Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Кіріспе


Облыстың агроөнеркәсіп кешені экономикасының қазіргі жағдайы



бет3/5
Дата11.06.2016
өлшемі423.5 Kb.
#128272
түріРеферат
1   2   3   4   5

2.3 Облыстың агроөнеркәсіп кешені экономикасының қазіргі жағдайы
Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені аймақ экономикасының біршама ірі және маңызды секторларының бірі болып табылады. Оның негізін жалпы аймақтық өнім құнында үлесі 6,2 % болатын ауыл шаруашылығы құрайды.

Облыстың ауыл шаруашылығы бидай, арпа, қара бидай, тары, сиыр еті, қой еті және жылқы етін өндіруге мамандануда. Жалпы өнім құрылымында дәнді дақылдар – 28,5%-ды, ет – 32,4%, сүт – 17,4%, картоп - 2,7%, көкөніс - 2,1%, жұмыртқа -1,2%, жүн - 0,7%, майлы дақылдар - 0,4%, бақша дақылдары - 0,4%, жеміс-жидек - 0,5%, басқа өнімдер – 13,7%-дан келеді.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында экономикалық өсу байқалады. 2000 жылмен салыстырғанда біршама жоғары қарқын 2002 жылы - 19,8%, 2003 жылы – 24,2% байқалынды, 2004 жылы ауыл шаруашылығының даму қарқыны 11,8% -ға төмендеді, ал 2005 жылы 3,3% күтілуде (1 диаграмма).

1 – диаграмма




Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 2000 жылға салыстырмалы бағамен % -бен физикалық көлем индексі

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің экономикасы мен қаржылық жағдайының нығаюы ең алдымен, Аймақтық аграрлық азық-түлік бағдарламасы шараларын орындау есебінен жүзеге асқандығын ескере кету керек. 2003 – 2005 жылдары облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 7,4 млрд. теңгеден астам, соның ішінде республикалық бюджет қаржысы есебінен – 5,1 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 0,7 млрд. теңге, басқа көздерден – 1,6 млрд. теңге бағытталды.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын несиелендіру бойынша мемлекеттік қолдау, жану-жағу материалдар, минералды тыңайтқыштар, жоғары репродукциялы тұқым құнын субсидиялау, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егіс алқаптарын жылдан жылға өсірулеріне мүмкіндік берді.

2005 жылы дәнді дақылдар алқабы 2000 жылмен салыстырғанда 81,9% -ға өсіп, 701,7 мың гектарды алды. Астықтың жалпы түсімінің 2001-2004 жылдарда орташа алғанда көлемі 492,5 мың тонна немесе 2000 жылмен салыстырғанда 62,6 % -ға артты.

Сонымен қатар, астық өндірісі тұрақсыз қалпында қалуда, дәнді дақылдардың өнімділігі ауа-райы жағдайларына байланысты жыл сайын күрт құбылып, 2002 жылы – 9,2 ц/гектарды, 2003 жылы – 10,1 ц/гектарды, 2004 жылы – 5,7 ц/гектарды, 2005 жылы – 4,0 ц/гектарды құрады.

Мал шаруашылығында шошқаны қоспағанда, мал басы мен құстардың тұрақты өсу тенденциясы байқалады. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда ірі қара мал басы - 6,3 %-ға, қой мен ешкі - 5,5% -ға, жылқы – 2,7% -ға, құс - 49,4% -ға өсті. Жемдік астықтың қымбаттауына байланысты шошқа басы – 21,5% -ға кеміді.

Ірі қара малдың республика бойынша жалпы мал басы санындағы үлес салмағы - 7,9 % -ды, шошқа - 2,1% -ды, қой мен ешкі - 5% -ды, жылқы – 4,5% -ды, түйе - 2,8 % -ды, құс - 3,4% -ды құрайды.

Жүнді тұқымды қой басының қысқаруымен байланысты жүн өнімін азаюын қоспағанда, соңғы үш жылда мал шаруашылығының өнімі өсіп келеді. 2004 жылы шаруашылықтардың барлық санаттарында 66,0 мың тонна ет немесе 2003 жылдың деңгейінен - 103,6%, сиыр сүті – 208,8 мың тонна (103,5%), жұмыртқа - 52 млн. дана (128,9%), қой жүні - 1434 тонны (82%) өндірілді.

