Эндостич – механикалық жіпті тігіс салуға арналған құрал. Ол гернио-пластика, фундопластикадағы асқазан қабырғасын тігуге, әртүрлі анастомоз салғанда іштікті тігуге ыңғайлы. Ол эндохирургиялық тігістің алтернативасы ретінде қолданылуы мүмкін, уақыт пен тігіс материалдарын үнемдеуге мүмкіндік береді.Құрал екі металл «саусақтан» тұрады, олар тіндерді тіге отырып жібі бар инені бірінің арасынан бірін ауыстыруға мүмкіндік береді.
Қосымша құралдардың құрамына аспиратор-ирригатор (шайғыш), ретрактор, миоматозды түйіндерге арналған штопор, биопсияға арналған инелер мен қысқыштар, сачок, зондтар (жатырлық, холангиографиялық), жара кеңейткіштер жатады.
Тілік жарақатын азайтуға мүмкіндік беретін диаметрі кіші құралдар тобы жасап шығарылған.
Өңдеу мен стерилизация
Көпреттік құралдар әр операциядан кейін бірнеше кезеңдерден тұратын арнайы өңдеуді қажет етеді.
Механикалық тазарту. Операция бітуімен құралдарды реттеп ағынды суда ерш және щеткамен тазалайды.
Дезинфекция. Құралдарды 15 минутке дезинфекциялық ертіндіге салады. Ол үшін «Сайдекс», «Виркон», «Лизетол» қолданады. Металл даттануын тудыратын заттарды қолданудан сақтаймыз: сутек тотығы, хлоры бар заттар, «Пливасепт». Кейін құралдарды ағынды суда дезинфекциялық ертінді исі жойылмағанша тиянақты жуады.
Стерилизация алдында тазалау. Оны құрамында 3% сутек тотығы, жуғыш зат, натрий олеаты және суы бар жуғыш ертіндіде жүргізеді.
47- сурет. Үш жапырақшалы жара кеңейткіш
48- сурет. Кеңейткіштер, аспиратор-ирригаторлар және ретрактор
49- сурет. Диаметрі 2 мм. Эндохирургияға арналған құралдар.
Тазалау ұзақтығы 50ºС температурада 15 минут .Бұл кезеңді құралдарды ағынды суда, кейін 2 рет қайнатылған суда шаюмен аяқтайды.
Құралдарды залалсыздандыру немесе сақтауға дайындау кезінде оларды дәкелік тампондармен немесе 85ºС аспайтын температурада ажыратылған күйде, төсенішсіз құрғатқыш (құрғақ ыстық) шкафта тиянақты кептіреді.
Заласыздандыру. Құралдарды диэлектрикалық жамылғысыз әдеттегідей құрғатқыш шкафта 170-180ºС температурада 1 сағат бойы заласыздандырады. Диэлектрикалық жамылғысы, оптика мен төсеніштері бар құралдарды «Сайдекс» ертіндісінде залалсыздандырады (10 сағат), одан кейін залалсызданған 2 рет қайнатылған сумен шайып, дәкелік тампондармен құрғатады да, жинап, операция алдында операциялық үстелге жаяды.
Құралдардың пайдалану ұзақтығы көбіне оларды өңдеу ережелерін сақтауына байланысты екендігін есте сақтаған жөн.
Бақылау сұрақтары
-
Тіндерді ажыратуға арналған құралды таңдаңыз:
А). тісті қысқыш
B). жалпақ пинцет (лапчатый)
C). Реверден қалақшасы
D). лазерлі скальпель
E). атравматикалық ине
2. Хирургиялық пинцет анатомиялық пинцеттен бранштарының шетінде
ненің болуымен ерекшеленеді:
А). көлденең сызбалар (насечки)
B). өткір тісшелер
C). тісшелері бар лапкалар
D). барлығымен
E). ешқайсысы
3. Шеттерінден тісшелері бар қантоқтатқыш қысқыш аталады:
А). Пеан қантоқтатушы қысқышы
B). Кохер қысқышы
C). Бильрот қысқышы
D). «Москит» қысқышы
E). Холстед қысқышы
4. Сүйек-пластикасы кезінде сүйек қиындысын бөліп алу үшін
қолданылатын аспап:
А). доға тәрізді ара
B). жапырақ тәрізді ара
C). Джигли арасы
D). Янсен тістеуіктері
E). Фолькман сүйек қасықшалары
5. Кузнецов – Пенскидін тігісі негізінде не жатыр:
А). жіптердің сыртқа шығуын алдын алу
B). кездесуші «П» тәрізді жіптердің принципі
C). тігістің мықтылығы үшін жіптерді айқастыру принципі.
D). үздіксіз әдіспен бауыр мен көкбауыр тіндерін тігу.
E). «синусоидтар» принципі, тігіс техникасын тез жаттап алуға жеңілдету
6. «Москит» тәрізді қан тоқтатушы қысқышта бар:
А). кішкене өлшемді
B). кішкене салмақты
C). үшкірленген беттері
D). кремальералар
E). барлық айтылғандар
7. Хирургиялық инеде бар:
А). денесі
B). иненің ұшы
C). жіпке арналған құлақшасы
D). отырықшы алаңы
E). барлық аталғандар
8. Ине ұстағышта иненің дұрыс орналасуы
A). иненің 1\3 – құлақшаға, ал 2\3 бөлігі иненің ұшына
B). иненің 2\3 – құлақшаға, ал 1\3 бөлігі иненің ұшына
C). иненің 1\2 – құлақшаға, ал 1\2 бөлігі иненің ұшына
D). иненің 2\3 – құлақшаға, ал 2\3 бөлігі иненің ұшына
E). иненің 1\3 – құлақшаға, ал 1\3 бөлігі иненің ұшына
9. Хирургиялық түйін кәдімгі түйіннен айырмашылығы қандай:
А). бірінші жіптерді орау біреу, ал екіншісі екеулік
B). бірінші жіптерді орау-екеулік ал екіншісі-біреу
C). барлық түйінді айналдыру–біреулік
D). барлық түйінді айналдыру–екеулік
E). жоғарда айтылғандардың ешқайсысы емес
10. Қаңқалық тартуға арналған құралдар жиынтығы мынадан басқаның
барлығы кіреді
А). қол бұрғысы немесе электірлік
B). Киршнер скобасы
C). спицалар жиынтығы
D). тік және бүгілген распаторлар
E). спицаларды тартуға арналған кілт
11. Сыртқа қан ағып жатқан тамырдың ұшына қан тоқтатушы қысқышты
қалай қою керек:
А). тамыр бойына көлдеңенінен
B). тамыр бойымен – қысқыш оның жалғасы болады
C).45 0 бұрышпен
D). нақты қою ережелері жоқ
E). қалай болса да, қанды тоқтатса болды
12. Төмендегілердің қосымша хирургиялық құралдар тобына
қайсылары жатады.
А). скальпелдер
B). қайшылар
C). қысқыштар
D). пинцеттер
E). ине ұстағыштар
13. Тіндерді кесетін аспаптарыдың ішінде қайсысы жараны кесу
кезінде тіндерді аз зақымдайды:
А). үшкір басты скальпель
B). іштік скальпель
C). ампутациялық пышақ
D). қайшылар
E. ұстаралар
14. Төменде көрсетілген аспаптардың ішінде ампутация жасау кезінде
пайдаланған дұрыс:
А). Листон тістеуіктері
B). Люэр тістеуіктері
C). айырмашылығы жоқ
D). Бергманның резекциялық пышағы
E). жапырақшалы арамен
15. Сүйек тұқылын апериостальді әдіспен өңдеу кезінде перифериядан
сүйектің сыртқы қабығын қандай құралмен сыдырады.
А). ретрактормен
B). остеотома
C). распатормен
D). резекциялық пышақпен
E). долотомен
16. Арнайы аспаптарға мынадан басқасы жатады:
A). Буяльскидің курекшесі
B). Дуаенаның қабырғалық распаторы
C). Дешанның лигатуралық инесі
D). Фарабеф распаторы
E). троакар
17. Аяқтың ампутациясы үшін қолданылатын арнайы құралдарға жатады,
біреуінен басқасы :
А). ампутациялық пышақ
B). Фарабеф распаторы
C). Киршнер скобасы
D). ретрактор
E). хирургиялық аралар (жапырақ тәрізді, доға тәрізді, сым тәрізді)
18. Трахеостомия кезінде арнайы құралдарға мынадан басқасы жатады:
А). скальпель
B). Труссо трахеа кеңейткіші
C). трахеостомиялық канюля
D). бір тісті үшкір ілмек
E). қалқанша бездің мойыншығына арналған ілмек
19. Іш қуысына жасалатын операцияларда қолданатын арнайы құралдарға
жатады мынадан басқа:
А). лапароскоп
B). Пайрдың басып қысатын жомы
C). Дуаенаның жұмсақ жомы
D). Федоров қысқышы
E). Коллин жара кеңейткіші
20. Эндобейнежүйенің құрамына мынадан басқаның барлығы кіреді:
А). лапароскоп
B). кішкене бейнекамерамен оптикалық жүйе
C). жарықтүсіруші жгут
D). бейнесуреттерді көретін монитор
E). тоқ көзі
21. Жарыққа сезімтал кремнилік пластинка–кристалл, лапароскоппен
берілетін оптикалық бейнелерді жасап шығарады:
А). механикалық толқулар
B). электірлік сигналдар
C). импульсті сигнал
D). барлық аталғандар
E). аталғандардың ешқайсысы емес
22. ЗҚБ аббревиатурасының мағынасы қандай:
А). дыбыстық сигналдар құралы
B). көру сигналдарының құралы
C). қуаттандырушы байланысы бар құрал
D). жарықпен қуаттанған протон
E). дұрыс жауабы жоқ.
23 Инсуффлятор–бұл:
А). жарық үсіруші жгут
B). галогенді шам
C). Соруға арналған құрал
D). жоғары толқындарды алу үшін арналған құрал
E). іш қуысына газ беруге арналған құрал
24. Хирургтің эндоскопиялық электродтарына мынадан басқасы жатады:
А). қалақша
B). науашық
C). шар
D). ілмек
E). ілгек
25.Суретте көрсетілген:
А). Механикалық жіппен тігіс салатын құрал
B). «Endo GIA-30» типті тігуші аппарат
C). клипстарды салушы аппарат
D). үш жапырақты жара кеңейткіш
E). анатомиялық ұстағыш
26. Төменде көрсетілген суреттерден құралдарға жатады:
27.Төмендегі берілген құралдардың ішінен Вереш инесін көрсет
А). Б, В
B). Е, Ж
C). А
D). Д
E). Г
28. Клипаторлар (аппликаторлар, эндоклиперлер) не үшін қажет:
А). скобкаларды салу үшін
B). клипстерді салу үшін
C). мүшелерді ұстап тұру үшін
D). коагуляция
E). біріншілік ПП салу үшін
29. Операция алаңына жетуге арналған құралдарға жатады:
А). троакар
B). жараны кенейткіштері
C). мониторинг гильзасы
D). қысқыштар
E). торакпорт
30. Іс шара жасауға арналған құралдарға жатады, мынадан басқасы:
А). қайшылар
B). клипаторлар
C). динамикалық лапароскопияға арналған канюлялар
D). ұстағыштар
E). қысқыштар
Жауаптар эталоны:
1 -D 11 - B 21 - В
-
-B 12 - D 22 - С
-
-B 13 - D 23 - E
-
-C 14 - E 24 - В
-
-B 15 - В 25 - D
-
-E 16 - А 26 - E
-
-E 17 - С 27 - А
-
-А 18 - А 28 - В
-
-B 19 - D 29 - D
10 - D 20 - E 30 - С
Қолданылған әдебиеттер
-
Островерхов Г.Е. Оперативная хирургия и топографическая анатомия. - М., 2005.жыл
-
Сергиенко. В.И. Учебно-методическое пособие по топографической анатомии и оперативной хирургии. - М., 2001.
-
Сергиенко В.И. Топографическая анатомия и оперативная хирургия. - М., 2002. жыл
-
Лубоцкий Д.Н. Основы топографической анатомии. М., 1997 жыл
-
Шевкуненко В.Н.Краткий курс оперативной хирургии с топографической анатомией. - М., 1969.
-
Лопухин Ю.М. Практикум по оперативной хирургии. - М., 1968 жыл
-
Франтзайдес К. Лапароскопическая и торакоскопическая хирургия. СПб.,2000жыл
-
ДроновА.Ф. Эндоскопическая хирургия у детей. - М., 2002 жыл
31.03.2010 ж. басуға қол қойылды
Көлемі 3,8 есепті-баспа табағы
100 дана
ҚММУ-баспаханасында басып шығарылды
Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі,40
Достарыңызбен бөлісу: |