Раушангүлділер тұқымдасы


Таралуы: Таулы аудандарда (Орта Азия) көптеген жерлерді алып жатады. Ал Қазақстанда 24 түрі бар. Қолданылуы



бет2/5
Дата08.04.2024
өлшемі2 Mb.
#497983
1   2   3   4   5
Раушангүлділер

Таралуы: Таулы аудандарда (Орта Азия) көптеген жерлерді алып жатады. Ал Қазақстанда 24 түрі бар.
Қолданылуы: Кейбір түрлерінің гипантиінде көп мөлшерде витамин С витамин В2, Р, К және провитамин А мен комплексте болады. Бұл жағынан ең құндысы ақгүлді (беггера итмүрыны) және қызылгүлді түрлері (қоңыр итмұрын, қатпарлы итмұрын).
Бұршақ тұқымдастар
Бұршақ тұқымдасының 120-мыңдай түрі, 490 туысы бар, олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты. Бұлардың өкілдерінің көпшілігінің бұрынғы БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық,сонымен бірге солтүстік қоңыржай және салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер жабындысының қалыптасуында маңызы аса зор.
Негізгі өмірлік формалары: ағаштар,бұталар,көпжылдық және біржылдық өсімдіктер. Шөптесін түрлерінің көпшілігі қоңыржай, тіптен климаты салқын аудандарда топтасқан, ал ағаштары мен бұталарының көпшілігі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Егін шаруашылығы практикасында бұршақтар тұқымдасының биологиялық ерекшеліктерінің маңызы аса зор. Мысалы: олар, түйнек бактерияларымен симбиоз тузіп,ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндік алады. Бұршақтар тұқымдасының жапырақтары көп жағдайда күрделі болып келеді, олардың қосалқы жапырақтары (жапырақ серігі) бар, жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлі бұршақтың гүлі типтес. Тостағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады, 5-тісті, дұрыс немесе зигоморфты (екі ерінді) . Күлтесі зигоморфты, 5- күлте жапырықшадан тұрады: олардың үшеуі бос орналасқан.
Бұршақ тұқымдастар
  • Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесі кіндік тамырлы болады. Топыраққа терең бойлап жататын негізгі тамырдан жіңішке тамырлар тарайды, бұл жіңішке тамырлардың көпшілігі топырақ бетінен 20-25 см тереңдікте жатқан қабатқа таралады. Барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырынан жуандаған жерін, яғни тамыр түйнектерін көруге болады, бұл жерлерге ауадағы бос азотты бойына сіңіретін бактериялар жиналады. Оны түйнек бактериялары деп атайды.
  • Түйнек бактерияларымен бұлар селбесіп (симбиоздық) тіршілік етеді. Түйнек бактериялары ауадағы бос азотты сіңіріп, оны ақуыз заттарына айналдырады. өсімдік тамыры қурағаннан кейін осы ақуызды заттардың есебінен топырақ азотты қосылыстарға байиды.
  • Гүлдері шашақ гүл шоғырына жиналған, симметриясы зигоморфты. Гүлсерігі қосарланған: біріккен 5 тостағаншасы, пішіні әр түрлі жоғарыда сипатталғандай 5 күлтесі болады, күлтесінің түсі көк. Андроцейі 10 аталықтан тұрады. Аналығы біреу, үстіңгі жатын, бір ұялы, бірнеше тұқым бүрлері болады. Гүл формуласы: Са(5) Со 1+2+(2)А(81+1)G1
  • Жемісі – спираль тәрізді бұратылған бұршақ қап.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет