Біз зерттеу барысында бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған төмендегідей әдістерді ұсындық:
1. Үлгі бойынша елестету, көз алдына келтіру. Олар: типтік тұрғыдағы тапсырмаларды, мысалдарды шешу, алгоритм және үлгілер бойынша түрлі жаттығуларды орындау, оқулық мәтініндегі дайын жауаптарды табу т.б.
2. Қайта құру-өзгеру, түрлену. Мұнда оқушылар бұрынғы жұмысты қайта жасайды, түрлендіреді, жинақтайды, бұрын меңгерген білімдерін, шеберлігін тапсырманы орындауға жұмсайды, осы арқылы пәнішілік және пәнаралық байланыс орнығады.
3. Эвристикалық, тапқырлық. Оқушылардың ойлау қабілеті мұғалім қалыптастырған мәселенің шешімін табуға бағытталады. Нәтижеде, оқушылар іздену және зерттеушілік тәжірибесін жинақтайды, шығармашылық элементін меңгереді.
4. Өздігінше орындалатын зерттеушілік-шығармашылық жұмыс. Бұл жұмыс барысында оқушы оқиғаның басқа жақтарын ашуды үйренеді, оқиғаға байланысты өзінің жеке көзқарасын айтады, тапсырманы жан-жақты талдау жасау барысында баға беруді үйренеді; тәжірибелі-эксперименттік жұмыстың әдісі мен тақырыбына өздігінше талдау жасайды, берілген жағдаятқа байланысты проблеманы жүйелеуді және алдын ала көре білуді үйренеді, жаңа проблемалардың шешімін таба біледі, оларды шешудің ықтимал жоспарларын ұсынады, оны шешудің нақты жоспарын талдап, жасайды. Жоғарыда ұсынылған әдіс-тәсілдің түрлері оқу үдерісі барысында тақырыптың мақсатына сәйкес аралас түрде қолданылды.
Зерттеу жұмысының міндеттеріне сәйкес тәжірибелік-эксперимент жұмысы Қызылорда қаласы № 1 Қ.Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназиясы болып белгіленді. Зерттеу жұмысына аталған мектептерден экспериментке 140 оқушы мен бастауыш сынып мұғалімдері, әдіскерлері қатыстырылды. Эксперимент жұмысы анықтау, қалыптастыру, бекіту кезеңдері бойынша ұйымдастырылды.
Экспериментке таңдалып алынған мектептің базалық талапқа сай екендігі, арнайы білімі бар мамандармен қамтамасыз етілгені анықталды. Алдымен бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыруға арналған тәжірибелік-экспериментке материалдар дайындалып, эксперименттік және бақылау сыныптары белгіленді.
Анықтау эксперименті кезінде бақылау және эксперименттік топтардағы бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың деңгейін анықтауды басты мәселе етіп қойдық. Бұл үшін зерттеу тәсілдерін кешенді қолдана отырып, сабақта, топсеруен, саяхатта, жеке және топ бойынша бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, тест алу, сабақта және сабақтан тыс ұйымдастырылатын өзіндік жұмыстардың мазмұнымен танысу жүргізіліп, оның нәтижелерін талдау арқылы ұсыныстар берілді. Қалыптастыру эксперименті үшін өзіндік тапсырмалар жүйесі әзірленді.
Өткізілген сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыстар негізіндегі білімдері мен түсініктері, ұғымдары, оларды қажетті жерде қолдана, пайдалана білу дағдылары бақыланды. Оқушылардың оқытылатын пәндер бойынша танымдық деңгейі, білімі, түсініктері тексерілді. Өздігінен оқу іс-әрекетінде берілген тақырыпқа аса қызығушылық көрсетпейді, танымдық белсенділігін арттыратын өзіндік тапсырмалардың жүйесінің қажеттілігі айқындалды. Өзіндік тапсырмаларды тек қана сабақта ғана емес сабақтан тыс оқушы әрекетінде, яғни үй тапсырмаларында олардың танымдық белсенділігін арттыратындай етіп ұйымдастырылмайтынына көз жеткізілді.
Оқушылардың жекелеген пәндер бойынша білім деңгейін, белгілі бір тапсырма түріне немесе белгілі бір іс-әрекеттерге байланысты ұғымдары мен түсініктерінің көлемін анықтау үшін сауалнама жүргізіліп, оқушылардан алынған сұрақ-жауап тапсырмаларының қорытындысы шығарылды.
Сауалнамаға қайтарған жауаптарды қорытындылағанда оқушылардың сабақты бекітуге арналған өзіндік тапсырмаларды орындауға ынта-ықыласпен қарайтындықтарын, сонымен қатар, кейбір тапсырмаларда өз нәтижелерін түсіндіруде қиналатындықтарын және жүйелі сөйлем құруға шорқақтықтары байқалды. Мысалы, сүйікті жыл мезгілі көктемді сипаттағанда оның жылылығы мен жап-жасылдығы туралы ғана айта алады. Ал өз жерлеріндегі табиғат көріністері туралы айтқанда көбіне ағаштардың көптігін, ол жерде көп жүгіріп ойнауға болатындығына баса көңіл аударатындығы байқалды. Бұл бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай туындайтын құбылыс екендігі белгілі. Себебі, олардың ойын әрекеттері басым болғандықтан, табиғатқа шыққанда үнемі осы әрекетке қолайлылығы олардың есінде жақсы сақталады. Бұл мәселе келешекте оқушыларды мақсатты түрде табиғатпен таныстыру барысында ойын элементтерін кеңінен қолдана отырып, оны табиғат көрінісімен байланыстыруға баса көңіл бөлу керектігін көрсетті.
Бастауыш сынып мұғалімі әрбір сабақты ұйымдастыруда оқушылардың белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызатындай жағдай жасауы тиіс деп санаймыз. Ол үшін мұғалімнің өзі әрбір сабаққа үлкен ізденіспен, шығармашылықпен дайындалып, оқытудың әдістері мен технологияларын сабақта тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырады.
Сонымен, оқушылардың дербес ерекшеліктері мен өздігінен әрекет ету деңгейі, олардың ақыл-ой дамуы мен білім, білік, дағдыны меңгеру деңгейіне қарай оқушыларға әртүрлі деңгейде танымдық тапсырмаларды өзіндік жұмыстар негізінде беруге болатынына көз жеткізілді.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға байланысты ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың төмендегідей жағдайларын анықтауға мүмкіндік берді:
-
оқушылардың өзбетімен істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі;
-
жұмыстың алдағы нәтижесіне қызығуы;
-
өзіндік тапсырманы өз еркімен, қалауымен орындауы;
-
мұғалімнің тапсырманы орындауға нақты нұсқаулар беруі;
-
өзіндік тапсырмаларды орындауға жағымды мотивтер, жағдайлар тудырылуы (мадақтау, жарыс т.б.);
-
жұмысты орындаудың нақты уақытын белгілеу. Уақытты мұғалімнің өзі
белгілеуге болады (оқушыны жылдамдыққа, белгілі уақытта тапсырманы орындауға үйрету мақсатында), не қанша уақытта орындай алатынын оқушылардың өзінен сұрау арқылы (оқушылардың өз жылдамдығында қатесіз, түсініп істеуі мақсатында).
Бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдыны жетік меңгеруіне ықпал ететін өзіндік жеке тапсырмалардың төмендегідей түрлері ұсынылды:
-
өз қалауы бойынша орындайтын тапсырмалар. Оқушыларға бірнеше тапсырма түрлері ұсынылады. Оқушы қалауы бойынша біреуін, не бірнешеуін орындауға құқылы;
-
әртүрлі нұсқадағы тапсырмалар. Әр пәннің, оқу материалының ерекшелігіне, оқушылардың білім деңгейіне және алға қойған мақсатына қарай мұғалім әртүрлі нұсқада тапсырмаларды әртүрлі қиындық дәрежеде құрастырады. Әртүрлі нұсқада тапсырмаларды оқушылар өз қалауы бойынша таңдап алады;
-
оқушылар тобына берілетін тапсырмалар. Мұғалім әртүрлі өлшемдер бойынша оқушыларды топқа жіктеп, әр топтың мүмкіндігіне қарай жеке тапсырмалар береді;
-
жеке тапсырмалар. Оқушының бағдарламалық материалды меңгеру барысында жіберген кемшіліктерін жоюға немесе оның қабілеті мен қызығушылығын жетілдіруге бағытталған тапсырмалар. Мұндай тапсырманы мұғалімнің өзі құрастырады;
-
жұптық тапсырмалар. Жұптық тапсырмаларды әртүрлі бағытта беруге болады: үлгерім деңгейі әртүрлі екі оқушыға береді, яғни үлгерімі жоғары оқушы үлгерімі төмен оқушыға көмектесу мақсатын көздейді; қызығушылығы, мүмкіндігі бірдей екі оқушыға береді. Олар жұмысты бір-бірімен ақылдасып, бірігіп атқаруы мүмкін, не екеуі екі бөлек орындап, өз жұмыстарын бір-бірімен салыстыруы мүмкін.
Қалыптастыру эксперименті сабақ барысында, үй тапсырмасын орындауда, сыныптан тыс жұмыстарда жеке, жұптық, топтық, ұжымдық тапсырма түрінде мазмұндама, шығарма жазу, бақылау жұмысын, реферат орындау арқылы жүзеге асырылды. Оқушылар бейнелеу өнері мен математика, дүниетану сабақтарында алған білімдерін өзіндік жұмыстар кезінде кеңінен қолданып, өзінің ой тұжырымын дәлелдеуде дебат, сайыстар, апталықтар ұйымдастыру барысында танымдық белсенділіктерін, жаңа міндеттерді өздігінен шеше білетіндіктерін көрсетті.
Қалыптастыру эксперименті оқушылардың өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыруға құрылып, оқу пәндері бойынша бастауыш сыныптарда жүйелі түрде ұйымдастырылды. Зерттеу жұмысының қалыптастыру эксперименті өзіндік жұмыс түрлерін, оны жүзеге асырудың тиімді әдіс-тәсілдері мен педагогикалық технологияларын саралауға арналды.
Анықтау және қалыптастыру эксперименттеріндегі көрсеткіштерді салыстыра келе, соңғы бекіту кезеңінің нәтижесі шығарылды. Бекіту экспериментінің мақсаты – жекелеген пәндер бойынша бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың тиімділігін анықтау. Бекіту экспериментінің тексеру қорытындысы 2-кестеде берілді. Бақылау үшін алынған үш өлшем бойынша берілген мәліметтер эксперименттік топтардағы нормативтік көрсеткіштердің біршама өзгергендігін көрсетеді. Оған дәлел:
- жаңа білімді өздігінен игеру қызығушылықтары мен қажеттіліктері, оқу- танымдық белсенділіктері мен ізденістері өлшемі бойынша төменгі көрсеткіш 4%, ал орта деңгей бойынша 60%, ал жоғары деңгей бойынша 32 % көтерілді.
- теориялық білімдерді өздігінен игеру, біліктілігі, білім мазмұнының жаңа идеялары, іс-әрекеттің мақсат, міндеттерін белсенділікпен шешу жолдары өлшемі бойынша аталған жұмысты орындауда жоғары деңгейді көрсеткен оқушылар 33%, орта деңгей 63% төменгі деңгей 2% болса, өзіндік жұмыстарды болжау, өзіндік тапсырмаларды орындауда танымдық белсенділікке ұмтылыс, өзіндік жаңа нәтиже өлшемі бойынша жоғары деңгей 30%, орта деңгей 64%, төменгі деңгей 4% болды. Өзіндік жұмысты орындау деңгейі бойынша салыстырмалы көрсеткіш мәліметтер төмендегі 2-кестеде көрсетілген.
Кесте 2 - Бақылау және эксперименттік топтардың арнайы белгілері бойынша оқушылардың өзіндік жұмысында танымдық белсенділігінің деңгейі.
Өлшемдері
|
Бақылау тобы
(69 оқушы)
|
Эксперименттік топ
(71 оқушы)
|
эксперим.дейін
|
эксперим.кейін
|
эксперим.дейін
|
эксперим.кейін
|
Ж
|
О
|
Т
|
Ж
|
О
| Т |
Ж
|
О
|
Т
|
Ж
|
О
| Т |
Жаңа білімді өздігінен игеру қызығушылықтары мен қажеттіліктері, оқу-танымдық белсенділіктері мен ізденістері
|
17
|
32
|
20
|
19
|
34
|
16
|
19
|
33
|
19
|
23
|
43
|
3
|
24%
|
46%
|
28%
|
27%
|
49%
|
23%
|
26%
|
46%
|
26%
|
32%
|
60%
|
4%
|
Теориялық білімдерді өздігінен игеру, біліктілігі, білім мазмұнының жаңа идеялары, іс-әрекеттің мақсат, міндеттерін белсенділікпен шешу жолдары
|
16
|
34
|
19
|
19
|
35
|
15
|
20
|
35
|
16
|
24
|
45
|
2
|
23%
|
49%
|
27%
|
27%
|
50%
|
21%
|
28%
|
49%
|
22%
|
33%
|
63%
|
2%
|
Өзіндік жұмыстарды болжау, өзіндік тапсырмаларды орындауда танымдық белсенділікке ұмтылыс, өзіндік жаңа нәтиже
|
16
|
34
|
19
|
18
|
36
|
15
|
18
|
36
|
17
|
22
|
46
|
3
|
23%
|
49%
|
27%
|
26%
|
52%
|
21%
|
25%
|
50%
|
23%
|
30%
|
64%
|
4%
|
Орташа көрсеткіш
|
18
|
33
|
18
|
19
|
35
|
15
|
19
|
35
|
17
|
23
|
45
|
3
|
26%
|
47%
|
26%
|
27%
|
50%
|
21%
|
26%
|
48%
|
23%
|
32%
|
63%
|
4%
|
Достарыңызбен бөлісу: |