Соңғы он жылдықта ауыл шаруашылығы өндірісінде мал шаруашылығы үлесінің 1994 жылы 35 %-дан 2004 жылы 57% -ға дейін артуымен құрылымдық ілгерілеушіліктер болды (2 диаграмма).
2 – диаграмма




Өндіріс салалары бойынша ауыл шаруашылығының

жалпы өнім құрылымы, %-бен.

Өсімдік шаруашылығының үлес салмағы 1994 жылы 65%-дан және 1999 жылы 10% -ға шиеленіскен жағдайға дейін жетті. Бұндай құрылымдық жылжу 1995 – 1999 жылдары (1995, 1996, 1998, 1999 жж.) жиі құрғақшылық салдарынан болды, мал шаруашылығына қарағанда өсімдік шаруашылығының құлдырауы айтарлықтай жылдам жүрді. Астық өндірісін мемлекеттік қолдау өндіріс көлемі мен өсімдік шаруашылығы үлесін 2003 жылы 48%-ға дейін өсіруге мүмкіндік берді, 2004 жылы ол 43%-ға дейін қысқарды, 2005 жылы төмен өнімділікке байланысты одан әрі 30%-ға дейін төмендеу күтілуде.

2007 жылғы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы өндірісінде 4,2 мың шаруа (фермерлік) қожалықтарын, 352 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен 100 мың тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтарын қосқанда 4,6 мыңдай ауыл шаруашылығы құрылымдары есепте бар.

Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы өндірушілерінің құрылымын талдау, АӨК-дегі қоғамдық өндіріс дағдарысы ауыл шаруашылығы өндірісі көлемінде шаруа қожалықтары мен тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтарының үлес салмағының өсуіне алып келгендігін көрсетіп отыр (3 диаграмма).

3 – диаграмма
Шаруашылықтар санаттары бойынша ауыл шаруашылығы өнімі құрылымы

2005 ж.

1994 ж.

1995 ж.


Жалпы өнім құрылымында тұрғындар шаруашылықтарының үлесі - 1995 жылы 32%-дан 2005 жылы 65%-ға дейін, шаруа қожалықтары үлесі - 2%-дан 23%-ға дейін артты. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлес салмағы 66%-дан 12%-ға дейін қысқарды.

Негізгі өндірушілер ұсақ тауарлы тұрғындардың жеке шаруашылықтары болып отыр. Олар ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінен 87% ет, 93% сүт, 75% жұмыртқа, 80%-дай жүн, 86% картоп, 82% көкөніс, 71% бақша өнімдерін өндіреді.

Облыстың қазіргі ауыл шаруашылығы экономикасы жағдайы өндірістің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігімен сипатталады. Талдау көрсеткендей, салғырт даму мен төмен тиімділік жағдайының негізгі факторлары:



- аграрлық бизнестің экономикалық активті субъектілерін қалыптастыру үдерісінің аяқталмауы. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінде орта және ірі шаруашылықтардың үлесі үлкен емес және 10%-дан артық құрамайды. Ұсақ тауарлы және табиғи өндірістің (тұрғындар шаруашылықтары) басым болуы облыстың аграрлық секторын дамытуда теріс көрініс табады: өндіріске ғылыми-техникалық ілгерілеу жетістіктерін енгізу, өндірістік үдерістерді интенсификациялау мен механизациялау мүмкіндіктері шектеледі, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына бақылау төмендейді.

- аграрлық салада рыноктік ортаның төмендеуі және рыноктік конъюктураның күрт құбылуы

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің рентабельділігі экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда үлкен емес және жекелеген жылдары ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі шығынды болады (6 кесте).


6 – кесте

2004-2007 жылдардағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының рентабельдік деңгейі (%-бен)





2004ж.

2005 ж.

2006ж.

2007ж.

ауылшаруашылығы кәсіпорындарының рентабельдігі

2,4

0,3

16,8

-0,7

о.і. өсімдік шаруашылығы

5,5

- 0,2

26,7

4,7

мал шаруашылығы

- 12,7

2,8

-1,0

- 4,5

Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік өнімдердің баға диспаритетінің өсуі жалғасуда, бұл ауыл шаруашылығы өндірушілерінің инвестициялық мүмкіндіктері мен рентабельдік деңгейін одан әрі төмендетеді.



- қор мүмкіндігінің нашарлауы және ауыл шаруашылығы салаларының технологиялық артта қалуы. Білікті басқарушы және жұмысшы кадрлармен қамтамасыздығының нашарлауы жалғасуда.

Ауыл шаруашылығы айналымынан 8 млн. га жер, соның ішінде 50 мың га суармалы жер шығарылды. Топырақтың табиғи құнарлығының төмендеуі байқалуда, үнемі қайталанып отырған құрғақшылық егін шаруашылығының тәуекелдігін арттырып отыр. Ауыл шаруашылығы машиналарының негізгі түрлерінің ескіруі 75-80%-ға жетті, мишина-трактор паркін жаңартпайтын болсақ, 2010 жылы өңделетін егіс алқабының төрттен бірі қысқаруы мүмкін.

2007 жылы жалпы қайта өңдеу салалары бойынша азықтық өнімдер өндірісі көлемінің өсуі тенденциясы сақталуда. Тағам өнімдерінің физикалық көлемінің өсу индексі 2006 жылға қарағанда 3,7 %-ды құрады (4 диаграмма).
4 – диаграмма

Тағам өнеркәсібінің өткен жылдардағы

физикалық көлем индексі (%-бен)

2007 жылы 9,1 млрд. теңгеге тағам өнімдері өндірілді, бұл өңделінетін өнеркәсіп құрылымының 33,0%-ын және жалпы аймақтық өнімнің 3,5 %-ын құрады.

Ұн өндіру саласында 81,9 мың тонна ұн шығарылды, бұл 2006 жылдан 7,8%-ға көп, нан пісіру 7184 тоннаны немесе 0,8%-ға, кондитерлік бұйымдар шығару 33,0%-ға өсті, макарон бұйымдарын жасау 1,2 мың тоннаны құрады немесе 33,5%-ға азайды.

Ет саласында ет және ет өнімдері өндірісі 1805 тоннаны құрады немесе 2006 жылдан 4%-ға көп, 692 тонна шұжық бұйымдары (10,9%-ға көп) шығарылды, ет консервілерін жасау 11,9%-ға өсті.

Сүт саласында ірімшік және сүзбе өндірісі 559 тоннаға өсті немесе 2006 жылға қарағанда 19,1%-ға көп, сонымен бірге сары май өндірісі 2 есеге, майонез 31%-ға, сүт өнімдері 13,8 %-ға, балмұздақ 15%-ға азайды (5 диаграмма).
5 – диаграмма
2002-2004 жылдарда азық-түлік тауарларын өндіру көлемінің динамикасы (тонна)

Жалпы алғанда, өндірістің өсуіне қарамастан ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі жоғары емес: астық - 24%, ет - 14,5%, сүт - 5,8%, көкініс пен жеміс 1%-дан да аз. Еттің, сүттің, көкініс пен жемістің негізгі көлемі азық-түлік рыноктарында шикі және өңделмеген күйінде өткізіледі.

Сонымен бірге, облыстың азық-түлік рыноктарында шетелдік өндірушілер тарапынан бәсекелестік жылдан-жылға өсіп келеді. 2005 жылдың қаңтар – желтоқсаны аралығында облысқа 3,2 мың тоннадан астам импортты ет өнімдері, сүт өнімдері 2,3 мың тонна, майлар мен өсімдік майы – 3,1 тонна, астықтан өңделген тағам өнімдері: ұн – 3,1 мың тонна, майонез – 0,4 мың тонна, балмұздақ – 0,5 мың тонна келіп түсті (7 кесте).


7 – кесте

2004 жылы негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етілу

(мың тонна)




Өнім

Өндіріс

Ұлттық норма бойынша қажеттілік

Қалдық (+),

Жетіспеушілік(-)



нан өнімдері

276,9

170

106,9

картоп

32,7

50,2

- 17,5

көкөніс

31,6

36,5

- 4,9

бақша дақылдары

14,0

14,8

- 0,8

ет (сойылған салмақта)

32,3

31,3

1,0

сүт

208,8

208,0

0,4

жұмыртқа, млн. дана

51,9

57,7

- 5,8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет