Реферат есеп б. 5, 40 қолданылған әдебиеттер, қосымша, 13 кесте, сурет



бет3/4
Дата05.06.2024
өлшемі6.39 Mb.
#502336
түріРеферат
1   2   3   4
kz 55034 280224 1572609169 3

ҒЗЖ нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар. Ғылыми жоба базалық концептілердің мазмұны мен құрылымын өзгерте отырып, адамның іс әрекетін жоспарлауға, жүйелеуге мүмкіндік беретін жаңа менталдық модельдер жасаудың ғылыми негізін жасауға арналған. Себебі адамның іс әрекеті ғасырлар бойы қалыптасқан, адамдар тәжірибесінің жиынтығы және ойлау жүйесіне әсер ететін тілде бейнеленген когниция, яғни схемаларға негізделеді. Ал когнициялар белгілі бір тілде қалыптасқан ұғым пен мағыналардан пайда болады. Сондықтан да базалық концептілердің құрылымын анықтау, олардағы мағыналық парадигмаларды анықтау болып табылады. Бұл халықтың негізгі бөлігінің ойлау ерекшеліктерінің көрсеткіші. Қазақстан азаматтарының қоғамдық санасындағы базалық концептілердің құрылымы мен концептуальдық мазмұнын өзгерту оңай шаруа емес. Алайда ғаламдану жағдайында бейімделе алмау ұлттың бәсекеге қабілеттілігін кері әсер ететіні сөзсіз. Сол үшін халықты белгілі бір мақсатқа жұмылдыратын, сондай-ақ қоғамның орнықты құндылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін негізгі ұғымдардың құрылымы мен тұжырымдамалық мазмұнын өзгертуге қабілетті жаңа ментальді модель құру қажеттілігі заман талабына айналып отыр.
Қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалау. Қазақ тіліндегі негізгі базалық концептілерді анықталды (толықтыруға да мүмкіндік бар);

  • еркін және бағытталған ассоциациялық эксперименттер мен анкеталау әдісінің негізінде базалық концептілердің құрылымы мен мазмұны зерттелді;

  • әртүрлі әлеуметтік топқа жататын тілді қолданушылардың санасындағы базалық концептілердің құрылымы мен мазмұнын зерттелді;

  • ассоциациялық эксперименттің мәліметтер базасы құрылды;

  • зерттеу нәтижесін сипаттайтын ғылыми мақала импакт-фактор көрсеткіші бар шетелдік ғылыми журналда жариялау мақсатында баспамен келіссөз жүргізілуде.

  • «Концепт және концептуалды оқыту» атты монография баспаға өткізілді.

Психолингвистикалық әдістер негізінде жеке тұлғаның дамуы мен тілдік сананың қалыптасуын дамыту үлгісі негізіндегі тәжірибелік зерттеулер бойынша алынған нәтижелердің дәйектілігі айқын. Себебі ассоциативтік эксперименттерге көп жағдайда 100-ден астам адам қатысса, біздің сауалнамаға 1000-ға жуық астам адам қатысты. Сонымен бірге жоба аяқталған респонденттердің санын 2000 жеткізу жоспарланып отыр. Сондықтан да зерттеудің ғылыми деңгейі мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:
Қазақ тіліндегі базалық концептілерді және олардың құрылымдық ерекшеліктерін анықтау қоғамдық сананы жетілдірудің бір жолы деп білеміз. Себебі базалық концептілердің мазмұндық парадигмаларын қайтадан қалыптастыру қазақстандықтардың ойлау жүйесіне әсер ете отырып, олардың іс әрекетін жетілдіруге ерекше әсер етеді деп есептейміз.
Базалық концептілер қатарына енгізілген концептілердің барлығы дерлік іс әрекеттің белсенділігне әсер ете бермейді. Бірақ жеке тұлғаның моралдық қасиеттері де оның іс әрекетінің негізі болатыны белгілі. Сондықтан да базалық концептілердің санын көбейтуге және олардың адамның ойлау жүйесіне әсерін жобаның келесі жылғы жоспарына енгіземіз.
Біздің жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесінде, бұқаралық ақпарат құралдарына, орта мектептің оқулықтарының мазмұнын жаңартуға, жоғары мектептің арнайы курстарын қалыптастыруға ұсыныс жасауға болады деп есептейміз. Кешенді түрде жұмыс жасаған жағдайда келесідей концептілердің мағынасында және мазмұнында жаңа парадигмалар қалыптасады:

  • Адалдық пен парасаттылық, ар-намыс;

  • Отанға деген сүйіспешілік, оның өркендеуіне қызмет ету.

  • Қарапайымдылық, еңбексүйгіштік пен өзгеге көмек көрсетуге дайын болу;

  • Еңбекке құрмет, еңбекті қадірлеу;

  • Дәстүрге адалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет;

  • Достық, өзара көмек көрсету мен бірлік;

  • Қиындықтан қорықпай табысқа жету;

Егер біз ұстанымдарды тұлғаның ішкі жан дүниесіне, мазмұнына әсер ететіндей тұжырымдай алсақ, онда адами капитал идеясын, еңбекке негізделген қоғам идеясын жүзеге асыра аламыз.
Жоба жоспарлы түрде жүзеге асқан жағдайда ғылыми нәтижелер қорытындысы мектеп, ЖОО-да, оқулық пен оқу-әдістемелік құралдарда тренингтік бағдарламалар әзірленіп қолданысқа енеді.
Қазіргі кезеңде Қазақстанда мектеп оқулықтарының сапасы туралы мәселе рухани саладағы өзекті мәселеге айналып отыр. Ата-аналар қауымдастығы, мектеп мұғалімдері және сарапшылар тарапынан да айтылып жатқан сын пікірлер Парламент деңгейіне де жетіп отыр. Бұл оқулық мәселесінің саяси мәселеге айналғанын көрсетеді. Алайда, оқулық дайындау мәселесіне жасалған алдын-ала талдау бірнеше өзекті мәселелердің шешілмей отырғандығын көрсетеді.
Бірінші, Қазақстанда кеңестік дәуірде оқулық дайындаудың теориялық-методологиялық мәселелерін зерттеген қазақ ғалымдарының саны өте аз болды. Себебі, сол кезеңде оқулықтар орталықта дайындалды және ұлттық республикаларда аударма оқулықтар пайдаланылды. Қазақстанда оқулық дайындаудың теориялық-методологиялық негіздерін тұжырымдаған ірі әдістемелік және ғылыми-зерттеу орталықтары болмады.
Екінші, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан оқулық жазу ісі Қазақстанда кең қанат жайғанымен, олардың басым бөлігі уақыт талабына шыдамады. Оқулық дайындау нарықтық кеңістікке шығарылғанымен баспалар жанынан оқу-әдістемелік орталықтар әлі күнге дейін құрыла қойған жоқ.
Оқыту теориясы қазіргі кезеңде тек педагогика ғана айналысатын мәселе емес, ол психологияның, психолингвистиканың, когнитивтік ғылымның, когнитивті лингвистиканың және басқа да жаңа қалыптасып келе жатқан ғылым салаларының зерттеу объектісіне айналып отыр. Білім беру саласындағы дамыған елдердің жетістіктерін формальді көшіру тиісті нәтиже бермейтіні сөзсіз.
Біріншіден, шет елдік ғалымдар тұжырымдаған жаңа концепциялар мен теорияларды біздің ғылыми қауымдастық толық ой елегінен өткізіп, тәжірибеге қолдануда кешігіп келеді. Екіншіден, сол жаңалықтар қолданылуға тиіс объект – оқушылардың білім деңгейі, ұлттық мәдени ерекшеліктері, қалыптасу ортасы шет елдік замандастарынан біршама ерекше екендігін де ұмытпауымыз керек.
Үшіншіден, жаңа технологияларды үйренуші және жүзеге асырушы – ұстаздардың да білім сапасы және өз ісіне деген мотивациясы оларды жаппай қолдануға мүмкіндік бермейді. Жоғарыда аталған факторлардың барлығы мектеп оқушыларының білім деңгейіне әсер етуде. Бұны біз халықаралық зерттеулердің қорытындысынан-ақ байқауымызға болады.
Сондықтан да жоғары мектептің алдында орта білім беру жүйесіне арналған жаңа буын оқулықтарын дайындау міндеті тұр.
Осы міндетті жүзеге асырудың бір жолы – оқулықтар мазмұнын когнитивті модельдеу. Зерттеушілер когнитивті модельдеудің екі қырына – мәтінді түсіну моделі мен табиғи тілдегі категориялау процесіне – ерекше мән береді.
Сондықтан да оқулықтың мазмұнын когнитивті модельдеу үшін:
Бірінші, әрбір сыныптағы балалардың жас және даму ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқулықтың мазмұнына негіз болатын базалық концептілерді анықтап алуымыз керек.
Екінші, базалық концептілердің перифериялары, яғни локалды концептілермен байланысын анықтап белгілі бір концептуалды жүйелерді қалыптастырамыз.
Осыған орай қазақ ғалымдары бірінші кезекте орта мектеп оқулығының мазмұнын жобалау үшін базалық концептілердің тезаурусын жасау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет