Тікелей бақылау арқылы орындалатын әрекеттерге Move (орын ауыстыру), Copy (көшіру), Delete (өшіру), Link (байланыстыру) операциялары жатады.
Басқа да қасиеттер. GUI - интерфейске тән басқада жұмыс әдісіне - айырбастау буфері, пернелердің қиыстырулары, мәзірде және сұхбатта үдейтін пернелер, сонымен қатар маус пернелердің өзара қатынасының қосымша мүмкіншіліктері жатады. Бұл механизмдер пайдалы болғанына қарамастан, GUI - интерфейстің маңызды қасиеттері ретінде қарастырылмайды.
GUI-интерфейсі қолданбалықтың жоғары дәрежесіне кепілдік бермейді. Бірақ дұрыс деңгейде жобаланған GUI-бағытталған бағдарламалық қосымша, пайдаланушы жұмысының тиімділігі жағынан, оның графикалық емес аналогынан асып түсуі мүмкін.
Пайдаланушылық - интерфейс (WUI).
Негіздік WUI - стиль (Web User Interfase) иерархиялық құрылым мәзіріне ұқсас. Оны пайдаланушылар гиперсілтемелерді қолданудан басқаларын, графикалық емес интерфейс ортасында жұмыс істеу тәжірибесінен біледі. Қажетті навигация мәтіндік немесе визуалды гиперсілтемелерді пайдалану арқылы, бір немесе бірнеше қосымшалардың шеңберінде орындалады.
Бақылау сұрақтары:
1) Қосымшаның өзара қатынас интерфейстері қалай орындалады?
2) Web-қосымша мысалында өзара қатынас интерфейсінің негізгі құрамдастарын атаңыз?
3) GUI интерфейсі қандай қызмет атқарады?
4) WUI интерфейсі қандай қызмет атқарады?
12, 13 дәріс. Пайдаланушылық интерфейстердің жіктелімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет