Реферат ы қызылорда, 2013 ж



Дата13.06.2016
өлшемі318.09 Kb.
#133699
түріРеферат
ӘОЖ: 574.24:371.83:57

Қолжазба құқығында


Унгарбаева Гульшат Рамазановна


Биология мамандығы студенттеріне «Адам физиологиясы»

курсында экологиялық түсініктерді қалыптастыру

6M011300 – Биология мамандығы бойынша педагогика

ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның


Р Е Ф Е Р А Т Ы

Қызылорда, 2013 ж.

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты, «Биология және география» кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекші:

биология ғылымдарының докторы, профессор







С.Ж.Ибадуллаева






















Ресми оппонент:

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, «Физикалық және экономикалық география» кафедрасының доцент, б.ғ.к., Ж.И.Инкарова





















Магистрлік диссертацияны қорғау 2013 жылдың «7» маусымда сағат 900-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің № 9 оқу ғимаратының (Амангелді көшесі №66) № 202 дәрісханасында мәжілісінде қорғалады.


Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында (К.Байсейітова көшесі № 100) танысуға болады.




КІРІСПЕ

Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы: Диссертация 92 беттен тұрады. Диссертация кіріспе, үш тарау, қорытынды және 70 пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Түбірлі сөздер:

Экологиялық түсінік, физиологиялық-экологиялық түсініктер, оқытудың интербелсенді әдістері, Адам физиологиясы курсы.



Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейкестілігі анықталып, ғылыми аппараты баяндалды.

«Экологиялық білім берудің ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші тарауда экологиялық білім және оның маңызы, экологиялық білім берудің зерттелуі, тұрақты дамуға арналған білім негіздеріне сипаттама беріліп, мағынасы ашылады.

«Экологиялық түсініктер қалыптастырудың теориялық- әдістемелік негізі» атты екінші тарауда түсінік анықтамасы және оның ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде қарастырылуы, экологиялық түсініктер және оларды қалыптастыру теориясы, оқытудың интербелсенді әдістері арқылы экологиялық түсініктерді қалыптастырудың әдістемелік негізі сипатталып, қарастырылады.

«Адам физиологиясы курсында студенттерде экологиялық түсініктер қалыптастыру жолдары» атты үшінші тарауда адам және жануарлар физиологиясы курсында экологиялық түсініктер қалыптастырудың әдістемелік негізі сипатталып, адам және жануарлар физиологиясы курсында студенттерде экологиялық түсініктер қалыптастыруға арналған эксперимент жұмысы мен оның нәтижесі беріледі.



Қорытындысында студенттерде экологиялық түсініктерді қалыптастырудың теориялық негізі, жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары қорытындыланып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

Қосымшада зерттеу жұмысы барысында пайдаланылған материалдар ұсынылады.

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда экологиялық мәселе аймақтық немесе республикалық қана емес, дүниежүзілік сипат алып, адамзат тағдырымен байланыста қаралатын дәрежеге жетті. Үшінші мыңжылдықта адамзаттың ғаламдық экологиялық мәселелерінің шешілуі жоғарғы оқу орындары студенттерінің қоршаған орта туралы сапалы білім алуына байланысты. Сондықтан студент жастарға экологиялық білім беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір кезек күттірмес мәселе екендігі «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» және «Қазақстан Республикасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ұлттық стратегиясында», «Білім туралы» заңда көрсетілген.

Бұл құжаттарда экологиялық білімді үздіксіз білім беру арқылы ғана жүзеге асыруға болатыны баса айтылады, яғни олар: биосфера тұрақтылығын сақтау үшін бұл салада оқу-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру арқылы; адам баласына туылғанынан бастап өмір бойы экологиялық білім беру; халық арасында экологиялық пікірталас өткізу, экологиялық білім беруге мемлекет тарапынан қолдау көрсету.

Мұндай нақты міндеттер экологиялық білім беруді ұйымдастырудың жаңа принциптері мен ғылыми әдіс-тәсілдерінің белсенді түрін пайдалану, оқыту технологияларының жаңашыл түрлерін оқу-тәрбие процесіне енгізу мәселелерін өзекті ете түсуде.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдау, жоғары оқу орнындағы экологиялық білім беру мен экологиялық түсініктер қалыптастыру мәселесіне сараптама жасау оның негізгі қарама-қайшылығын ашуға мүмкіндік туғызды:

- жоғары кәсіби білім беру жүйесіндегі студенттердің экологиялық дайындықтары мен қазіргі күнгі талаптар жүйесінде сәйкессіздіктің болуы;

- жоғары оқу орны студенттеріне жекелеген пәндер арқылы экологиялық білім беруде инновациялық технологияларды пайдалануға сұраныстың болуы мен осы салада теориялық, әдістемелік зерттеудің жеткіліксіздігі.



Көптеген зерттеулерде экологиялық білім беру жалпы білім берудің бір бөлігі ретінде ғана емес, сонымен қатар экологиялық білімі, санасы, іс-әрекетке дайындығы жоғары деңгейдегі тұлғаны тәрбиелеу мақсатын көздейтін үрдістің жаңа мәні ретінде қарастырылады. Осы қарама-қайшылықты жою мақсатында зерттеу жұмысымыздың негізгі мәселесі – адам физиологиясы курсын оқыту үрдісінде теориялық талаптарға сәйкес экологиялық түсініктер қалыптастыру, соның негізінде экологиялық мәселелерді қарастыру экологиялық апат аймағы болып саналатын Арал өңірі үшін өте маңызды. Себебі тартылған Арал теңізінің, өндірістік және өнеркәсіптік қалдықтармен ластанған Сырдария өзені суының қоршаған орта мен адам денсаулығына кері әсері әлі де күрделі мәселе ретінде қалып отырғандықтан адам физиологиясы курсында экологиялық аспектілерді қарастыру қажеттілігі туындайды. Табиғаттың адам өміріндегі алатын орнын, қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерінің зор екенін ескере отырып, болашақ мамандарда экологиялық түсініктер қалыптастыру, соның негізінде экологиялық білім және тәрбие беру қажет. Осы мәселені шешуде 5В011300- Биология мамандығы студенттеріне адам физиологиясы курсын оқыту үрдісінде, оның теориялық мәселелерін экологияландыру мақсатында, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Биология мамандығы студенттеріне «Адам физиологиясы» курсында экологиялық түсініктерді қалыптастыру» деп алдық.

Зерттеудің мақсаты. Адам физиологиясы курсын оқыту барысында студенттерде экологиялық түсініктер қалыптастырудың әдістемесін жасау.

Зерттеу нысаны. Жоғары оқу орындарында адам физиологиясы курсын оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: Жоғары оқу орындарындағы экологиялық білім беру үрдісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Жоғары оқу орындарындағы адам физиологиясы курсын оқытуда: оның бағдарлама мазмұны экологияландырылса; курстың негізгі мазмұнына енетін экологиялық білімнің құрылымдық жүйесі жасалса; физиологиялық түсініктермен экологиялық түсініктер өзара логикалық байланыста берілсе; экологиялық мазмұндағы физиологиялық есептер мен тапсырмалар және экологиялық түсініктер әрбір тақырыптың мазмұнына кіріктірілсе; оқытудың белсенді әдістері адам физиологиясы курсында тиімді пайдаланылса студенттерде экологиялық түсініктер қалыптасып, экологиялық білім беру мақсаты жүзеге асады.

Зерттеу міндеттері:

  • адам физиологиясы курсын оқыту үрдісіндегі экологиялық түсініктер қалыптастырудың көкейкесті мәселелерін айқындау, теориялық және әдістемелік негіздерін тұжырымдау;

  • адам физиологиясы курсын оқыту үрдісінде экологиялық түсінік қалыптастырудың құрылымдық жүйесін дайындау;

  • адам физиологиясы курсын оқыту үрдісінде экологиялық түсініктер қалыптастыру үшін оқытудың белсенді әдістерін қолдану әдістемесін жасау;

  • ұсынылған әдістемелік жүйенің тиімділігін эксперимент жүзінде анықтау.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін мынандай зерттеу әдістері қолданылады.

Зерттеу әдістері. Ғылыми экологиялық, психология-педагогикалық, философиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; Адам физиологиясы курсы арқылы экологиялық білім беру мүмкіндіктерін анықтау үшін бағдарламаларды, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, оқулықтарды, оқу құралдарын талдау; Студенттердің экологиялық түсінігі деңгейін анықтайтын диагностикалық сауалнамалар, бақылау жұмыстарын әзірлеу; Студенттермен әңгімелесу, тест тапсырмаларын пайдалану; Алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді пайдалану; Экологиялық мазмұндағы тапсырмалар жүйесін жасау; Педагогикалық эксперимент жүргізу және оны сандық және сапалық жағынан талдау, оның нәтижесін математикалық жолмен қорыту.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі:

  • философиялық таным және жеке тұлғаның қалыптасуы туралы теориялар, ұғымның қалыптасуы мен дамуының жалпы дидактикалық теориясы, қоғам мен табиғаттың өзара байланысы жөніндегі тұжырымдамалар, әлеуметтік экология мен адам экологиясы туралы ілім;

  • психология мен педагогиканың іс-әрекет теориясы, осы теорияға негізделген студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беру жөніндегі тұжырымдамалар және экология саласындағы зерттеулер.

Сонымен бірге ресми құжаттар: Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы (1997 ж.); «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң (1997 ж.); «Қазақстан Республикасында экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы» (1998ж.); «Экологиялық білім беру бағдарламасы» (1999 ж.); Республика білім және ғылыми қызметкерлерінің II съезінің материалдары (2001 ж. ақпан);; Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі (2007 ж.), зерттеу мәселесі бойынша жазылған ғылыми-педагогикалық еңбектер.
Зерттеу кезеңдері:

Зерттеудің бірінші кезеңінде (2011-2012жж) зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталды, зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік, оқу және ғылыми әдебиеттер талданды. Зерттеу мәселесін нақтылап зерттеуінде экологиялық білімдердің қалыптасуын, оны қалыптастыру кезіндегі кездесетін проблемаларды зерттеу мақсатында студентерге сауалнама және тестілеу жүргізілді. Осы кезеңде адам физиологиясы курсын оқытуды экологияландырудың моделі және әдістемелік ұсынымдары жасалынды.



Екінші кезеңде (2012-2013жж) ұсынылған әдістемелік ұсынымдар бойынша студентерде экологиялық түсініктерді қалыптастырудың тиімділігі зерттелді, адам физиологиясының экологияландырылған курсының бағдарламасы жасалынды. Педагогикалық зерттеудің сапалық және сандық талдауы жүргізіліп, нәтижелері өңделді, негізгі зерттеу қорытындылары жасалынды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:

  1. Адам физиологиясы курсында экологиялық түсініктер қалыптастыру құрылымының компоненттері бөлініп көрсетілді.

  2. Адам физиологиясы курысында экологиялық түсініктердің құрылымдық жүйесі жасалды, осы жүйе негізінде физиологиялық түсініктермен экологиялық түсініктерінің өзара байланысы, оның тиімділігі анықталды.

  3. Адам физиологиясы курсын оқыту барысында оқытудың интербелсенді әдістерін қолдану арқылы экологиялық түсініктер қалыптастырудың әдістемесі дайындалды.

  4. Зерттеу жұмысында аймақтық экологиялық материалдар пайдаланылды және оларды оқыту барысында қолданылғаны анықталды.

Жұмыстың теориялық маңыздылығы. Адам физиологиясы курсында экологиялық түсініктер қалыптастырудың әдістемелік ерекшеліктері мен студенттердің экологиялық білім мен біліктілігінің деңгейі анықталды.

Сарамандылық маңыздылығы. Адам физиологиясы курсын оқыту үрдісінде оқу әрекеттеріне оқытудың белсенді әдістерін пайдалану және экологиялық түсініктер қалыптастыру негізінде білімді саналы меңгеру басты мақсат етіп алынды. Экологиялық түсінік қалыптастырудың құрылымдық жүйесі мен әдістемесінің ерекшеліктерін жоғары оқу орындарында адам және жануарлар физиологиясы курсын оқытуда кеңінен пайдалануға болады. Мұғалімдер біліктілігін арттыру институттарында, мұғалімдерді қайта дайындау курстарында пайдалануға мол мүмкіндік бар.

Қорғауға шығарылады:

  1. Адам физиологиясы курсын оқыту үрдісі арқылы экологиялық түсініктер қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздері айқындалды және тұжырымдалды.

  2. Адам физиологиясы курсын оқыту үрдісінде экологиялық түсінік қалыптастырдың құрылымдық жүйесі.

  3. Адам физиологиясы курсын оқыту үрдісінде экологиялық түсініктер қалыптастыру әдістемесі.

  4. Адам физиологиясы курсын оқыту үрдісінде экологиялық түсінік қалыптастыруда эксперимент қоюдың нәтижесі.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: Адам физиологиясы курсын оқыту үрдісінде студенттерде экологиялық түсініктер қалыптастыру әдістемесі теориялық-әдістемелік тұрғыдан қарастырылды, осы саладағы философия, педагогика, психология, биология т.б. ғылымдардың жетістіктерін, мәселеге сай ғылыми-педагогикалық әдістерді қолданумен, эксперименттік жұмыстың кезеңділігі мен тиімді ұйымдастырылуымен, зерттеу жұмысының нәтижелерін тексеріп, сарамандыққа енгізілуімен сипатталды.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу. Зерттеу нәтижелері «Жоғары кәсіптік білім берудің инновациялық дамуы: тәжірибесі, мәселелері және келешегі» (Қызылорда, 2012ж), «Жоғары оқу орындарында жаратылыстану ғылымдары пәндерін оқытудың іргелі бағыттары» (Алматы, 2013ж) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда, республикалық ғылыми-әдістемелік басылым бетінде жарияланды және Биология және география кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинарында талқыланды.
Негізгі бөлім

Түсінік философия, логика, психология, педагогика және т.б. ғылымдардың зерттеу нысаны болып табылады. Әртүрлі ғылым өкілдері арасында түсінік дегеніміз не деген сұраққа бірыңғай жауап жоқ, ал түсінікке берілген анықтамалар көп. Түсінік заттың, нәрсенің мәнін ашатын, нәрселерге тән қасиеттерді, олардың қарама-қайшылықты ішкі табиғатын анықтайтын ойлау формасы болып табылады. Сондықтан түсініктің мазмұны терең қарама-қайшылықты және заттың өзіндік қасиеттерін бөліп алу арқылы түсінікке анықтама беру қиындық туғызады.



Экологиялық түсініктер заттар мен құбылыстардың мәнді қасиеттерін, байланыстары мен қарым-қатынастарын бейнелейтін, нақты бір заттың мазмұнын ойша айқындайтын ойлау формасы; ілімнің, теорияның, тұжырымдаманың және болжамның бөлшегі ретінде қарастырылады. Экологиялық түсініктер дегеніміз курста оқытылатын биологиялық және экологиялық объектілер мен құбылыстардың бейнелері. Ол студенттің көзбен көре алатын немесе қандай да бір экологиялық объектіні бейнелеуі мүмкін. Биологиялық және экологияЭкологиялық түсініктер заттар мен құбылыстардың мәнді қасиеттерін, байланыстары мен қарым-қатынастарын бейнелейтін, нақты бір заттың мазмұнын ойша айқындайтын ойлау формасы; ілімнің, теорияның, тұжырымдаманың және болжамның бөлшегі ретінде қарастырылады. Экологиялық түсініктер дегеніміз курста оқытылатын биологиялық және экологиялық объектілер мен құбылыстардың бейнелері. Ол студенттің көзбен көре алатын немесе қандай да бір экологиялық объектіні бейнелеуі мүмкін, мысалы өзен биоценозы немесе орман биоценозы т.с. Экология курсында оқытылатын объектілер мен құбылыстардың арасында студенттердің тікелей және жан- жақты қабылдауына мүмкіндік беретін, табиғи жағдайда, мектеп айналасында, аудандарында кездесетін түрлері бар.

Биологиялық және экологиялық білімді қалыптастыруда түсінікті қалыптастырудың ерекше ролі бар. Түсініктің анықтамасын жаттатпай, белгілі бір көрсеткіштер, көрнекіліктер арқылы таныстыру, түсіндіру және ұғындыру керек. Экологиялық түсінік жеке, жалпы, қарапайым және күрделі түсінік деп төрт топқа бөлінеді. Жалпы түсінік - биоценоз, популяция деген түсініктер болса, жеке түсінік орман биоценозы, қамыс популяциясы, қояндар популяциясы түсініктерінен құралады. Қарапайым түсінік бір сөзден тұрады. Күрделі түсінік екі-үш сөзден тұрадылық білімді қалыптастыруда түсінікті қалыптастырудың ерекше ролі бар. Түсініктің анықтамасын жаттатпай, белгілі бір көрсеткіштер, көрнекіліктер арқылы таныстыру, түсіндіру және ұғындыру керек. Экологиялық түсінік жеке, жалпы, қарапайым және күрделі түсінік деп төрт топқа бөлінеді. Жалпы түсінік - биоценоз, популяция деген түсініктер болса, жеке түсінік орман биоценозы, қамыс популяциясы, қояндар популяциясы түсініктерінен құралады. Қарапайым түсінік бір сөзден тұрады. Күрделі түсінік екі-үш сөзден тұрады

Жоғары оқу орындарында 5В011300- «Биология» мамандығында «Адам және жануарлар физиологиясы» курсын оқыту бағдарламасы бойынша дәрістік курс, зертханалық сабақтар, БАОӨЖ және БАӨЖ өткізіледі, курстық жұмыс орындалады, бірақ осы оқыту формалары арқылы теориялық материал беріледі де, экологиялық түсініктер қалыптастыру, сол арқылы экологиялық білім беруге баса назар аударылмайды. Ғылыми әдістемелік құралдарға, әдебиеттерге талдау жасағанда да, жоғарғы оқу орындарында адам физиологиясы курсында студенттерге экологиялық білім беру республикамызда толығынан қарастылмағаны байқалды. Білім беру жағдайларында білімнің шынайы ғылыми құрылымын меңгеру мүмкін емес, сондықтан зерттеу жұмысымызда студенттерде экологиялық түсініктер қалыптастыру үшін адам физиологиясы курсын оқыту үрдісіндегі физиологиялық- экологиялық білімнің құрылымдық жүйесі жасалды.

5В011300-«Биология» мамандығының Адам және жануарлар физиологиясы пәні бойынша 2009 жылғы Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартына, Типтік бағдарламасына талдау жасағанда, экологиямен пәнаралық байланыстың толық орнатылмағандығын, адам организмі мен қоршаған орта факторлары арасындағы байланысқа аса мән берілмегендігін байқадық, сондықтан экологиялық білім негіздерін Адам және жануарлар физиологиясы курсына енгізу қажеттілігі туындайды. Сондықтан жоғарыда айтылғандардың негізінде, дидактиканың, оқыту әдістемесінің принциптеріне сүйене отырып адам және жануарлар физиологиясы курсын оқытуда экологиялық түсініктер негізінде физиологиялық- экологиялық білім беру жоспары құрылды (1-кесте).

Осы берілген жоспар оқытудың әр түрлі формаларында және өте белсенді оқыту әдістерінің бірігуі формасында жүзеге асып, адам және жануарлар физиологиясы курсындағы экологиялық білімнің құрылымдық жүйесі арқылы оқытушыға студенттердің өз ойларын генерациялауға, стандартты емес ойлауға, өздерінің шығармашылығын қамтамасыз етулеріне көмектесті.

Ғылыми әдебиеттерге шолу жасай отырып, студенттердің экологиялық түсініктерін қалыптастыру мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттердің тұтастығында құрылды. Мотивациялық компонент студенттердің экологиялық білімге қызығушылығымен сипатталады.

1-кесте. Экологиялық түсініктер негізінде Адам және жануарлар физиологиясы курсын оқыту жоспары

Мазмұны

Қарастырылатын экологиялық түсініктер

Қалыптасатын экологиялық білім

Орталық жүйке жүйесінің жалпы физиологиясы

Шу, қоршаған ортаның ластануы, биологиялық ырғақ, телекоммуни-кацияның әсері

ОЖЖ-нің қалыпты жұмыс істеуі үшін экологиялық нормаларды сақтау

Орталық жүйке жүйесінің жеке бөлімдерінің физиологиясы

Шу, қоршаған ортаның ластануы, биологиялық ырғақ, телекоммуни-кацияның әсері

ОЖЖ-нің қалыпты жұмыс істеуі үшін экологиялық нормаларды сақтау

Ішкі сөлініс бездер физиологиясы


Жоғары температура,

жыл маусымдарының өзгерісі,

топырақтың және судың ластануы


Қоршаған ортада (су, ауа, топырақ) кейбір элементтердің жетімсіздігі, олардан туындайтын аурулар. Экологиялық факторла-дың гормондар мөлшеріне әсері, аурушаңдықтың жоғарылауы.

Қан жүйесі


Жоғары температура,

токсиканттар, қоршаған ортаның ластануы




Қанның формалы элементтерінің мөлшері мен көлеміне қоршаған ортаның экстремалды факторларының әсері.

Қанайналымы жүйесі.

Лимфа және лимфа айналымы




Жоғары температура, инсоляция, ауа қысымы

токсиканттар, қоршаған ортаның ластануы



Қан айналым жүйесіне Арал өңірінің экстремалды факторлар кешенінің әсері, иммунитеттің төмендеуі

Тыныс алу жүйесінің физиологиясы



Жоғары температура, инсоляция, ауа қысымы

токсиканттар, ауаның, судың, топырақтың ластануы



Тыныс алу жүйесіне Арал өңірінің экстремалды факторлар кешенінің әсері, аурушаңдық

Ас қорыту физиологиясы


токсиканттар, ауаның, судың, топырақтың ауыр металдармен ластануы

Зиянды әдеттердің ас қорыту барысына әсері

Зат алмасудың биологиялық мәні, процестері және кезеңдері

токсиканттар, ауаның, судың, топырақтың ауыр металдармен ластануы

Зат алмасудың бұзылуы және денсаулық.

Сыртқа шығару үрдістері


Жоғары температура, инсоляция, ауа қысымы

токсиканттар, ауаның, судың, топырақтың ластануы



Зәр шығару жүйесіне Арал өңірінің экстремалды факторлар кешенінің әсері, зәр шығару мүшелерінің аурулары

Сезімдік мүшелер. Талдағыштардың жеке физиологиясы


Жоғары температура, инсоляция, ауа қысымы

шу, стресс, электромагниттік өріс, ауаның, судың, топырақтың ластануы



Шу, электромагниттік өріс, қатал климат жағдайларынң талдағыштар қызметін өзгертуге тигізетін әсері, функцияның бұзылуы

Мазмұндық компонент физиологиялық, экологиялық білімдер көлемімен анықталады. Іс-әрекеттік компонент адам организмінде жүріп жатқан құбылыстарды танып-білу бағытындағы құзыреттіліктер жиынтығын құрайды. Көрсетілген компоненттердің өзара байланыстылығы мен тұтастығын ескере отырып, студенттердің экологиялық түсініктерін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды. Философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-пікірлер негізінде және зерттеу тақырыбымыздың мақсатына қарай студентерде экологиялық түсінік қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін құрастырдық және оны педагогикалық эксперимент кезінде қолданудық.

Студенттермен меңгерілетін экологиялық түсініктердің көрсеткіштері мен өлшемдерін үш деңгейде қарастырдық (жоғары, орта, төмен).

Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттеріне сәйкес, экологиялық түсінік қалыптастыруды интербелсенді әдістерді қолданып жетілдіру әдістемесінің тиімділігін анықтау үшін 2011-2013 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 5В011300-«Биология» мамандығы бойынша оқитын 71 студент қатысқан педагогикалық эксперимент ұйымдастырылды. Зерттеу жұмысы барысында эксперименттік және бақылау топтары құрылды.

Студенттердің бақылау және эксперименталдық топтарын салыстыру кезінде төмендегі фактілер есепке алынды:


  • студенттердегі экологиялық түсініктерінің қалыптасуының деңгейлері;

  • эксперименттер нәтижесінің көріністері.

Студенттерге адам және жануарлар физиологиясы курсында экологиялық түсініктер қалыптастыру мәселесі бойынша эксперименттік жұмыстар мына бағытта жүргізілді:

  • зерттеу жорамалына сәйкес адам және жануарлар физиологиясы курсын оқыту үрдісінде берілетін экологиялық түсініктердің мазмұны мен көлемін анықтау;

  • адам және жануарлар физиологиясы курсында жергілікті материалдарды пайдалана отырып, экологиялық білім беру, осының негізінде экологиялық түсініктерді қалыптастыру;

  • оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы студенттердің экологиялық түсініктерін қалыптастыру әдістемесін сынақтан өткізу;

  • студенттердің физиологиялық және экологиялық білімдерін іс-тәжірибелеріне пайдалану.

Зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша педагогикалық эксперимент 3 кезеңде жүргізілді: анықтау, қалыптастыру және бақылау кезеңдері.

Анықтау эксперименті кезеңінде білімнің, ептіліктер мен дағдылардың бастапқы бақылауы жүзеге асырылды. Анықтау экспериментін жүргізу барысында біз пәндік тест, сауалнама қолдандық. Экологиялық түсініктің дамуын іс-жүзіне асыру үшін студенттердің экологиялық білімділігінің нақты деңгейін анықтау аса маңызды болмақ. Сондықтан, біз студенттердің экологиялық білімін анықтау мақсатында тест сұрақтарына жауап алып, сауалнама жүргіздік, сол арқылы олардың түсінік меңгеру деңгейін байқауға тырыстық. Сауалнама жүргізу нәтижесінің мазмұны қазіргі уақыттағы, экологиялық мәселелердің мәнінің түсінбеушілігін, экологиялық білім деңгейінің төмен екенін көрсетті. Сонымен қатар, олардың пәнге қызығушылықтарының, экологиялық түсініктер мен білім деңгейінің әртүрлілігі байқалды.

Тест тапсырмаларын орындаудың нәтижесінде мына жағдайлар байқалды:

- студенттердің бұрынғы оқып өткен түсініктерді ойда сақтау дәрежесінің төмендігі;

- қоршаған орта және адам қарым-қатынастарын нақты ажырата алмайтындығы;

- қоршаған орта өзгерісінің себеп-салдарын ғылыми тұрғыдан түсінбейтіндігі байқалды.

Анықтау экспериментінің нәтижесі төмендегі 2-кестеде берілген.
2-кесте. Анықтау экспериментінің нәтижелері (% есебімен)

Өлшемдері


Бақылау тобы

Эксперименттік топ

Жоғары

Орташа

Төмен

Жоғары

Орташа

Төмен

Экологиялық білімге қызығушылығы

22,2


41,6

36,1



20

45,7

37,1

Экологиялық -физиологиялық түсініктері

19,4

41,63

38,8

22,8

37,1

40


Экологиялық-физиологиялық түсініктерді қолдана білуі

16,6

44,4

38,8

22,8

42,8

34,2

Орташа көрсеткіштер

19,4

40,7

42,5

21,8

41,8

34,2

Анықтау эксперименті нәтижесі бойынша бақылау тобында 19,4 пайызы, орташа деңгейді 40,7 пайызы, төменгі деңгейді 42,5 пайызы көрсетті. Ал эксперимент тобында жоғары деңгей білім алушылардың 21,8 пайызына, орташа деңгей 41,8 пайыз, ал төменгі деңгей 34,2 пайызға тең болды (1-сурет).


1-сурет. Анықтау экспериментінің нәтижесі бойынша студенттердің білім деңгейі


Жоғарыда көрсетілген жағдайларды ескере отырып, студенттердің экологиялық түсініктерін қалыптастыру үшін жұмыстар жүргізілді:

- экологиялық түсініктердің мазмұны мен жүйесі сараланды;

- экологиялық түсініктерді қалыптастыру формасы мен әдістері берілді;

- экологиялық түсініктерді қалыптастыруға бағытталған тапсырмалардың

үлгісі құрастырылды;

Келесі кезеңде қалыптастыру экспериментінің мақсаты мен міндеті анықталды:



  • студенттердің экологиялық түсініктерін қалыптастыруға байланысты дайындалған теориялық модельді іс-жүзінде қолдана отырып, зерттеу мақсатын жүзеге асыру;

  • зерттеу тақырыбына байланысты экологиялық түсінік қалыптастыру барысында қолданылатын білім беру әдістерінің тиімділігін эксперимент арқылы анықтау;

Қалыптастырушы эксперимент кезінде оқытудың белсенді әдістерін пайдаланып, «Ішкі сөлініс бездер физиологиясы», «Қан жүйесі», «Қан айналым жүйесі», «Тыныс алу жүйесі», «Сыртқы шығару жүйесі», «Талдағыштар» тақырыптары бойынша экологиялық түсініктер қалыптастыруға арналған тапсырмалар мен жұмыстар орындалды. Бұл кезеңге тән қасиет студенттердің және тұлғасының субъективтік көзқарасын дамыту, яғни оларды жаңа ортаға бейімдеу, ал оның негізгі іс-әрекетінің түрі-танымдық болып саналады. Студент тұлғасының субективті көзқарасын көкейкестілендіру, сонымен бірге оңтайлы жағдайлар жасау арқылы студенттерді дәстүрлі кәсіби жеке зерттеу міндеттерін шешу барысында экологиялық білімі бойынша іс-әрекеттерге алдын-ала оқыту арқылы, соңдай-ақ сабақтарда проблемалық жағдайлар туындату арқылы жүзеге асты.

Білім алушылар қалыптастыру экспериментінің нәтижесінде физиологиялық-экологиялық мазмұндағы кез-келген сұраққа саналы түрде жауап қайтаруға, оқулық бойынша, өзіндік жұмыс және зертханалық жұмыстар орындау нәтижесінде дұрыс жауап таба білуге, өзін- өзі тексеруге жаттықты. Эксперимент нәтижесін қортындылау кезінде әр топқа үш өлшемді қамтитын сұрақтар мен тапсырмалар беріліп, соған қайтарған жауаптары мен орындаған жұмыстардың нәтижесі қорытылды. Сонымен қатар алынған нәтиже студенттердің білімін бақылаудың ағымдық, аралық және қорытынды бақылау нәтижелерімен салыстырылды. Бақылау топтары мен эксперименттік топ білім алушыларының білім деңгейі, зертханалық және өзіндік жұмыс орындаудағы біліктіліктері және игерген түсініктерін қолдану құзіреттілігі де сараланды.

Жүргізілген эксперимент жұмыстарын қорытындылаған кезде қойылған сұрақтар мен оған қайтарылған жауаптардың дұрыстығын бағалаумен қатар, білім алушының физиологиялық-экологиялық білімге қызығушылығын, түсініктерді қолдану біліктіліктерін байқауға тырыстық. Эксперименттік топ білім алушыларының сұрақ шешімдерін іздеу әдістері, өз әрекеттерін бағалау, ой қорыту қабілеттілігі байқалды. Эксперименттік топ білім алушылары сабақ барысында оқытушыға әр түрлі сұрақтар қоюмен қатар, экологиялық мазмұндағы тапсырманы өз беттерінше орындау деңгейіне көтерілді. Бақылау тобының білім алушылары экологиялық мазмұндағы тапсырмаларға қиналды және дұрыс орындай алмады. Бұл білім алушылардың сабақ барысында көбінесе тыңдаушы ретінде болғандығын байқатты. Ал, эксперименттік топта оқытудың белсенді әдістерін пайдаланып, білім алушылар өздігінен әрекет жасап, белсенділік көрсетуге, осының нәтижесінде білімді саналы қабылдауға дайын, ойлау мен іздену қабілеттерінің басымдығын байқатты (3-кесте)
3 –кесте. Қалыптастыру экспериментінің нәтижелері (% есебімен)

Өлшемдері


Бақылау тобы

Эксперименттік топ

Жоғары

Орташа

Төмен

Жоғары

Орташа

Төмен

Экологиялық білімге қызығушылығы

25


47,2

27,7

34,2

57,1

8,5

Экологиялық -физиолгиялық түсініктері

25

44,4

30,5

37,1

51,4

11,42

Экологиялық-физиологиялық түсініктерді қолдана білуі

22,2

47,2

30,5

34,2

48,5

17,1

Орташа көрсеткіштер

24,06

46,2

29,5


35,1

52,3

12,3

Қалыптастыру эксперименті нәтижесі бойынша бақылау тобында жоғары деңгейді білім алушылардың 24,06 пайызы, орташа деңгейді 46,2 пайызы, төменгі деңгейді 29,5 пайызы көрсетті. Ал эксперимент тобында жоғары деңгей білім алушылардың 35,1 пайызына, орташа деңгей 52,3 пайыз, ал төменгі деңгей 12,3 пайызға тең болды (2-сурет).



2-сурет. Қалыптастыру экспериментінің нәтижесі бойынша студенттердің білім деңгейі
Тәжірибелік-эксперименттің бекіту кезеңінде студенттердің экологиялық түсініктерді меңгеру деңгейінің анықтаушы және қалыптастырушы кезеңдердегі көрсеткіштері салыстырылып, соңғы кезеңінің нәтижесі шығарылды. Нәтижесі төмендегі 4-кестеде және 3-суретте берілді.
4-кесте. Студенттердің экологиялық түсініктер негізінде білімді меңгеру деңгейлерінің салыстырмалы көрсеткіштері

Өлшемдері



Бақылау тобы (36 білім алушы)

Эксперименттік топ (35 білім алушы)

Экспериментке дейін

Эксперименттен кейін

Экспериментке дейін

Эксперименттен кейін

Ж

О

Т

Ж

О

Т

Ж

О

Т

Ж

О

Т

Студенттердің

физиологиялық-экологиялық білімге қызығушылығы



8

15

13

9

17

10

7

16

12

12

20

3

22,2

%


41,6%

36,1

%


25

%


47,2%

27,7%

20

%


45,7%

34,2%

34,2%

57,1%

8,57%

Экологиялық, физиологиялық білімдері

7

15

14

9

16

11

8

13

14

13

18

4

19,4%

41,6%

38,8%

25

%


44,4%

30,5%

22,8%

37,1%

40

%


37,1%

51,4%

11,4%

Адам организмінде жүріп жатқан құбылыстарды танып –білудегі іс-әрекеттері

6

16

14

8

17

11

8

15

12

12

17

6

16,6%

44,4%

38,8%

22,2%

47,2%

30,5%

22,8%

42,8%

34,2%

34,2%

48,5%

17,1%

Орташа көрсеткіш

19,4%

42,5%

37,9%

24,0%

46,2%

29,5

%


21,8%

41,8%

36,1%

35,1%

52,3%

12,3%

Эксперимент тобында жоғары деңгейді алғашында білім алушылардың 7-і (20%) көрсетсе эксперимент соңында олардың саны 12-ге жеткен (34,2%), орта деңгейде алғашында 16 білім алушы (45,7%) болса, зерттеу жұмысының соңында 20 білім алушы (57,1%) көрсетті, ал төменгі деңгейде 12 студент (34,2%) болса, эксперимент соңында бұл көрсеткіш 3 адамға (8,57%) тең болды, яғни қалыптастыру экспериментінен соң жоғары деңгей мен орташа деңгей көрсеткіші жоғарыласа, төменгі деңгей көрсеткіші азайғаны белгілі болды. Бақылау тобында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ (3-сурет).

3-сурет. Студенттердің экологиялық түсініктер арқылы білімді меңгеру деңгейі көрсеткіштерінің салыстырмалы нәтижесі

Жүргізілген экспериментті қорыта келгенде, студентерде экологиялық түсініктер қалыптастыру ісі оқытудың белсенді әдістерін қолданып, білім алушылардың ізденушілігін дамыта отырып, теориялық, практикалық және өз бетілік жұмыстарды байланыстыра жүргізу нәтижесінде ұсынылған әдістеме тәжірибелік эксперимент жағдайында ғылыми болжамның дұрыстығын дәлелдеді.

ҚОРЫТЫНДЫ


Экологиялық түсінік заттар мен құбылыстардың мәнді қасиеттерін, байланыстары мен қарым-қатынастарын бейнелейтін, нақты бір заттың мазмұнды ойша айқындайтын ойлау формасы; ілімнің, теорияның, тұжырымдаманың және болжамның бөлшегі ретінде қарастырылады. Экологиялық түсініктер дегеніміз курста оқытылатын биологиялық және экологиялық объектілер мен құбылыстардың бейнелері. Биологиялық және экологиялық білімді қалыптастыруда түсінікті қалыптастырудың ерекше ролі бар. Түсініктің анықтамасын жаттатпай, белгілі бір көрсеткіштер, көрнекіліктер арқылы таныстыру, түсіндіру және ұғындыру керек.

Зерттеу жұмысының барысында жасалған теориялық талдау, жүргізілген эксперимент жұмысының нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу төмендегідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік берді:



  1. Жүргізілген зерттеу жұмысы жоғарғы оқу орындары студенттерінің экологиялық сауаттылығын жетілдіру мәселесіне арналды. Адам және жануарлар физиологиясы курсын оқыту үрдісіндегі экологиялық түсініктер қалыптастырудың көкейкесті мәселелері айқындалды, теориялық және әдістемелік негіздері тұжырымдалды. Зерттеу проблемасына байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер, іргелі ғылыми зерттеу жұмыстары талданды.

  2. Адам физиологиясы курсын оқытуда экологиялық түсініктер қалыптастырудың құрылымдық жүйесі дайындалды.

  3. Студенттердің экологиялық түсініктерін қалыптастыруды оқытудың интербелсенді әдістері арқылы жүзеге асыру теориялық тұрғыда негізделіп, әдістемесі жасалынды.

  4. Жүргізілген эксперимент жұмыстары студенттердің экологиялық түсініктерін қалыптастырып, білімдерін арттыруда оқытудың интербелсенді әдістерін пайдаланудың оң нәтижеге бергені анықталды.

  5. Пәнаралық байланыс негізіндегі физиологиялық- экологиялық білім болашақ «Биология» мамандығы иелерінің кәсіби шыңдалуының мүмкіндігін арттырды.

Қазіргі кезде студеттердің экологиялық білімдерін жетілдіру бойынша келесі ұсыныстар беріледі:

  • Студенттердің экологиялық түсініктерін, экологиялық білімдерін дамытуды ғылыми-педагогикалық тұрғыда сипаттайтын оқу-әдістемелік құралдар мен әдістемелік нұсқауларды көбейту;

  • Инновациялық технологиялардың әрбір түрлері бойынша және экологиялық білім беру мазмұндарына бағдарланған әдіс-тәсілдерді қарастыру;

  • Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелерін ЖОО-ның, мұғалімдер біліктілігін арттыру институттарының іс-тәжірибесіне енгізуге ұсыну.

Толық орындалған жұмысты бағалау. Диссертациялық жұмысқа қойылған мақсат пен міндеттер толығымен орындалды.

Нақты пайдаланылған мәліметтерді өңдеп ұсыну. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін жоғары оқу орны студенттерінде экологиялық түсінік қалыптастыруға әдістемелік көмек есебінде қолдануға болады.
Диссертация бойынша жарияланған еңбектер тізімі


    1. Экологиялық білім және тәрбие беру процесін қалыптастыру аспектілері // «Жоғары кәсіптік білім берудің инновациялық дамуы: тәжірибесі, мәселелері және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.- Қызылорда, 2012ж. (С.Ж.Ибадуллаевамен бірге)

    2. Г.Р.Оңғарбаева, С.Ж.Ибадуллаева, Н.Н.Дауылбаева. Адам және жануарлар физиологиясы курсында студенттерде экологиялық түсініктер қалыптастыру жолдары // «Жоғары оқу орындарында жаратылыстану ғылымдары пәндерін оқытудың іргелі бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.- Алматы, -11-12 сәуір, 2013ж, 112-116б. (С.Ж.Ибадуллаева, Н.Н.Дауылбаевамен бірге)

    3. , Оңғарбаева Г.Р.,. Экологиялық білім берудің әдістері // «Биология в Казахстанской школе. Биология Қазақстан мектебінде» - №3(51)-2013ж. (Г.А.Назарова, Н.Н Дауылбаева бірге)

РЕЗЮМЕ
УНГАРБАЕВА ГУЛЬШАТ РАМАЗАНОВНА
Формирование экологических понятий у студентов биологической специальности при изучении курса «Физиология человека»
6М011300 –Биология
Объект исследования. Процесс изучения курса физиология человека в высших учебных заведениях.

Цель исследования: разработать методику формирования у студентов экологических понятий при изучении курса Физиология человека.

Задачи исследования:

  • раскрыть актуальность и сформулировать теоретические и методические основы формирования экологических понятий у студентов при изучении курса «Физиология человека»;

  • разработать структурно-содержательную модель формирования экологических понятий у студентов при изучении курса «Физиология человека»;

  • разработать методику использования интерактивных методов обучения для формирования экологических понятий при изучении курса «Физиология человека»;

  • представить результаты диагностики эффективности используемой методики.

Предмет исследования: процесс экологического образования в высших

учебных заведениях.



Методы исследования: теоретический анализ педагогической, методической литературы по теме исследования; наблюдение, беседа, анкетирование, обобщение передового опыта.

Апробация работы. Работа рассмотрена на заседании кафедры «Биологии и географии» Кызылординского государственного университета имени Коркыт Ата и опубликовано 3 статьи.

Внедрение результатов исследований. Результаты полученных исследований могут быть использованы в качестве вспомогательного материала для формирования экологических понятий у студентов биологической специальности. Полученные материалы внедрены в курс предмета «Физиология человека и животных» кафедры «Биология и география» КГУ имени Коркыт Ата.

Практическая значимость работы. Разработанную структурно-содержательную модель и предлагаемую методику формирования экологических понятий можно использовать в высших учебных заведениях при изучении курса «Физиология человека и животных» и в курсах повышения квалификации учителей.

SUMMARY
UNGARBAEVA Gulshat Ramazanovna
Formation of ecological concepts in students of biological function by studying the course "Human Physiology"
6M011300-Biology
The object of research. the course of human physiology in high educational institution .

The aims: To develop the method of forming the students' environmental concepts by studying the course of human physiology .

Research objectives:

- To reveal the relevance and formulate theoretical and methodological basis for the formation of ecological concepts in students by studying the course "Human Physiology";

- To develop a structural model of meaningful environmental concepts in students in studying the course "Human Physiology";

- To develop a methodology to use the interactive teaching methods for the formation of ecological concepts of students by studying the course "Human Physiology";

- to Present the results of diagnostic performance methodology which used.

The Subject of research: the process of environmental education in in high

educational institutions.



The Methods: a theoretical analysis of pedagogical and methodological literature on the research topic; observation, discussion, questioning, a compilation of best practices.

The approbation work. The work was discussed at the meeting of "Biology and Geography" of Kyzylorda State University by Korkyt Ata and was published three articles.

The introduction of research results. The results of research can be used as a supplementary material for the formation of ecological concepts in students with biological profession. The resulting materials were introduced in the course of "Human and animal physiology" of "Biology and Geography" KSU Korkyt Ata.

The practical significance of the work. The Development of substantial structural model and the proposed method of forming ecological concepts can be used in high education institutions by studying the course "Human and animal physiology" and in-service teacher training.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет