Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



бет4/5
Дата15.06.2016
өлшемі0.88 Mb.
#137674
1   2   3   4   5

6. Тапсыру мерзімі: 14 апта.
7. Әдебиет:

Негізгі:

1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы І,ІІ том. 2004.

2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

3. Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М., Жұмабаев У., ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. I,II,III,IV том. Астана: «Фолиант», 2005

4. Әубәкіров Ә.Б., Сүлейменова Ф.М. Адам анатомиясы, атлас. I,II том. Астана: «Сарыарқа», 2011.

5. Досаев Т.М. редакциясымен. Адам анатомиясы. Алматы, «Ақнұр», 2013.



Қосымша:

1. Тебенов М.Е.Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы.Қарағанды,»1993

2. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы,2007

8. Бақылау: Тақырып бойынша реферат, презентацияның, тестілік тапсырмалардың, глоссарийдің болуы.

Тапсырма №15
1. Тақырыбы: Аралық бақылау – коллоквиум №2.

Латынша анатомиялық глоссарий.

2. Мақсаты: Аралық бақылау тапсыру. Негізгі латын терминдерін жазу және жаттау.
3. Тапсырмалар: Латын терминдері.
4. Орындау түрі: Реферат, презентация, тест құрастыру.
5. Орындау белгілері (критериі): Реферат 10 парақтан кем емес көлемінде басылу керек, тест құрастыру 10 сұрақтан кем болмауы тиіс.
6. Тапсыру мерзімі: 15 апта.
7. Бағалау критерийлері:


    • 0-49 балл – СӨЖ-дегі тапсырмаларды орындамағаны үшін қойылады.

    • 50-54 балл – берілген тапсырманы оқулықтан немесе интернет желісінен тікелей көшіріп алғаны үшін қойылады.

    • 55-59 балл – тақырыпты көшіріп, оны түсіндіре білгені үшін қойылады.

    • 60-64 балл – тақырыпты компьютерде тергені үшін қойылады.

    • 65-69 балл – тақырыпты тек реферат түрінде өткізгені үшін қойылады.

    • 70-84 балл – презентацияны, слайдты көрсетіп қорғағаны үшін қойылады.

    • 85-89 балл – тақырыпқа сәйкес тест сұрақтарын дайындағаны үшін қойылады.

    • 90-94 балл – глоссарий жазғаны үшін қойылады.

    • 95-100 балл – жоғарыдағы аталған тапсырмаларды толығымен орындаған студентке қойылады.


8. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы І,ІІ том. 2004.

2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

3. Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М., Жұмабаев У., ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. I,II,III,IV том. Астана: «Фолиант», 2005

4. Әубәкіров Ә.Б., Сүлейменова Ф.М. Адам анатомиясы, атлас. I,II том. Астана: «Сарыарқа», 2011.

5. Досаев Т.М. редакциясымен. Адам анатомиясы. Алматы, «Ақнұр», 2013.



Қосымша:

1. Тебенов М.Е.Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы.Қарағанды,»1993



2. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы,2007

8. Бақылау: Тақырып бойынша реферат, презентацияның, тестілік тапсырмалардың, глоссарийдің болуы.
1 аралық бақылау сұрақтары:

  1. Аралықтың бөлiктерi.

  2. Трахея, топографиясы, құрылысы, маңызы.

  3. Бронхтар, топографиясы, құрылысы, маңызы.

  4. Құрсақ қуысы

  5. Құрсақ қуысы қабырғаларының құрылысы

  6. Жiңiшке iшек, топографиясы, құрылысы, функциясы, маңызы.

  7. 12-елi iшек, топографиясы, құрылысы, функциональдық маңызы.

  8. Аш iшек, топографиясы, құрылысы, функциональдық маңызы..

  9. Мықын iшегi, топографиясы, құрылысы, функциональдық маңызы.

  10. Жуан iшек, бөлiктерi.

  11. Iш астары, құрылысы, құрылымдары.

  12. Кеуде аортасы, париетальдi тармақтары

  13. Кеуде аортасы , висцеральдi тармақтары

  14. Құрсақ аортасы, құрылысы, топографиясы.

  15. Құрсақ аортасының париетальдi тармақтары.

  16. Құрсақ аортасының жұп висцеральдi тармақтары.

  17. Құрсақ бағанасы, құрылысы, тармақтары.

  18. Жоғарғы шажырқай артериясы, құрылысы, тармақтары.

  19. Жамбас қуысы органдарының қандануы.

  20. Iшкi мықын артериясының париетальдi тармақтары.

  21. Iшкi мықын артериясының висцеральдi тармақтары.

  22. Жоғарғы қуыс венасы, құрылысы, топографиясы, құятындар

  23. Тақ және жартылай тақ веналар, топографиясы, құятындары

  24. Омыртқа бағанасының веноздық торлары.

  25. Иық бас венасы, құрылуы, құятындары

  26. Алдыңғы мойындырық венасы

  27. Сыртқы мойындырық венасы

  28. Iшкi мойындырық венасына бастың iшiнен келiп құятын веналар

  29. Iшкi мойынтырық венасына бастың сыртынан келiп құятын веналар

  30. Төменгi қуыс вена, құрылысы, топографиясы.

  31. Төменгi қуыс венаның париетальдi келiп қүятын веналар

  32. Төменгi қуыс венаның висцеральдi келiп құятын веналар.

  33. Кақпа венасы,құрылысы,топографиясы

  34. Кезбе нерв, ядролары, мидан және бастан шығатын жерлерi.

  35. Кезбе нервтiң бас бөлiгi.

  36. Кезбе нервтiң мойын бөлiгi.

  37. Кезбе нервтiң кеуде бөлiгi.

  38. Кезбе нервтiң құрсақ бөлiгi.

  39. Вегетативтiк нерв жүйесiнiң орталық және шеткi бөлiктерi

  40. Вегетативтiк нерв жүйесiнiң соматикалық нерв жүйесiнен айырмашылықтары

  41. Симпатикалық нерв жүйесiнiң парасимпатикалықтан айырмашылықтары

  42. Симпатикалық нерв жүйесi орталық және шеткi бөлiктерi, оның парасимпатикалық және соматикалық нерв жүйелерiнен айырмашылықтары.

  43. Симпатикалық бағананың мойын бөлiгi, жоғарғы мойын түйiнi.

  44. Симпатикалық бағананың ортаңғы мойын түйiнi

  45. Симпатикалық бағананың төменгi мойын түйiнi.

  46. Симпатикалық бағананың кеуде бөлiгi

  47. Симпатикалық бағананың құрсақ бөлiгi

  48. Құрсақ өрiмi, жұп және тақ өрiмдер

  49. Симпатикалық нерв жүйесiнiң жамбас бөлiгi, өрiмдер, тармақтар

  50. Жамбас өрiмi.


Тақырыптар бойынша тестілер:

1. Мойын омыртқаларының саны:

  1. 7+

  2. 5

  3. 4

  4. 8

  5. 12

2. Кеуде омыртқаларының саны:

  1. 12+

  2. 5

  3. 7

  4. 8

  5. 11

3. Бел омыртқаларының саны:

  1. 5+

  2. 4

  3. 7

  4. 8

  5. 12

4. Сегізкөз омыртқаларының саны:

  1. 5+

  2. 4

  3. 7

  4. 8

  5. 12

5. Көлденең өсінділерінде тесігі бар омыртқалар:

  1. мойын омыртқалары+

  2. кеуде омыртқалары

  3. бел омыртқалары

  4. сегізкөз омыртқалары

  5. құйымшақ омыртқалары

6. Қабырғалық шұңқырлары бар омыртқалар:

  1. кеуде омыртқалары+

  2. мойын омыртқалары

  3. бел омыртқалары

  4. сегізкөз омыртқалары

  5. құйымшақ омыртқалары

7. Қаңқаның тозу (кәрілік) белгілері:

  1. сүйек тінінің сиректенуі+

  2. сүйек табақшалары санының көбеюі

  3. сүйек затының (заттегінің) тығыздануы

  4. дәнекер тінінің өте көбеюі

  5. өсінділердің пайда болуы

8.Жауырынның буындық ойысы ... орналасқан.

  1. латералдық бұрышында+

  2. жоғары бұрышында

  3. төменгі бұрышында

  4. акромионда

  5. құстұмсықтәрізді өсіндіде

9. Жауырын қылқаны ... орналасқан.

  1. дорсалды бетінде+

  2. жоғарғы бұрышында

  3. төменгі бұрышында

  4. латералді бұрышында

  5. қабырғалық бетінде

10. Акромион және құстұмсықтәрізді өсінділері бар сүйек:

  1. жауырын+

  2. төс

  3. тоқпан жілік

  4. шынтақ жілік

  5. кәрі жілік

11. Екі мойны бар сүйек:

  1. тоқпан жілік+

  2. ортан жілік

  3. шынтақ жілік

  4. асықты жілік

  5. кәрі жілік

12. Шынтақтық, кәрі жіліктік және тәждік шұңқырлар ... жілікте орналасқан.

  1. тоқпан+

  2. ортан

  3. шынтақ

  4. кәрі

  5. асықты

13. Қол ұшы (басы) сүйегінің бөлігі:

  1. білек+

  2. тілерсек

  3. толарсақ

  4. аяқ ұшы саусақ бақайшықтары

  5. апофиз

14. Аяқ ұшы (басы) сүйегінің бөлігі:

  1. тілерсек+

  2. білек

  3. толарсақ

  4. қол ұшы саусақ бақайшықтары

  5. метафиз

15. Мықын, шонданай және шат сүйектерінің жамбаста бітісетін жері ...

  1. ұршық ойысының аймағы+

  2. қасағалық бітісу

  3. құлақтық бет

  4. бұдырмақ

  5. қасаға қыры

16. Бассүйектің милық бөлігі (мисауыттың) сүйегі:

  1. шүйделік сүйек+

  2. көзжастық сүйек

  3. мұрындық сүйек

  4. жоғарғы жақсүйек

  5. төменгі жақсүйек

17. Бассүйектің бет бөлігіне ... сүйегі жатады.

  1. жоғарғы жақ+

  2. шүйделік

  3. маңдайлық

  4. сынатәрізді

  5. самайлық

18. Тесіктелген табақшасы бар сүйек:

  1. торлы сүйек+

  2. маңдайлық сүйек

  3. көзжас сүйегі

  4. сынатәрізді сүйек

  5. мұрын сүйегі

19. Гаймор қойнауы ... сүйекте орналасқан.

  1. жоғарғы жақ+

  2. маңдайлық

  3. сынатәрізді

  4. кеңсірік

  5. самайлық

20. Бассүйектің ең үлкен тесігі ... сүйекте орналасқан.

  1. шүйделік+

  2. маңдайлық

  3. төбелік

  4. самайлық

  5. бет әлпеттік

21. Бассүйектің милық бөлігінің тақ сүйегіне жатады.

  1. маңдайлық+

  2. жоғарғы жақ сүйек

  3. төменгі жақ сүйек

  4. самайлық

  5. төбелік

22. Шүйде сүйек ... тұрады.

  1. базилярлы бөлік+

  2. дене

  3. мойын

  4. өсінділер

  5. доға

23. Омыртқаның … өсіндісі бар.

  1. қылқанды+

  2. құстұмсықтәрізді

  3. тәждік

  4. иық (акромион)

  5. бізтәрізді

24. Мойын омыртқаларына тән анатомиялық құрылым:

  1. көлденең өсінділеріндегі тесікте+

  2. қабырғалық шұңқырларда

  3. тәждік өсіндіде

  4. емізіктәрізді өсіндіде

  5. бізтәрізді өсіндіде

25. Омыртқа бағанасының … мүйіс орналасқан.

  1. V-бел омыртқасының сегізкөзбен қосылған жерінде+

  2. IV және V-бел омыртқаларының қосылған жерінде

  3. І-сегізкөз омыртқасында

  4. V-бел омыртқа денесінің тұсында

  5. ІІІ және IV бел омыртқаларының арасында

26. Сегізкөздің … құлақтәрізді буындық бет орналасқан.

  1. латералды бетінде+

  2. дорсалды бетінде

  3. жамбастық бетінде

  4. сегізкөз негізінде

  5. сегізкөз ұшында

27. Жауырынның тоқпан жілікпен байланысатын буындық ойығы … орналасқан.

  1. жауырынның латералды бұрышында+

  2. акромионда

  3. жауырынның жоғарғы бұрышында

  4. құстұмсықтәрізді өсіндісінде

  5. жауырын қылқанында

28. Сегізкөздің тақ қыры … құралған.

  1. қылқанды өсінділердің бітісуінен+

  2. буындық өсінділерінің бітісуінен

  3. көлденең өсінділерінің бітісуінен

  4. денелерінің бітісуінен

  5. сегізкөздік мүйізшелерден

29. Тоқпан жіліктің дисталды шетінде … орналасқан.

  1. басы+

  2. шынтақ өсіндісі

  3. кіші төмпешік

  4. төмпешікаралық жүлге

  5. дельтатәрізді бұдырмақ

30. Кәріжіліктің дисталды шетінде … бар.

  1. бізтәрізді өсіндісі+

  2. басы

  3. мойны

  4. емізіктәрізді өсіндісі

  5. бұдырмағы

31. Ұршық ойығын құруға қатысатын … болды.

  1. мықын сүйек+

  2. ортан жілік

  3. асықты жілік (үлкен жіліншік)

  4. сегізкөз

  5. асықты жілік шыбығы (кіші жіліншік)

32. Ортан жіліктің дисталды шетінде … орналасқан.

  1. тақымдық беті+

  2. ұршықаралық қыр

  3. үлкен ұршық

  4. басы

  5. мойны

33. Асықты жіліктің дисталды шетінде … орналасқан.

  1. медиалды толарсақ+

  2. асықты жіліктің бұдырмағы

  3. латералды толарсақ

  4. камбалатәрізді бұлшықет сызығы

  5. айдаршықаралық томпақ

34. Тілерсек сүйегіне … жатады.

  1. өкше сүйегі+

  2. үлкен трапециятәрізді сүйек

  3. кіші трапециятәрізді сүйек

  4. басты сүйек

  5. ілмектәрізді сүйек

35. … сүйегі мисауытын құруға қатысады.

  1. Шүйде+

  2. Жоғарғы жақ

  3. Мұрын

  4. Желбезек

  5. Таңдай

36. Жұтқыншақтық төмпешік … сүйегінде орналасқан.

  1. шүйде+

  2. маңдай

  3. шеке

  4. сынатәрізді

  5. самай

37. Мисауытында үлкен және кіші қанаттар … сүйегінде орналасқан.

  1. сынатәрізді+

  2. шеке

  3. шүйде

  4. маңдай

  5. самай

38. Мисауыттағы … сүйекте гипофизарлық шұңқыр орналасқан.

  1. сынатәрізді+

  2. маңдай

  3. торлы сүйек

  4. шүйде

  5. самай

39. Самай сүйектің пирамида бөлігі арқылы … нерві өзегі өтеді.

  1. бет+

  2. көру

  3. әкетүші

  4. кезбе

  5. үшкіл

40. Мойындырық тесігін … сүйегі шектейді.

  1. шүйде+

  2. сынатәрізді

  3. маңдай

  4. шеке

  5. торлы

41. Қанат-таңдай шұңқырын … мұрын қуысымен байланыстырады.

  1. сына-таңдай тесігі+

  2. сопақ тесік

  3. қанаттәрізді өзек

  4. қанаттәрізді-жоғарғы жақсүйектік саңылау

  5. дөңгелек тесік

42. Көзұяның медиалды қабырғасын құруға … сүйегі қатысады.

  1. көзжас+

  2. бет

  3. самай

  4. тіласты

  5. төменгі жақ

43. Мұрын қуысының латералды қабырғасын құруға … сүйегі қатысады.

  1. жоғарғы жақ+

  2. көзжас

  3. бет

  4. самай

  5. шүйде

44. Омыртқа бағанасының ең қозғалмалы ...

  1. мойын бөлімі+

  2. жоғарғы кеуде бөлімі

  3. төменгі кеуде бөлімі

  4. бел бөлімі

  5. сегізкөз бөлімі

45. Сүйектер арасында дәнекер тін орналасқан қосылыс:

  1. синдесмоз+

  2. синхондроз

  3. синостоз

  4. диартроз

  5. гемиартроз

46. Сүйектер арасында шеміршек тін орналасқан қосылыс:

  1. синхондроз+

  2. синостоз

  3. синдесмоз

  4. диартроз

  5. гемиартроз

47. Сүйектер арасында сүйектік тін орналасқан қосылыс:

  1. синостоз+

  2. синхондроз

  3. синдесмоз

  4. диартроз

  5. гемиартроз

48. Төменгі жақсүйек ... сүйекпен буын құрайды.

  1. самайлық+

  2. бет әлпет

  3. жоғарғы жақ

  4. шүйделік

  5. шекелік

49. Омыртқа доғасын ... байлам байланыстырады.

  1. сары+

  2. алдыңғы бойлық

  3. артқы бойлық

  4. желке

  5. қылқанаралық

50.Шынтақ буынына жататын анатомиялық құрылым:

  1. кәрі жіліктің сақинатәрізді байламы+

  2. буындық ерін

  3. менискілер

  4. буындық диск

  5. сүйекаралық жарғақ

51. Сирақ-асық буынын құруға ... сүйегі қатысады.

  1. асықты жілік+

  2. өкше

  3. қайықтәрізді

  4. шаршытәрізді

  5. медиалды сынатәрізді

52. Иық буынының байламы:

  1. құстұмсық-тоқпан жілік байламы+

  2. құстұмсық-акромиалды байлам

  3. құстұмсық-бұғана байламы

  4. жауырынның төменгі көлденең байламы

  5. жауырынның жоғарғы көлденең байламы

53. Шынтақ буынындағы қозғалыстар:

  1. білекті бүгу және жазу+

  2. тоқпан жілікті әкелу және әкету

  3. тоқпан жілікті айналдыру

  4. қолды шеңбер бойымен айналдыру

  5. білекті әкету және әкелу

54. Кәрі жілік-білезік буынындағы қозғалыстар:

  1. әкелу және әкету+

  2. кәрі жілікті айналдыру

  3. шынтақ жілікті айналдыру

  4. супинация

  5. пронация

55. Сегізкөз-мықын буынының байламы:

  1. сегізкөз-мықын байламы+

  2. сегізкөз-төмпе байламы

  3. сегізкөз-қылқан байламы

  4. ортан жілік басының байламы

  5. ұршық ойығының көлденең байламы

56. Тізе буынының қозғалыстары:

  1. бүгу және жазу+

  2. әкету

  3. шеңбер бойымен қозғалу

  4. әкелу

  5. супинациа

57. Төменгі жақсүйекті көтеретін бұлшықет:

  1. медиалдық қанаттәрізді, шайнау, самайлық+

  2. латериалдық қанаттәрізді, самайлық ұрттық

  3. самайлық, иекасты, ауыздың дөңгелек

  4. күлкі, ұрттық, қалқантіласты

  5. үлкен бетәлпеттік, кіші бетәлпеттік, иекасты

58. Самайлық шұңқырдан басталып, төменгі жақ сүйектің тәждік өсіндісіне ... бұлшықеті бекиді.

  1. самайлық+

  2. ерінді көтеретін

  3. медиалдық қанаттәрізді

  4. латералдық қанаттәрізді

  5. ұрттық

59. Көздің айналасында шеңберлі орналасып көзді жұматын бұлшықет ...

  1. көздің дөңгелек бұлшықеті+

  2. самайлық

  3. шайнау

  4. медиалдық қанаттәрізді

  5. латериалдық қанаттәрізді ұрт

60. Мимикалық бұлшықеттердің ерекшелігі:

  1. теріге бекиді+

  2. сүйектерден басталып, сүйектерге бекиді

  3. сөйлеуге қатысады

  4. бүгуге қатысады

  5. жазуға қатысады

61. Мойынның беткей бұлшықетін көрсетіңіз:

  1. төс-бұғана-емізіктәрізді бұлшықет+

  2. сатылық алдыңғы бұлшықет

  3. төс-тіласты бұлшықеті

  4. төс-қалқанша бұлшықеті

  5. қалқанша-тіласты бұлшықеті

62. Тіласты сүйегінің үстінде орналасқан мойын бұлшықетін көрсетіңіз:

  1. жақсүйек-тіласты бұлшықеті+

  2. мойынның теріастылық бұлшықеті

  3. төс-бұғана-емізіктәрізді бұлшықеті

  4. төс-тіласты бұлшықеті

  5. қалқанша-тіласты бұлшықеті

63. Тіласты сүйегінің астында орналасқан мойын бұлшықетін көрсетіңіз:

  1. жауырын-тіласты бұлышеқеті+

  2. сатылық алдыңғы бұлшықеті

  3. мойынның ұзын бұлшықеті

  4. қос қарыншалы бұлшықеті

  5. иек-тіласты бұлшықеті

64. Кеуде торын кеңейтуге ... бұлшықеті қатысады.

  1. алдыңғы тісті+

  2. үлкен ромбтәрізді

  3. жауырынды көтеретін

  4. трапециятәрізді

  5. арқаның аса жалпақ

65. Қабырғаны түсіретін бұлшықет:

  1. ішкі қабырғааралық бұлшықет+

  2. сыртқы қабырғааралық бұлшықет

  3. трапециятәрізді бұлшықет

  4. арқаның аса жалпақ бұлшықеті

  5. алдыңғы тісті бұлшықет

66. Іштің тік бұлшықеті қынабының артқы қабырғасын түзуге ... қатысады.

  1. көлденең шандыр+

  2. іштің көлденең бұлшықетінің апоневрозы

  3. іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы

  4. іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің апоневрозы

  5. шап байламы

67. Шап өзегінің төменгі қабырғасын құруға ... қатысады.

  1. шап байламы+

  2. іштің ішкі қиғаш бұлшықеті

  3. іштің тік бұлшықеті

  4. көлденең шандыр

  5. пирамидатәрізді бұлшықет

68. Мимикалық бұлшықеттердің топографиялық және құрылымдық ерекшеліктері:

  1. тері асты шандырымен қапталмаған+

  2. терең орналасады

  3. бассүйек тесіктерінің айналасына шоғырланған

  4. сүйектерге бекиді

  5. І-ші висцералды доға негізінде дамиды

69. І-қабырға мен бұғана арасында ... бұлшықеті орналасқан.

  1. сыртқы қабырғааралық+

  2. үлкен кеуде

  3. кіші кеуде

  4. бұғанаасты

  5. алдыңғы тісті

70. Көкеттің сіңірлі орталығында … орналасқан.

  1. төменгі қуыс вена тесігі+

  2. өңеш тесігі

  3. қолқалық тесігі

  4. төс-қабырға саңылауы

  5. бел-қабырға саңылауы

71. Меншікті шайнау бұлшықеті … басталады.

  1. жоғарғы жақсүйектің бетсүйектік өсіндісінен+

  2. сынатәрізді сүйектің қанаттәрізді өсіндісінен

  3. самай сүйектің бізтәрізді өсіндісінен

  4. жоғарғы жақсүйектің алвеолалық доғасынан

  5. самай сүйектің емізіктәрізді өсіндісі

72. Көкеттің бұлшықетті бөлігінен … тесігі өтеді.

  1. қолқа+

  2. төс-қабырға

  3. бел-қабырға

  4. төменгі қуыс вена

  5. жоғарғы қуыс вена

73. Иықтың үш басты бұлшықетінің қызметі:

  1. білекті жазады+

  2. иықты пронациялайды

  3. иықты супинациялайды

  4. иықты әкетеді

  5. иықты әкеледі

74. Үлкен шонданай тесігі арқылы … бұлшықеті өтеді.

  1. алмұрттәрізді+

  2. мықын-бел

  3. ішкі жапқыш

  4. сыртқы жапқыш

  5. қырлы

75. Ерлердің шап өзегінен … өтеді.

  1. шәует шылбыры+

  2. несепағар

  3. несеп шығаратын өзек

  4. шәует қуықшасы

  5. жатыр түтігі

76. Сан өзегінің терең сақинасын … шектейді.

  1. торлы шандырдың орақтәрізді жиегі+

  2. шәует шылбыры

  3. мықын-қыр доғасы

  4. шап байламы

  5. қырлы бұлшықет

77. Тақым шұңқырын латеральды … бұлшықеті шектейді.

  1. санның екі басты+

  2. жіңішке

  3. үлкен әкелуші

  4. ұзын әкелуші

  5. тігінші

78. Әйелдердің шап өзегінен … өтеді.

  1. жатырдың жұмыр байламы+

  2. шәует шылбыры

  3. анабездің меншікті байламы

  4. шәует қуықшалары

  5. жатыр түтіктері

79. Шап өзегінің алдыңғы қабырғасын … құрайды.

  1. іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы+

  2. іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің апоневрозы

  3. көлденең бұлшықет апоневрозы

  4. көлденең шандыр

  5. шап байламы

80. Арқаның беткей бұлшықеті:

  1. трапециялық бұлшықет+

  2. көп бөлінген бұлшықет

  3. мойынның қылқан бұлшықеті

  4. пирамидалық бұлшықет

  5. мойынның ұзын бұлшықеті

81. Арқаның терең бұлшықеті:

  1. омыртқа бағанасын тіктейтін бұлшықет+

  2. трапециялық бұлшықет

  3. аса жалпақ бұлшықет

  4. үлкен ромбтәрізді бұлшықет

  5. кіші ромбтәрізді бұлшықет

82. Бірінші қабырға мен бұғана аралығында ... бұлшықеті орналасқан.

  1. бұғанаасты+

  2. кеуделік үлкен

  3. кеуделік кіші

  4. кіші ромбтәрізді

  5. омыртқа бағанасын тікейтетін

83. Іштің тік бұлшықеті қынабының артқы қабырғасының кіндіктен жоғарғы бөлігін түзуге... бұлшықетінің апоневрозы қатысады.

  1. іштің көлденең+

  2. іштің сыртқы қиғаш

  3. іштің ішкі қиғаш

  4. пирамидалық

  5. белдің шаршы

84. ... шап өзегінің артқы қабырғасын түзеді.

  1. Көлденең шандыр+

  2. Іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозы

  3. Іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің апоневрозы

  4. Іштің көлденең бұлшықетінің апоневрозы

  5. Шап байламы

85. Ас қорыту жүйесінің іш қуыс ағзаларының қабырғасын түзетін қабықтардың толық құрамы …

  1. шырышты, шырышасты негізі, бұлшықетті және сірлі қабықтар+

  2. дәнекер тіндік қабық

  3. шырышасты негізі және сірлі қабық

  4. шырышасты негізі, бұлшықетті және сірлі қабықтар

  5. шырышты және сірлі қабықтар

86.Шықшыт безі өзінің секретін ... бөледі

  1. ауыз қуысының кіреберісіне+

  2. асқазан қуысына

  3. сыртқы ортаға

  4. өңеш қуысына

  5. жұтқыншақ қуысына

87.Өңештің бөліктері:

  1. мойындық, кеуделік және іштік+

  2. бұғаналық, кеуделік және іштік

  3. шүйделік, мойындық және кеуделік

  4. мойындық, кеуделік және көкеттік

  5. жұтқыншақтық, мойындық және кеуделік

88.Ауыз қуысы ... бөлінеді.

    1. кіреберіс және меншікті ауыз қуысына+

    2. кіреберіс және үңгірге

    3. өзек және батыңқыға

    4. кіреберіс және саңылауға

    5. меншікті ауыз қуысы және қойнауға

89.Еріндердің негізін ... бұлшықеті құрайды.

  1. ауыздың дөңгелек+

  2. иек

  3. ұрт

  4. пирамидалық

  5. қанаттәрізді

90.Тіс ұлпасы – ...

  1. тамырлар мен нервтер бар тіс қуысы+

  2. тістің көрініп тұрған бөлігінің қабығы

  3. түбірді жауып тұрған заттек

  4. тіс мойнының айналасындағы дәнекер тін

  5. түбірдің мойынға өтетін жері

91.Үлкен азу тістердің кіші азу тістерден айырмашылығы ...

  1. шайнау төмпешіктері мен түбірлерінің санында+

  2. биіктігінде

  3. ұзындығында

  4. мойнының барлығында

  5. мойнының жоқтығында

92.Тіл жүгеншігі ... орналасқан.

  1. тілдің астында+

  2. тілдің артында

  3. тілдің жиектерінде

  4. тілдің түібірінде

  5. ауыздың кіреберісінде

93.Тілдің жоғарғы бетіндегі құрылымдар:

  1. бүртіктер+

  2. шұңқыршалар

  3. альвеолалар

  4. Бүрлер

  5. ацинус

94. Тілдің түбірінде ... орналасқан.

  1. шұңқырша+

  2. саңылау

  3. бадамша

  4. доғашы

  5. перде

95.Асқазанның шырышты қабығының қатпарларын ... қабық түзеді.

  1. шырышасты+

  2. бұлшықетті

  3. сірлі

  4. адвентициалдық

  5. ақ қабықтық

96.Асқазан ... жабылған.

  1. ішастармен +

  2. шандырмен

  3. капсуламен

  4. кутикуламен

  5. плеврамен

97.Асқазанның бұлшықеттік қабығының қабаттары:

  1. бойлық, циркулярлық және қиғаш+

  2. циркулярлық және қиғаш

  3. циркулярлық және көлденең

  4. бойлық және көлденең

  5. бойлық, циркулярлық және тік

98.Құрттәрізді өсінді ... ішекте орналасқан..

  1. соқыр+

  2. он екі елі

  3. аш

  4. мықын

  5. сигматәрізді

99. Ауыз кіреберісінің қабырғасын … құрайды.

  1. еріндер+

  2. таңдай бадамшасы

  3. жұмсақ таңдай

  4. ауыз көкеті

  5. жақасты сілекей безі

100. Ауыз кіреберісін меншікті ауыз қуысынан … бөліп тұрады.

  1. тістер+

  2. аңқа

  3. еріндер

  4. таңдай-тіл доғалары

  5. ұрттар

101. Аңқаны … шектеп тұрады.

  1. жұмсақ таңдай+

  2. түтік буылтығы

  3. көмей қақпашығы

  4. тіласты қатпары

  5. ауыз көкеті

102. Тістің бөліктерін көрсетіңіз

  1. тіс сауыты+

  2. нервтер

  3. қан тамырлар

  4. лимфа тамырлары

  5. қызылиек

103. Адамның тұрақты тістері … шыға бастайды.

  1. 6-7 жаста+

  2. 6-7 айда.

  3. 2-3 жаста

  4. 9-10 жаста

  5. 7-8 жаста

104. Шықшыт безінің түтігі … ашылады.

  1. ауыз кіреберісіне+

  2. тіласты бүртігіне

  3. тіласты қатпарының шырышты қабығына

  4. жұмсақ таңдайға

  5. меншікті ауыз қуысына

105.Төменгі жақсүйек асты безі … ашылады.

  1. тіласты бүртігіне+

  2. төменгі ерін жүгеншігіне

  3. ауыз кіреберісіне

  4. бадамшаүсті шұңқырына

  5. меншікті ауыз қуысына

106. Ауыз қуысы жұтқыншақпен … арқылы байланысады.

  1. аңқа+

  2. хоаналар

  3. евстахий түтігінің жұтқыншақтық тесігі

  4. көмей кіреберісі

  5. алмұрттәрізді тесік

107. Тілде науашықтәрізді бүртіктер … орналасқан.

  1. шекаралық жүлге мен соқыр тесіктің алдында+

  2. тілдің жиегінде

  3. тілдің ұшында

  4. тіл арқашығының бетінде

  5. тіл денесі мен түбірінің арасында

108.Тіл бадамшасы … орналасқан.

  1. тіл түбірінде+

  2. тіл жиегінде

  3. тілдің денесі

  4. тілдің төменгі бетінде

  5. тілдің ұшында

109. Өңештің бөлігі:

  1. кеуделік бөлік+

  2. бастық бөлік

  3. ауыздық бөлік

  4. ішастар артындағы бөлік

  5. айырықтық бөлік

110. Сыртқы есту өтісінің астында орналасқан сілекей безін атаңыз

  1. шықшыт безі+

  2. еріндік бездер

  3. жақасты безі

  4. тіласты безі

  5. таңдай бездері

111. Жұтқыншақтың артқы және жоғарғы қабырғаларының арасында … бадамша орналасқан.

  1. жұтқыншақтық+

  2. түтіктік

  3. таңдайлық

  4. тілдік

  5. жекеленген лимфа түйіншелері

112. Тоқ ішектің шажырқайы жоқ бөлігі:

  1. жоғарлаған жиекшек+

  2. сигматәрізді ішек

  3. көлденең жиек ішек

  4. құрттәрізді өсінді

  5. соқыр ішек

113. Асқазан ішастармен … жабылған.

  1. интраперитонеалды+

  2. мезоперитонеалды

  3. экстраперитонеалды

  4. экстра-, мезо- және интраперитонеалды

  5. ретроперитонеалды

114. Пейер түйіншелері … тіннен құралған.

  1. лимфоидтық +

  2. майлы

  3. бұлшықетті

  4. эпителиалды

  5. дәнекерлі

115. Ішектің … бөлігінде пейер түйіншелері орналасқан

  1. мықын ішек+

  2. асқазан

  3. 12-елі ішек

  4. аш ішек

  5. соқыр ішек

116. Аш ішек ішастармен … жабылған.

  1. интраперитонеалды+

  2. экстраперитонеалды

  3. мезоперитонеалды

  4. ретроперитонеалды

  5. экстра-, мезо- және интраперитонеалды

117. Ішек түтігінің … бөлігінде алғашқы рет май ыдырай бастайды

  1. аш ішек+

  2. өңеш

  3. асқазан

  4. 12-екі ішек

  5. сигматәрізді ішек

118. Тоқ ішектің бастапқы бөлігін атаңыз

  1. соқыр ішек+

  2. көлденең жиек ішек

  3. жоғарылаған жиек ішек

  4. сигматәрізді ішек

  5. тік ішек

119. Соқыр ішек ішастармен ... жабылған.

  1. интраперитонеалды +

  2. мезоперитонеалды

  3. ретроперитонеалды

  4. экстраперитонеалды

  5. интра-, мезо- және экстраперитонеалды

120. Ұйқы безінің басын қоршай орналасқан ағза:

  1. он екі елі ішек+

  2. асқазан

  3. көкбауыр

  4. бауыр

  5. бүйрек

121. Ұйқы безінің алдыңғы бетіне жанасып жатқан ағза:

  1. асқазан +

  2. он екі елі ішек

  3. көкбауыр

  4. бауыр

  5. бүйрек

122. Таңдай бадамшасы ... орналасқан.

  1. таңдай-жұтқыншақ және таңдай-тіл доғаларының арасында+

  2. таңдай-жұтқыншақ доғасынан жоғарыда

  3. таңдай-жұтқыншақ доғасының артында

  4. жұмсақ таңдай тілшігінде

  5. тілшікке жақын

123. Жұтқыншақ бадамшасы ... орналасқан.

  1. ауызжұтқыншақта+

  2. мұрынжұтқыншақта

  3. жұтқыншақ күмбезінде

  4. жұмсақ таңдай негізінде

  5. таңдай пердесінде

124. Лимфа түйіндері (Пейер түйіншелері) ... қабырғасында шоғырланып орналасқан.

  1. мықын ішек+

  2. өңеш

  3. асқазан

  4. соқыр ішек

  5. аш ішек

125.Жұтқыншақ аймағында лимфалық-эпителийлік сақинаны ... бадамша бездер түзеді.

    1. 2 таңдайлық, 2 түтіктік, 1 тілдік және 1 жұтқыншақтық+

    2. 2 таңдайлық, 2 түтіктік, 1 тілдік және 2 жұтқыншақтық

    3. 1 таңдайлық, 2 түтіктік, 1 тілдік және 2 жұтқыншақтық

    4. 1 таңдайлық, 1 түтіктік, 2 тілдік және 2 жұтқыншақтық

    5. 2 таңдайлық, 1 түтіктік, 1 тілдік және 2 жұтқыншақтық

126 ... шоғырланған лимфа түйіншелері орналасқан.

  1. Мықын ішекте+

  2. Асқазанда

  3. Сигматәрізді ішекте

  4. Кеңірдекте

  5. Тік ішекте

127. Бауыр сегменттерінің саны:

  1. сегіз+

  2. он

  3. алты

  4. екі

  5. үш

128. Ұйқы безінің толық құрамдық бөліктері:

  1. басы, денесі және құйрығы+

  2. ұшы, түбі және денесі

  3. денесі, түбі және өсіндісі

  4. басы, түбі және денесі

  5. негізі және ұшы

129. Өтқуықтың ... болып табылады.

  1. өт жиналатын орын+

  2. өт өңдіру

  3. эндокриндік

  4. қан өңдіру

  5. иммундық

130. Ұйқы безінің басы … омыртқасы тұсында орналасқан.

  1. ІІ-бел+

  2. ХІІ-кеуде

  3. ХІ-кеуде

  4. ІV-бел

  5. Х- кеуде

131. Ұйқы безінің басы … жанасады.

  1. он екі елі ішекпен+

  2. көлденең жиек ішекпен

  3. асқазанмен

  4. оң бүйрекпен

  5. өтқуықпен

132. Ұйқы безі ішастармен … жабылған.

  1. экстраперитонеалды+

  2. интраперитонелды

  3. мезоперитонеалды

  4. шажырқаймен

  5. интрамезоперитонеалды

133. Ұйқы безі түтігі … бөлігіне ашылады.

  1. он екі елі ішектің төмендеген+

  2. он екі елі ішектің жоғарғы

  3. он екі елі ішектің жоғарылаған

  4. он екі елі ішектің горизонталды

  5. он екі елі ішектің төменгі

134. Эмбрионалды кезеңде қан өндіру қызметін … атқарады.

  1. бауыр+

  2. өтқуық

  3. бүйрек

  4. ұйқы безі

  5. асқазан

135. Купфер жасушалары ... фагоцитарлық қызмет атқарады

  1. бауырда+

  2. өтқуықта

  3. бүйректе

  4. ұйқы безінде

  5. асқазанда

136. Ұйқы безінің құйрығы бөлігінде ... орналасқан.

  1. көкбауыр+

  2. асқазан

  3. он екі елі ішек

  4. бауыр

  5. бүйрек

137.Мұрын қуысының бөліктері:

  1. тыныс алу және иіс сезу+

  2. тыныс алу және көру

  3. тыныс алу және түйісуді сезу

  4. иіс сезу және есту

  5. иіс сезу және дәм сезу

138.Мұрындық жол – ...

  1. мұрын қалқанының астындағы кеңістік+

  2. мұрын қуысының кіреберісі

  3. мұрын-көзжасөзегінің тесігі

  4. жоғарғы жақсүйектің маңдайлы өсіндісінің жанындағы жүлге

  5. сынатәрізді сүйектің үлкен және кіші қанаттардың арасындағы саңылау

139. Көмей ... болып табылады:

  1. тыныс алу жолы мен дауыс аппараты+

  2. тыныс алу және тірек-қимыл аппараты

  3. ас қорыту және дауыс аппараты

  4. несеп шығаратын жүйе мен дауыс аппараты

  5. тынысалу және ас қорыту аппараты

140.Кеңірдек – ...

  1. көмей мен басты бронхтардың аралығында орналасқан түтікті ағза+

  2. ауыз қуысы мен өңештің аралығында орналасқан түтікті ағза

  3. бүйректің жоғарғы шетінде орналасқан ағза

  4. бүйрек пен несеп қуықтың аралығында орналасқан түтікті ағза

  5. өкпелердің аралығында орналасқан үлесті ағза

141.Кеңірдек айырығы – ...

  1. кеңірдектің екі негізгі бронхтарға бөлінген жері+

  2. көршілес шеміршектік жартылай сақиналардың аралығындағы дәнекер тіндік табақша

  3. кеңірдектің сыртқы қабығы

  4. кеңірдек қабырғасының қақпағы

  5. кеңірдектің қолқамен қиылысқан жері

142.Мұрын қуысында ... мұрын жолы орналасқан.

  1. үш+

  2. екі

  3. төрт

  4. бес

  5. бір

143.Төменгі мұрын жолына ... ашылады.

  1. мұрын-көзжас өзегі+

  2. маңдай қойнауы

  3. гаймор қойнауы

  4. торлы сүйектің (кеңсіріктің) алдыңғы ұяшықтары

  5. евстахий түтігі

144. Көмейдің тақ шеміршегі:

  1. қалқаншатәрізді+

  2. мүйізтәрізді

  3. сынатәрізді

  4. ожаутәрізді

  5. дән тәрізді

145. Жоғарғы жақсүйек қойнауына … ашылады.

  1. ортаңғы мұрын жолы+

  2. жоғарғы мұрын жолы

  3. сына-таңдай шұңқыры

  4. төменгі мұрын жолы

  5. мұрын-көзжас өзегі

146. Маңдай қойнауына … ашылады.

  1. ортаңғы мұрын жолы+

  2. жоғарғы мұрын жолы

  3. алдыңғы бассүйек шұңқыры

  4. жоғарғы көзұя саңылауы

  5. төменгі мұрын жолы

147. Жоғарғы мұрын жолына … ашылады.

  1. сынатәрізді қойнаудың тесігі+

  2. маңдай қойнауының тесігі

  3. торлы сүйектің алдыңғы ұяшықтары

  4. жоғарғы жақсүйек қойнауы

  5. мұрын-көзжас өзегі

148, Мұрын қуысының тыныстық аймағының бездерін көрсетіңіз

  1. шырышты бездер+

  2. терлік бездер

  3. сірлік (сероздық) бездер

  4. май бездері

  5. шырышасты бездері

149. Төменгі мұрын жолына ... ашылады.

  1. мұрын-көзжас өзегі+

  2. торлы сүйектің ортаңғы ұяшықтары

  3. жоғарғы жақсүйек қойнауы

  4. торлы сүйектің артқы ұяшықтары

  5. сынатәрізді қойнау

150. Мұрын қуысының веналық өрімінің қызметі:

  1. ауаны жылыту+

  2. қорғаныш

  3. фагоцитоз

  4. ауаны ылғалдандыру

  5. тазарту

151. Көмейдің жүзікке ұқсас тақ шеміршегі:

  1. жүзік тәрізді+

  2. қалқанша тәрізді

  3. мүйіз тәрізді

  4. сынатәрізді

  5. көмей қақпашығы

152, Көмей кіреберісін шектейтін тақ шеміршек:

  1. көмей қақпашығы+

  2. қалқанша тәрізді

  3. қалқанша маңы

  4. мүйіз тәрізді

  5. сынатәрізді

153. Көмей артқы жағынан ... жанасады.

  1. жұтқыншақтың көмейлік бөлігімен+

  2. тіласты бұлшықетімен

  3. қалқанша безімен

  4. жұтқыншақпен

  5. мойын шандырының омыртқа алды табақшасымен

154. Көмейдің екі табақшадан тұратын шеміршегі:

  1. қалқанша+

  2. жүзіктәрізді

  3. көмей қақпашығы

  4. мүйізтәрізді

  5. сына тәрізді

155. Адам алмасы бұрышын құрайтын көмейдің шеміршегі:

  1. қалқанша+

  2. жүзіктәрізді шеміршек

  3. мүйізтәрізді

  4. сынатәрізді

  5. көмей қақпашығы

156. Дауыс түзуге ... бұлшықеттері қатысады.

  1. көмей+

  2. ауыз қуысы қабырғасының

  3. тіл

  4. жұтқыншақ

  5. таңдай және көмей

157. Ересек адамда кеңірдек айырығы ... деңгейінде орналасқан.

  1. V-кеуде омыртқасы+

  2. төс бұрышы

  3. төстің мойындырық тілігі

  4. қолқа доғасының жоғарғы жиегі

  5. VII-кеуде омыртқасы

158. Өкпе қақпасына ... кіреді.

  1. басты бронхтар+

  2. сол ұйқы артериясы

  3. оң ұйқы артериясы

  4. жалпы ұйқы артериясы

  5. ішкі мойындырық венасы

159. Оң өкпедегі сегменттер саны:

  1. 10+

  2. 5

  3. 6

  4. 7

  5. 8

160. Бронх тармақтарының (ағашының) ... бөлігінде шеміршек болмайды.

  1. соңғы бронхшалар+

  2. басты бронхтар

  3. үлестік бронхтар

  4. үлесшелік бронхтар

  5. сегменттік бронхтар

161. Өкпенің құрылымдық-функционалдық бірлігі:

  1. ацинус+

  2. соңғы бронхшалар

  3. тыныстық бронхшалар

  4. көпіршіктік (альвеолярлық) жолдар

  5. сегменттік бронхтар

162. Өкпенің құрылымдық элементтерінде ауа мен қан арасында газ алмасу... жүреді.

  1. көпіршіктерде (альвеолдар)+

  2. сегменттік бронхтарда

  3. үлесше бронхшаларында

  4. үлестік бронхтарда

  5. соңғы бронхшаларда

163. Оң өкпедегі үлестер саны:

  1. 3+

  2. 1

  3. 2

  4. 4

  5. 5

164.Жүрек қарыншаларының миокард қабатының саны:

  1. үш+

  2. екі

  3. төрт

  4. бір

  5. бес

165.Жүрек ... орналасқан.

  1. алдыңғы көкірекаралықта+

  2. алдыңғы көкірекаралық ортаңғы

  3. артқы көкірекаралықта

  4. жоғарғы көкірекаралықта

  5. бүйір көкірекаралықта

166.Жүректің оң жақ жүрекше- қарынша тесігінде ... орналасқан.

  1. үшжармалы қақпақ+

  2. қолқалы қақпақ

  3. митралдық қақпақ

  4. жартыайлы қақпақ

  5. өкпе сабауының қақпағы

167.Микроциркуляторлық ағын дегеніміз:

  1. тіндердегі жергілікті қан айналымның тамырлық торы+

  2. көз алмасының түбіндегі лимфокапиллярлар торы

  3. бүйрек денешігіндегі гемокапиллярлар

  4. иреленген шәует өзекшелерінің торы

  5. бүйректің тік өзекшелерінің торы

168. Ерлер жүрегінің орташа салмағы:

  1. 300 г.+

  2. 400 г.

  3. 350 г.

  4. 250 г.

  5. 370 г.

169. Әйелдер жүрегінің орташа салмағы:

  1. 220 г.+

  2. 200 г.

  3. 300 г.

  4. 350 г.

  5. 380 г.

170. Жүрек көкірекаралықтың ... бөлігінде орналасқан.

  1. алдыңғы+

  2. жоғарғы

  3. артқы

  4. алдыңғы-жоғарғы

  5. төменгі

171. Кіші қанайналым шеңбері ... басталады.

  1. өкпе сабауынан+

  2. иық-бас сабауынан

  3. қолқадан

  4. бронх артерияларынан

  5. көкірекаралық артерияларынан

172. Сол қарыншаның қабырғасында ... тесігі орналасқан.

  1. қолқа+

  2. тәждік қойнаудың

  3. өкпе веналарының

  4. өкпе сабауының

  5. төменгі қуысты вена

173. Оң қарыншаның қабырғасында ... тесігі орналасқан.

  1. өкпе сабауының+

  2. төменгі қуыс вена

  3. қақпа венасының

  4. қолқа

  5. митралды қақпақша

174,.Жүрек қабырғасының сыртқы қабығы … саналады.

  1. эпикард+

  2. фиброзды қабық

  3. шырышты қабық

  4. сірлі қабық

  5. шырышасты қабық

175. Жүрек қабырғасының ішкі қабығы … саналады.

  1. эндокард+

  2. қыртыстық

  3. милық

  4. жүрекқап

  5. дәнекертінді қабық

176. Жүректің өткізгіш жүйесінің элементі:

  1. жүрекше-қарыншалық түйін+

  2. жеке түйін

  3. үшкіл түйін

  4. жүрек шиыршығы

  5. проприоцептивтік шоғыр

177. Жүректегі оң жақ жүрекше-қарынша аралық тесікті жабатын қақпақша:

  1. үш жармалы қақпақ+

  2. веноздық қақпақ

  3. митралды қақпақ

  4. екі жармалы қақпақ

  5. сол жүрекше-қарынша аралық қақпа

178. Жүрек … орналасқан.

  1. көкірекаралықта+

  2. көкірек қуысында

  3. іш қуысында

  4. плевра қуысында

  5. іш қуысының артында

179. Жүректі … артерия қанмен қамтамасыз етеді.

  1. тәждік+

  2. ұйқы

  3. шажырқайлық

  4. омыртқалық

  5. мықын

180. Үлкен қанайналым шеңбері … басталады.

  1. сол қарыншадан+

  2. сол жүрекшеден

  3. оң қарыншадан

  4. оң жүрекшеден

  5. оң құлақшадан

181. Жүректің сол қарыншасындағы тесіктер саны:

  1. 2+

  2. 1

  3. 3

  4. 4

  5. 5

182. Жүректің оң қарыншасындағы тесіктер саны:

  1. 2+

  2. 3

  3. 1

  4. 4

  5. 5

183. Сол жүрекшедегі тесіктер саны:

  1. 5+

  2. 1

  3. 4

  4. 2

  5. 6

184.Жүректің ортаңғы қабығының атын атаңыз:

  1. миокард+

  2. перикард

  3. эндокард

  4. плевра

  5. эпикард

185. ... жүректің сол жақ қарыншасынан шығады.

  1. Қолқа+

  2. Тәждік артерия

  3. Ұйқы артериясы

  4. Иық артериясы

  5. Мойындырық венасы

186. ... жүректің оң жақ қарыншасынан шығады.

  1. Өкпе сабауы+

  2. Тәждік артерия

  3. Қолқа

  4. Ұйқы артериясы

  5. Бұғанаасты венасы

187. Сол жақ жүрекшеге ... құяды.

  1. өкпе веналары+

  2. мойындырық венасы

  3. жоғарғы қуыс вена

  4. қақпа венасы

  5. бұғанаасты венасы

188. Жүректің митралдық қақпағы ... арасында орналасқан.

  1. сол жақ жүрекше мен қарыншаның+

  2. сол қарынша мен қолқаның

  3. оң жүрекше мен қарыншаның

  4. оң қарынша мен өкпе сабауының

  5. жоғарғы қуыс вена мен оң жүрекшенің


Тапсырма №9

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет