1980 жылдар-Сымсыз телефондардың дамуы, ұялы байланыстың пайда болуы.
2000 жылдар-Интернеттің дамуы, Wi-Fi технологиясының кең таралуы.
Қазіргі кезең-5G технологиясының дамуы, ғарыштық байланыстың жаңа мүмкіндіктері.
Радиофизика Саласындағы Білім Алу және Мамандықтар
Радиофизика саласында мамандарды дайындау жоғары оқу орындарында жүргізіледі. Радиофизика бойынша білім алу радиотехника, электроника, информатика салаларында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Радиофизика мамандары байланыс, телекоммуникация, навигация, радиолокация, ғарыштық технологиялар салаларында жұмыс істей алады.
Радио.
Радио - сымсыз байланыстың,бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады. Радиобайланыстың, қасиеті – әуе толқындар арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз әдісімен жеткізу.
Кез-келген адам әуе толқынынан өзіне қажетті ақпаратты ести алады. Дегенмен, радио табиғатынан демократияшыл, ашық құбылыс.Сондықтан да заман өзгерісіне, қоғамдық құбылыстардың алуандығына байланысты радионың да табиғаты , құрылымы өзгеріп, бұрынғы тек мемлекеттік бағдардан ауысып, форматты радиолар көптеп пайда бола бастады. Қазақстанның әуе кеңістігінде хабар тарататын «Авторадио», «Европа плюс Қазақстан», «Lav-радио», «Хит – FM» т.б. сияқты коммерциялық форматты радиолар өз тыңдармандарын табысты тауып алған. Алайда, Қазақстанда жергілікті тілде «Шалқар» ұлттық арнасынан басқа форматты радио жұмыс істеп тұрған жоқ. Сондықтан да, басқа ұлттардың да форматты радиоларының тыныс –тіршілігінен оқу, үйрену қажеттілігі туады.
Бүгінгі егемендік, тәуелсіздік жағдайында радионың мүмкіндігі шексіз артты, бұл ортада да бәсекелестік күшейді, таңдау мүмкіндігі пайда болды, әр түрлі бағыт-бағдардағы, стиль мен мәнердегі радиостанциялар көбейді. Радиоарна өз қаржысын өзі тауып, дамитын жағдайға жетті, шығармашылық шексіз мүмкіндіктер ашылды. Радиожурналист эфирде еркін сөйлейтін, ойын бүкпесіз жеткізетін және оған өзі жауапкершілік жүктейтін жағдай туындады. Қазақстандағы барлық бұқаралық ақпарат құралдарының еркін дамуына жағдай жасайтын заңды-құқықтық актілер ұдайы жетілдірілу үстінде. Радио – қазіргі заманғы қуатты бұқаралық ақпарат құралының бірі, тұрмыста кеңінен қолданылатын, адамдардың өмір сүруіне, ақпарат алуына жәрдемдесетін қалыптасқан жүйе болып орнықты. Радионың басқа да бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысы туралы сөз қозғалғанда, алдымен оның міндеттері сараланып шығады. Бүгінгі БАҚ жүйесі жетіліп, қалыптасқан жағдайда оны төмендегідей тұжырымдауға болады :радио — ақпарат таратады, құлақтандырады; телевизия — оқиғаны, болмысты көрсетеді; газет-журнал — деректі, оқиғаны талдап, түсіндіреді; интернет — ақпаратты сан қырынан көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |